Материалдар / "Журналистика" үйірмесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Журналистика" үйірмесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз өнері, қызықты ақпараттар жинау, материалдардың құрылымы, алғашқы нұсқасы және өңдеу, жазу процесі, жауапкершілік пен этика , журналистика жанрлары туралы мағлұмат алумен қатар,шығармашылық жұмыс түрлеріне машықтанады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2019
4438
34 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТҮСІНІК ХАТ


Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке-даралық ерекшеліктеріне мейілінше мән бере отырып, бейіндік оқыту жүйесі іске асырылуда.

Бейіндік оқытудың негізгі мақсаты - жеке білім беру траекторияларын оқушыларда жүзеге асыру, оқушылардың отбасында, аймақтық ортада әлеуметтенуі, орта және жоғарғы білім алуға дайындау үшін оқушылардың жалпы білім беру бағдарламасындағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Бейін алды дайындық негізінде құрастырылған бұл үйірме 8 сынып оқушыларына арналған.

Бүгінгі қоғам – ақпараттық құралдар қоғамы. Мектеп оқушылары қазір заманауи құралдармен жабдықталған, қаншама ақпараттық ортамен байланыс жасап отыр. Олар: түрлі телеарналар, ғаламтор желісі, мерзімдік басылымдар т.б.

Ақпараттық құралдар және олардан алынатын сансыз мәліметтермен жұмыс істеуге деген оқушы бойындағы аса үлкен қызығушылықты шығармашылық жұмыспен ұштастырып, нақты мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік беретін курс бағдарламасы осы бағытта жұмыс істеймін деген жас ұстаздарға әдістемелік көмекші құрал бола алады.

Сөз өнері, қызықты ақпараттар жинау, материалдардың құрылымы, алғашқы нұсқасы және өңдеу, жазу процесі, жауапкершілік пен этика , журналистика жанрлары туралы мағлұмат алумен қатар,шығармашылық жұмыс түрлеріне машықтанады.

Ең бастысы, оқушы өзінің бейіндік бағдарын анықтай алады, шығармашылық жұмыс түрлеріне төселеді, коммуникативтік құзырлылығы дамиды.

Бағдарламаның мақсаты:

Білімділік:

- Тіл стильдерінің ерекшеліктері мен құрылымдары туралы білім жүйелілігі;

- Оқушының қызығушылық бағытының , қабілетінің дамуына, кәсіби бейімделуіне жағдай жасау;

- Өз жұмысына өзіндік баға беруге үйрету;

Дамытушылық:

- Оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту;

- Іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру;

- Ой- өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру;

Тәрбиелік:

- Жауапкершілік;

- Қарым-қатынастық;

- Мәдениеттілік;

Үйірменің міндеті:

Мектептің басты міндеті – оқушыларға ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгерту, қоғамға әлеуметтік- психологиялық жағынан орынды бейімделулерін және ондағы өз орнын дұрыс анықтауларын қамтамасыз ету, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, сондықтан курстың негізгі міндеті оқушының танымдық және бейіндік, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- Өзіндік жұмыс түрлерін тиімді, дұрыс ұйымдастыра білуіне көмектесу;

- Кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде жетілдіруге бағыттау;

- Ғылыми –зерттеу дағдыларын қалыптастыру;

Қолданылатын технологиялар:

-жобалау;

-ақпараттық-компьютерлік технология;

- шығармашылық шеберлік;

- тұлғалық бағдар;

Іске асырылу көзі:

-мультимедиа;

-ғаламтор;

-БАҚ;

-теле және видео хабарлар;

- жүйелі түзету жұмыстары;

Мұғалімнің қызмет түрі:

-Сабаққа тиімді микроклимат туғызу;

-Әрбір оқушының даму траекториясын анықтау;

Оқушының қызмет түрі:

-зерттеушілік – жобалық;

- Коммуникативтілік;

-Талдау, салыстыру, өңдеу, шешім шығара білу;

-Газет материалдарының жанрлық ерекшеліктерін құрылымын , тілдік қызметін ажырата білу;

- Әңгіме, сұхбат жүргізе білу;

-Көпшілік алдында сөйлей білу;

Үйірме аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат өтіледі.


