Материалдар / Картотека. Серуен. Бақылау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Картотека. Серуен. Бақылау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бақылау картотекасы балаларға бақылауды үйрету. Серуендей жүріп бақылай алу, көзімен көрген табиғатты сөзімен айтып бере отыруды үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Желтоқсан 2017
19121
78 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



МАД топ Серуен 1. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы Мерзімі:
Бақылау Ойын Еңбек Жеке жұмысЕркін ойын
«Күз»«Кім көп сөз біледі?» қимылды ойыны





Күзгі табиғатқа бақылауКүзгі табиғаттың құбылыстарына, күн шуағына, аспанға, бұлттарға, желге.Мақсаты:Күз туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін әңгімелеу. Табиғатты қорғуға, оның әсемдігін, әдемілігін сезіне білуге, үлкендер еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Сурет мазмұнына сәйкес жұмбақ шешу.Сұрақтар:-Жылдың қай мезгілі?-Ауа-райы қандай??-Жапырақтың түсі қандай?-Күн бұлтты ма?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:Жиып теріп болатынҚамбаға астық толатын.Қызыл қырман ойнайтын,Қай мезгілде болады? (күз)Қорытынды: «Біз не білдік?»Күз көрінісімен таныстық.Марапаттау сәтіБақылау барысында барлық балалар жаппай марапаттау алды.
Ережесі:Балалар дөңгелене отырып көрсеткен суреттер жайында жылдам, тез әңгіме құрайды. «Жел» суреті болса желдің пайдасы мен зиянын айтады.

Мақсаты:Балалардың ой-өрісін дамыту. Ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра отырып жылдамдыққа, ойлампаздыққа тәрбиелеу.



Түскен жапырақты жинау.

Мақсаты:Түрлі-түсті түстерді ажырата алуға, қол еңбегімен жұмыс жасауға үйрету.
Серуен кезіндегі негізгі мақсатты түсінбеген балалармен жеке жұмыс жасау.







МАД топ Серуен 2. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы Мерзімі:
Бақылау Ойын Еңбек Жеке жұмысЕркін ойын
«Жауын-шашын»«Күн мен жаңбыр» қимылды ойыны





Жауын-шашынға бақылауТабиғаттың құбылыстарына, бұлттарға, жауын-шашынға. Жауын-шашын өте пайдалы. Егер жауын болмаса ауа ластанып кетеді. Жауыннан соң өсімдік түрленіп, өседі. Жауын-шашынның түрлері: - Бұршақты; - Нөсер жауын; - Сіркіреп жауатын жауын; Бұршақты жауын қатты жауса егінді тесіп жібереді. Мақсаты:Жауын-шашын жайында толық түсінік беру. Пайдасы мен зиянын ажырата білу, тілдерін дамыту. Сұрақтар:- Жауын-шашынның пайдасы қандай?- Жауынның зияны?- Сендер ұнатасыңдар ма жауынды?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:«Жаңбыр» Алатаулар бауырына,Атам-әжем ауылына.Ақша бұлттар ауа берші,Жау-жау жаңбыр, жауа берші.Қорытынды: «Біз не білдік?»Егінге пайдасын білдік.Бұршақтың зиянды екенін білдік.Марапаттау сәтіБақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.
Ережесі:Балалар алаңға шығады. «Жаңбыр!» белгісі берілгенде балалар үйге кіріп, паналауы керек.«Күн!» белгісі берілгенде балалар сыртқа шығып жүгіруі керек.

Мақсаты:Балаларды берілген белгі бойынша шапшаңдыққа, жылдамдыққа, зейінін аударуға және ұйымшыл болуға үйрету, олардың есту қабілетін дамыту.

Ойынды 3-4 рет қайталау.
Аула гүлдеріне су құю.

Мақсаты:Үлкендер еңбегін бағалау.Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.
Серуен кезіндегі әсерлерімен бөлісу.





