Материалдар / Кәсіби бағдар берушінің жылдық жоспары / Профориентация жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кәсіби бағдар берушінің жылдық жоспары / Профориентация жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіби бағдар беруші маманға арналған жылдық жоспар. Профориентация саласында жұмыс жасап жүрген маманға керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2024
182
2 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітемін









___________________________________

кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша

педагог-профориентологтың

жылдық жұмыс жоспары







Педагог-профориентолог:













2024-2025 оқу жылы

КӘСІПТІК БАҒДАРДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Әрбір он жыл сайын әлемде тың жаңа мамандықтар пайда болады. Еңбек нарығы 65%-ға өзгеруі ықтимал, қазір бастауыш мектепке оқитын балалар болашақта бізге әлі белгісіз, мүлдем жаңа мамандықтар мен кәсіп түрлерін меңгеретін болуы мүмкін. ХХІ ғасырда жаңа мамандықтардың пайда болуы жаңа технологиялардың қарқынды дамуымен және жаһандық компьютерлендірумен тікелей байланысты. Осыған орай қазақстандық оқушыларға кәсіптік бағдар беру аса өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру» («Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. 19.04.2019 өзгертілген.), -делінген екен. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «...7-11 сыныптар аралығында орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына кәсіптік диагностика жүргізу; Кәсіби бағдар және мансап орталығын құру және жұмыс істеу; Орта білім беру ұйымдарының білім алушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға және 9 және 11 сынып бітірушілерін жұмысқа орналастыруға мониторинг жүргізу ...» (ҚР Үкіметінің Қаулысы //Электронды ресурс https://egov.kz/cms/ru/law/list/P1800000460),- деп мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің өзектілігі нақты айқындалған. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 4-қосымша) 2- тарауының 7-9 тармақтарында мектеп оқушыларының кәсіптік бағдарын қалыптастыруға басты назар аударылған. Нақты атап айтқанда: 7. Жалпы орта білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіптік өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады, яғни: 1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану; 2) сын тұрғысынан ойлау; 3) зерттеу жұмыстарын жүргізу; 4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; 5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін қолдану; 6) топта және жеке жұмыс жасау білігі; 7) мәселелерді шешуі және шешім қабылдау. 9. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері: 4) бітірушілерге олардың мүдделері мен қабілеттеріне сәйкес кәсіптік өзін-өзі анықтауына көмектесу; 5) бітірушілерге өмір бойы білім алуын жалғастыруға оң көзқарасының, өмірде мансаптық өсуі мен танымдық процесін реттеуге даярлығының қалыптасуына көмектесу болып табылады (МЖМС).«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №150 бұйрығы;

Кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылығына, жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім алудағы және кәсіптік саладағы мүмкіндіктерді, мамандықты және оқу орнын еркін әрі саналы түрде таңдау құқықтарын іске асыруда ақпарат беру және консультациялық көмек көрсету.









Мектептегі кәсіптік бағдар жұмысының мақсаттары:

1-мақсат: оқыту мен еңбек қызметін саналы түрде таңдауға бағытталған анықталған бейімділіктер мен қабілеттерді ескере отырып, кәсіби дамудың мүдделері мен бағыттарын қалыптастыру.

2-мақсат: Еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып, білім алу және кәсіби траекторияны таңдау үшін ақпараттандыру және кеңес беру жүйесін құру. / Білім және ғылым Министрінің 2021 жылғы «2»қарашадағы № 545 бұйрығына 1-қосымша /

3. Оқушылардың еңбекке деген саналы қатынасын, тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын және өңір мен елдегі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі шеңберінде кәсіптік өзін-өзі айқындауын қалыптастыру.

4. Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде болашақ мамандығы мен оқыту бейінін таңдауға, сонымен қатар болашақ кәсіптік мансабын жоспарлауға қолдау көрсету.


