Материалдар / Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2024
90
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«А.Розыбакиев атындағы орта мектебі» КММ Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы


Бөлім:

Жылу құбылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Д.Р.Асимова

Күні:


Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.3.2.5 жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;

8.3.2.6 заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтайды, заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.














Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

Жағымды ахуал орнату.



Өткенге шолу «Еске түсіруге арналған уақыт» әдісі арқылы оқушылар берілген сурет арқылы өткен тапсырманы еске түсіреді.


Амандасады, сабаққа қатыспаған оқушыларды анықтап айтады.

Сабаққа дайындығын көрсетеді.














Дескриптор: -диффузия құбылысын біледі.

-жылулық қозғалысты сипаттай алады;

-жылу берілудің түрлерін сипаттайды.



ҚБ: мадақтау







ДК экраны

Оқулық


Сабақтың ортасы

5 мин.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы талқылауға арналған сұрақтар беріледі.

Су мен майды бірдей температураға қыздыру үшін бірдей жылу мөлшері қажет пе?

Жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығы тақырыптарын қысқаша түсіндіру.

Сұрақтарға жауап береді. Сабақ тақырыбымен танысады, сабақта алға қойылған мақсатты түсінеді

Тақырыпты дәптерге жазады.

Дескриптор:

Жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығын түсінеді


ҚБ: мадақтау


Оқулық

Дәптер

15 мин.

Жұптық жұмыс.

«Сенімді серіктес» әдісі

1-тапсырма

Эксперимент1 Массасы 300г судың бастапқы температурасы

25 0С оның температурасын 50 0С көтеру қажет

Экспериментті бақылау, сұрақтарға жауап беру.

1.Қажет құралдарды жазыңдар

1.Судың қыздыру уақытын және термометрдегі температураның өзгеруін бақыла

2.Суды қыздырғаннан кейінгі физикалық шамалардың мәнін жазыңдар

3.Осы кезде судың ішкі энергиясы жылу берілудің қай түрі бойынша өзгергенін ата (жылу берілу)

4. Су жылуды алу немесе берілуі туралы жауаптарыңды негізде

(су қыздырғыш плитадан жылу алды, температурасы көтерілді, ішкі энергиясы артты)

Жылу беру кезінде алатын немесе жоғалтатын энергиясы жылу мөлшері болып табылады

5.Суды қыздыру кезінде оның алған жылу мөлшерін қалай есептер едің, ол үшін саған қандай шамалар қажет?

( қызған зат массасы, температураның өзгерісі)

Эксперимент 2 Массасы 500г судың бастапқы температурасы

25 0С оның температурасын 50 0С көтеру қажет

Экспериментті бақылау, сұрақтарға жауап беру.

1.Қажет құралдарды жазыңдар

1. Судың қыздыру уақытын және термометрдегі температураның өзгеруін бақыла

2.Бұл тәжірибенің алғашқы тәжірибеден айырмашылығы неде екенін түсіндір

( температура өзгерісі алдыңғы эксперименттегідей болғанмен, зат массасы көбірек)

3.Суды қыздырғаннан кейінгі физикалық шамалардың мәнін жазыңдар

4.Берілген жылу мөлшері тағы қандай шамаға байланысты болуы мүмкін

(зат массасына )

Эксперимент 3 Экспериментті бақылау, сұрақтарға жауап беру.

Массасы 300г судың бастапқы температурасы 25 0С оның температурасын 70 0С көтеру қажет

1.Бұл тәжірибенің алғашқы тәжірибеден айырмашылығы неде екенін түсіндір

( температураның өзгерісі жоғары )

2.Судың температурасының өзгеруін бақыла

3.Бұл жағдайда суға берілген жылу мөлшері алғашқы тәжірибедегімен бірдей ме? Жауаптарыңды негізде

(Бірдей емес, көбірек жылу беру керек, массасы тұрақты болып қалғанмен жоғарғы температураға дейін көтеру керек)

3.Суға берілген жылу мөлшері қандай шамаға тәуелді болуы мүмкін

(температураның өзгерісіне)


Оқушылар берілген құрал –жабдықтар арқылы тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

- Өлшеу нәтижелері кестеге дұрыс жазады-1 балл

- физикалық шамалар өлшем бірліктерімен жазады-1 балл

-жылу берілудің түрін анықтайды-1 балл

-жылу мөлшерін есептей алады-1 балл


ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Қыздырғыш плита, термометр, су және май құйылған ыдыс, таразы


10 мин.

Жеке жұмыс

«Кім алғыр» әдісі

1.Массасы 1,6 кг мыс ыдыстың ішінде массасы 2,3 кг су бар. Осы ыдысты суымен 100С-тан 1000С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? ссу4200 Дж/кг0С, см380 Дж/кг0С.

2.Массасы 880 г суды 00С-тан 1000С-қа дейін қыздыруға кеткен жылу мөлшері массасы 2 кг алюминийді қанша градуска ысытады? ссу4200 Дж/кг0С, са920 Дж/кг0С

3.Массасы 100 г, температурасы 200С кесеге, массасы 200 г қайнаған су құйылды, осыдан кейін кеседегі температура 930С болды. Кесенің меншікті жылу сыйымдылығын есептеп шығар. с4200 Дж/кг0С.


Оқушылар берілген есептерді шығарады

Дескриптор:


-Есептің шартын дұрыс талдайды-1 балл

-ХБЖ-ға дұрыс келтіреді-1 балл - Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарады-1 балл

-Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізеді-1 балл



Жалпы балл-4

ДЭ,

8-сынып оқулық


5 мин

Жұптық жұмыс

«Венн диаграммасы»

Жылу беру мен меншікті жылу сыйымдылығының айырмашылығы мен ұқсастығын жазыңыз

Тапсырманы орындайды

Дескриптор:

- жылу беру мен меншікті жылу сыйымдылығының айырмашылығын жазады-1 балл

- жылу беру мен меншікті жылу сыйымдылығының ұқсастығын жазады-1 балл

Венн диаграммасы

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия

«Ньютонның алма ағашы» әдісі арқылы

Жасыл алма-түсінікті

Сары алма-әлі де түсініксіз

Қызыл алма-мүлдем түсінбедім


Үйге тапсырма:

Тақырыпқа бойынша 10 тест, 3 есеп құрастыру

Бағалау

Сабақ бойынша

Түсінікті...

Түсініксіз...

Қиын...болған жерлерін айтады



Үй жұмысын алады




Бағаларын күнделікке қояды













Дескриптор бойынша 10 баллдық жүйе

Жасыл,қызыл,сары алма карточкалары











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!