Материалдар / Жылдық жұмыс жоспары “Бауыржан” отбасы үлгісіндегі балалар ауылы” КММ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жылдық жұмыс жоспары “Бауыржан” отбасы үлгісіндегі балалар ауылы” КММ

Материал туралы қысқаша түсінік
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының “Бауыржан” отбасы үлгісіндегі балалар ауылының 2021 жылға арнаған жылдық жұмыс жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2022
419
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Бауыржан» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-нің 2021 жылға арнаған жылдық жұмыс жоспары.


ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ ТАРАУЛАРЫ БОЙЫНША ҚАРАЛАТЫН

НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР

І ТАРАУ

  1. Балалар ауылы туралы мәлімет

  2. Жылдық жұмыстың талдауы.

  3. Даму бағдарламасының паспорты.


ІІ ТАРАУ

1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын іске асыру.

- Тәрбиеленушілер қозғалысының есебін жүргізу.

- Мектеп бітірушілердің қозғалысын бақылау.

- Тәрбиеленушілердің, мұғалімдердің дәрігерлік байқаудан өтуі.

- Тәрбиеленушілерді оқулықпен қамтамасыз ету.

- Тәрбиеленушілердің, тәрбиеші аналардың және педагогтардың жеке іс -қағаздарының талапқа сай жүргізілуін бақылау.


IІІ ТАРАУ

Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру

  • Оқу-тәрбие ісіне қатысты нормативтік құқықтық құжаттар;

- «Отбасында жеке адамды жан-жақты дамыта тәрбиелеу» тақырыбындағы жылдық

тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері, бағыттары;

- Тәрбие жұмысының жоспары;

- Үйірмелердің жұмыстары.


ІV ТАРАУ

Педагог кадрлармен жүргізілетін жұмыс

- Кадрларды орналастыру және міндеттерін бөлу.

- педагогикалық кеңес

- директор жанындағы кеңес

- педагогикалық кадрларды аттестаттау

- педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс.


V ТАРАУ

Балалар ауылыішілік бақылау

-Тәрбие жоспарларының орындалуы

-құжаттардың жүргізілуі

-тәрбиеленушілердің білім сапасы

-тәрбиеші аналардың кәсіптік деңгейі

-тәрбиелік іс-шаралардың өтілуі

-оқулықтардың сақталуы

-санитарлық-гигиеналық талаптың сақталуы


VI ТАРАУ

Балалар ауылының материалдық – техникалық базасын нығайту және ұйымдастырушылық жұмыс.

- балалар ауылын жаңа оқу жылына дайындау

- материалдық – техникалық базаны толықтыру

- қысқа дайындық жұмыстары

- балалар ауылы мүліктеріне есеп жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету

- балалар ауылы ауласын көгалдандыру, көркейту жұмыстары

- ағымдағы және күрделі жөндеу құжаттарын дайындау

- отбасылардың материалдық базасын жетілдіру

ҚОСЫМШАЛАР

- Балалар ауылы психологінің, медбикесінің міндеттерінің бөлінуі.

- Психологиялық қызмет жұмысының жоспары.

- Медбикенің жұмыс жоспары.

-Үйірмелердің жоспары.

- Өзін-өзі басқару ұйымының жоспары.



1. Білім беру ұйымы туралы жалпы мәлімет:

Атауы

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Бауыржан» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ

Қызмет түрі

3-тен 18 жасқа дейiнгi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұруға және бiлiм алуларына жағдай жасау сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау.

Жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балардың отбасында тұрып, тәрбиелеу құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбие-сiмен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету болып табылады.

Мекен-жайы

160807, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қасымбек датқа ауылы, Абай көшесі №17а.

Байланыс телефондары

8(7253) 12-51-00

Е-mail

ddbaurjan@mail.ru

Балалар ауылы сайты

ddbaurjan.kz

Басшысы

Нурпейсов Саттар Шардарбекович

Балалар ауылы ашылған жылы

21.08.2002 жыл

Жобалық қуаты

63 бала

Тәрбиеленушілер саны

49 бала


Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының өзге балалар үйінен ерекшелігі, мұнда балалар отбасы жылуын, ана мейірімін, балалардың бір-біріне деген бауырмашылдығын сезініп өседі, тәрбиеші-анасы үнемі қасында болғандықтан, ананың жылуына бөленеді, анасының тәрбиесін алады. Ата-аналық мейірімнен айырылып, панасыз қалған балаларға дұрыс тәрбие беруде отбасылық балалар ауылының орны бөлек.