Кәсіптік бағдар жұмысының негізгі міндеттері:

Бастауыш сыныптарда \1-4 сыныптар\:

Еңбекке деген қызығушылықты қолжетімді және қызықты түрде бойға сіңіру;

Пәнге бейім қабілеттерін анықтау;

«Мамандық», «болашақ кәсіп», «өмірге қажетті дағдыларға қалыптасу», «болашақ» жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Негізгі сыныптарда \5-9 сыныптар\:

Кәсіптер әлемімен таныстыру, бейімділіктер мен мүдделерді анықтау, кәсіби даму бағыттарын ұсыну

1) Оқушыларды оқыту бейіні бойынша бөлу үшін олардың бейімділіктері, қабілеттері, қызығушылықтары туралы объективті мәліметтер жинау;

2) Элективті курс сабақтары мен тәрбие жұмысында қолданылатын оқытудың кешенді және дәстүрлі емес формалары мен әдістері есебінен бейіндік оқытудың вариативтілігінің кең ауқымын қамтамасыз ету;

3) Жұмысқа орналасу қиындығын болжауға оңай болатын кейбір оқушылар топтарына яғни, түзету мектептері мен сынып оқушыларына қолдау көрсету;

4) Жоғары сыныптар арасында қосымша және кәсіптік білім беру мекемелерімен, өңірлік кәсіпорындармен ынтымақтастықтың икемді жүйесін әзірлеу;

5) Ата-аналарды мектеп оқушыларының бойында өмірдің әртүрлі салаларына деген өмірлік қызығушылықтарын кеңейту, басым қызығушылықтарын қалыптастыру мен кәсіптік бағдар беру жұмысына жұмылдыру;

6) Өңірлік еңбек нарығында жоғары қажеттілікке ие мамандықтарды насихаттау үшін кәсіптік бағдар және еңбек нарығы саласындағы ұйымдарымен ынтымақтастық.

Жоғары сыныптарда \10-11 сыныптар\:

  1. кәсіптік бағдар беру тестінен өту, оның ішінде ҰТО базасында (колледждерге түсушілер үшін)

  2. келешекте дамитын жаңа кәсіптер туралы хабардар ету (оның ішінде жаңа кәсіптер Атласы арқылы)

  3. кәсіпорындарға экскурсиялар, жетіспейтін құзыреттер жиынтығы ,оқу орнын (колледжді) таңдау;

  4. кәсіптік бағдар беру тестінен өту;

  5. Оқыту бейінін таңдау туралы барабар шешім қабылдауды анықтау және қалыптастыру мақсатында топтық және жеке тестілеу;

  6. Таңдалған еңбек түрінде кәсіби қасиеттерді қалыптастыру.


2024-2025 оқу жылындағы көзделген мақсат:

Оқушылардың кәсіпті саналы таңдауына барлық мүмкіндікті жасау, қажеттті ресурстарды қолдану, кәсіптік қызығушылығын жан-жақты зерттеу, мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру,мамандық жайлы түсінік беруді 7- сыныптан баулу, кәсіпке ерте жастан бейімдеу.

Міндеті: 1.Пән мұғалімдерінің білім алушылардың қызығушылығын зерттеуді үйренуіне ықпал жасау, қызығушылықты анықтаудағы , мотивация берудегі теориялық, әдістемелік білім деңгейлерін арттыру.

2.Мектептегі білім алушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау үшін жүргізілетін зерттеу,диагностикалау жұмыстарын 7- сыныптардан бастау.

3. Таңдау курстарының, диагностикалық жұмыстарды атқарудың нәтижелі, тиімді жолдарын қарастыру:

-Кәсіби  білім  беру аясында  әлеуметтік  серіктестікті  дамыту;

- Кәсіби білім  беруде  мекемелермен  бірлесіп, бағыт  беру жұмыстарын  ұйымдастыру;

-Кәсіби  бағдар  беруді  оқу- тәрбие үдерісіне енгізу.



Күтілетін нәтижелер:

1. Мектеп пән мұғалімдерінің білім алушыларды зерттеу дағдылары артады

2. Білім алушылардың қызығушылығын анықтау, зерттеу, әрі қарай дамыту тәжіибелері жинақталып, әдістемелік жинақтары таратылады.

3. Жоғары сынып оқушыларын оқытудың мазмұнын бейіндік және деңгейлік даралауға жағдай туғызуға, жеке қабілеттері мен талаптарына сай жеке білім траекториясын құруға мүмкіндік туады.

2024-2025 оқу жылында жетілдіру қажет бағыттар:

1. Педагог-профориентологтардың тәжірибесін дамыту мақсатында әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіп,өзіндік білім көтеру жұмыстарына баса назар аударту.

2. Мектептердің басқа да тірек мекемелерімен (колледж, ЖОО-мен) байланыс жасау.





