Материалдар / «Жыр алыбы- Жамбыл» әдеби-тарихи, қойылымдық кеш.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жыр алыбы- Жамбыл» әдеби-тарихи, қойылымдық кеш.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты. Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналады. Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халықтың ірі айтыскер ақыны,«Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғасыр Гомері»,«Жамбыл — менің жай атым, халық —менің шын атым» деген ұлы тұлға Жамбыл Жабаевқа биыл 175 жыл толып отыр. Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұтшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қырқүйек 2021
1711
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тобы: ЕА-01-20

Өтетін жері: үлкен конф.зал

Топ кураторы: Тулешова Сауле Жанабевна.

Тақырыбы: «Жыр алыбы- Жамбыл» әдеби-тарихи, қойылымдық кеш.

Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.

Жүргізуші:

Армысыздар, ардақты ұстаздар мен студенттер! Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халықтың ірі айтыскер ақыны,«Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғасыр Гомері»,«Жамбыл — менің жай атым, халық —менің шын атым» деген ұлы тұлға Жамбыл Жабаевқа биыл 175 жыл толып отыр. Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұтшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында колледжіміздің «Салалық мамандықтар» бөлімі, ЕА-01-20 тобының студенттері арасында «Жыр алыбы- Жамбыл» тақырыбында өтетін әдеби-тарихи, қойылымдық кешімізді бастаймыз.

(бейнеролик)

Жүргізуші:

Бүгінгі кеш 4 кезеңнен тұрды және қатысушылар «Жеңіс», «Ғасыр» атты екі топқа бөлінген.

(экраннан көрсетіледі)

Таныстыру. Әр топ өзін таныстырады: «Жеңіс» тобы, «Ғасыр» тобы.

І-кезең. «Бала Жамбыл» Ақынның өмірі мен ақындық жолдағы алғашқы қадамдары және жетістіктері туралы; (презентация, слайд қорғайды) және жастық шақ естеліктерінен мысал келтіреді.

ІІ-кезең. «Ақын Жамбыл» Ақынның өлеңдерінен үзінді, өлеңдерін жатқа айту.

ІІІ-кезең «Тапқыр Жамбыл». Викториналық сұрақтарға жауап береді;

ІҮ-кезең «Дара Жамбыл» Көрініс. І топ-Сүйінбайдың Жамбылға бата беруін көрсетеді. ІІ топ- Жамбылдың жастық шағынан көрініс көрсетеді.

Жүргізуші:

Ал ендеше қатысушыларға сәттілік тілей отырып, бүгінгі кешті сарапқа салатын сарапшыларды таныстырып өтейік.

1. Колледж әдіскері: Оразова Гүлмира Файзуллақызы.

2. «Салалық мамандықтар» бөлімінің меңгерушісі: Қалықұлов Нұрмахан Рахманқұлұлы

3. «Қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушысы Қошаманова Ғазиза Әлмаханқызы.

(Ақын жайлы видеоролик)

Жүргізуші:

"Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан", - дейді Жамбыл ақын.

Жамбыл бала күнінен бетті болып еркін өседі. 8 — 9 жасқа келген соң-ақ қойшылармен, жылқышылармен бірге жүріп, солардан неше алуан аңыз әңгіме, өлең-жыр естиді. Өзі де жыр айта бастайды. Асау тай үйретіп, бас білдіруді де өзінің ең сүйікті, қызықты әдетіне айлалдырады. Сөйтіп, жарқын жүзді, көпшіл, өр мінезді қайсар Жамбыл Жабаев ел ішіне тез танылады.


Кешіміздің 1-кезеңіне берейік.

1-кезең. Таныстыру. Әр топ өзін таныстырады: «Жеңіс» тобы, «Ғасыр» тобы.

«Бала Жамбыл» Ақынның өмірі мен ақындық жолдағы алғашқы қадамдары және жетістіктері туралы; (презентация, слайд қорғау) және жастық шақ естеліктерінен мысал келтіреді.

Жүргізуші:

Адамға аз жас емес (жүз жыл деген,)

Қойнына қара жердің (кім кірмеген?)

Қырық жыл жолдас болған, (қайран Жәке,)

Сағындым дауысыңды (күмбірлеген.)-деген екен шәкрттерінің бірі Кенен Әзірбаев.

«Жамбыл жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол əлеуметтік жəне жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі», — деп толғанған екен кезінде даңқты жазушы Сəбит Мұқанов.

2-кезең. «Ақын Жамбыл». Сарапшылар осы кезеңде Сіздерден тапсырмалар болады. Ол үшін алдарыңызда тұрған өлеңдердің басын оқып бастап бересіздер, ал ары қарай студенттер өздері айтып беретін болады. Олай болса топтарға сәттілік тілейміз.

«Жеңіс» тобы,«Ғасыр» тобы.



3-кезең «Тапқыр Жамбыл». Викториналық сұрақтарға жауап береді; Сөзжұмбақ.

І-топ

1. Жамбылдың ұстазы кім? – Сүйінбай Аронұлы

2. Жамбылдың 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілісіне арналған өлеңі қалай аталады?- «Зілді бұйрық» өлеңі

3. Жамбыл қай жылы туылған?-1846жылы

4. Жамбылдың "Қазақстан тойына" атты өлеңі қай жылы жарияланған?-1924ж

5. Жамбылдың анасының есімі?- Ұлдан

6. Жамбылмен тұстас қандай ақындарды білесіңдер?- Майкөт, Сарыбас, Қуандық ақын, Құлмамбет, Шаншар ақын, Қожантай ақын, т.б.

