Материалдар / Каратэ жекпе-жегінің пайда болуы – даму тарихы

Каратэ жекпе-жегінің пайда болуы – даму тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
каратэ жайлы ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
726
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Каратэ жекпе-жегінің пайда болуы – даму тарихы

Каратэ  (жапонша – қарусыз қолмен) – қарусыз қорғанудың бір түрі; қол және аяқпен қарсылас денесінің неғұрлым осал тұсына соққы беруге негізделген спорттық жекпе-жектің бір түрі. Жапонияның басқа жекпе-жектері жарысты, түрлі лақтыруларды орындайтын, тұтқыр ұстап алу мен тұншықтырғыш тәсілдерін болжайтын (джиу-джитсу, дзюдо), ерекшеленетін каратэде айқас қатысушыларының тікелей контакт деңгейі минимальды, ал қарсыласын қирату үшін оның өмірлік маңызды дене нүктелеріне дәл бағытталған күшті соққы қолмен немесе аяқпен ұру қолданылады. Бастапқы кезеңде, каратэ тек қана өзін-өзі қорғауға арналған қоян-қолтық ұрыс тәсілі болып саналған [1].

Каратэ Жапонияға Окианава аралынан XIX ғасырдың соңында келген. Ерте уақытта Окианава Қытай және Жапониямен тығыз сауда қарым-қатынаста болған Рюкю тәуелсіз патшалығының орталығы болып табылған. XVII ғасырда Рюкю патшалығы Сацума князьдығының самурайларымен жаулап алынып оның вассалы болды.

Қазіргі уақытта батыс әдебиетінде, Окианава тұрғындары үнемі жапон басқыншыларына қарсы партизандық айқас жүргізген, осы айқас үшін каратэ өнерін туғызған деген ой-пікірлер тараған. Осы хабардың сыншылар үш жүз мыңдық тұрғындық аралда бір жарым ондық жинақ жапон самурай гарнизоны орналасқанымен, окинавтықтардың адалдығын дәлел екеніне сендіреді. Аралда жауынгерлік өнерін жаттығу негізінде Қытайдан қоныс аударған ұрпақтар арасында, ал олардан аздап басқа тұрғындарға келіп жеткен.

«Каратэ» («қытайлық қол») термины ХVIII ғ. окинавтың Аката жерінен Сакугавпен енгізілген. Қытайдан оралған соң, Сакугава шаолиньдық жекпе-жек стилін үйреніп жүргенде, Карате-до Сакугава жекеше мектептің негіздеушісі болды. Ақырында «кара» — «қытайлық» иероглифы ұқсас дыбысқа, бірақ басқа мағынаны білдіретін «кара» — «бос» иероглифына өзгертілген. Танымал шебер және каратэның таратушысы Гитин Фунакоси (1868—1957), осы өзгерілгеннің мағынасын: «Жылтыратылған айна қарсы алдында тұрған бүкіл нәрсені көрсетіндей, ал тым-тырыс алап кішігірім дыбысты тарататындай, каратэ үйреніп жатқан адамда өзін өзімшілдіктен және қаһардан босатып, немен қақтығысуына тұра келетін болса соның бәрін тәнік сезіну қажет. «Бос» деген иероглифтың мағынасы осындай түсіндірлген.
Қытай-жапондық қарым-қатынас ешқашан жақсы болмаған, әсіресе жапонияның Маньчжурияға басып кірген кездері, қытайлық келіп шыққан каратэ жөнелтуі саяси әдепсіз деп есептелінген. «Бос қол» атауы 1935 жылы окинавтық каратэның түрлі стильдерінің шеберлері жиналған конференцияда бекітілген. Кейінірек «до» — «жол» деген түсінім пайда болды, философиялық түсінімде жол, бағыт, жауынгердің өмірлік позициясы, яғни денемен рухтың дамыми жетілдіру мағынасын білдіреді.

Сөйтіп, Каратэ Қытайдың кунг фу қарусыз күрес түрімен қатар дамыған. Қазір Каратэнің каратэ-до (олимпиялық спорт түрі), шотокан, кекусинкай, ситро-рю, годзю-рю, вадо-рю деген түрлері бар. Қазіргі каратэ жүйесі 20 ғасырдың басында дамыды; джиу-джицу күресінің тәсілдерінің сұрыптап алынған, жетілдірілген түрі.

Халықаралық каратэ федерациясы 1968 жылы құрылды. Оған 50-ден астам мемлекет мүше. Дүниежүзілік чемпионат  1970 жылдан,  Еуропа чемпионаты 1971 жылдан өткізіліп келеді. Қазақстанда Каратэ 1991 жылдан кең етек ала бастады. Каратэден алғаш спорт шебері нормасын орындаған  Қ.Молдажанов болатын. Кейінгі жылдары бұл жекпе-жек өнері тез қарқынмен дамып, көптеген қазақ жастары Каратэ түрлерінен  Дүние жүзі, Азия чемпионы атақтарын иемденді.

