Тексерілді
Бекітемін
Оқу ісінің меңгерушісі мектеп
директоры:
Жагипарова А.Б. Тенизбаев
С.Н.
___________________
____________________
Аймақтық
семинар
Тақырыбы: «Жылдам оқу» техникасы арқылы
бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын
дамыту.
Мектеп: «Горный жалпы орта білім
беретін мектебі» КММ
Бастауыш сынып
мұғалімі: Жунусова Улпан
Нурмуханбетовна
26.02.2022
жыл
Сәлеметсіздер ме? құрметті
әріптестер! Мен Жунусова Улпан Нурмуханбетовна «Горный жалпы орта
білім беретін мектебі» КММ-нің 2 санатты бастауыш сынып мұғалімі.
Қазіргі таңда 2-сыныпқа жетекшілік етіп жүрмін. Бұл класпен жұмыс
жасап жатқаныма міне 3-тоқсанда аяқталуға жақын қалды. Мен бүгін
сіздерге «Жылдам оқу »техникасы жайлы
айтпақшымын.
Тақырыбы: «Жылдам оқу»
техникасы арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын
дамыту.
Мақсаты: 2-4 сынып
оқушыларының «жылдам оқу» техникасы жаттығуларын қолдана отырып оқу
дағдыларын қалыптастыру.
Оқу-ол тек оқушы меңгеретін
пән ғана емес, сонымен қатар осы арқылы басқа пәндерді де танып,
білім алатын құралы.
«Оқуды тоқтатқан адам, ойлауды
да тоқтатады» деген екен Дени Дидро
Оқу техникасы дегеніміз
не?
Оқу дегеніміз - екі жағын
бөліп көрсетуге болатын күрделі психофизиологиялық
үдеріс.
-
Мағыналық жағы- оқылған
мәтіннің мазмұнын және мағынасын түсіну,
ұғыну.
-
техникалық жағы (мағыналық
жағына бағынатын, оған қызмет көрсететін) оқудың жылдамдығы
(қарқыны) дұрыстығы мен мәнерлілігі.
Жылдам оқу дегеніміз
не?
Жылдам оқу-ол әдеттегігі
қарағанда тезірек оқу емес.
Жылдам оқу-оқығанды түсіну,
есте сақтау.
Тек оқу барысында ғана емес,
күнделікті өмірде, жұмыста кез-келген мәселенің шешімін тез тауып,
тез ойлануды үйрету.
Жылдам оқудың түрлері өте көп.
Соның ішінде өзім қолданып жүрген түрлері:
1. Ниет, кітапты таңдап
үйрену. Түсіну.
2. Дифференциялды оқу
алгоритмі. Жылдамдықты арттыру.
3. Тік оқу (буындап емес
сөздерді қосып оқу)
4. Артикуляциямен
жұмыс
5. Есте сақтау
қабілеті
6. Доминант. Абзац.
Конспектілеу
1. Ниет, кітапты таңдап үйрену
дегеніміз оқушы жасына лайықты оқулықты өздері іздеп, таңдай білуі.
Кітапханадан немесе интернет желісінен алуға болады. (Электронный
вариант)
2. Жылдам оқу техникасының
жаттығуларын орындай отырып, оқушылар дифференциялды оқу яғни
жылдамдықты арттырады.
3. Тік оқу көбінесе 1сыныптан
2-сыныпқа ауысқан оқушыларға арналған, буындап немесе әріптеп оқу
емес, бұл жерде сөздерді қосып бірден оқу.
4.Артикуляциямен жұмыс.
Оқушылар дыбыстарды ести отырып, қандай зат екенін, атын табады
және есте сақтайды.
5. Есте сақтау жылдам оқу
техникасының жаттығуларын орындай отырып, есте сақтау және одан әрі
дамыту яғни мидың жұмыс жасауы жақсарады.
6. Доминант. Абзац.
Конспектілеу. Біз бул түрін күнделікті сабақ барысында қолданамыз.