2024-2025 оқу жылында атқарылатын шаралар жоспары



Р/с

Жұмыс мазмұны

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Жауапты

Қыркүйек

1

Кәсіби ақпараттық – ағартушылық жұмыстар

Қандай мамандық таңдаған дұрыс? ақпараттық жиын

(11 - сыныптар)








«Грантқа апарар жол» 11-сынып оқушыларына грант түрлерін таныстыру


«Мамандықты дұрыс таңдаудың 4 қадамы» семинар-тренинг

9-сыныптар

Педагог-профориентолог

2

Кеңес беру диагностикалық бағыт

9, 11-сынып оқушыларының орналасуы

«MBTI» тесті

10- сыныптар бойынша

Мамандыққа бейімділік нышандарын анықтау.


«MBTI» тесті

11- сыныптар бойынша

Мамандыққа бейімділік нышандарын анықтау.


Педагог-профориентолог

3

Белсенді дамытушылық бағыт









Мемлекеттік грантты алмағанда не істеу керек? 11-сыныптарға лайфхақтармен бөлісу


11-сынып оқушыларының сабақтан тыс уақытта қосымша оқумен қамтылуы

Педагог-профориентолог

4

Ата-анамен жұмыстар

Жеке қабылдау

11-сынып ата-аналары үшін

«Мамандық таңдауда ата-ана рөлі»

10-сыныптар

Жеке қабылдау

11-сынып ата-аналары үшін




Жеке қабылдау

11-сынып ата-аналары үшін

Педагог-профориентолог








Р/с

Жұмыс мазмұны

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Жауапты

Қазан

1

Кәсіби ақпараттық – ағартушылық жұмыстар

Грант конкурсындағы жеңілдіктер бойынша ақпарат беру

11-сыныптар

«ҰБТ-2025» құрылымымен таныстыру

10-сыныптар

  1. сынып оқушылары “Teachers club”(Болашақ ұстаздарға педагогикалық мамандықтар туралы ақпарат беру

ҰБТ-ға дайындық барысында тест спецификацияларын және оқулықтар тізімін таныстыру

11- сыныптар

Педагог-профориентолог

2

Кеңес беру диагностикалық бағыт

Gardner тест нәтижелері бойынша 10-сынып оқушыларының интеллектісін анықтау


Gardner тест нәтижелері бойынша 11-сынып оқушыларының интеллектісін анықтау

Тұлғаның типтерін анықтау мақсатында Майерс-Бриггс тестін

9-сыныптарынан алу

Педагог-профориентолог,сынып жетекшілер

3

Белсенді дамытушылық бағыт


Малайзияның «Xiamen University» 2025 оқу жылына қабылдау ережелерімен

11-сынып оқушыларын таныстыру, Университеттің Қазақстандағы өкілдерімен кездесу, меморандумға отыру.


Осындай мамандық бар” компьютерлік презентациялар байқауы

(8-9 сыныптар)

Педагог-профориентолог,сынып жетекшілер

4

Ата-анамен жұмыстар

10-11 сынып ата-аналарымен жеке консультация жүргізу

10-11 сынып ата-аналарымен жеке консультация жүргізу

10-11 сынып ата-аналарымен жеке консультация жүргізу

10-11 сынып ата-аналарымен жеке консультация жүргізу

Педагог-профориентолог






Р/с

Жұмыс мазмұны

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Жауапты

Қараша

1

Кәсіби ақпараттық – ағартушылық жұмыстар

«EduNavigator» тегін платформасында баланың архетипіне байланысты 9 - сынып оқушыларының мамандығын анықтау.


«Мамандықтар әлемі» роликтер (9-сыныптар)


«Сен де бір кірпіш, дүниеге...» белгілі қоғам қайраткерлерімен, еңбек озаттарымен, бизнес әлемінде жетістікке жеткен т.б тұлғалармен дөңгелек үстел ұйымдастыру

Педагог-профориентолог,сынып жетекшілер

2

Кеңес беру диагностикалық бағыт

Холланд мансаптық тестілеуін

7-сыныптарға өткізу

8-сыныптарға алдын ала бағыт беру аясында Е.А.Климов дифференциалдық-диагностикалық тестілеуін жүргізу.

9 сыныптардан кезенді сауалнама алу. Голомшток сауалнамасы.

7 құндылық” атты психологиялық тренинг өткізу

Педагог-профориентолог, мектеп психологы

3

Белсенді дамытушылық бағыт



Өндіріс орындарына саяхат

«Мамандығым-болашағым» ЖОО, колледждер, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы, мектеп оқушылары, кәсіпкерлердің қатысуымен кездесу


Педагог-профориентолог

4

Ата-анамен жұмыстар

«Ата-анаға керек

10 лайфхак »

11-сыныптар. Семинар-тренинг.

