Материалдар / Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
материал сынып жетекшілеріне, тәрбие ісі орынбасарларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
420
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру


Ерте заманнан ұлт-болашағы-ұрпақ тәрбиесі әр елді алаңдатса керек. Өйткені ойламаған мәселелер қашанда орны толмайтын өкініштерге әкеп соқтыратыны мәлім.Мұндай кезде бабаларымыз «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп өнегелі өсиет айтқан.

Асылында баланың алтын ұя-мектептен алған тәлім-тәрбиесі мен ата-анасының өнегесі ұлт келешегінде маңызы зор. Сонымен қоса биологиялық жайы мен қоршаған орта да адамды дамытудың факторы болып есептеледі.Осындай факторлар жеке адамның өзіндік дара ерекшеліктерін, мінез-құлқын, т.б жан-жақты жеке қасиеттерін қалыптастырады. Демек адам айналасымен қарым-қатынаста бойына жағымды, жағымсыз қылықтар жинайды. Оларды дер кезінде қайта тәрбиелеп, дұрыс жолға түсірмесе, мінез-құлықтары қоғамға жат адамдар, яғни «қиын» тұлғалар қалыптасатыны шек келтірмейді.

Заман талабы мектеп жасындағы балалардың арасында құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу жұмысының белсенді, тиімді, жаңа жолдарын таңдауды міндеттейді. Өйткені, қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында өз уақыттарын тиімді пайдалана білмеуі, ата – ананың баласына тәрбие беруде жеткілікті уақыт бөлмеуі, ақпараттың шектеусіз әрі еркін берілуі, «қиын» немесе толық емес жанұяда тәрбиеленуі, отбасындағы кикілжің мен ажырасу және отбасының төмен әлеуметтік жағдайының, жағымсыз ортаның кері ықпалы сияқты жағдайлар балалардың  сана – сезіміне кері әсерін тигізіп, жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіз іс – әрекеттердің көбеюіне әкеліп соқтыруда.  

Оқу жылының басынан мектебімізде оқушылардың бойында құқықтық мәдениетті  қалыптастыру мақсаты көзделген. Алғашқы өткен сыныптық ата-аналар жиналысында , сынып сағаттарында оқушылар мен ата-аналар мектептің ішкі ережесімен, мектеп жарғысымен таныстырылды.

Жыл сайын мектеп үрдісінде оқу жылы басынан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп директоры, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері учаскелік полиция инспекторы қызметкерімен бірлесе отырып құқықтық тәрбие кеңесі құрылды. Кеңестің басты мақсаты – тәрбиеленушілердің құқықтық санасын кеңейту, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру және құқықтық тәрбие бойынша саясат жүргізу.

Отбасындағы ата – ананың мінез- құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» деген, бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз. Бала күнделікті уақытының көбін өзінің отбасымен өткізеді. Жақсыны да, жаманды да өз отбасы тәрбиесінің ошағынан алары сөзсіз.

Мектеп бойынша 2019 жылдың қаңтар айынан екі сәтсіз отбасы тіркелді. Бұл жанұялармен мектеп психологі, сынып жетекшілер, тәрбие ісі бойынша орынбасары,құқық пәнінің мұғалімі, учаскелік полиция инспекторы бірлесе отырып, отбасының жағдайына қарай материалдық көмек беру, сабаққа қатысуын, бос уақытының қамтылуын қадағалап отыру, мектеп қабырғасында өтетін тәрбиелік іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстарға араластыру, т.б. қажетті көмекті ұйымдастыру жұмысын жүргізуде. Екі сәтсіз отбасынан 4 оқушы мектептің жаппай оқу қорынан тегін ыстық тамақпен, материалдық көмекпен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл балалардың ата – аналарымен түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді. Отбасының тұрмыстық жағдайы, балалардың сабақты себепсіз босатпауы, бос уақыттарын тиімді пайдалануы, үй тапсырмасына уақтылы дайындалуы  мектеп назарынан ешқашан тыс қалған емес. Балалар қабілеттеріне қарай мектептег мектептегі спорт секциялары мен үйірмелерге қатыстырылады.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың бірден – бір жолы – бұл оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру болса, осы бағытта әр жеке тұлғаның қабілеттерін ұштау, ой – өрістерін дамыту мақсатында спорттық (волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі) секциялар, тоғызқұмалақ, шахмат, домбыра,вокал, хареография, Робототехника, 3D модельдеу, ІТ үйірмелері, «Мерген» клубы жұмыс жасайды. 

СӨС қалыптастыруда «Наркобекет» тобы, жолда жүру ережелерін үйрету, төтенше жағдайлардың алдын алуда жас жол инспекторлары, өзін – өзі басқаруды ұйымдастыруда «Жас ұлан» ұйымы мен оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда «Жеткіншек» жас полицейлер үгіт – насихат топтары құрылып, тиісті міндеттерін атқаруда.

2018-2019 оқу жылында аудандық жасөспірімдермен ісі бойынша бөлімінде және мектепішілік есепке 2 оқушы құқықбұзушылықпен тіркелді. Олардың бірі 11 сынып оқушысы ҰБТ-ге қатысып, 54 балл жинап, қазіргі уақытта Павлодар қаласындағы көпсалалы колледжінде оқуын жалғастыруда.

Екіншісі мектепте 7 «ә» сыныпта оқиды. 2019 жылдың 26 қазан күні ЖІБ және МІ есептен шығарылды. Қазан айының 22-нен 8 «ә» сыныбынан бір оқушы 7 күн себепсіз сабақ босатып мектепішілік бақылауға алынды. Жауапты мұғалім ретінде сынып жетекшісі Ғ.Р. Бекпауова мен мектеп психологі С.Т.Аренова бекітіліп, жұмыс жоспары бекітілді.

Ата – ананың құқықтық әлеуетін көтеруде де мектептегі тәрбие жұмысы жүйелілікті қажет етеді. Ата – аналар мен балалардың заңды мүдделерінің қорғауын қамтамасыз ету үрдісінде «Ұлт тілінің ұясы-отбасы», «Қатыгездіксіз балалық шақ», «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі», «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі мен жауапкершілігі», «Бала мен балалық шақты қорғаймыз!» тақырыптарында ата – аналар жиналыстары, дәрістер, заң қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, ұстаздар тәжірибесімен ой бөлісулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер, шолу сағаттары сияқты ата – аналармен тығыз байланыстағы жұмыс жолдары жоспарға сәйкес өткізілуде.

Бүгінгі күн білекке сенетін заман емес, білімге сенетін заман. Сондықтан да ұстаздардың алдында жас ұрпақты үздіксіз тәрбиелеумен қатар терең біліммен қаруландырып, алған білімдерін өмірдегі қажеттілігіне жарата алатындай етіп қалыптастыру сияқты үлкен міндеттер тұр. Себебі, қазіргі жаһандану заманында қоғамға білімді, сапалы, жоғары интеллектуалды, жан-жақты, көп тілді меңгерген жеке тұлға қажет.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!