Отбасы үлгісіндегі үлгісіндегі балалар ауылында балаларды тәрбиелеу 3 принципте құрылған:

АНА: Әр баланың тәрбиеші-анасы бар. Ол балалардың қамын ойлайды, барлық аналар сияқты міндеттер атқарады және отбасының басқарушысы ретінде барлық үй шаруашылықтарына жауапты. Қыздарды болашақ ана, отбасы ұйытқысы ретінде, ал ұлдарды болашақ әке, отбасы асыраушысы, тірегі ретінде күнделікті тұрмыстық жұмыстарға тәрбиелейді.

АҒА-ІНІ ЖӘНЕ СІҢЛІ-ҚАРЫНДАС: Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында, әр отбасы 3 жастан 18 жасқа дейінгі аға-іні, сіңлі-қарындас сияқты тәрбиеленетін 7-9 ұл және қыз балалардан тұрады. Бұрынғы кезде қандас бауырлар жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп кететін, ал отбасылық балалар ауылы ашылғалы қандас бауырлар бөлінбейді.

ОТБАСЫ: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Бауыржан» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ алты отбасылық пәтерден, бір жеке отбасылық коттеджден және де басқа қосалқы ғимараттардан тұрады. Бір отбасында әр түрлі жастағы, әр түрлі ұлттың өкілдері бірге тәрбиеленеді. Олардың әрқайсысының өзіндік ой-пікірі, қызығушылығы мен қажеттілігі бар.

Қазіргі кезде Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Бауыржан» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жалпы 49 тәрбиеленуші тәрбиеленіп жатыр. Олардың 21 қыз бала, 28 ер бала. 19 бала асыраушысынан айырылуына және 4 бала мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алады. Жәрдемақылары Қазақстан Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінде және Нұрбанкте әрқайсысының атына ашылған жеке есеп шоттарда сақталуда. Ұлттық құрамы: Қазақ – 24 Орыс – 8, Күрді-4 , Татар – 1, Өзбек – 11, Осетин-1.

2002-жылдан осы уақытқа дейін 9 және 11 сыныптарды бітіріп, колледждер мен ЖОО-на оқуға түскен тәрбиеленушілер саны-142.


  1. «Бауыржан» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-нің 2020 жылдағы оқу-тәрбие жұмысына талдау


Жалпы балалар ауылы Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Білім заңы, Қазақстан Республикасының Тіл заңы, Қазақстан Республикасының Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын негізге ала отырып, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауларын, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында жұмыс жүргізді.  

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа ала отырып «Бауыржан» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы 2020 жылға арналған кешенді тәрбие жұмысының жоспарын әзірлеген болатын. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы демекші жоспарда тәрбие жұмысының бағыттары, түрлері толық қамтылып жоспар аясында төмендегідей жұмыстар жүргізілді.

Қысқы демалыс кезінде «Поэзия сен менімен егіз бе едің» поэзия кеші, «Әнім сен едің», «Өнерлінің өрісі кең» топтық іс шара, «Ұлттық ойын: тоғызқұмалақтан және шахматтан жарыстар өткізілді, «Әсем табиғат» сурет салу байқауы және де Шымкент қаласындағы «Шымкент плаза» сауда орталығындағы ойын-сауық кешеніне саяхат ұйымдастырылды.

Қаңтар айы

Жылдық жоспарға сәйкес бекітілген тәрбие сағаттары, үйірмелер және салауатты өмір салтына бағытталған жұмыстар жүргізіліп отырылды.

Атап айтсақ қаңтар айында «Әдептілік-әдемілік», «Бабалар өсиеті-балаға мұра» тақырыптарындағы ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты балаларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.

Балаларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Egov» порталында Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуды үйрету бойынша айына екі реттен жыл бойы жоғары сынып оқушыларына компьютерлік сауаттылық сабақтары жүргізіді. Әр айдың соңында тәрбие жұмыстарының айлық қорытындысы бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп отырылды.

Ақпан айы

Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету, елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру, патриоттық сезімге баулу, Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту мақсатында «Әдептілік-тәрбие діңгегі», «Отбасы – бақыт мекені», «Түркістан – киелі мекенім» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары, «Ұрлық түбі қорлық» дөңгелек үстел басындағы пікірталас және «Өнер таусылмас азық» қолөнер бұйымдарының көрмесі және т.б. тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, қара сөздерін, әндерін мәнерлеп оқуға және жатқа айтуға баулу. Бүгінгі ұрпақтың Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру, көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге баулу мақсатында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай онкүндік ұйымдастырылды.