Ата - ана кәсібіне құрметпен қарау мақсатында “Ата-ана жұмысында 1 күн” жобасы бойынша 7-9 сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастыру

  1. сынып ата-аналармен жеке консультация жүргізу


Педагог-профориентолог



Р/с

Жұмыс мазмұны

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Жауапты

Желтоқсан

1

Кәсіби ақпараттық – ағартушылық жұмыстар


Талапқа талғам таразы” - грант түрлері жайлы ақпараттар тізімімен таныстыру

Сені бақытты ететін жол” атты 10-сынып оқушыларымен әңгімелесу

(шай сағаты)


Педагог-профориентолог

2

Кеңес беру диагностика-лық бағыт

Г.Гарднердің көптік зият теориясы бойынша қабілеттілікті анықтау тест

(9-11 сыныптар )

Жеке кәсіби бағдар беру (10-11сыныптар)

7- сынып оқушыларымен

Мирный воин” атты фильмнің үзінділерін талдау арқылы оқушыларды құндылыққа баулу

Г.Гарднердің көптік зият теориясы бойынша қорытындысын шығару

Педагог-профориентолог, мектеп психологтары

3

Белсенді дамытушылық бағыт

QS рейтингі бойынша үздік шетелдік университеттер және шетелге түсу талаптары бойынша ақпараттандыру


«Менің кәсібім -менің бизнесім» атты бизнес жоспардың жобасын қорғау

(9-10 сыныптар)



Педагог-профориентолог, сынып жетекшілері

4

Ата-анамен жұмыстар

«Оқушыларды мамандық таңдауға қалай бағыттауға болады?» Коучинг

11-сынып оқушыларының ата-аналарымен жеке кеңес

Баланың мамандық таңдаудағы ата - ананың рөлі” сауалнама алу

«Баршаға тегін кәсіптік – техникалық білім беру (бейнеролик)

Педагог-профориентолог












Р/с

Жұмыс мазмұны

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Жауапты

Қаңтар

1

Кәсіби ақпараттық – ағартушылық жұмыстар




«Болашаққа сеніммен» мектеп бітіруші түлектермен «Ашық микрофон» алаңына дөңгелек үстел

(10-11 сыныптар)

Педагог-профориентолог

2

Кеңес беру диагностикалық бағыт

Жетістікке жету құпиялары

Идеялар аукционы.

10-сыныптар

«Жаңа мамандықтар әлемі»

Слайд-көрсетілім.

11-сыныптар

Кәсіби бағдар бойынша жаңаша мәліметтермен және кәсіпорындарындағы еңбек нарығының қажеттіліктері туралы қамтамасыз ету, кездесулер ұйымдастыру және хабарламалар ілу.

Мектеп мақтаныштары” - мектеп бітіріп кеткен түлектер мен кәсіп иелері немесе еңбек адамдарымен кездесу пікір алмасу.

Педагог-профориентолог

3

Белсенді дамытушылық бағыт



Болашақ мамандығына байланысты стратегиялық жоспарлар құруға үйрету.

(9-сыныптар)

9 - сынып оқушылары арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау: “Адал азамат - Адал еңбек - Адал табыс”- кәсібі бойынша жоғары жетістікке жеткен жұмысшы мамандармен кездесу

Маслоу” пирамидасы бойынша 7-8 сынып оқушыларының қажеттіліктерін анықтау тренингі

Педагог-профориентолог, мектеп психологтары

4

Ата-анамен жұмыстар

Ата-аналармен жеке кеңес

Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу:

Жұмыстың жаманы жоқ, кезкелген еңбек қадірлі!” Техникалық мамандықтар бойынша жетістікке жеткен ата-аналармен кездесу

(8-9 сынып)




Педагог-профориентолог




Р/с

Жұмыс мазмұны

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Жауапты

Ақпан

1

Кәсіби ақпараттық – ағартушылық жұмыстар

«Бақыттың кілті еңбекте» қолөнершілер көрмесі

(5-7 сыныптар)

Интеллект (IQ ,SQ, PQ, EQ ) түрлері бойынша 8-9 сынып оқушыларына арналған дамыту сабағы



Педагог-профориентолог, эстетика пән мұғалімдері

2

Кеңес беру диагностика-лық бағыт

Эннеаграмма тест .

