Материалдар / КӘСІБИ КАДРЛАР ДАЙЫНДАУДАҒЫ ДУАЛДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КӘСІБИ КАДРЛАР ДАЙЫНДАУДАҒЫ ДУАЛДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Дуалдық жүйе маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі. Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. Маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім алушы жастар үшін өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді. Бұл орайда мемлекет пен елбасы тарапынан да көптеген маңызды міндеттер мен оларды шешу жолдары ұсынылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2023
255
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КӘСІБИ КАДРЛАР ДАЙЫНДАУДАҒЫ

ДУАЛДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Сейталиева Лаура Алтайқызы

Жамбыл политехникалық колледжінің «Құқықтық циклдық пәндер коммиссиясының оқытушысы», Тараз қаласы


Дуалдық жүйе маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі. Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. Маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім алушы жастар үшін өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді. Бұл орайда мемлекет пен елбасы тарапынан да көптеген маңызды міндеттер мен оларды шешу жолдары ұсынылды.

«Жұмыс істейтін жастар үшін жұ­мыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету – маңызды мәселе. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек. Білім және ғылым министрлігі бұл мәселені ойластыруы тиіс», – деді Елбасы өз Жолдауында. Осыған орай Үкіметке тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Министрдің айтуынша, дуальды жүйенің  басымдығы сол - оқытудың өндіріспен тығыз байланысы. Қазір елімізде осынау жүйені қолдану мүмкіндігі зерделенуде. Ал қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі - техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, тәжірибелік сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны тәжірибемен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалдық оқыту жүйесі қазіргі дүниежүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі – Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі.

Дуалдық оқыту жүйесін енгізу – халықаралық білім беру стандарттарына сай жас мамандардың жұмысқа тұруы. Тараз қаласындағы 80 жылдан аса білім беру тарихы қалыптасқан Жамбыл политехникалық колледжінде дуалды оқыту жүйесі 2016 жылы оқу процесіне енгізілді. Колледж бүгінде уақыт талабына сай еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау үстінде. Мұнда студенттер үш күн қол теориялық білім алып, үш күн білімдерін тәжірибемен ұштастырады.

Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау болып табылады.

Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.

Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет - мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.

Дуалдық  жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен  дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп,  жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп,  түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің –  өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.

Колледждің кәсіптік білім жүйесіндегі педагогтардың әдістемелік қызметінің басты мақсаты - инновациялық технологияларды енгізу арқылы  техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту. «Инновациялық технология» ұғымы жұмысшы кадрлар даярлауда тек қана білім берудің  жаңа әдістері мен технологияларын емес, сонымен қатар болашақ жұмысшының еңбек ету қабілеттілігін арттыруда маңызды рөлге ие - еңбек процестерінің жаңа технологияларын меңгерту болып саналады. Бұл орайда тек қана кәсіби шебер педагог қана емес, жұмыс беруші де бірлесе отырып шешетін мәселелер баршылық.

Аталған оқу орынның «Құқықтану әдістемелік циклдық комиссиясында» тәжірибелі мамандар мен студенттер ортасында өңіріміздің индустриалды дамуын жүзеге асыруға ат салысу мақсатында, дуалдық оқыту жүесіне қадам басуға арналған «Дуалдық білім беру жүйесі – жаңа индустрияландыру үшін кадрлар даярлаудың тиімді жолы» атты семинарда бірлесіп жұмыс жасау, техникалық және кәсіптік білімді дамытуға қолдау көрсету, сондай-ақ оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы әріптестікті нығайтып, бәсекеге қабілетті жұмысшы кадрлар дайындау мәселелері қаралып, «Жамбыл-Гипс», «Энерджи-Тараз», «Метоллургиялық зауыт», «Интер-Газ» ЖШС мамандарымен тәжірибе алмасылды. Бірлесіп жұмыс жасау туралы екі жақты келісім шарттарға қол қойылды. Бәсекеге қабілетті,  өндірістің жаңа технологияларын меңгерген мамандар даярлаудағы тың идеялар мен мазмұнды   семинар  алдағы уақытта  өз жемісін берері сөзсіз.

Жалпы алғанда, дуальдық оқыту жүйесі бұл мемлекетте то­лық қалыптасқан. Басты ерекшелігі – болашақ маман білім ала отырыпуы, жұмыс  атқаратын мекемелерді таң­дайды. Өзінің оқуын аяқтаған соң, міндетті түрде жұ­мыспен қамтылады.

Осы орайда жасалынып жатқан колледждердің эксперименттік жұмысы базалық мекемелер тарапынан оң баға алынып, елімізде бұл жүйемен айналысу қажеттілігі мен артықшылығы дәлелденіп, дайындау мен енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде дуалдық оқыту жүйесін қолданудың негізгі артықшылықтары:

  • дуалдық жүйе оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін жойып, теория мен тәжірибені ұштастырады;

  • дуалдық жүйенің механизмінде  маманның жеке  тұлғасына әсер ету, болашақ маманның жаңа психологиясын жасау жатыр.  Студенттерде білім алу мен дағдыға ие болуға үлкен мотивация туады, себебі олар білім сапасының жұмыс орнында қызметтік міндеттерін орындауына тікелей байланыстылығын сезінеді;

  • жұмыс берушімен  тығыз байланыста жұмыс жасаушы оқу орны  болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескеріп отырады;

  • жұмыс берушілер өздеріне мамандарды қамтамасыз ету мәселесін шешеді.

Әлемдік тәжірибеге қарағанда, білім берудің дуалды жүйесі мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді. Себебі, бұл оқыту жүйесінде еңбек өнімділігі артады, әлеуметтік шиеленіске жол берілмейді. Білім беру тәжірибемізден оқу үрдісіне дуалды білім беру жүйесін сәтті енгізу келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік беретіні анықталды:

1. Студенттердің кәсіби өзін өзі билеуі;

2. Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы;

3. Студенттердің қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу;

4. Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, социализация, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы;

5. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;

6. Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;

7. Бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;

8. Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;

9. Білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту;

10. Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату.

Бұл мақсатқа жетудің негізгі сапалы білім беріп, дұрыс жолға бағыттаушы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы – өз пәнін жетік білетін, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын, өзіне сын көзбен қарай алатын болашақ мамандар, оқытушылар мен оқу өндірістік шеберлері.

Ынтымақтастық төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын қолдану арқылы болашақ кадрлардың тәжірибелік оқуын ұйымдастыру (құралдар мен арнайы жабдықтарды қолдану мүмкіндігі беріледі).

2. Ары қарай жұмысқа орналасумен өндірістік тәжірибеден өтуге үшжақты шарттар жасау.

3. Өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламаларын бірлесе әзірлеу.

4. Бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу.

5. Оқу бітірушілердің қорытынды аттестациясы кезеңінде кәсіпорын өкілдерінің мамандар даярлау сапасын бағалауы. Кәсіпорын өкілдері мемлекеттік біліктілік комиссиясына басшылық етеді, диплом жобаларының жетекшілері болып табылады.

Қорытындылай келе, дуалдық оқыту арқылы жұмыс беруші талабын қанағаттандыратын кәсіби техникалық кадрлар даярланады және оларды даярлау әлемдік деңгейге дейін көтерілмек. Бұл орайда әлеуметтік серіктестік маңызды рөл атқаруы тиіс, яғни нақты өндіріс мекемесі  өзіне қажетті маман даярлауға қызығушылық танытып, атсалысуы тиіс. Бұл дегеніміз - дуалдық оқыту жүйесін енгізу мүмкіндігі бар мекемелерде өндірістік машықтан өтуге арнап оқушыларға орындар, оқу полигондары мен шеберханалар дайындау. Жұмыс берушілермен ынтымақта болу – студенттердің өндіріске қажетті білім, білік дағдыларын және еңбекке орналасуға деген икемділігін арттыру деген сөз.


Қолданылған әдебиеттер:


1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.

2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

3. «Дуалды оқыту жүйесі: кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі»

4.«ТжКБ жүйесіне халықаралық тәжірибелерге негізделген оқытудың дуалды жүйесін енгізу


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!