Материалдар / Жылу қозғалтқыштары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жылу қозғалтқыштары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қосымша көмекші құрал ретінде үсынылып отыр
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2018
500
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пән: физика

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Термодинамика негіздері

Мектеп: №182 жалпы білім беретін мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Полатова Назира

Сынып: 8

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар: 0

Сабақ тақырыбы

Жылу қозғалтқыштары

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты

(оқу жоспарына сілтеме)

8.3.2.22 – жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;

8.3.2.20 – іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттай алады;

Көптеген оқушылар істей алады: іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттай алады;

Кейбір оқушылар істей алады: жылу қозғалтқыштарының қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін шешудің жолдарын таба алады.

Бағалау критерийі

  • Жылу қозғалтқыштарындағы энергияның өзгеруін сипаттай алады;

  • Іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының артықшылығын және жұмыс істеу приципін сипаттай алады;

  • Жылу қозғалтқыштарының табиғатқа келтіретін кері әсерін анықтап, мәселені шешудің жолдарын таба алады.

Тілдік мақсаттар


  1. Оқытудың тілдік мақсаты:

Жылу қозғалтқыштарында орындалатын заңдылықтарды ауызша немесе жазбаша сипаттай алады.

  1. Пәндік лексика және терминология:

Жылулық қозғалыс, тоңазытқыш, қыздырғыш, жұмыс денесі, газ турбиналары, ротор, соплолар.

  1. Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Жүйенің ішкі энергиясының бір бөлігін ... энергияға айналдыратын құрылғы... деп аталады. Қабырғасында нығыз кептелген, жоғары –төмен қозғала алатын поршені бар металл цилиндр ... деп аталады. Қарапайым бу турбинасының негізгі жұмыс бөлігі....

Құндылықтарды дарыту


«Мәңгілік ел» идеясының индустрияландыру және инновацияға негізделген экономикалық өсу құндылығын негіздеп оқушыларды нәтижелікке баулу, өмірге бейімділігін арттыру.

Пән аралық байланыс

Экология – табиғатқа келтірер зиянын білу,

Экономика – қозғалтқыштардың ең үнемдісін таңдау ,

Техника – қандай да бір механизмді қозғалысқа келтіру,

Тарих – ғылым мен техниканың даму тарихын білу.

Алдыңғы білім


  • Ішкі энергия

  • Жұмыс

  • Термодинамиканың бірінші заңы

  • Газдың және будың жұмысы

  • Термодинамиканың екінші заңы



Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

(10 мин)


5 мин









5 мин




  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесіп, оқушылар арасында сенімді сыйластықты қалыптастыруға ықпал жасап, көтеріңкі көңіл-күй тілеу. Жағымды орта қалыптастыру.

«Жұлдызша» әдісі бойынша 2 топқа бөлу.


  1. Үй тапсырмасын сұрау.

(W) «Қар кесегі» әдісі.

Оқушылар үй тапсырмасына байланысты қағазға сұрақтар жазып, топтар бір-бірімен алмасады. Сұрақтарға топпен ақылдаса отырып, жауап береді. Бұл – аз сөйлейтін оқушылардың өз ойларын әуелі жұптарда, одан кейін топтарда айтуға мәжбүрлейтін практикалық тәсіл.

(f) «Бас бармақ» тәсілі.






Сабақтың ортасы

(25) мин




10 мин























8 мин




























7 мин

III. Жаңа сабақты меңгерту.

(G) «Джигсо» әдісі.


1 тапсырма. Түйінді сөздердің жұмыс істеу механизмін түсіндіріңдер?

  1. Қарапайым жылу қозғалтқышы.

  2. Жылу машиналары.

Нұсқау: Сарапшы топ өздеріне берілген мәтіндерді талқылайды. Олар бастапқы топтарға қайта оралып, өз жұмысы туралы топта талқылау жүргізеді, идеялармен бөліседі.

Бағалау критерийі: жылу қозғалтқыштарындағы энергияның өзгеруін сипаттай алады.

