Кадымгы карагай ашык сабак

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кадымгы карагай ашык сабак

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабак жоспары биологиядан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып:6 А Ә Б Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кәдімгі қарағай, қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбейуі.21 зертханалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Кәдімгі қарағай, қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбейуі туралы түсінікті нығайту.

2.Дамытушылық: Биология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, зертханалық жұмыс

Сабақ өту әдісі: Баяндама, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі (1 мин): Сәлемдесу, түгендеу.

II Үй тапсырмасы ( 10 мин): Сабақты оқып келу, жұмыс дәптеріне орындау. «Ашық тұқымды өсімдіктер ».

III Жаңа сабақты түсіндіру ( 10 мин) :

Кәдімгі қарағай – бірүйлі өсімдік.

Кәдімгі қарағай – жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу де сымбатты болады. Ашық, далалы жерде өсетіндерінің діңі жуандап, аласа болып келеді. Жарық жеткілікті болғандықтан, бұтақтары жан-жаққа жайыла, таралып өседі. Қылқан жапырақтылар – кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жамана тамырлар тарайды. Ұзын жанама тамырлар өте ұсақ тамыршаларға тармақталады. Ұсақ тамыршаларда микориза (грекше «микос»-саңырауқұлақ және «риза» - тамыр) түзіледі. Қарағай тамырымен селбесу арқылы саңырауқұлақтар топырақтағы кейбір өсімдік сіңіре алмайтын ағзалық заттарды сіңіруге көмекктеседі. Өздері өсімдік тамырынан қажетті заттарды пайдаланады.

Ағаш сабағы «дің» деп аталады. Діңнің қабығы, сүрегі және нашар білінетін өзегі болады. Қарағай діңдерінің өзегі әзер байқалады. Сүректе ағзалық заттарды жинақтайтын және қорға жинайтын негізгі ұлпалар өте аз. Оның есесіне өлі жасушалы өткігзіш ұлпалар 90-95% -ға дейін жетеді.

Қарағай бұтағында әртүрлі бүрлер болады. Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады. Олар көктемде пайда болатын, үлкендігі 5 миллиметрден аспайтын қызғылт түсті аналық бүрлер. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршықтан тұрады. Сыртқы қабыршағы – жабын, ішкісі тұқымдық деп аталады.екі түрлі қабыршақтар бірімен-бірі тұтасып кетеді. Тұқымдық қабыршақта 2 тұқымбастама (тұқымбүршік) түзіледі. Жас өркеннің түбінде тығыз топтаса орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлер болады. Бұлар – аталық бүрлер. Аталық бүрлердің қабыршақтарының төменгі жағын тозаң түзілетін 2 тозаңқапшықтары бар. Ауаға толы тозаңдар өте жеңіл болғандықтан, желмен өте алысқа ұшып таралады. Сөйтіп қарағайдың бір бұтағында аналық және аналық бүрлер болады. Аталық бүрлері мен аналық бүрлері бір өсімдікте орналасқандықтан, қарағай бірүйлі өсімдік деп аталады.

Аналық бүрдің тұқымбүршіктері ашық тұрады. Желмен ұшып келген аталық тозаңдар аналық бүрдің тұқмбүршігіне түскен кезде оның қабыршақтары жабылады. Жабылған қабыршақтар шайырмен желімделеді. Бұл сәтте тұқымбүршіктерде жұмыртқажасушалар болмайды. Сондықтан тұқымбүршік бірден ұрықтана алмайды. «Жұмыртқажасуша» дегеніміздің аналық жыныс мүшесінде дамитын аналық жыныс жасушасы. Жұмыртқажасуша ұрықтануға әзір болу үшін уақыт кажет. Аналық бүрдің көлемі ұлғайып, жасыл түске ауысады. Тұқымбүршікте эндосперм (грекше «ендон»-ішкі + «сперма»- тұқым) – қоректендіруші ұлпа пайда болады. Сөйтіп жұмыртқажасуша түзіледі. Бұған бір жыл кажет. Тұқымбүршік бір жылдан соң, келесі жазда ғана ұрықтанады.

Қарағайдың аталық жыныс жасушасы өздігінен қозғала алмайды. Желдің көмегімен ұшып келіп, аналық жасушаны ұрықтанады. Аталық және аналық жасушалардың қосылып, ұрықтануынан зигота түзіледі. Зиготадан ұрық дами бастайды. Ұрық эндосперм есебінен қоректенеді. Сөйтіп тұқымбүршік ұрықтан тұқымға ауысады. Тұқым аналық өсімдіктің ішінде түзіледі. Тұқым ұрықтан, эндоспремнен және тұқым қауызынан (өңінен) құралады.

Түзілген тұқымның сыртқы шашылуы үшін тағы жарты жыл қажет. Ағаш басындағы пісіп-жетілген аналық бүр енді қоңыр түске ауысады. Бүрдің ұзыңдығы 4-6 см-ге жеткен кезде ол пісіп жетіліп, қабыршақтарын ашады. Ашылған қабыршақтан тұқым анық көрінеді. Қылқан жапырақты өсімдіктер ашық тұқымды өсімдіктер тобына жатқызылады. Қарағайдан басқа да қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқымында жұқа қанатша болады. Мұндай тұқымды жел оңай таратады.

Қорытынды: Қарағай, шырша, самырсын және өзге ашық тұқымды өсімдіктердің халық шаруашылығында да маңызы зор. Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Шырша сүрегі – қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат. Ашық тұқымды өсімдіктер сүрегінен әртүрлі бұйымдар жасалады, құрылыс материалы ретінде пайдаланылады.

ІV. Бекіту (20 мин). № 21. Зертханалық жұмыс

Ү.Бағалау кезеңі (2 мин):

ҮІ.Үйге тапсырма (2 мин): «Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы» оқу, конспектілеу.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
739
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі