Материалдар / «Каре шаш қиылымы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Каре шаш қиылымы»

Материал туралы қысқаша түсінік
кәсіптік оқыту колледждерінің мамандарына арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Шілде 2018
1887
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: «Каре шаш қиылымы»

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты: 1. білімгерлерге каре шашын қию технологиясының әдістерісімен таныстыру арнайы құралдармен жұмыс істеу әдістерін үйрету.

2. Білімгерлердің рухани ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту.

3. Әсемділікке, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: арнайы технология, химия, физика, арнайы сурет.

Көрнекі құралдар: ноутбук, проектор, шаш қию үлгі сызбалар, слайдтар.

Қажетті құрал–жабдықтар: жапқыш, алжапқыш, шаш кептіргіш, плойка, қайшы, тарақ, сусепкіш т.б.


Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Білімгерлермен сәлемдесу, түгендеу.

2. Білімгерлерді сабаққа дайындау.

3. Сабақтың мақсатын түсіндіру.


II. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Техника қауіпсіздік туралы ұғым.

2.Электр құралдарымен жұмыс жасағанда қандай техникалық қауіпсіздікті сақтаймыз?

3.Дезинфекцияның түрлері.

4.Құрал жабдықтарды қалай дезинфекциялайды?

5.Деохлор дегеніміз не?

6.Сәндік шаш дегеніміз не?

7.Шаштың құрылысы.

8.Шаш гигиенасы.

9.Шашқа арналған маскалар.

10.Шаштың түрлері.


III. Жаңа сабақ.


1. Сіздер, соңғы үлгідегі әсем және заманауи шаш үлгісін білесіздер ме?



Рисунок 9

Каре шаш үлгісі Ежелгі Мысыр елінде пайда болған. Ежелгі Мысыр елінің соңғы

Патшайымы Клеопатраның шаш үлгісіне көңіл бөлейік. Сол заманда ерлер де әйелдер де осы шаш үлгімен жүру өзінше сән үлгі болып саналатын.
Сәл кешірек Дүние жүзілік соғысында да Ұлы Отан соғысында да әйелдер ерлермен бірге соғысқа аттанып, өздеріне қарауға, шаштарын күтуге ешқандай мүмкіндік болмағандықтан қысқа шаш, яғни каре шаш үлгісі мәселені шешті деуге де болады.
Францияның ұлттық батыр қызы Жанна Д’Арктың шаш үлгісінен де каре шаш үлгісін көріп тұрмыз.


Рисунок 6 Рисунок 6

Сонымен қатар батыр қызымыз Әлия Молдғұлованың шаш үлгісіне көңіл бөлсек «Каре» шаш үлгісін көріп тұрмыз.

Рисунок 5



«Каре» шаш үлгісі 30 жылдары өте танымал болатын. Көбіне француз әйелдері немесе әртістерді осы үлгіде кездестіретінбіз. 30-40 жылдары көптеген әйелдер каре шаш үлгісін неше түрлі ленталармен әсемдеп, толқынды бұйрамен бұйралап әшекейлейтін болды.

Рисунок 5 Рисунок 7


50 жылдың соңында ағылшынның атақты «шаш үлгісін жасаушы», стилист, «Боб» каре үлгісінің авторы Видал Сэссун ұзын каре шаш үлгісін градировка, слайсинг, пойнтинг әдісімен қиюды шығарды.

Рисунок 5

Қазіргі кезде «каре» шаш үлгісінің көптеген түрлері бар: ұзын каре, классикалық каре, кекілмен немесе кекілсіз каре, боб каре, ассиметриялық және градуировалық каре. «Каре» кекілмен немесе кекілсіз өте оңай қиылады. Бұл шаш үлгісі жас қыздарға да үлкен жастағы әйелдерге де өте жарасымды. Каре шаш үлгісін сәндеуге де оп оңай.

2.Шашты қию алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары:

- шашты қияр алдында басты жуу керек, шаш таза болғанда ғана ойыңдағы шаш қиылымы шығатынын ұмытпауымыз керек.

