Материалдар / Каримова Гульмира Жебегеновна
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Каримова Гульмира Жебегеновна

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәттілік болсын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2023
359
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары кәсіптік және техникалық білім беру негізі

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің Арнайы пәндер оқытушысы Есен Гуляйм Жақсылыққызы.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» жолдауында: «Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» - деген болатын. Жастар біздің болашағымыз , Республикамыздың өсіп өркенуі, гүлденуі жастардың қолында , сондықтан елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты. Сол себептен әр қайсымыз жан аямай кәсіп қылуымыз керек.Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың   заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай  жаңалық жаршысы болуымыз керек.Бұл мақсаттарға жету үшін оқытушының ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.

Қазіргі кезде кадр мәселесіне зор көңіл бөлініп, орта кәсіби мамандар даярлайтын оқу орындарына қатаң талаптар қойылуда. Еңбек нарығында жаңа талаптарға сәйкес жас мамандардың жұмысқа орналасуы барған сайын қиындап, оның өзі колледждер арасындағы бәсекелестіктің күшеюіне, оларға қойылатын талап- сұраныстардың барынша арта түсуіне әкелуде. Сондықтан мамандар даярлауда білім сапасын арттыру мәселесі кез келген оқу орны үшін маңызды. Осыған сай оқу орындарында мен бітіруші мамандарды бағалаудың өлшемдері жаңарып, жетілу үстінде. Бұл жерде ең басты мәселе- оқу орында көптеген жылдар бойы қалыптасқан әдістемелік жетістіктерді, озық дәстүрлерді заман талабына сай жаңғырта пайдалану. Оның бір жолы: техникалық және кәсіптік білім беру орындарында инновациялық оқу үрдісін қалыптастыру мен дамыту. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасында былай деп көрсетілген: «Орнықты инновациялық даму үшін білім беру, кәсіптік оқыту жүйесінде және қазақстандық кадрлардың құзіреттілігін өсіруде құрылымдық реформалар жүргізіледі. Бұл реформалар адамды үзіліссіз оқытуды ынталандыратын және қоғамның инновациялық мәдениетін қалыптастыратын орта құруға мүмкіндік береді. Мемлекет білім беру, ғылым, кәсіптік оқыту және инноватордың жағымды имиджін қалыптастыру арқылы инновациялық ойлауды қалыптастыруды ынталандырады».

Кейінгі жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі – инновация. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекеленген оқытушылар мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бүл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.

Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде колледж директоры, оқытушылар мен шеберлердің рөлі арта түседі. Оқыту процесінің технологияларының көптүрлілігіне қарамастан- ақпараттық, проблемалық, модульдык, кейс- стади, рефлексия «адамтану», дуалдық, сын тұрғысынан  ойлау технологиясы,дамыта оқыту технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы,жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту, қашықтықтан оқыту технологиясы, этномәдениет, кәсіби бағдарланған технологиялар, құрылымдық-логикалық, интеграциялық, ойын, тренинг – жетекші педагогикалық қызметті іске асыру оқытушының еншісіне қалып отыр.Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты оқытушы мен шебердің қызметтері одан әрі игеруде.Оқытушының кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдерімен ғана шектелмей , педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан оқытушыдан арнайы психологиялық- педагогикалық дайындықты талап етеді. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді колледж өміріне кеңінен енгізу жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.

Инновация термині «жаңашылдық», « өзгеріс», «жаңа әдіс», «әдістеме» қандай да жаңалық ендіру дегенді аңдатады.Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу және тәрбие жұмыстарымен оқытушы және білімгердің бірлікті іс- әрекеттерін ұйымдастыру мақсаттарына, мазмұнына, әдістері мен формаларына енген енетін жаңалықтардан хабар береді. Инновация сонымен, жаңалық жеткізуші жаңалып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал.«Инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті.Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: білімгерге ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; білімгерлердің танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; білімгерлердің өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; білімгерлердің танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр білімгердің оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық білімгерлердің дамуы үшін жүйелі жұмыс жасау.

Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар – озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық- психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес иноватика пәні, инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі прцестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануде басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі.Инновациялық педагогикалық технологиялар кез келген пәнді оқыту барысында білімгерлердің ой-өрісін кеңейтіп, кәсіби даярлық деңгейін көтеріп, шығармашылық пен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық технологиялар:

  • Кәсіби-бағдарланған технологиялар оқу процесін оқытудың кәсіби бағыттылығын, сонымен бірге білімгерлердің тұлғалық бағдарын есепке алу негізінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Кәсіби-бағдарланған технологиялардың маңызды сипаттары: нәтижелік, үнемділік,

психогигиеналық.