Наурыз айы

Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету, қыз бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу, балаларды біріктіріп, біртұтас ететін құндылықтарды әзіл арқылы көрсете отырып, достық пен береке-бірлік идеяларын насихаттау, балалардың музыкалық және пародиялық қойылымдарды тамашалауын, Наурыз мерекесі туралы толық мағлұмат беру, ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойындар екендігін біліп өсуге тәрбиелеу мақсатында «Алғыс айту күні», «Бір шаңырақ астында», «Мерекеңмен Анашым!», «Ұлыстың ұлы күні», «Бауыржан шоу», «Ұлы ақы – Абай», «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыптарындағы іс-шаралар және ұлттық ойындардан, мини футболдан, үстел теннисінен спорттық жарыстар өткізілді.

Сәуір, мамыр, маусым айлары:

Денсаулық, денсаулыққа қажетті жағдайлар, денсаулықты сақтау туралы қарапайым түсініктер беру, ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс шапшаңдықтарын дамыту, балаларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру, балаларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу, балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой – өрісін дамыту, үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу, қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау,  баланың бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру, ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу мақсатында «Дүниежүзілік денсаулық күні», «Ұлттық тәрбиенің отбасындағы маңызы», «Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі», «1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні», «Ұлы жылдарға тағзым», «интернет және кітап», «Қыздарға қырық үйден тыйым» тақырыптарындағы тәрбиелік іс-шаралар, көңілді старт эстафеталық жарыстар мен мини футболдан жарыстар өткізілді.

Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, онлайн оқуды тиімді және қызықты ұйымдастыру мақсатында «Развитие творческого мышления», «Как эффективно и увлекательно организовать обучение», « Я творец нового мира» тақырыптарында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының»  ұйымдастыруымен онлайн воркшоптар өткізілді.

Балаларды қорғау мерекесін сезіну, балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу. Балаларды бір-біріне қамқор болуға, достыққа бірлікке тәрбиелеу және ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау, балаларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту мақсатында Халықаралық балаларды қорғау күні, Мемлекеттік рәміздер күні мерекелері атап өтілді.

Қыркүйек, қазан айлары:   

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай балаларды Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында «Ата заңым аялайды елімді», Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай тәрбиеленушілердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында «Тіл-тарихтың күре тамыры», қарттар күніне орай үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту мақсатында «Қазыналы қарттарым», Ұстаздар күніне орай Ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, ұстазды сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Ұстаз-ұлы тұлға» және де «Әдептілік-тәрбие діңгегі», «Қатыгездік пен мейірімділік» атты тақырыптарда атты ашық тәрбие сағаттары, «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интеллектуалды сайыс сабақтары, «Ән мен әнші» ән байқауы өткізілді.

Қараша, желтоқсан айлары:   

Мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту, білікті де, білімді, дарынды, шығармашыл тәрбиешіні анықтау мақсатында «Үздік тәрбиеші-2020» байқауы, Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру, балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру және табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу мақсатында «Алтын күз» сайыс сабағы, «Бақыт» , қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру, адами қасиеттерін дамыту, сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында «Біз бақытты жандармыз» тәрбие сағаты, Ұстаздар оқушыларды күтеді музыкалық концерті, балалардың асық ойынына деген қызығушылығын арттыру, дені сау, денсаулығын, ой-өрісін, икемділігін, шапшаңдылығын, ұлттық ойынға қызығушылығын дамыту ұлттық ойын асық атудан жарыс, бала бойындағы ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, туған елін сүюге, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру, туған жерін көркейтуге , еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында «Туған жер» Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында «Тұңғыш Президент күні», балалардың бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту, білімге деген қызығушылығын ояту, ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында «Білімді мыңды жығар», еліміздің тәуелсіздік  алу жолындағы ата-бабаларымыздың  ерлігін  паш ету, желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан  оқиғасына қатысқан аға-апалардың  ерлігін  үлгі етіп  көрсету, Елін, жерін сүюге, Отанын  қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Желтоқсан желі» және Жаңа жыл-2021» мерекелік кеші жоғары деңгейде атап өтілді.

Жыл басында бекітілген діни экстремизмнің, балалар арасында құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, әлімжетіктің, маскүнемдік, нашақорлық, ЖИТС-тің алдын алуға арналған жылдық іс-шаралар жоспары бойынша балаларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, құқыбұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру, түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру, балалардың сабақтан тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру, балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, балалардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу және балаларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық,  СПИД, арақ, темекі  сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оларды жаман әдеттерден сақтандыру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру мақсатында «Өз дініңді бі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!