Материалдар / Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықтық тәрбие жұмысын жетілдірудің жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықтық тәрбие жұмысын жетілдірудің жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу7
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2021
528
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





БАЯНДАМА


Кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыстарға үкіметтік емес ұйымдарды , қоғамдық бірлестіктерді тарту арқылы құқықтық тәрбие жұмысын жетілдірудің жолдары




























Дайындаған: Тоғыз ЖОББМ мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Искаков



Кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыстарға үкіметтік емес ұйымдарды , қоғамдық бірлестіктерді тарту арқылы құқықтық тәрбие жұмысын жетілдірудің жолдары


Кәмелетке толмағандар  арасындағы  құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы.Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамда балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі құқықтық актілерді қалыптастыру және жандандыру жұмысы үнемі жаңартылып тұрады.   Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей, не жанама көздейтін құқықтық актілердің көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының  дамуын  қамтамасыз  ететін  қолдау  жүйесінің  даму бағытын айқындайды. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай Үкімет отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға баса назар аударып отыр.Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғышарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары әсер етеді. Ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмай қараусыз қалған, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп, құқық бұзушылық жасауға баратын балалар санының өсуі осы жағдайдың бір себеп-салдары ғана. Демек, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық деңгейінің  артуына ықпал ететін факторлардың бірі ата-аналардың төлем қабілеттілігінің төмендеуі және бос уақытты өткізудің барлық түрлерінің коммерциялануы болып табылады.Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор екендігін жоғарыда келтірілген. Демек, бұл шараларда айтарлықтай бір қатар кемшіліктер бар екендігі баршаға белгілі. Мысалы, теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанқұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағынадағы журналдар, фотосуреттер, жарнамалар шектеусіз көрсетіледі. Мұның өзі келешек ұрпақтың мінезқұлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіруі мүмкін. Себебі жасөспірім ақпараттана отырып құқық бұзу әрекеттерінің жазаға тартылмау жолдарын қарастыруы немесе ішкі істер органдарының қызметіне қарсы әрекеттер жасау пікірі қалыптасады. Қоғам мүлкін немесе жеке тұлғалардың меншігін қылмыстық жолмен иелену арқылы материалдық қажеттілігін арттыру мақсатында табыс табу жолдарын үйренуге талпынады. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді ашып көрсету қажеттігі туындайды.Осыған байланысты жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алудың  неғұрлым   тиімді   шарасы  девиантты мінез-құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының басшыларын дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу амалдарын қолдану болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болғанда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі құқық бұзушылықтың қайталануын болдырмауға, сондай-ақ оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден оқшаулауға мүмкіндік береді.Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағыты әртүрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады. Себебі кәмелетке толмағандар құқық  бұзушылығының  алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытында ұйымдастырылатын әртүрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты. мәдениет, ойынсауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік  қауіпті  жағдайда  тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты назарда болуы тиіс.Бүгінгі күні орта білім беру жүйесінде тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасын жетілдіру  және   сабақтан   тыс   іс-шаралар оқу процесінде қарастырылуы  шарт  және алған білімді бекітуге арналған бірқатар ісшараларды жүзеге асыру бағытында жасалған бағдарламалар болуы керек.Яғни балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдемелермен қамтамасыз ету мәселелері жаңа Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оны іске асыру жөніндегі ісшаралар жоспарын негізге ала отырып орындалуы маңызды. Жасөспірімдер қылмысының қолда бар үрдісі деңгейінің төмендегеніне қарамастан, кәмелетке толмағандар жасаған анықталған қылмыстардың жалпы санынан жалпы білім беретін мектептерде оқитындардың жоғары үлес салмағы соңғы жылдары ғана 12-18 пайызға ғана азайып отыр.Бүгінгі күні кәмелетке толмағандар қылмысының анағұрлым негізгілерінің бірі – қылмысты ескертудің виктимологиялық немесе қылмыс құрбанына айналу бағыты болып табылады.

Ол үлкен материалдық шығынды қажет етпейді және барлық адамдарға тән өзін-өзі қорғауға деген талпынысты іске асырады.Демек,  жалпы  білім  беретін   мектептерде оқитындардың арасында әкімшілік және қылмыстық заңнамалардың нормаларын түсіндіру бойынша ғылыми-құқықтанушыларды, әділет, прокуратура және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерін тарта отырып, тақырыптық әңгімелер мен дәрістер, тренингтер, үгіт насихат жұмысын жүргізу мен ұйымдастыру кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету кепілі болып табылатындығы даусыз .

Шетелдік тәжірибелерге келетін болсақ, мысалы, Жапон елінде қазіргі уақытта профилактикалық бағыттағы әртүрлі қоғамдық қозғалыстардың тармақталған  желілері  жұмыс істейді. Олардың ішінде ең белгілісі – Қылмысты ескерту ассоциациясы. Барлық жерлерде полицияның мектептермен және өнеркәсіп корпорацияларымен байланысы жөніндегі комитеттер жұмыс істейді. Осындай алдын алу шараларының нәтижесінде Жапонияда «түрмеде отырғандар» көрсеткіші 100 тұрғынға 50 тұтқыннан, бұл әлемдегі ең төмен көрсеткіш екендігі белгілі.Тағы бір атап өтетін жай, жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шеңберінде мектеп және жоғары оқу орындарына арналған бағдарламалардың маңызы қызығушылық тудыруда.