Мысалға қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында азат жолдан
бастап оқы немесе екінші азат жолын екі-үш рет оқы деген сияқты.
Конспектілеу күнделікті дәптермен жұмыс деп айтсақ қателеспейміз.
Керек жерін түртіп алып жаз.
Жылдам оқу техникасының
жаттығуларын қазіргі таңда 2-класс оқушыларына қолданып
жүрмін.
Артикуляция, көздің қамту
аймағының кішкентайлығы, назарды ұстай алмайды. Осы мәселелер
оқушылармен жұмыс жасағанда қиындық туғызғандықтан, мен қазыр
төмендегідей жаттығуларды орындата отырып, оқушылардан жақсы нәтиже
алып отырмын. Сол жаттығуларды сіздермен бөліспес бұрын сергіту
сәтін өткізіп алсақ. Ол үшін мен экранға 10 сөз шығарамын сіздер
сол сөздерді 20 секунд ішінде есте сақтап қалуларыңыз керек.
Ескерту: көшіріп алмаймыз! Енді қанша сөз есте қалды сол сөздерді
бетке жазыңыздар. Кім қанша сөз жазды? Енді «мнемоника» тәсілі
арқылы есте сақтап көрейік. Осы тәсіл арқылы қанша сөз есте
сақталды. Кім айтып береді?
Шульте кесте берілген
сандардың ішінен ортасында тұрған санды таңдап сол санға қарап
тұрып, сол жақтағы, оң жақтағы , астынғы, үстінгі сандарды атап
айту.
Пайдасы: көздің көру аймағы
ұлғаяды, бір сөз емес екі сөзді қосып оқуға пайдасы
мол.
Пирамида ойыны Сөздер бір
бірінен алшақтай түседі, оқушылар тездетіп сөздерді қатесіз, тура
нақты оқуға тырысады. Бұл ойын жаттығуы сөздерді есте сақтап қалуға
мүмкіндігі мол.
Сандарды табу. Көп сандардың
ішінен мұғалім айтқан санды оқушы тез табуы керек. Оқушылар
шапшаңдыққа, көздің көру аймағы ұлғаяды сондай-ақ мидың жұмыс
жасауы жақсарады. Балада серпіліс пайда
болады.
Қызыл сызық жаттығуы сөздердің
жартысын жауып тұрып екінші жағындағы бөлігін қосқанда қандай сөз
шығатынын болжап айту және тез ойлауға (тез шешім шығаруға)
дағдыландырады.
Суреттің жартысын сал
жаттығуы: Оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын,
ойша жұмыс істей білуін дамыту.
Сыз, қорша, нүкте қой
жаттығуы. Әріптер арасынан О-ны сыз, Д-ны қорша, Ұ-ның үстіне нүкте
қой, жаттығуды осылай жалғастыра береміз бұл жаттығу арқылы
оқушылардың көру мүшелері және мидың кері байланыс жасау клеткасы
жақсы дамиды екен.
Графикалық
диктант: Графикалық диктанттың
астындағы нұсқаулық кейбір диктанттарда реттілігі «солдан оңға»
қарай айтылса, кейбірлерінде «жоғарыдан төмен» реттілікпен
беріледі. Диктантты айтудан бұрын соған мән беріңіз! Бұл жаттығуды
орындау барысында оқушылардың оң мен солын тануға, сондай-ақ шыққан
нәтижеге қарап өзіне деген сенімділік пайда болады екен. Мен
осындай сурет сала алады екенмінгой деген
сияқты.
Қорытынды. Мен осы
жаттығуларды оқушыларға орындату барысында балалардың бойында
өздеріне деген сенімділікті көрдім себебі тағы да беріңізші деген
сөздерді жиі айтып жатады. Шын мәнінде сөздерді тез табатын болды.
Бір сөзбен айтқанда: Оқу техникасы
артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл - ой еңбегіне ынталығы
да арта түседі. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне
оқи білу - үлкен еңбектің жемісі..