Материалдар / Картинаны перспективті талдау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Картинаны перспективті талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Перспективаның білім негіздерін үйрену мен оны бейнелеу ережелерін меңгеру нәтижесінде оқушылардың кеңістік туралы ойлау қабілеті дамиды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2019
874
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құрманғазы атындағы саз колледжі» МКҚК

«Бекітемін»

«СҚӨ және дизайн»

ПЦК жетекшісі

_____________М.М.Тулепова

«____»__________2018 ж.


Пәні: Перспектива

Оқытушы: Батыргалиева С.Г.

Тобы: 2 курс,қазақ,бюд. тобы

Аудитория 505

Күні:

Уақыты: 8.00-9.30


Сабақтың тақырыбы: Картинаны перспективті талдау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Перспективаның білім негіздерін үйрену мен оны бейнелеу ережелерін меңгеру нәтижесінде оқушылардың кеңістік туралы ойлау қабілеті дамиды.

Тәрбиелік: эстетикалық қабілеттерін дамыту

Сабақ түрі: практикалық

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, талдау, сызу

Сабақтың көрнекіліктері: Макарова М.Н. практикалық перспектива, суретшілердің жұмыстары

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері тарихы,сызу


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу, аудиторияның дайындығын тексеру, барлық оқушыларда құрал-жабдықтарын болуын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Геометр фигуралардың перспективалық шешімдерін көрсету.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Перспектива құбылысы табиғатта біздің көзімізге қалай көрінсе, қағаз бетінде де соған сәйкес бейнеленеді. Біз кәсіпқой суретшілердің картиналарын көру барысында кеңістіктің терендігін айқын сезінеміз. Мысалы, кейбір заттар бізге жақын, ал кейбірі алыс болып көрінеді. Суретші арнайы салу тәсілдері арқылы жазықтық бетіне белгілі жазықтықты, кеңістікті иллюзиялық түрде көрсетеді. Перспектива көрінетін нүктелердің өлшемдерінің бізден ұзақтаған сайын қысқарып, түстердің өзгеріп көріну құбылысы. Перспектива заңдылықтарын білу арқылы картинадағы көріністің тереңдігін айқын бейнелеуге болады.

1. Көрушіге жақын орналасқан заттардың түстері ашық, айкын, ал алыстағылардың түстері солғын және жиынтық түстер түрінде қабылданады.

2. Суретшіге жақын орналасқан заттар түрі айқын, ал алыстағылар бүлыңғыр, көмескі болып қабылданады.

3. Жақындағы барлық заттардың түстері қандай болса сол күйінде қабылданса, алыстағы әр түрлі түстердің ішіндегі біреуі басым больш көрініп, қалғандары соған жақындау түстерге айналады.

4. Қашықта тұрған жарық заттардың түстері өз түсінен қараңғылау, ал алыстағы қараңғы түстер жақындағы қараңғы түстерге қарағанда жарықтау болып көрінеді,

Жарық пен көлеңке перспективасының; заңдылықтарына кіретін мына қағидалар оқушылардың кеңістік түсініктерін арттыруға ықпал етіп, оларды дұрыс бейнелеуге жөрдемдеседі.

1. Жарық көзінен қашықта тұрған заттардың бетіндегі жарық деңгейі, жарық көзінен алыс түрған заттардың бетіндегі жарыққа қарағанда солғындау болады.

2. Жарық көзі мен бақылаушы арасындағы заттар басқа заттарға қарағанда өз түсінен қараңғы болып өзгереді.

3. Егер бақылаушы заттар мен жарық көзінің ортасында болса заттардың бетіндегі жарық деңгейі өз түсінен де жарығырақ болып өзгереді.

Бейнелеу өнерін оқыту процесінде мұғалім перспектива заңдылықтарын үйретумен қатар, перспективаның бейнелеу негіздері туралы мынадай мәліметтер беруі қажет:


Перспективаны бейнелеу негіздері картина жазықтығы, көкжиек сызығы, көру нүктесі, шығу нүктесі, көру деңгейі және т.б. түсініктердің жиынтығынан құралады.

Картина жазықтығы деп бейнеленетін зат пен суретшінің көзі арасындағы ойша алынған вертикаль бағыттағы жазықтықты айтамыз.Көюкиек сызығы — суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем.

Көру нүктесі — сурет салушының затты бақылайтын нүктесі немесе орны.

