Материалдар / Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдар балабақша тәрбиешілеріне арналған. Жыл мезгілінің күз айларына шақтап дайындадым. Әріптестеріме қажетіне жарап жатса қуаныштымын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қырқүйек 2018
1697
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Картотека № 1Бақылау: Жаңбырды бақылау.Мақсаты: Жаңбырды бақылай отырып , оның бұлттан жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.Мысалы;Жай жаңбыр, өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр.Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту.Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгештікке тәрбиелеу, өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауын қадағалау.Жеке жұмыс: Ал керемет бұл қандай? Төгіледі төбеден. Көк теңізден құйғандай Көл-көсір су не деген? (Жаңбыр)Мақсаты: Жұмбақ жаттатаотырып, балалардың есте сақтау қабілеттерін арртыру, сөздік қорларын дамыту, сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру.Қимылдық ойын: «Сұр қоян» Балалардың өз бетімен ойнауы:1.Сазбалшықтан « қала » құрастырайық.2. « Тәтті тоқаштар » пісірейік .





Картотека 2

Бақылау: Бұлтты бақылау. Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін :шарпы, будақ,қабатты бұлииарды ажырату . Еңбек :Ауладағы гүлдерді суару. Мақсаты: Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбелеу. Жеке жұмыс: Аспанға ұшар бу болып Жерге қайтар су болып. (Бұлт) Мақсаты: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау.Ойлау қабілетін арттыру. Қимылдық ойын: «Соқыр теке» Дербес ойындар: 1. Әткіншек тебу. 2. Тартылғышқа тартылу.

Картотека 3 Бақылау: Жылы жаққа қайтқан тырналарды бақылау. Мақсаты: Күзде тырналардың жылы жаққа кететіндігін, қыс мезгілінде тамақтың тапшылығы, аяздың қаттылығы оларға қиынға соғатындығын түсіндіру. Еңбек : Құстарға жем сауыт жасау. Мақсаты: Құстарға қамқорлық қарауға , аяушылық сезімдерін оятуға тәрбиелеу. Жеке жұмыс: Сап-сары боп келе жатқан , Сезді мекен күзді олар . Қарлығаштар ұшып кетті, Ұшып кетті тырналар. Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайтып , тілдің грамматикасы дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру. Қимылдық ойын: «Аттамақ» Балалардың өз бетімен ойнауы:1. Сазбалшықтан «қала» құрастырайық. 2. «Тәтті тоқаштар» пісірейік











Картотека № 4Бақылау: Желді бақылау. Мақсаты: Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру . Еңбек : «Әдемі гүлдер» Мақсаты: Гүлзардағы гүлдерді суару.Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту. Жеке жұмыс: Тақпақ. «Жел » Мақсаты: Балаларға жел туралы өлең жаттату арқылы тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіне білуге мүмкіндік туғызу. Жел улейді у-у-у. Құйын келіп билейді зу-зу-зуҚатты-қатты жел соқтыгу-гу-гу, Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.Қимылдық ойын: «Орамал тастау» Дербес ойындар: 1. «Желмен жарысайық» 2. «Менің әдемі үйім» (құрастыру) Картотека 5

Бақылау: Көшедегі машиналарды бақылау. Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету. Еңбек : Ағаш түптерін қопсыту, су құю. Мақсаты: Табиғатты аялай білуге, өсімдіктерге қамқор болуға үйрету. Жеке жұмыс: « Алтын күз » тақырыбына сурет бойынша әңгімелесу Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту және сөздік қоыр молайту. Қимылдық ойын: «Ұшты-ұшты » Дербес ойындар: 1. «Тәтті тоқаштар» пісірейік 2. «Мені қуып жет»





Картотека № 6

Бақылау: Құстардың қысқы тіршілігін бақылау. Мақсаты: Құстардың күзгі тіршілігін қадағалай отырып, кейбіреуінің жылы жаққаұшып кететіндігі, ал кейбіреуінің қыстап қалатындығы туралы түсінік беру . Еңбек : « Біздің ойыншықтар » . Мақсаты: Ойыншықтарын ұқыптап таза ұстауға, мұқияттылыққа үйрету. Жеке жұмыс: Тақпақ: « Құстар қайтып барады » . Мақсаты: Балаларға тақпақ жаттату арқылы сөздік қорларын молайту, дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету. Қазан толы Дәулет қорын қалады. Заңғар көкке жол сызып, Құстар қайтып барады. Қимылдық ойын: «Сымсыз телефон » Дербес ойындар: 1.Тығылыспақ 2. Әткеншек тебу. Картотека 7

Бақылау: Ауа-райын бақылау. Мақсаты: Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау. Еңбек: « Таза алаң » . Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу. Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов « Күшік » . Мақсаты: Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету. Үреді үйшікте Аулада күшіктер Біреуі оның қап-қара, Біреуі сары ала Біреуі қардай ақ, Біреуі сұр жолақ Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ: Үреді абалап Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи» Балалардың өз бетімен ойнауы: 1. Әткеншек тебу. 2. Допты қуалау .





Картотека 8

Бақылау: Күзгі жапырақтарды бақылау. Мақсаты: Мезгілге байланысты жапырақ түстерінің өзгеруін қадағалау. Еңбек : Жапырақтардан гүл шоғын жасау Мақсаты: Қол икемділігін дамыта отырып, әсемділікті, әдемілікті сезіне білуге талпындыру. Жеке жұмыс: « Күзгі жапырақ » тақпақ Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту арқылы, сөздік қорын дамыту. Қыстың жақын қалғанын, Жапырақтар сезгендей. Желмен ұшып барады, Жерге қонып үлгермей Қимылдық ойын: «Монданақ» Балалардың өз бетімен ойнауы: 1.Орта доп 2.Әткеншек тебу 3.Қуаласпақ Картотека 9

Бақылау: Алтын күзді бақылау. Мақсаты: Күзгі алаңның назар аударып, күздің алғашқы белгілерін анықтау.Қай ағаштың жапырақтары ерте өзгеріске ұшырайтынын, түрін, түсін ажырату. Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді Кел жемісті алтын күз Кемелденсін халқымыз. Еңбек : « Таза алаң » Мақсаты: Ойын алаңындағы ағаш бұтақтарын жинау.Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Бастаған ісін аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету. Жеке жұмыс: «Отбасы мүшелері» Мақсаты: Отбасы мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету. Қимылдық ойын: « Көрші » . Дербес ойындар.







Картотека 10

Бақылау: Жәндіктерді бақылау. Мақсаты: Күзде жәндіктер қысқа қалай дайындалады? Мінекей, құмырсқаларды қараңдаршы, өз азықтарын жинап еңбектеніп жатыр. «Қыстың қамын жаз ойла» деген бағытта түсінік беру.Еңбек : Біздің алаң. Мақсаты: Ауладағы жапырақтарды жинау.Балалардың еңбекке ынтасын арттырып , өздігінен еңбек ете білуге үйрету. Жеке жұмыс: Тыйым сөздерді жаттату. Мақсаты: «Суға түкірме» , «Нанды баспа» , «Дастархан ба
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!