Материалдар / Карбон қышқылдары және олардың қасиеттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Карбон қышқылдары және олардың қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге арналған ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
382
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақуыздар, яғни протеиндер ауыр молекулалы, құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Олар организм құрамының ең маңызды бөлігі және барлық өсімдік пен жануарлар жасушаларының цитоплазмасында, әрі ядросында болады. Тіршіліктің негізгі нышаны – ақуыздар. Ақуыз жоқ жерде тіршілік те жоқ. Бұдан 100 жылдан бұрын Ф. Энгельс “тіршілік дегеніміз – ақуызды дененің өмір сүру әдісі”, деген екен. Сол әлі күнге дейін күшін жойған жоқ. Ақуыз деген атау алдымен жұмыртқаның ақ затына берілген.Ол қыздырғанда ерімейтін ат затқа айналады. Кейіннен дәл сондай заттар өсімдіктерден және жануарлар организмінен де бөліп алынды. 1839 жылы голландия ғалымы Мульдер ақуыздарды “протеин” деп атауды ұсынды. Ақуыздар бұлшық еттердің, қанның, сүттің, жұмыртқаның, өсімдіктердің, жүннің, жібектің, шаштың құрамына кіреді. Олар негізінен 5 элементтен тұрады: C, O, H, N, S. Ақуыздар құрылысы бойынша 2 топқа бөлінеді: жай (қарапайым - протеиндер), күрделі (протеидтер). Жай ақуыздар гидролизденгенде (ыдырау) тек амин қышқылдарына ыдырайды. Мысалы, альбуминдер (жұмыртқаның, қанның, сүттің құрамында болады), глобулиндер (жануарлар организмінде ең көп таралған; қан сарысуында 20 дербес глобулин бар. Бұлшық ет, жұмыртқа, қан, сүт, өсімдіктер құрамына кіреді. γ – глобулиндерден организмде төтемелілік (иммунитет) түзіледі, ал фибриногеннің қан тоқтатуда маңызы зор), протаминдер (қасиеттері гистондарға ұқсас ақуыздар өкілі. Онда аргинин амин қышқылы көптеп кездеседі де, нуклеопротеидтер құрамына кіреді), гистондар (ядрода кездеседі, құрамында диаминмонокарбон қышқылдары көп кездеседі. Гистондар нуклеин қышқылдарымен кешенденіп дезоксирибонуклеотидтер түзеді), проламиндер (өсімдік ақуыздары, дәнді дақылдар тұқымында көп таралған. т.б. Күрделі ақуыздар гидролизденгенде амин қышқылдарынан басқа ақуыз емес заттарға ыдырайды. Мысалы, нуклеопротеидтер (протеин мен нуклеин қышқылдарының қосылуы, цитоплазма мен ядро құрамында болады), фосфопротеидтер (протеин мен фосфор қышқылы қалдығынан тұрады, сүт казеині, жұмыртқа оваальбумині, балықтың ихтулині мысал бола алады), глюкопротеидтер (протеиндердің көмірсулармен қосылуы, сілекей құрамындағы муцин, кейбір секреттерде), липопротеидтер (протеиндердің липоидтармен қосылуы, барлық ағзалар, ұлпаларда (Гольджи аппаратында) табылды, сүтте, жұмыртқада), гемоглобулин (қызыл қан түйіршіктерінде), миоглобулин (бұлшық етте) болады. Ақуыздар — жасушалардағы органикалық заттардың негізгі массасын құратын полимерлер. Олардың үлесіне протоплазмадағы құрғақ массаның 40-50 % жуығы келеді. Ақуыздар көміртегі, оттегі, сутегі, азот, әрі күкірт пен фосфордан құралған. Олардың тек амин қышқылдарынан құралғандары қарапайым - протеиндер (гректің protos — алғашқы, маңызды) деп аталады да, қор ретінде жасушада жиналады. Күрделі ақуыздар (протеидтер) қарапайымдардың көмірсу, май және нуклеин қышқылдарымен байланысы нәтижесінде құралады. Жасушадағы барлық тіршілік әрекеттерін анықтап, реттейтін көптеген ферменттер негізі ақуыздар болып келеді. Ақуыздар молекуласы құрылысында төрт түрлі құрылым деңгейін ажыратады. Біріншілік құрылымда – амин қышқылдары жіпке іліп қойған моншақ тәрізді, олардың ұзын тізбек тәрізді орналасуы аса зор биологиялық маңыздылыққа ие. Екіншілік құрылымда – амин қышқылдарының тізбегі ақуыздар молекулаларында сутектік байланыстардың әсерлерінен ширатылып, айналымдық (спиральдық) құрылым түзіледі. Үшіншілік құрылым – ақуыздар молекулаларына белгілі бір арнайы пішін береді. Ол гидрофобты, электростатикалық немесе дисульфидті байланыстар арқылы іс жүзіне асады. Төртінші құрылымда - бірнеше ақуыздар молекулалары бір-бірімен бірігіп, пішіні жіпше (шар тәрізді) ақуыздардың молекулаларын құрайды. Ақуыздар мономерлерден (қазір белгілі 20 амин қышқылдарынан) тұрады. Ақуыз құрамына амин қышқылдарының қышқылдық (карбоксил), негіздік (амин) топтары кіретіндіктен, олар екі түрлі (қышқылдық, негіздік), яғни амфотерлік қасиеттерімен ерекшеленеді. Амин қышқылдары бір-бірімен пептидтік байланыстар түзіп, ақуыздар молекулаларының көптеген түрлерін құрайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!