МАД топ Серуен 3. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы Мерзімі:
Бақылау Ойын Еңбек Жеке жұмысЕркін ойын
«Кемпірқосақ»«Өз жұбыңды ізде!» қимылды ойыны





Кемпірқосаққа бақылауЖауын-шашыннан кейінгі ауа-райы құбылысына, жауыннан кейін шыққан күнге, табиғат өзгерісіне бақылау жасау. Жаңбырдан соң пайда болатын кемпірқосаққа көңіл аудару. Кемпірқосақ – жауын-шашыннан кейін аспанға түрленіп, дөңгеленіп шығады, жеті түрлі түстен тұрады. Мақсаты:Кемпірқосақ жайында толық түсінік беру. Түстерімен таныстыру. Түстерді ажырата алуға үйретіп, зейінін аудару.Сұрақтар:- Жауын-шашыннан кейін ауа-райы қандай?- Кемпірқосақ аспанға неге және қай кезде шығады?- Оның неше түсі бар?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:«Кемпірқосақ» Күркіреді күн, күн,Терезелер шың, шың.Жауды жаңбыр топ,топ,Кемпірқосақ көп, көп.

Қорытынды: «Біз не білдік?»Кемпірқосақ жайында білдік.Жауыннан кейін шығатынын білдік.Ол жеті түрлі түстен тұрады.Марапаттау сәтіБақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.
Ережесі:Балалар шеңберде тұрады, ортада бір бала. Шеңберде тұрған әр баланың өз жұбы болады. «Ізде!» дегенде бір бала ортаға келеді, «Ізде!» деп әндеткенде әркім өзінің жұбын іздеп орнына тұруы керек.

Мақсаты:Қимыл ептілігін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.

Ойынды 3-4 рет қайталау.
Ойыншықтарды жуып, орнына қою.

Мақсаты:Үлкендер еңбегін бағалау.Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.
Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс.





МАД топ Серуен 4. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы Мерзімі:
Бақылау Ойын Еңбек Жеке жұмысЕркін ойын
«Саңырауқұлақ»«Асық ату» қимылды ойыны





Саңырауқұлаққа бақылауЖауын-шашыннан кейін орманда тал арасында саңырауқұлақ көп шығады. Адамға саңырауқұлақ жеген өте пайдалы. Олардың пайдалысы, зияндысы бар. Сондықтан, адамдар олардың түрлерін білуі тиіс. Мақсаты:Жабайы саңырауқұлақ пен жеуге жарамды саңырауқұлақтардың аттарын, түрлерін ажырата алуға үйрету. Аттарын жаттау. Сұрақтар:- Саңырауқұлақ қай жерде шығады?- Саңырауқұлақтың бәрін жеуге бола ма?- Адамдар не үшін жейді саңырауқұлақты?- Саңырауқұлақ сендерге ұнайды ма?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:«Саңырауқұлақ» Жауынды сүйеді, басында домалақ қалпағы бар. Ол не? (саңырауқұлақ)

Қорытынды: «Біз не білдік?» Саңырауқұлақтардың аттарын, түрлерін білдік.Олардың жейтін және жеуге болмайтын түрлері бар екенін білдік.

Марапаттау сәтіБақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.
Ережесі:Балалар асықты бір қатар бойына тігіп, соны өз сақаларымен дәлдеп атады. Кім көп асық атып алады сол бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:Балаларға асық атуға, дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойнауға үйрету. Ептілікке баули отырып, ұлттық тәрбие беру.

Ойынды 3-4 рет қайталау.
Алаңдағы жерге түскен жапырақтарды түс-түсімен жинау.



Мақал-мәтел:

«Ер дәулеті – еңбек».



Мақсаты:Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.
Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.











