Материалдар / жыр опера

жыр опера

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка пәнінен ашық сабақ өте пайдалы деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2018
422
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Топқа бөлу: (әр түрлі суреттер арқылы бөлу)Ұйымдастыру кезеңі:Сәлем бердік баршағаБөлініп біз топ–топқаНотаны бір қайталапӘн саламыз шаттанаСабақтың тақырыбы: Жыр –Опера –КиноСабақтың мақсаты:
  • Тақырыпты тереңдей ашып, шапшаң ойлауға, ұтымды жауап беруге,салыстыра білуге, өзгенің жауабын бағалай білуге дағдыландыру.
  • Оқушыларға әуелеп салынған әннің құдіреттілігін сезіндіру, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Опера, жыр, кино туралы мәлімет беру.
Үй тапсырмасын тексеру:
  • Жыр-Опера –Кино туралы оқып келу.
  • Сұрақтарға жауап беру
  • “Туған жер”
Н. Әлімқұлов, Әні: М.Сағатаев әнінің сөзін нақышына келтіріп жаттау.4.Үй тапсырмасын сұрау:5.Оқулықпен жұмыс.Енді біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Опера –Жыр-Кино» тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз. Әр топ яғни Опера –Жыр –Кино топтары оқулықтан өз топтарына туралы жерді тауып оқып береді және де қосымша білгендерін айтып өтуге де болады. Оқып шығуға сіздерге 3 минут уақыт беріледі. (оқушылар оқып шығып айтып береді)6. Музыка тыңдайық! Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан Жібектің ариясы Пәк махаббат пен шынайы сезімнің нышаны «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сарқылмас қазынасы. Өшпес мұра «Қыз Жібек» жырының желісімен түсірілген Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» көркем фильмі қазақ киносының алтын қорына айналды. 1968-1970 жылдары түсірілген  «Қыз Жібек» көркем фильмінің тұсауы 1970 жылы Алматы қаласындағы «Целинный» кинотеатрында кесілген болатын.  Бүкілодақтық тұсау кесері 1971 жылы Мәскеу қаласында өтті. Фильм сценарийін жазған Ғабит Мүсірепов Жібек пен Төлегеннің махабаттын ғана жазып қоймай, ел-жұртты бірлікке шақырып, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрді көрсетуге ұмтылған. Фильм музыкасын саз сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев ұлттық нақышқа келтірсе, ән өлеңдерін Қадыр Мырза Әлі жазған.7. Сергіту сәті. Балалар сергіту сәтіне мен сендермен мынандай ойын ойнағым келіп тұр. «Нотаны орналастыр» атты ойыны әр топқа үш плакат беріледі. Нотаны рет –ретімен орналастырып шығамыз. 8.Музыка сауаттылығы. 1. Ариозо- опералық музыкадағы тақпақтап айтылатын қысқа ария.2.Орхестра – театрдың ортасындағы шеңберлі сахна.3. Антракт – опералық қойылымның мазмұнын аша түсу үшін орындалатын шығарма4.Речитатив –мәнерлеп сөйлеу, тақпақтап айту.5.Ария –операдағы басты элемент, опера кейіпкерлерінің жеке орындайтын шығармасы.9. Қосымша мәлімет беру.Жыр (көне түркі тілінде - иыр)1) кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Көне түркі тіліндегі "иыр" сөзі де қазіргі "поэзия" терминінің мағынасында қолданылған. Бұл атау дәл осы мағынада қазірғі қарақалпақ, қырғыз, ноғай, қарашай, балқар, башқұрт, татар, тағы басқа түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады; 2) тар мағынада - қазақ халық поэзиясындағы 7 - 8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро эпостык жырлар, жоқтаулар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, тағы басқа түгелдерлік поэзияның осы өлшемдегі үлгісіне құрылған. Опера (итал. орега - дәлме-дәл шығарма, лат. орега - еңбек, бұйым, туынды) - музыкалық өнер жанры. Операның әдеби негізі (либеретто) музыкалық драматургия және ең алдымен вокалдық музыкалық формаларының тәсілдері арқылы өзінің көркемдік шешімін табады. Ол - вокалдық пен аспаптық муз., драматургияхореография(балет) және бейнелеу өнерінің (декорация, костюм) бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай әр түрлі өнер түрлерін біртұтас театр әрекетіне біріктіретінсинтезді жанр. Жеке айтылатын ән (арияариозокаватинамонологбаллада), речитатив (тақпақ сазды қысқа әуен), ансамбль (дуэттриоквартетквинтет), хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады. Кино(гр. kіneo – жылжытамын, жылжимын), кино өнері — өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жа-сауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер:кинодраматургрежиссерактероператорсуретшікомпозиторпродюсеркаскадерэкономистменеджер, т.б. қатысады. Фильм жасауда кинорежиссер жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар да (инженерлертехниктерлаборанттар мен өзге қызметкерлер) үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады. Кино, негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино. Көркем фильм кино өнерінің негізгі және кең таралған түрі. Ол әдеби шығарма желісі немесе арнайы жазылған сценарий бойынша актерлердің қатысуымен жасалады. 10. Дауыс жаттығуы. «Гамма» (ма,ми,мо,му)11. Ән орындайық! «Туған жер», «Жойылсын соғыс»12.Қорытыңдылау. Тест арқылы.13.Үй тапсырмасы: 1.Жыр –Опера –Кино тақырыбын қайталау 2.“Қыз Жібек”көркем фильмін тамашалау14.Бағалау. Смайликтер арқылы



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