Дескриптор: Құрылғылардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

Кері байланыс «Кері байланыс бутерброды»

Топтар алдымен бір-біріне жағымды пікір беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру.

(f) «Көңілді бауырсақтар» тәсілі.



(W) (G) «Екі шындық, бір жалған» стратегиясы

2 тапсырма. Іштен жану қозғалтқышымен бу турбинасының артықшылығын дұрыс тұжырымда.

Нұсқау: оқушылар шындыққа сәйкес келетін екі мәлімет, дұрыс емес (жалған) бір мәлімет дайындайды. Жұптасып бір-біріне жұмыстарын оқиды. Дұрыс емес тұжырымды анықтайды. Бұл стратегия арқылы оқушылардың зейін қойып тыңдау қабілеті артады.



Бағалау критерийі: Іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының артықшылығын және жұмыс істеу принципін сипаттай алады.

Дескрипторлар: оқулықтан ізденеді, қате тұжырым құрастырады, дұрыс тұжырымды анықтай алады.

Кері байланыс «Бес саусақ» тәсілі.

(f) «Көңілді бауырсақтар» тәсілі.



(I ) «Егер 5 минутыңыз болса...» әдісі

3 тапсырма: Жылу қозғалтқышының қоршаған ортаға әсері қандай?

Нұсқау: оқушылар берілген уақыт ішінде өз ойларын білдіру керек.

Бағалау критерилері: Жылу қозғалтқышының қоршаған ортаға әсерін түсіндіре алады.

Дескрипторлар:

  1. Жылу қозғалтқыштарының күнделікті өмірдегі пайдасын анықтайды.

  2. Жылу қозғалтқыштарының табиғатқа зиянын анықтайды.

  3. Жылу қозғалтқыштарының табиғатқа кері әсерін шешудің тиімді жолдарын таба алады.

Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»

(f) «От шашу» әдісі


Флипчарт, стикер, маркер

https://45minut.biz/2011/12/23








Смайликтер



https://yandex.kz/images
























Сабақтың соңы

5 мин

(f) Өзін-өзі бағалау

Топбасшылар жауап берген оқушылардың жауаптарын бағалау парақтарына « » қою арқылы белгілеп отырады. Осы бойынша әр оқушыға қалыптастырушы баға қойылады.

Оқушы-ның аты-жөні

«Қар кесегі»

«Джиг-со»

«Екі шын-дық, бір өтірік»

«Егер 5 ми-нутыңыз болса...»

1

Асаинова А





2

Ахмат А





3

Болат Р





4

Жақсылық А





5

Тұрдаш Д







Рефлексия: «Жетістік баспалдағы».

Сабақ соңында қатысушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілейді, түсініктеме береді.

Тапсырманы орындай алмадым.

Аздап қиналдым.

Тапсырманы орындай алдым.

Үй жұмысы: Жылу қозғалтқыштарының қоршаған ортаға тигізер әсері. Эссе жазу.





















https://znanija.com/task/26444877


Дифференциация – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорау

Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында 1-тапсырманы орындау үшін 81-86 беттегі мәліметтерді қолдануды ұсынамын.

Толық сыныппен, топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілгенде оқушыларға ЖАДА орнатамын. 2-тапсырмада дерек көздерін айту арқылы көмек көрсетуді жүзеге асырамын. 3-тапсырмада кретерийі мен дескрипторларын анық көрсетемін. Уақытты тиімді пайдалану, оқушылардың оқу материалды, жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеу.

  1. «Қар кесегі» әдісі

  2. «Екі жұлдыз, бір тілек»

  3. «Джигсо» әдісі

  4. «Екі шындық, бір жалған» стратегиясы

  5. «Бес саусақ» әдісі

  6. Қалыптастырушы бағалау

Мадақтау (керемет, тама-ша) тәсілі арқылы бағалау

  1. «Егер 5 минутыңыз болса...» тәсілі арқылы сабақты қорытындылау.

  2. «Жетістік баспалдағы»әдісі арқылы кері байланыс жүргізу.

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті ме?

Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттары сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?

Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!