Материалдар / Жылу балансының теңдеуі (Теспературулары әр түрлі суды араластырғандағы жылу мөлшерін есептеу, салыстыру)

Жылу балансының теңдеуі (Теспературулары әр түрлі суды араластырғандағы жылу мөлшерін есептеу, салыстыру)

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып бойынша жаңартылған бағдарлама бойынша жазылған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
1814
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: КММ «Жаңаауыл негізгі орта мектебі»

8.1 Жылулық құбылыстар

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мустафина Г.Ч

Сынып: 8 «Б» Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылу балансының теңдеуі (Температуралары әр түрлі суды араластырғандағы жылу мөлшерін есептеу, салыстыру)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


8.3.2.9 жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану

8.1.3.2- тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау

8.1.3.3- физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Жылу балансының ұғымын біледі, тепе – теңдік теңдеулерін жаза алады. Тәжірибені жүргізуге әсер ететін фокторларды біледі, қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Басым бөлігі: Жылулық тепе – теңдік теңдеулерін қолданып, есептер шығарады. Тәжірибені жүргізуге әсер ететін фокторларды анықтайды.

Кейбір оқушылар: Есептер шығаруда жылулық тепе – теңдік теңдеулерді түрлендіре алады және тәжірибелік тапсырмалар арқылы энергияның сақталу, айналу заңын түсіндіре алады.

Ойлау дағдылыры

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

  1. Жылу балансы ұғымына анықтама береді. Формуласын жаза алады.

  2. Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін салыстыру арқылы қорытынды жасайды

  3. Жылулық тепе – теңдік теңдеулеріне есептер шығара алады.

  4. Теңдеулерді түрлендіріп, кері есептеулер жүргізеді.

Тілдік

мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылық. Физикалық теңдеу. Жылу балансы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жылу мөлшері- бұл …

Жылу мөлшері дененің … тура пропорционал.

Меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз - бұл …

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарыту. Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған.

Бастапқы білім


Оқушылар жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылық және жылулық тепе-теңдік ұғымдарын алдыңғы сабақта қарастырған.Жылу мөлшерінің формуласын біледі.

Сабақ барысы ЖОСПАР

Жоспарланған cабақтың кезеңдері

Cабақтағы жоспарланған іc-әрекет


Ресурстар

Cабақтың баcы

0-5 мин

Оқушыларды түгендеу.

Жағымды орта қалыптастыру «Тілек шаңырағы» /топқа бөлу/

1 топ - Молекула - молекула - molecule

2 топ- Қозғалыс – движение - motion

3 топ -Температура – температура – temperature

4 топ - Жылу берілу - теплопередача -heat transfer

1. «Серпілген сауал» Қайталау сұрақтарын қоя отырып, өтілген материалдары еске түсіру.

-Жылу мөлшері дегеніміз не?

-Жылу мөлшері қандай шамалардан тәуелді?

- Меншікті жылу сыйымдылығы заттың тегіне тәуелді ме?

- Жылу берілу жолымен дене қызғанда берілетін (немесе суығанда олар шығаратын) жылу мөлшері дененің температурасының өзгеруі мен массасына қалай тәуелді?

- Жылу балансы теңдеуінің формуласын тақтаға жаз.

Оқушылардың ойлары тыңдалады

ҚБ: Ауызша

Шаңырақ, түрлі – түсті ленталар

Сабақтың ортасы

15 минут

2. Топтық жұмыс «Тәжірибе алаңы»

1 – тапсырма «Температуралары әртүрлі суды араласытырғандағы жылу мөлшерін есептеу, салыстыру»

Құрал – жабдықтар: Салқын және ыстық су, термометр, калориметр, өлшеуіш стақан немесе өлшеуіш цилиндр

Жұмыс барысы:

-Стақанға белгілі көлемде су құйып, t1 температурасын өлшейміз

- Калориметрге дәл сондай ыстық су құйып, t2 температурасын өлшейміз

-Калориметрге стақандағы суды құйып, қоспаның t температурасын өлшейміз.