Каратэ спортында адамның дене дайындығы күш, шапшаңдық, шыдамдылық, ептілік және т.б. ғана сынға түспейді сонымен қатар жақсы жетілген әдіс тәсіл, айла, спортшының бойындағы рух мықтылығы да сыналады. Оның бәсекелері екеуара спаринг-матч ретінде өтеді және мұндай жағдайда каратэ жекпе-жегінің көптеген әдістерін қолдануға рұқсат етілмейді.  Жекпе-жек кезінде спортшылар бір-бірін жарақаттап алмас үшін каратэнің кейбір әдістеріне қолдануға тыйым салынған [2].

Бұрынғы дене тәрбиесі жүйелеріне тарихи шолу. Біздің дәуірімізге дейінгі (БДД) VI-V ғғ. Осы Қазақстан жерінде тұрып, өмір сүрген біздің арғы ата – бабаларымыз – сақтардың кезінде өз заманына сай дене тәрбиесі жүйесі болған. Сақтардың дене тәрбиесі жүйесінің негізгі әскери-жауынгерлік және жарыс-сайыс бағытында болды. Ашық аспан астында киіз үйлерде тұрып, негізгі кәсіптері мал өсіру болған сақтарға кенеттен келген жауларынан отбасын, елін, жерін қорғау үшін өте сезімтал, күшті, епті, төзімді, батыл болу керек болды. Сондықтан да олар бала кездерінен атқа міну, садақ ату, күрес жаттығуларымен айналысқан. Сақтардың балалары 4-5 жастарынан атқа шауып, 7-8 жасынан ат үсті сайыс жаттығуларын 6 үйреніп, меңгере бастаған. Он үш жаста «отау иесі»болатын бозбалалар, он үш жасқа келгендерінде ер қаруы бес қаруды еркін меңгерген. Сол кездердегі сақ жауынгерлерінің шабуыл жасайтын қарулары – айбалта, қылыш; соғатын қарулары – қалқан, сауыт, дулыға, тізелерін, аяқтарын қорғайтын қалқаншалар болған. Ұзақтан ататын садақ, садақ қаптары, жебе салынатын қорамсақтары, қорамсақтарында әр түрлі жебелері болған. Осы аты аталған қаруларды соғыста пайдалану, оларды өте жетік меңгеру үшін сақ жауынгерлері өте көп жаттыққан. Садақ ату, найзамен, ақинақпен сұғу, қылышпен, айбалтамен шабу, шоқпармен соғу жаттығулары көп рет әр түрлі жағдайларда қайталана орындалған. Жаудың қаруларынан жалтару, қалқан тосу, алдын алу жаттығулары жетілдірілген. Осы қару қолдану жаттығулары жерде, ат үстінде, атты тізгінін ұстап басқару кезінде орындалған. Соғыс жағдайына жақындатылған жағдайда шауып келе жатып қарулар қолдану, бірнеше адам жабылғанда қорғану, шабуыл жасау жаттығулары сайыс түрінде орындалған.

Сол кездерде сақтармен қатар өз жерлерінде өмір сүріп жатқан гректердің «спартандық», «афиндық» дене тәрбиесі жүйелері болғанын біз білеміз. Сол спартандық құрбылары секілді сақтардың да қыз – келіншектері ерлермен бірдей дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысқан, жаумен соғысқан. Сақ патшайымы Томирис пен оның құрған «Шығыс амазонкалары» әйелдер әскер бөлімі, «Бабыл» Византия патшасы Кирмен соғыстың шешуші кезеңіндегі жеңісте өте үлкен рөл атқарғаны тарихта белгілі.

БДД ІІ ғ. Шығыс Түркістанда пайда болып, біздің дәуірімзде Қазақстан жерінде қоныстанған ғұндардың дене тәрбиесі жүйесі сақтардың дене тәрбиесі жүйесіне ұқсас болған. V-VI бүкіл Еуропаны жаулап алған ғұндарда тәртіп өте қатал болған. Қылмыс жасап тәртіп бұзған, ұрлық жасаған адамдардың беттері тілініп жазаланған. Ғұндар ат үсті жаттығуларына өте жетік болған, шауып келе жатқан аттың үстінде теріс отыру, тік тұру, жерге секіріп түсіп қайта отыру, аттың бауырынан өтіп қайта отыру, шауып келе жатып жерден қамшы алу, жамбы атып түсіру секілді жаттығуларды ғұндар өте жетік меңгерген. Осы кездегі Еуропа цирктеріндегі ат үсті жаттығуларын ғұн дене тәрбиесі жүйесінен алынған деген цирк өнерін зерттеушілердің дәлелдері бар.

Шыңғысхан құрған «Мыңқол» империясы кезінде (ХІІІ-ХІVғғ.) әскери – дене тәрбиесі жүйесі іске асырылды. Ол кезеңде әрбір ер адам, атымен, қару-жарағымен соғысқа аттануға дайын тұруы керек болды. Сол кезде «Ерлердің үш ойыны» дене тәрбиесі жүйесі болды. Ол – күрес, садақ ату және атқа шабу спорт түрлеріне негізделген болатын.