Бағдарлама мазмұны


1 сабақ.


Кіріспе.(1 сағат)

Курстың мақсат, міндеттері, жұмыс түрлерімен таныстыру.

Жұмыс түрі мен әдісі. Дәріс. Пікір-алмасу.

Үй тапсырмасы: Ойтолғау «Тілші- мамандығы туралы»


1-бөлім. Журналистік қызмет.

2-3 сабақ.

Журналистика негіздері (2 сағат)

БАҚ. Оның қоғамдағы рөлі, түрлері туралы түсінік беру. Журналистика бойынша негізгі мамандықтар (тілші, репортер, фототілші,комментатор)

Журналистің кәсіби сапалығы:

Дарындылық,білім,өмірлік тәжірбиесі, адалдық өткір тілдің бірлігі.

Практикалық жұмыс.

Дәріс. «Ассоциативті қатар» әдісі


Үй тапсырмасы: топтық, шығармашылық жұмыс.


4-5 сабақ.

Тілші мен аудитория ( аудиторияның ықыласын аудару тәсілдері)

Аудиториямен дұрыс байланыс орната білу шеберлігі көпшілік алдында сөйлесуге күнделікті дайындық. Сөйлеу техникасын меңгеру, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Көпшілік алдында сөйлеудің әдістемесін меңгеру. Сөйленген сөздерге сыни тұрғыда талдау жасау.

Практикалық жұмыс: Іскерлік ойын «Пресс- конференция»

Үй тапсырмасы: нақты бір тақырып бойынша көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу.


6-7 сабақ

Тілшінің сөйлеу мәдениеті

Сөздік қордың молдығы және әр алуандығы. Тіл тазалығы, тіл көрнектілігі, тіл анықтылығы, тіл дәлдігі. Сөз дұрыстығы әдеби тілдің қалыптасқан нормасын сақтау.

Практикалық жұмыс: көпшілік алдындасөйлеуге төселдіру.

«Шешендер жарысы» ойыны.

Үй тапсырмасы: қайталау.


2-бөлім. Журналистік мәтін.

8-9 сабақ. Мәліметтермен жұмыс.

Ақпарат жинау. Пайдаланылатын фактілерді талдау, қорыту, өзара байланысын табу.

Практикалық жұмыс. Дәріс . Шығармашылық жұмыс «Миға шабуыл»

Үй тапсырмасы: Мектеп өмірінен жиналған мәліметтермен жұмыс.


10 сабақ.

Материалдың құрылымы алғашқы нұсқасы және өңдеу.

Ақпарат дайындалып болғаннан кейің материалдың құрылысын жоспарлау, Алғашқы нұсқасын жасау,яғни өңдеу.

Практикалық жұмыс. Дәріс «Араның ұясы» әдісі.

Үй жұмысы: Жиналған мәліметтерінің алғашқы нұсқасын жасау, өңдеу.


11 сабақ. Жазу процесі.

Практикалық жұмыс. Дәріс «Кубизм » әдіісі.

Үй тапсырмасы: Еркін тақырыпта ақпарат дайындап әкелу.

12 сабақ. Жауапкершілік және этика.

Материал жинағанда және жазғанда-журналистің жауапкершілігі, этикасы.

Практикалық жұмыс. Дәріс «Араның ұясы»

Үй тапсырмасы; Шағын эссе. «Өз-өзіме хат»


13 сабақ. Журналистиканың негізгі жанрларымне танысу.

Ақпараттық жанр. Ақпараттық жанр түрлері қойылатын талаптар,айырмашылықтары.

Практикалық жұмыс. Дәріс. Мектеп өміріндегі ақпараттық жанр түрлері

Үй тапсырмасы: Мектеп өмірінен еркін тақырыпта жанрға материал дайындау


14, 15- сабақ Репортаж және оның түрлері.

Репортаж- ақпараттық жанр. Репортаждың түрлері, өзіндік ерекшеліктері мен берілу тәсілдері.