9 -сынып оқушылары

Мен және менің қабілетім” эссе жазу

7-сыныптар



Педагог-профориентолог, «қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

3

Белсенді дамытушылық бағыт

Мамандықтар мен университет кодтары арқылы бейінді пәндеріне байланысты болжам жұмыстарын жүргізу


9-11 сыныптармен “Армандар картасын” жасау

Мамандық таңдауда нақты қадамдар

(9- сыныптар)

Педагог-профориентолог

4

Ата-анамен жұмыстар





9-11 сынып оқушыларының ата-аналарына жеке консультация беру

Педагог-профориентолог













Р/с

Жұмыс мазмұны

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Жауапты

Наурыз

1

Кәсіби ақпараттық – ағартушылық жұмыстар

ЖОО орындарына саяхат

(10-11 сынып оқушылары)

11-сынып оқушыларына “Қалау.Мақсат.Жоспар. Нәтиже” атты психологиялық-мотивациялық сабақ

9-сынып оқушыларына арналған “Өз жобаңды жаса” атты смарт-жоба қорғау

Оқушылардың таңдау пәндеріне байланысты оқу орындары кодтарымен таныстыру


Педагог-профориентолог

2

Кеңес беру диагностикалық бағыт

9-сынып оқушыларына Жеке кәсіптік келешекті тұрғызу тесті



7-8 сынып оқушыларынан Беннет тестін алу

Педагог-профориентолог

3

Белсенді дамытушылық бағыт



«Кәсіби бағдар беру жұмыстарын басқару құзыреттілігін дамытудың инновациялық бағыттары» «Ең үздік

10 мамандық» TEDх



4

Ата-анамен жұмыстар



9-сынып оқушыларының ата-аналарымен жеке консультация жүргізу

Грант түрлері, квоталар және қажетті құжаттар бойынша 11-сынып ата-аналарына ақпарат беру

Педагог-профориентолог












Р/с

Жұмыс мазмұны

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Жауапты

Сәуір

1

Кәсіби ақпараттық – ағартушылық жұмыстар

«Менің мамандығым-менің болашағым» консультациялық сабақтар

КББжо

1-4 сынып оқушылары, сынып жетекшілері

EDUSER” платформасымен жұмыс жасау

«Мансап» орталықтарымен

«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен ерте кәсіби бағдар беру жұмысы-тұлғаның табысты әлеуметтенуі мен кәсіби өзін-өзі анықтауының негізі»

бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру

«Соңғы уақытта пайда болған мамандықтар» туралы ақпараттар беру

Педагог-профориентолог

2

Кеңес беру диагностикалық бағыт

10-11 сынып оқушыларынан “Икигай” тестін алу

«Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» сауалнама

11-сыныптар

8-9 сынып оқушыларын “Кеттел” тестілеуінен өткізу


Педагог-профориентолог, мектеп психологтары

3

Белсенді дамытушылық бағыт



«Менің мамандығым» жетістікке жеткен мектеп түлектерімен кездесу

9-11 сыныптар


Педагог-профориентолог

4

Ата-анамен жұмыстар

«Бала таңдауына ата-ананың ықпалы»

ата-аналар жиналысы

Техникалық мамандықтар бойынша жетістікке жеткен ата-аналармен кездесу

Грант түрлері, квоталар және қажетті құжаттар бойынша 11-сынып ата-аналарына ақпарат беру

«Мен оқуға түсемін» ата-ана, оқушылармен бірлескен жұмыс

Педагог-профориентолог



Р/с

Жұмыс мазмұны

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Жауапты

Мамыр

1

Кәсіби ақпараттық – ағартушылық жұмыстар


Түлектерге таңдау пәндеріне сай грантқа түсу мүмкіндіктеріне кәсіби бағдар беру.

4 мамандық, 4 қала жолдарын үйрету.

2025 жылға мамандықтар бойынша грант бөліністері , шекті баллдар бойынша ақпараттандыру

«Мамандықтар бланкісін» жинақтау

9- 11 сыныптар

Педагог-профориентолог

2

Кеңес беру диагностикалық бағыт


11-сынып оқушыларына 4 мамандық, 4 университет таңдау жұмыстары


9-сынып оқушыларының орналасуы бойынша жоба - мәлімет

Педагог-профориентолог

3

Белсенді дамытушылық бағыт

«Мен таңдаған мамандық»

Эссе байқауы

8-9 сынып оқушылары

«Болашақты қалай елестетесіз?» пікірталас

9- сынып түлектері


Мен грант жеңімпазы боламын” атты түлектермен дөңгелек үстел


Педагог-профориентолог

4

Ата-анамен жұмыстар

«Сұранысқа ие мамандықтар»

ақпараттық жұмыстар

Грант түрлері, квоталар және қажетті құжаттар бойынша 11-сынып ата-аналарына ақпарат беру




Педагог-профориентолог


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!