Әмір Темір билігі кезінде (ХІV) жеке сайыс, шахмат (шатрантаж) өнерлері дамыды. Темірдің өзі де сайыс өнеріне жетік, дене қуаты жетілген, шахматты да жақсы ойнайтын адам болған.

ХV ғ. бастап Қазақ хандығы кезеңінде дене тәрбиесі жүйесі ұлттық ойындарды және әскери – жауынгерлік өнерлерді жетілдіру сипатында болды. Сол кезеңде қазақ арасында батырлар, балуандар, шабандоздар, сал – серілер, ақындар қадірлі болды. Қазақтың ұлттық ойындары – ат бәйгесі, аламен бәйге, жорға жарыс, күрес дамыды. Ат үсті ойындары – көкпар, аударыспақ, күміс алу, қыз қуу, шауып келе жатып жамбы ату, ат үсті әр түрлі жаттығуларын орындау (ат үстінде тік тұра, теріс отыра, ат бауырынан өте, жерге түсе қайта шыға шабу) өнерлері дамыды. Жәрмеңкелерде, ас беру жиындарында, үйлену, сүндет т.б. той – жиындарда осы спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталып отырылды. Ол жеңімпаздар халық арасында аттары аталып, аңыз - әңгімелеріне арқау болып, ақындардың өлең – жырларында айтылып, өте жоғары сый – сияпатқа бөленді.

Қазақ хандығының дене тәрбиесі жаттығулары жүйесі тек қана жарыс сипатында ғана емес, күнделікті тіршіліктерінде де жетілдіріліп отырылды. Күнделікті атқа отыру барысында орындалатын әр түрлі ат үсті жаттығулары, күнделікті орындалатын бие байлау, бұғалық тастап құлын ұстау, жүгіріп малдарды жаю, мал қайыру, мал ұстау, аңға шығу, тауда, жазықта жүгіру, кешке ойналатын әр түрлі қазақтың ойындары (ақ сүйек, арқан тарту, алтыбақан тебу т.б. ойындар), қолдары босағанда күреспен айналысу, садақ ату, қару – жарақ түрлері жаттығуларын меңгеру жастарды шанақтырды, батырлыққа, батылдыққа тәрбиеледі, дене қуаты қасиеттерін жетілдірді. Сол кездегі дене тәрбиесі жүйесінің өз заманына сай болғанының дәлелі қазақ халқының ұлан байтақ жерді сақтап қалғаны, өздеріндей саны бар, тұрақты әскері бар, темірдей тәртібі бар, бір орталыққа бағынған жоңғар әскерін, жоңғар елін жеңуі.

ХVІІІ-ХІХ ғғ. Ресей патшалығына қосылған кезеңдерде қазақ жеріндегі дене мәдениеті орыс мәдениеті арқылы әртүрленіліп, күрделене түсті. Ресей мемлекетінің дене мәдениетінің негізін қалаған П.Ф. Лесгафт он алты Еуропа елдерін аралап, дүние жүзі дене тәрбиесі мен спорт жүйелерін орыс жеріне әкелсе, енді ол классикалық спорт түрлері, дене тәрбиесі жүйелері орыстар арқылы қазақ жеріне тарады.

ХХ ғ. Кеңес дәуірінің де өзіне тән ерекше социалистік дене мәдениеті жүйесі болды. Оның бір ерекшелігі дене тәрбиесі және спорт түрлерімен айналысу тегін, коммерцияланбаған болды. Барлық спорттық құрылыстар, құрал-жабдықтар мемлекет қарауында, иелігінде жұмыс істеді. Жұмысшы, шаруа, студент, оқушы, барлық адамдарға спорттық құрылыстардың есігі ашық тұрды. Кеңес Одағының спортшылары соның арқасында олимпиада ойындарында, халықаралық жарыстарда басқа мемлекеттің спортшыларын ұтып, тұрақты жеңімпаздар қатарында болды.

Қазақстан Республикасы егемендігін алып жеке дербес мемлекет болғалы жиырма жылға таяп қалды, осы уақыт ішінде өз Конституциясы, ата заңы шығарылып, өзіне тән дене мәдениеті жүйесі дамыды.

Қазақстан Республикасының дене мәдениеті жүйесінің негіздері. Дене мәдениеті жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік – экономикалық, заң – құқықтық, ғылыми - әдістемелік, бағдарлама – нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.

Әлеуметтік – экономикалық негіз. Дене мәдениеті жүйесі қоғамыздың басқа әлеуметтік – экономикалық жүйелерімен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың объективті негізі – дене мәдениеті жүйесінің қоғамдық өндіріске керектігінде. Жүйе қоғамдық өнім шығармаса да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі – адам арқылы әсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.

Заң – құқықтық негіз. Дене мәдениеті жүйесі өз жұмысын бағыттайтын құқықтық күші бар, көптеген нормативтік актілерге сүйенеді. Ол ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында нақтылы көрсетілген.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