Практикалық жұмыс. Дәріс. «Мінсіз тапсырма» әдісі, шағын топта репортаж жасауға үйрету.

Үй тапсырмасы: Еркін тақырыпта репортаж дайындау.


16, 17 -сабақ Сұхбат. Ақпарат жинау әдістері.

Сұхбат ұйымдастыру, әдісі, мазмұны жағынан жіктелуі (Хабарламалы, түсіндірмелі, суреттеме, сауалнама)

Практикалық жұмыс: Дәріс. Рөлдік ойын

Үй тапсырмасы: Мектеп газетіне сұхбат жазу.


18- сабақ. Талдамалы жанр

Талдамалы жанрдың- түрлері, құрылымы, мазмұны мен ерекшеліктері. (Есеп, корреспонденция, журналистік шолу, рецензия, баспасөз конференциясы, мақала).

Практикалық жұмыс. Дәріс. Іскерлік ойын.

Үй тапсырмасы: Мектеп өміріндегі талдамалы жанр түрлеріне материал дайындау.


19, 20- сабақ. Рецензия (2 сағат)

Көркем не ғылыми шығармаға жазылған пікір, оны сыни тұрғыдан талдау және бағалау жолдары.

Рецензияның өнер туындылары (Спектакль, кинофильм, музыкалық бейнелеу өнері) мен мәдени оқиғаларға (концерт, көрме, көркемөнерпаздар байқауы) арналған түрлері.

Практикалық жұмыс. Дәріс. Шығарма, ғылыми жұмыс, жазба жұмыстарына жазылған рецензияға талдау жасау.

Үй тапсырмасы: Көркем шығармаға рецензия жазу.


21-сабақ. Көркем публистика жанры

Көркем публистика жанры шығармаларының негізгі қызметі: хабарламалық, эстетикалық, ағартушылық, эксперссиялық.

Негізгі жанрлары: суреттеме, очерк, эссе

Практикалық жұмыс. Дәріс.

Үй тапсырмасы: Еркін тақырыпта эссе жазу.


22, 23- сабақ. Очерк (2 сағат)

Очеркке қойылатын негізгі талаптар.

Шығармашылық жұмыс: Баспада жарияланған очерктер бойынша талдау, түсіндіру жұмыстары

Үй тапсырмасы: Еркін тақырыпта очерк жазуға қадам жасау.


24, 25 сабақ. Эссе (2сағат)

Практикалық жұмыс: Шығармашылық шеберлік. Ақын- жазушылар шығармасынан, эссе туралы.

Үй тапсырмасы: Эссе жазу.


26, 27 –сабақ. Сатиралық жанр, фельетон, памерлет, пародия (2 сағат)

Практикалық жұмыс. Дәріс.Шығармашылық шеберлік.

Үй тапсырмасы: Сатиралық жанрға материал жазу.


28- сабақ. Стильдік және тілдік қателер

Практикалық жұмыс. Дәріс. «Бұланды таңы» газеті тілшілерімен шеберлік сыныбын өткізу.

Үй тапсырмасы: Өздері таңдаған жанр түріне материал дайындау.


3- бөлім. Баспа жұмысы

29,30- сабақ. Газет құрылымы: бірінші бет, ішкі беттер, соңғы бет,әр беттің берілген ақпараттардың мазмұндық құрылымы,дизайн.

Практикалық жұмыс. Аудандық «Бұланды таңы» газеті тілшілерімен кездесу, редакцияға экскурсия жасау.


31-34-сабақ. Мектеп газетін дайындау, шығару жұмыстары.

Үй тапсырмасы: Мектеп газетіне түрлі жанрда материалдар дайындау.


Қосымша 2

«Жас тілші» сөздігі


Жанр - жанр, түрі. Журналистика теориясы жанрдың мынадай белгілері бар:

-ақпараттық жанр, талдамалы жанр, көркем публистика жанры;

-ақпараттық жанр – оқиғалы, түсініктемелі және іргелі, нақты, көркем әрі публистикалық;

Интервью - сұхбаттасу, журналистің бір немесе бірнеше адаммен қоғамдық мәні бар елеулі оқиғаларт мен толғақты мәселелер жөнінде пікір алысып әңгімелесуі.