- Ыстық судың берген жылу мөлшерін Q1=cm(t2-t) формуласы бойынша анықтаңдар

- Суық судың ыстық судан алған жылу мөлшерін Q2=cm(t-t1) формуласы бойынша анықтаңдар

- Өлшеулар мен есептеулердің нәтижесін кестеге жазамыз

-Ыстық судың берген, суық судың алған жылу мөлшерін салыстырыңдар.

- Эксперименттегі салыстырмалы қателікті ɛ= (Q2-Q1 /Q2 ) есептеңдер

- Қорытынды жасаңдар

Ыстық судың массасы,

m, кг


Суық судың температурасы

t, 0С

Қоспаның температурасы

t, 0С

Ыстық судың берген жылу мөлшері

Q1,Дж

Суық судың массасы

m, кг

Ыстық судың температурасы

t2 , 0С

Суық судың алған жылу мөлшері,

Q2, Дж









Қорытынды: Ыстық су берген энергияның суық су алған энергиядан артық. Себебі, энергияның бір бөлігі қоршаған ауаның ішкі энергиясын арттыруға, басқа бөлігі суды араластырған ыдысты қыздыруға жұмсалады.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»


Қосымша 1

Салқын және ыстық су, термометр калориметр өлшеуіш стақан























Екі жұлдыз, ұсыныс бұрышы

Сергіту сәті

3 минут

«Жылу құбылыстарының сырын ашатын мақал- мәтелдер сөйлейді»

1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.(Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады.

2.Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды.(Қыста уйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті ашып, салқын ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды.

3. Нан піскенше күлше күйеді.(Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.

4. Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен.(Жүніннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді.

Мақал- мәтел жазылған қима қағаздар

Бекіту/ саралу/

12 минут

Деңгейлік тапсырмалар

Жеке жұмыс

1-тапсырма: Тестік тапсырмалар

1.Екі дене арасында болатын жылу алмасу кезіндегі жылулық тепе - теңдіктің орнауына негізделген әдіс:
А. Уақытты өлшеу әдісі
В. Көлемді өлшеу әдісі
С. Температураны өлшеу әдісі
Д. Қысымды өлшеу әдісі
2. Химиялық энергия, атом энергиясы, ядроның ішкі энергиясы энергияның қай түріне жатады?
А. механикалық
В. потенциалдық
С. кинетикалық
Д. ішкі
4. Ішкі энергияның өзгерісіне мысал болатыны:
А. мыс кесегін балғамен бірнеше рет соғу
В. кеседегі шайға қант салу
С. оқушының сабаққа дайындалуы
Д. үстеу бетіне балғаны қою
5. Атмосферадағы конвекциялық ағындардың пайда болуына мысал болатыны:
А. жауын-шашынның себелеуі
В. су құбырынан аққан су ағыны
С. қардың бетінде шаңғымен сырғанау
Д. желдің теңізден құрлыққа қарай соғуы және жағадан теңізге қарай соққан самалдың пайда болуы
6. Жану кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі жылу алмасу арқылы емес, отынмен байланысты болатын жылу...
А. физикалық құбылыстар есебімен жүреді
В. жылулық құбылыстар есебімен жүреді
С. химиялық құбылыстар есебімен жүреді
Д. механикалық құбылыстар есебімен жүреді

Жұптық жұмыс: «Болжау» әдісі

Тапсырма 2
1. 4 кг бензин мен 2 кг керосинді араластырады. Ос қоспа толық жанғанда қанша жылу мөлшерін бөліп шығарады.

Дескриптор Білім алушы

  • Жану жылуларын ескеріп, бөлінетін жылу мөлшерінің шамасын есептейді

2. Сыйымдылығы 2,5 л бензинмен толтырылған. Толық жануы кезінде 23*107Дж энергияны алу үшін осы бензин мөлшері жеткілікті ме?

Дескриптор Білім алушы

  • Формуланы түрлендіріп, бензин мөлшерін анықтайды

ҚБ: Өзін –өзі бағалау парағы

Қосымша 2





































Қосымша 3

Сабақтың соңы

Кері байланыс

4 минут

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын айтып шығады

«Бес саусақ әдісі»

Сабақтың рефлексиясы.