- қиылған шаштың киімге түсуінен қорғау үшін арнайы жаулықты қолдану керек;

- шашты тарақпен мұқият тарай отырып, шашқа ештеме түспей, шиеленіскен шаштарды

ажыратып, шаш дымқыл болу керек;

- шаштың ұзындығын өлшер алдында сулы шаш кепкен кезде 1см көтерілетінін еске сақтау керек.


3.Шаш қиюға керек құралдарды дайындау:

- тік қайшы;

- тісті қайшы;

- алжапқыш;

- жаулық;

- қысқыштар;

- тарақтар түрлері;

- кептіргіш;

-сусепкіш.






Шаш қию технологиясы


Басты бөліктерге бөлеміз. Бас төрт бөліктерден тұратынын еске алайық.

1. Төбе бөлік
2. Желке бөлік
3. Маңдай бөлігі
4. Самай бөлігі

Шашты жоғары етіп екі бөлікке буамыз да,төменгі желке шашты бос қалдырамыз. Шаштың аралығы 1см болуы тиіс. Ең төменгі желке тұсынан бакылау прядын алып қиямыз.Келесі прядты шашты тарап отырып төмен қарай қиямыз. Осылайша төбе шашқа горизонтальды пробормен тараймыз да,сол жақ оң жаққа қиямыз. Барлық шашты артқа қарай тарап теңестіреміз. Жұмыстың соңында тісті қайшымен шаштың ұшынан 2-2.5см жұқартамыз.

Рисунок 5



1.Бөліктерге бөлу 2.Желке бөлігін қию


Келесі бірнеше тал шашты тарап отырып төмен қарай қиямыз. Осылайша төбе шашқа горизонтальды бастағы сызықпен тараймыз да, сол жақ оң жаққа қиямыз.

Рисунок 7 Рисунок 6
3.Самай бөлігін қию.

Барлық шашты артқа қарай тарап теңестіреміз. Жұмыстың соңында тісті қайшымен шаштың ұшынан 2-2.5см жұқартамыз.


Picture 2 Рисунок 7
4.Теңестіру. 5.Жұқарту

Шашты жуып, тарақ пен кептіргіштің көмегімен шаштың көлемін ұлғайтамыз. Каре шаш үлгісі сәндеу де оп оңай. Күнделікті сәндеу үшін, кептіргіштің көмегімен және домалақ щетканың көмегімен жасалады. Ал кешкілік сәндеу керек болса, бигуди немесе электр қыздырғыштың көмегімен бұйралап, көпіргіш және қатырғыш қолдана отырып шашты сәндеп әрлейміз.


Рисунок 8

IV. Сабақты бекіту

(Төменгі берілген сұрақтарға интерактивті тақтада ойын түрінде беріледі. 1 және 2 топтарға бөліп екі командаға бөліну арқылы жауап беріледі)

1. Шашты кеспестен бұрын неге көңіл аудару керек?

2. Беттің формасын қаншаға бөлінеді және оларды атаңыз?

3. Домалақ бет пішініне қандай шаш үлгілері жарасады?

4. Шаш кесу технологиясының түрлері қаншаға бөлінеді?

5. Жиектеу технологиясына қандай құралдар пайдаланады?

6. Машинка нешеге бөлінеді?

7. Қайшыны пайдаланғанда қандай техникалық қауіпсіздік ережесін орындаймыз?

8. Шаш кесу технологиясында негізгі қанша бөлікке бөлеміз?

9. Жиектеу тәсілі неше топқа бөлінеді?

10.Саусақ көмегімен шаш кесу технологиясын түсіндіріп бер.


V. Ағымдық бөлім.


  1. Білімгерлерге жұмыс орнын бөлу.

  2. Әр білімгерге жеке жұмыс тапсыру.

  3. Білімгерлердің жұмысын қадағалау.

  4. Білімгерлерге жақсы жұмыстарын ерекшелеп көрсету.

  5. Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауын қадағалау.


VI. Қорытынды.


  1. Орындалған жұмысты тексеру.

  2. Білімгерлердің жіберген қателігін ескерту.

  3. Білімгерлерді бағалау.

VII. Үйге тапсырма.


1. Каре шаш қиылымы.

2. Каре шаш қиылымын іс жүзінде көрсету.



Picture 2 Picture 1





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!