-сұхбат – анкета, сұхбат-диолог, сұхбат-пікір, сұхбат-монолог, деректі- сұхбат сынды түрлері бар.

Репортаж - репортаж, хабарлау. Журналистиканың хабар жанры, белгілі бір оқиғаның басы-қасына болып, көзбе-көз көрген журналистің оны ізінше өз байқауы мен түсінігі, өз көзқарасы мен бағасы тұрғысынан әсерлі түрде баяндауы.

Рецензия - пікір жазу. Көркем немесе ғылыми шығармаға жазылған пікір, оны сыни тұрғыдан талдау және бағалау

Эссе - әсерден туған лирикалық толғаныс.

Корреспондент - тілші, хабар жеткізуші, хабарлаушы

Мақала - шағын және жедел жанр. Ол өмір шындығының нақты фактілері, құбелестары туралы дәлме-дәл тұжырымды хабарлап, телегафтық стильде жазылады. Мақаланың негізгі екі түрі бар. Бірінші жолдық тектес мақала және дербес мақала. Дербес мақала екі түрлі формада: кеңейтілген түрде және сын түрінде жазылады да, ол газеттің күнделікті ісінде өте жиі кездеседі.

Есеп – оқиға туралы ақпараттық хабарлама, онда белгілі бір аудитория қатысады.

Баспасөз конференциясы - баспасөз, радио, теледидар өкілдерінің жиналысы.

Баспасөзге шолу - газеттерде, журналдарда, кітаптарда, радио және телехабарларға пікір түрінде берілетін материал.

Очерк - жедел, ықшам жанр, үлкен туындының нобайы. Адам өмірінің басты-басты тұстарын, биік қасиеттерін ғана қамтиды. Очерк портреттік, проблемалық, аналитикалық, жолсапар, суреттемелік болып бөлінеді.

Памфлет – өткір сатиралық шығарма. Памфлет жазылу формасы мен композициялық құрылысы жағынанан 4 топқа бөлінеді.

Пародия - сықақтап қайталап айту. Автордың жеке шығармасының, әдеби бағытының стилін, жанрын шешу мақсатымен оған ұқсатып жазылған әдеби-көркем еліктеуіш жанр.

Фельетон - әдеби баяндау тәсілі ерекше публистикалық сипаттағы щығарма.

Мақала мен корреспонденциядан айырмашалығы сол, онда сықақ пен әзіл-оспақ элементтері бар.

Түсініктеме - ақпараттық жанр. БАҚ жуйесіндегі насихат құралдарының бірі. Түсіндірме қоғамдық -саяси оқиғалардың, құжаттардың жайын, мәнісін жедел түсіндіруге пайдаланылады.


Қолданылған әдебиеттер

Қазақ журналистикасы .Алматы-2008.1,2,3- том

Тележурналист анықтамалығы. Алматы-2003.

«12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мекеме әрекетінің мазмұны мен ұйымдастыруына жаңа тәсіл» семинар-тренингінің мануалы.ББҚБ Қарағанды-2006

«Лидер» газеті№4(84) 2009 жыл

М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде».Алматы-2006

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы


8 сыныптарға арналған бұл үйірме бүгінгі таңдағы ақпараттық құралдар және олардан алынатын сансыз мәліметтермен жұмыс істеуге деген оқушы бойындағы аса үлкен қызығушылықты шығармашылық жұмыспен ұштастырып, нәтижелі мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік береді. Үйірме журналистика негіздерін қамти отырып, сан қырлы жанрларынан хабардар етеді.Оқушылардың жазған мақалаларының жетістігі мен кемшілігі талданып,тұлғаның кәсіби дамуына ықпал жасалады. Үйірме оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып,танымдық, шығармашылық жұмысқа баулиды ,ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудырады.



Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны

Өткізілу

түрі

Шығармашылық

жұмыстар

1


I

2-3




4-5




6-7


II

8-9


10


11

12


13






14-15

16-17



18




19-20



21


22-23

24-25



770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!