7. Жамбыл айтыстарының ерекшелігі неде?- әлеуметтік теңсіздік,ел ішіндегі қиянат.Халық басындағы мұң-мұқтажды,арман-тілекті айтып,қашанда ел атынан жырлаған ақын жеңіске жетіп отырған

8. Жамбылдың бір өлеңін жатқа айт?-

9. Ақынның соғыс туралы өлеңдерін ата?-Майданға хат, Ленинградтық өренім, Жеңіс,т.б.

10. Жамбылдың соңғы жазған өлеңі?-Алатау

11. 1936 жылы Жамбыл қай жерге барған?- Мәскеуде өткен Қазақстанның онкүндігінде

12. Жамбылдың айтыстары ішінде ең көрнектісі қайсы?- Жамбыл мен Құлмамбет айтысы

13. Жамбылдың әкесі кім болған?- Шаруа

14. Жамбыл Жабаевтың туған жерін ата?- Алматы облысы, Жамбыл тауының етегі

15. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Жамбылдың ұлы?-Алғадай

16. Жамбыл неше жасынан бастап айтысқа түсті?-13-14 жас







ІІ-топ
1. «Бозторғай», « Көкшолақ», «Бұлбұлға», «Он алтыншы жыл» сияқты әндері бар Жамбылдың шәкірті кім? – Кенен Әзірбаев

2.Қандай шығармаларын білесіңдер?-
3. Жамбылдың әкесінің есімі кім?-Жабай (Жапа)

4.Ақын қандай тақырыптарда өлеңдер жазған?- тарихи оқиғаларға, балаларына, халықтың мұңын, әлеуметтік теңсіздікті, соғыс туралы, т.б.

5. Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі қай жылы жазылды?-1943жылы

6. Жамбыл Құлмамбет ақынмен қай жылы айтысып, жеңіске жеткен?-1981 жылы

7. Жамбыл қайсы наградасын алған кезде айтып еді:"Наградталған мен емес, қазақтың халық поэзиясы"деп?-Еңбек қызыл ту ордені берілгенде.

8. Жамбыл қай жылы қайтыс болған?-1945жылы

9. Жамбылдың «Өтеген», «Сұраншы батыр» шығармалары үшін алған наградасын айтыңыз?-Мемлекеттік сыйлық

10. Жамбыл өмірінің қанша жылын ақындықпен өткізген?-85 жылын

11. Жамбыл шығармалары дүние жүзінде қанша тілге аударылған?-44 тілге.

12. Жамбылды «Жаңа адамзаттың жыршысы» деп кім атады?-М.Әуезов

13. Жамбылдың бір өлеңін жатқа айт?-

14. Алғадай Жамбылұлы қай жылы дүниеден өтті?-1943жылы

15. Жамбылдың 15-16 жасында жазған өлеңі?- «Шағым» өлеңі

16. Жамбыл кезінде кімдерен айтысқа түскен, аттарын атаңыз?- Жамбыл Айкүміспен, Сара ақынмен, Бөлтірікпен, Майкөтпен, Сарыбаспен, Құлманбетпен, Досмағанбетпен айтысқан....

СӨЗЖҰМБАҚ. 

Сөзжұмбақ сұрақтары:

Тігінен:

1. Жамбылдың әкесі.

2. Жамбыл айтысқан ақынның бірі.

3. Жамбылдың шәкірті.

4. Жамбылдың баласы.

5. Жамбылдың өлеңі.

6. Жамбылдың алғаш жазған өлеңі.

7. Жамбылдың сүйген қызы.

8. Жамбылдың туған жері.


Ал құрметті сарапшылар тез және дұрыс құрастырған топқа жақсылап назар аударуларыңызды сұраймыз.


Жүргізуші:Жыр алыбы Жамбылмен жарты ғасырдай бірге жүріп жаңа дәуірді асқақтата жырлаған замана жырауы. Қазақтың әйгілі халық ақыны,сал-серілік дәстүрдің соңы, әнші және композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері- Кенен Әзірбаевтың “Бір жастан жүз жасқа дейін» деген толғауы. Орындайтын: Топ кураторы: Тулешова С.Ж.

Күй: орындайтын ЕТ-01-20жк.тобының студенті Алшынбай Мирас.



Жүргізуші: Жамбылдың өлеңге, ақындыққа құмарту сезімі ерте оянған. Өзінің айтуы бойынша, 13 жасынан бастап ақын болуға бекем бел байлайды. Дүмше молдадан оқығанша, «домбыраны қолға алам» деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны Сүйінбаймен кездесіп, батасын алуы оның ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады. Жамбылдың ізін жалғастырушы жастарға кезек бере отырып,

4-кезең «Дара Жамбыл» Көрініс

«Жеңіс» тобының көрінісі:

Сүйінбайдың Жамбылға бата беруі;

«Ғасыр» тобының көрінісі:

«Жамбылдың жастық шағы» тамашалаңыздар.

Қорытынды: (Жеңімпаздарды анықтау)

Бүгінгі сайысты қорытындылай отырып, кезекті сарапшыларға берейік.

(сарапшылардың сөзі, марапаттауы)

Жүргізуші:

Құрметті көрермендер! Бүгінгі іс-шарамызда Жамбыл бабамыздың кейінгі ұрпақ үшін тек танымдық дүние, аңсап, сусап оқитын, тəлімдік, тəрбиелік мəні зор өнегесі, біздерге қалдырған өлшеусіз ғибраты туралы көп мәліметтер айтылды.. Жамбыл ата жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Олай болса ұрпақтары барда ұлы ақын жыры ғасырдан ғасырға жасай береді.

Бүгінгі Жыр алыбы —Жамбылдың 175 жылдығына арналған кешіміз осымен аяқталды. Қатысып, белсенділік танытқан ЕА-01-20 тобының студенттеріне алғыс білдіреміз! Сарапшы ұстаздарымызға да алғыс айтамыз!

Аман сау болыңыздар!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!