Сөйлемді аяқтаңдар:

Осы сабақта мен үшін маңызды болғаны: _________

Сабақта мені қуантқан…______________

Енді мен біліп жүретін болдым…________________

Маған ұнамаған нәрсе…_______________________

Менің мұғалімге қояр сұрағым…_________________


Слайд



«Бес саусақ»

Қима қағаздан

Үйге тапсырма

1мин

«Қатты дауылдан кейін теңіздің суы неге жылы болады?»- эссе жазу (25 сөзден кем емес)


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Топқа бөлуді уақытты үнемдеу мақсатында, Мәңгілік ел бағдарламасына қамтый отыра «Тілек шаңырағы» әдісін тиімді колдануды жөн кірдім.

Миға шабуыл жасай, «Сұрақты қағып ал» деген әдіс арқылы оқушылар үйге берілген тапсырманы қайталау бойынша сұрақтарды қағып алып, жауап береді.

«Тәжірибе алаңы» топтық жұмысында ынтымақта, бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, жылу берілуді талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелеймін. Меңгерген білімдерін пысықтау үшін қорытынды жасайды.Саралауды деңгейлік тапсырмаларды орындағанда тиімді колданамын.


Сабақ барысында «өзін-өзі бағалау, мұғалім бағалау» парағы арқылы оқушыларды шынайы бағалауға, қателіктерін көре білуге және оны өз уақытында түзетудің жолдарын іздеп өз бетінше жоюды үйрену үшін пайдаландым.

Үйге тапсырмасын тексеруді бағалауда «Ауызша» ҚБ қолданамын.

Сабақ ортасында «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағалауды оқушылардың белсенділігін арттыру үшін таңдап алдым.

Деңгейлік тапсырмалар орындағанда «Өзін – өзі бағалау парағын» теориялық білімдерін өмірде еркін қолдана алу үшін алдым.

Денсаулық сақтау технологияларын психологиялық ахуал, топқа бөлуде қолданамын. Сергіту сәтін сабақтың тақырыбымен байланыстыра, белсенді жұмыс түрімен өткізу мақсатында қолданамын


















Қосымша 3

Өзін - өзі бағалау парағы

Оқушының аты- жөні _______________________________________


Сабақ кезеңі

Бағалау

критерийлері

Оқушы

+ -

Мұғалім

+ -

Үй тапсырмасы «Сұрақты қағып ал»

Өткен сабақ бойынша барлық сұрақтарға толықтай жауап бере аламын



Өткен сабақ бойынша кейбір сұрақтарға жауап бере аламын



Өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап беруге қиналамын



Жаңа сабақ

«Тәжірибелік тапсырма»

Топтық жұмыс

Тәжірибе жасай отырып, жылу мөлшерін дұрыс есептедім



Тәжірибені толық меңгере алмадым, себебі жылу мөлшерін есептегенде қателесем



Тәжірибені жасай алмадым, есептеулерім қате



Деңгейлік жұмыс

Тапсырма орындауда белсенді болдым


Тапсырманы жұбымның көмегімен орындадым



Тапсырма орындауда әлсіз болдым



Есепті жұбымның көмегімен шығардым



Есепті шығаруда әлсіз болдым





Қосымша 3

Өзін - өзі бағалау парағы

Оқушының аты- жөні _______________________________________


Сабақ кезеңі

Бағалау

критерийлері

Оқушы

+ -

Мұғалім

+ -

Үй тапсырмасы «Сұрақты қағып ал»

Өткен сабақ бойынша барлық сұрақтарға толықтай жауап бере аламын



Өткен сабақ бойынша кейбір сұрақтарға жауап бере аламын



Өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап беруге қиналамын



Жаңа сабақ

«Тәжірибелік тапсырма»

Топтық жұмыс

Тәжірибе жасай отырып, жылу мөлшерін дұрыс есептедім



Тәжірибені толық меңгере алмадым, себебі жылу мөлшерін есептегенде қателесем



Тәжірибені жасай алмадым, есептеулерім қате



Деңгейлік жұмыс

Тапсырма орындауда белсенді болдым


Тапсырманы жұбымның көмегімен орындадым



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