МАД топ Серуен 5. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы Мерзімі:
Бақылау Ойын Еңбек Жеке жұмысЕркін ойын
«Күз ағашы»«Жапырақ жинау» қимылды ойыны





Күз ағашына бақылауКүз ағашы – ол көктемде жапырағы көгеріп, жайқалып тұратын ағаш. Күз мезгілі жеткенде ағаш жапырағы сарғаяды. Алма ағашы, қайың, емен, жөңке ағашы, жеміс ағаштары тағы да басқа ағаштардың жапырақтары сарғаяды. Тек қана шырша ғана қысы-жазы жасыл қалпында болады.Мақсаты:Күз ағашы туралы ұғымдарын бекіту. Табиғаттың күз мезгілінде өзгеретінін айтып жеткізу. Күз ағашының ерекшелігімен таныстыру.Сұрақтар:- Сендерге күз мезгілі ұнайды ма?- Несімен ұнайды?- Күзде ағаштарда қандай өзгеріс болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:Жиып теріп болатынҚамбаға астық толатын.Қызыл қырман ойнайтын,Қай мезгілде болады? (күз)

Қорытынды: «Біз не білдік?» Ағаштың ұзақ өмір сүретіні жайында.Күзде жапырақтардың өзгеретіні жайында білдік.

Марапаттау сәтіБақылау барысында сұраққа толық, әрі дұрыс жауап берген балалар марапатталды.
Ережесі:Балалар екі топқа бөлініп, берілген бұйрық бойынша жапырақ жинауға кіріседі. Кім көп жинайды, сол жеңімпаз болады.

Мақсаты:Балаларға асық атуға, дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойнауға үйрету. Ептілікке баули отырып, түстерді ажырата алуға үйрету.

Ойынды 3-4 рет қайталау.
Алаңдағы жерге түскен жапырақтарды түс-түсімен жинау.



Мақал-мәтел:

«Еңбек түбі -береке,Көптің түбі - мереке».



Мақсаты:Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.
Әр оқу іс-әрекетінде үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.







МАД топ Серуен 6. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы Мерзімі:
Бақылау Ойын Еңбек Жеке жұмысЕркін ойын
«Түскен сары жапырақтар»«Ұзындыққа секір» қимылды ойыны





Түскен сары жапыраққа бақылауЖапырақтың түсі неге сары? Сары болатын себебі – ол күз мезгілінде сарғайып жерге түседі. Күз мезгілі аяқтала өз «киімдерінен» айырылып, қысты тек бұталарымен өткізеді. Ал, көктем, жазда қайта бүршік атып, жапырақ жаяды. Мақсаты:Балаларға жапырақтың өсуі жайында, әр мезгілде түрленетіні жайында айтып, түсіндіру. Талды сындырмауға, табиғатты аялауға үйретіп, тәрбиелеу.Сұрақтар:- Сендерге күз мезгілі ұнайды ма?- Несімен ұнайды?- Күзде ағаштарда қандай өзгеріс болады?

Тақпақ, жұмбақтар, мақал-мәтелдер:Жиып теріп болатынҚамбаға астық толатын.Қызыл қырман ойнайтын,Қай мезгілде болады? (күз)

Қорытынды: «Біз не білдік?» Жапырақтың әр түске енуін.Талды сындырмауды.

Марапаттау сәтіСеруенде жақсы қатысқан балаларды марапаттау.
Ережесі:Балалар бір-бірден қатарға тұрып, сызық сызылады. Мәреге дейін сол орынында тұрып секіруі тиіс.

Мақсаты:Жылдамдыққа, ептілікке үйрету.



Алаңдағы жерге түскен жапырақтарды жинау. Әр түсті жапырақтан әр түрлі жұмыстар жасау.



Мақал-мәтел:

«Татулық – табылмас бақыт».



Мақсаты:Түстерді ажырата алуды үретуді жалғастыру.Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту.
Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті барысындағы үлгерімі нашар балалармен жеке жұмыс.





МАД топ Серуен 7. Өткізілетін мерзімі: қыркүйек айы
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!