  • Сын тұрғысынан  ойлау технологиясы. Сын тұрғысынан  ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
    Сын тұрғысынан  ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста білімгерлердің:
    1.Өзбетінше тұжырым жасау,қортындыға келу.
    2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
    3. Проблеманы шеше білу.
    4. Пікірталастыжүргізебілугеқабілеті қалыптасады.

  • Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.  Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы  дамыта оқыту  идеясын жүзеге асыруға ,елестету мен есте сақтауын , белсенділігін дамытып ,білім сапасының артуыны көмектеседі. Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең.Оқулықтағы жаттығулар өтілген ережелер бойынша қайталау,  пысықтау бекіту жұмыстарына арналған тілдік , грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер , тренингтер жүйесі қамтылады . Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес білімгерді саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша білімгерлердің жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылады.

  • Дамыта оқыту теғнологиясы.  Дамыта оқытуда білімгерлердің ізденушілік –зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін білімгер өзінің осы кезеңге дейінгі тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп ,содан барып оның білімін алуға деген ынтасы артып,білім алуға әрекеттенеді.Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
    1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
    2.  Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
    3.  Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

  • Ойын арқылы оқыту технологиясы.Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық,әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиалық механизмі жеке бастық өзіндік  талап талғамдарына  сүйенеді. Білімгерлердің бойындағы білімдік,танымдық,шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

  • Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, оқытушыға нәтижені талдап,түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Білімгерлермен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды білімгерлермен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде құрылымды бөліктен: кіріспеден,сөйлесу бөлімінен және қортынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.

  • Ақпараттық технологиялар. Ақпараттық технологиялар ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары. Апараттық технологияларды білім беру ісінде пайдаланудың мақсаты оқу процесіне қатынасушылардың дер кезінде тиянақты білім алуын қамтамасыз ету және оқытудың жоспарланған сапасына қол жеткізу болып табалады.

  • Проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту өзінің мазмұны мен құрылымы бойынша педагог пен білімгерлердің шығармашылық процестерін жинақтайтын оқытудың педагогикалық технологиясы болып табылады.

  • Кейс- стади технологиясы. Кейс стади технологиясы кез келген пәнді оқыту барысында қолдануға болады. Нақты жағдаят нақты дұрыс немесе дұрыс емес жауапқа ие бола алмайд, ол тек оқу материалы қызметін атқарады, сол арқылы білімгерлер талдауға, сөз сөйлеуге, пікір таластыруға, өз ойларын негіздеуге үйренеді.

  • Рефлексия.Өзін-өзі тану, өзіне-өзі баға беру әдісі және білімгерлердің оқу материалын белсенді қабылдауын қамтамасыз ететін педагогикалық технология.

  • Кәсіби- бағдарланған технологиясы. Оқытудың кәсіби бағыттылығы есепке алынған және болашақ мамандардың қызығушылығына, бейімі мен қабілетіне бағдарланған педагог пен білімгерлердің психологиялық, жалпыпедагогикалық, дидактикалық тұрғадан өзара іс-әрекетінің жүйесі.

  • Интеграциялық технологиясы. Курстар, оқу тақырыптары, оқу проблемалары және баска да оқытуды ұйымдастыру формалары деңгейінде әртүрлі пәндік білім, білік, дағдының интеграциясын қамтамасыз ететін дидактикалық жүйелер.

  • Тренинг технологиясы. Белгілі бір шешімдерді орындауға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі. Оған тұлғаны санаткерлік дамыту және басқару міндеттерін шешу бойынша жүргізілетін психологиялық тренингтерді, іскерлік қарым-қатынас, тұлғаны дамыту, коммуникативтік біліктер тренингтерін де жатқызуға болады.

  • Жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту. Оқытудың басқа әдістерін толықтыру ретінде пайдаланылады. Жоба негізінен пәнаралық сипатқа ие болып, білімнің әр саласынан ақпаратты байланыстырып тұруды көздейді.

  • Этномәдениет технологиясы. Этнопедагогика материалдары арқылы гуманизм принципіне негізделген оқу-тәрбие процесін жетілдіру жүйесі.

  • Құрылымдық- логикалық. Оқыту жүйесін кезең бойынша ұйымдастыру, сол арқылы әрбір кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін және құралдарын сәйкестендіріп таңдап алуды, нәтижелерді кезең бойынша диагностикалауды есепке алу негізінде дидактикалық міндеттерді қою мен шешудің логикалық бірізділігін қамтамасыз етуді көздейтін жүйе.

Жалпы алғанда жоғарыдағы аталған инновациялық білім беру технологияларын

қолдана отырып, оқытушы өз кәсіби білім беру сапасын арттыра, сонымен қатар

білімгерлердің үлгерім сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!