2019-2020 оқу жылының басында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын – алу мақсатында ІІБ-мен бірлесіп атқаратын жұмыс жоспары құрылып жүйелі жұмыс жүргізілді. Жұмыс жоспарға сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын – алу мақсатында оқушылар мен ата – аналар арасында «Құқықбұзушыларға қарсы күресте бірлесе жұмыс жасаймыз!» атты тақырыпта 2020жылдың 22 қыркүйек күні ауыл инспекторы А. Исмагуловпен кездесу сағаты өтілді. Оқушыларға ата – аналарға көптеген мағлұматтар берілді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын – алу кеңесінің мүшелерінің жүргізетін жұмыстарының мақсаты, міндеті таныстырылды. Мектеп және мектептен тыс қоғамдық орындардағы оқушылардың бірыңғай талап, оқушы ережесінің сақталуына бақылау жасалып отырылды.

Мектеп оқушылары арасында олардың ата-аналарымен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру, рейдттік іс-шаралар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасына бағытталған, оның ішінде каникул кезеңінде өзге де іс-шаралар өткізу көзделген.

2019-2020 оқу жылында Тоғыз ЖОББМ оқушылары арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, қылмыстың және құқықбұзушылықтың профилактикасы, суицидтің алдын алу, жол қауіпсіздік ережелерін сақтау және тағы басқа тақырыптарда 23 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылармен 4 кездесу, ата-аналармен 1 жиналыс, 4 дөңгелек үстелдер өткізілген. Бастауыш сынып оқушылары арасында «қауіпсіз жол сызбасы» күнделіктеріне сызылып, сынып жетекшілермен бірлесе, қауіпті аймақ болып танылған обьектілерге кірмеу жөнінде түсіндірілді. Мектеп оқушыларының әлеуметтік паспорттары жасалынды.

Мектептің ішкі тәртіп Ережесі және ҚР Білім және Ғылым министрлігінің №26 Бұйрығы оқушыларға дерлік таныстырылған.

«Тәртіп сақшылар» тобы құрылып, мектептегі қоғамдық іс-шараларда қоғамдық тәртіпті сақтау, Ұлан басы кеңесіне құқықбұзушылықты анықтауға көмектесу, құқықбұзушылыққа бейім оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау, тәртіптік жиналыстарға атсалысу, мектепішілік кезекті және кезектен тыс рейдтік іс-шараларына қатысу, мектептің ішкі ережесінің сақталуын қадағалауға көмек көрсету сияқты міндеттерді жүзеге асырылды.

2019-2020 оқу жылы барысында: құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі отырысы болып, жайсыз отбасыларын түзелуіне байланысты профилактикалық бақылау есебінен шығару, жайсыз отбасында тәрбиеленетін кәмелетке толмағандардың мектеп тарапынан ыстық тамақпен қамтылуы және мектеп оқушылары арасында тәртіпбұзушылықтар бойынша мәселелер қаралды.

«Жаяу жүргінші», «Жасөспірім»,«Каникул»,«Назар аударыңыз бағдаршам!» , «Қауіпсіз мектеп»,«Мен және менің полицейім» атты Республикалық, облыстық жедел алдын алу іс-шарасының өтуі барысында білім бөлімімен АІІБ бірлесе жұмыстар атқарып, күндізгі және түнгі рейдтік іс-шаралары жүргізілді. Мектепішілік рейдтер жүргізіліп, оқушылардың ұялы телефондар, смартфондарына, қымбат, бағалы заттарына мұқият болуы мектеп қабырғасына әкелмеу қажеттігі ескертілді.

Мектеп психологымен бірлесе мектеп оқушылары арасында «суицид», «бопсалау», «кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша жасырын және ашық сауалнама алынып, сауалнама қорытындысына сәйкес: Тоғыз ЖОББМ оқушылары арасында суицид жасауға бейім оқушы анықталған жоқ және бопсалау бойынша факті орын алған жоқ.

АІІБ-мен бірлескен рейдтік іс-шарасы жүзеге асырылды. Бірлескен рейдтік іс-шарасы барысында: кезекшілік кестесі бойынша кезекші мұғалімдер өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып оның қорытындысын мектеп басшылығына хабарлап отырды. Осы рейд кезінде вокзал маңы, ауыл көшелерінде кездескен балаларды үйлеріне қайтарып, кейбір ата-аналар балаларын қараңғы түсе жұмсайтыны анықталып, ата-аналарымен хабарласып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2019-2020 оқу жылында 10 күннен артық сабақтан себепсіз қалған оқушылар анықталған жоқ.

Қорыта айтқанда:

Түнгі мезгілде ата-анасының ертуінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген Тоғыз ЖОББМ-нің оқушылары анықталған жоқ.

Кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқықбұзушылық 2019-2020 оқу жылында Тоғыз ЖОББМ-де орын алаған жоқ.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!