Шығу нүктесі — өзара параллель түзулердің алыстаған сайын бір-біріне жақындап, көкжиек сызығына барып қосылатын нүктесі.

Көру деңгейі — суретшінің көз деңгейін білдіретін, ойша алынған жазықтық.

Нұсқаға қарап сурет салу, тақырыптық сурет салу сабақтарында мұғалім үнемі оқушыларға перспективаны бейнелеудің ережелерін көрсетіп бағыт беріп отырады. Сондықтан сызықтық, ауа, жарық пен көлеңке перспективаларының бейнелеу ережелерін оқушыларға көрсету, олардың кеңістікті бейнелеуге үйретудің ұтымды жолы.

Сызықтық перспективаның бейнелеу ережелері мыналар:

1. Суретшіден алыста түрған заттардың өлшемдері кіші болып бейнеленеді.

2. Табиғаттағы көкжиек сызығына параллель барлық сызықтар формат бетінде де көкжиек сызығына параллель етіп бейнеленеді.

3. Табиғаттағы вертикаль жағдайда орналасқан параллель сызықтар қағаз бетінде де вертикаль жағдайда бейнеленеді.

4. Белгілі бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель сызықтарды көкжиек сызығындағы бір нүктеге қосылатындай етіп бейнелеу қажет.

Ауа перспективасының бейнелеу ережёлері мьгааларды қамтиды:

1. Суреттегі кеңістікті білдіру үшін жақында тұрған заттардың бейнесін анық етіп, ал алыстағыларын солғын етіп бояу қажет.

2. Жақындағы заттардың формаларындағы сыртқы сызықтарын айқын, ал алыстағыларын бұлыңғыр етіп бейнелейді.

3. Алыстағы түрған жарық түсті заттарды бейнелегенде сол заттың өз түсінен сәл қараңғылау етіп, ал қараңғы заттардың түсін сәл жарықтау етіп бейнелеу қажет.

4. Жақындағы заттарды көлемді форма етіп бейнелесек, өте ұзақтағы заттар тегіс жазықтық етіп бейнеленеді.

5. Жақындағы заттар айқын түстермен, ал алыстағылар солғын бұлыңғыр түстермен жазылады.

Жарық пен көлеңке перспективасын бернелеу кезінде мына ережелерді ескеру қажет:


1. Жарық көзінен алыста тұрған заттарға қарағанда, жақында тұрған зат бетінің жарығының деңгейін артық етіп бейнелеу керек.


2. Суретшіден алыстағы заттардың бетіндегі жарықтардың қарама-қарсылығы (контраст) жақындағы зат бетінің деңгейіне қарағанда әлсіз етіп бейнеленеді.

3. Заттардың алыстағы көлеңкесіне қарағанда жақындағы көлеңкесі айқын анық салынады.

Сонымен қатар оқушыларға перспектива туралы түсініктер берудің бір жолы көрмелерге апарып, профессионал суретшілердің шығармаларының перспективалық құрылысын талдап түсіндіру.





Оқушылардың кеңістік туралы ойлау қабілетінің дамуы жалпы білім беретін мектептердегі басқа да пәндердің білім негіздерін меңгеруге игі ықпал ететіндігінен көрінеді.

ІV. Бекіту: Д. Каналетто. Вид на Большой Канал (Венеция), Сальвадор Дали «Таинство Тайной Вечери», Гюстав Кайботт «Европейский мост» атты суретшілердің шығармаларын талдау.

V. Сабақты қорытындылау: Перспектива заңдарын оқыту мен оны бейнелеуді үйрету әдістемесін анықтауға арналған эксперимент сабақтарында көрсетілген жүйенің ұтымды жақтары анықталады. Атап айтқанда: оқушылар кеңістіктегі заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыру, кеңістіктегі заттардың өлшемдерінің алыс және жақын болуына байланысты өзгеру және түстердің қашықтыққа байланысты құбылысын дұрые қабылдауға үйренеді. Кеңістіктегі формаларды бейнелеу дағдыларын меңгереді. Өнер шығармаларындағы кеңістіктің бейнеленуіне талдау жасаудың негіздерін үйренеді.

VІ. Бағалау.

Үйге тапсырма: Қазақстан суретшілердің жұмыстарында қызықты перспективалық шешімдерін анықтау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!