Материалдар / Кәсіби қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кәсіби қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан Республикасының саяси жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал толығымен кәсіби қазақ тілінен білім беретін колледждер мен жоғары оқу оындарының оқытушыларына көмегі бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2021
1503
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кәсіби қазақ тілі

Лексикалық тақырып: ҚР саяси жүйесі. .

Грамматикалық тақырып: Сингорманизм заңы.

Мақсаты: Тақырыпқа сай мәтінмен жұмыс істей отырып, газет, жорнал материалдарымен жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру.

Міндеті:

Білімділік: тақырып бойынша мамандықтарына сәйкес білімдерін толықтыру, термин сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс қолдана білуге, сауатты жазуға үйрету, өзіндік дербес танымдық қызметін ұйымдастыру;

Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойларын анық, дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, белсенді қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: әңгіме,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс:

Көрнекіліктер: «Қазақ тілі» оқулығы, сөздіктер. т.б. газет, жорналдары.

Сабақ барысы:

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең:

Амандасу

Топ студенттерін түгендеу

Сабақтың мақсаты мен міндетін қою

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

- жаңа сөздерді қайталау;

- «Тілдер туралы» Заң тақырыбы бойынша сұхбат құру.

ІІІ. Жаңа білімді игеру:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕСІ

Елдің бас заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ол республикалық референдумда 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы – біртұтас мемлекет, басқару формасы – президенттік. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

Елбасы – Президент. Президент жеті жылға сайланады. Заң шығарушы, жоғары өкілетті орган- Парламент. Ол екі палатадан тұрады: Сенат пен Мәжілістен. Үкімет басында Премьер-министр бар. Оны Президент тағайындап, Парламент бекітеді. Үкімет Президент алдында жауапты және Парламентке есеп береді. Жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттар және әкімдіктер. Облыс әкімдерін Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Президент тағайындайды.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? 2. Елдің бас заңын атаңыз. 3. Парламент неше палатадан тұрады? 4. Облыс әкімдерін кім тағайындайды?

Грамматикалық тақырып: В казахском языке существует основной закон – сингармонизм (үндестік заңы). По закону сингармонизма в составе казахского слова могут быть гласные только одного ряда: либо твердые, либо мягкие гласные. Например: орман (только одни твердые гласные о, а), дәптер (только одни мягкие гласные ә, е). По закону сингармонизма к словам с твердой основой прибавляются только твердые варианты окончаний, например: маман-дар-ға и наоборот әріптес-тер-ге. Заимствованные слова не подчиняются закону сингармонизма – кітап-тар. При добавлении окончаний учитывается последний слог. Выбор суффиксов и окончаний зависит от глухости-звонкости и твердости-мягкости звуков, составляющих последний слог. Звуки б, в, г, д в конце заимствованных слов оглушаются, поэтому к ним присоединяются окончания, начинающиеся с глухого согласного: педагог-ке.

Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар (Аффиксы, которые не подчиняются закону сингармонизма)

1.Көмектес септігінің жалғауы- окончания творительного падежа- мен, -бен, -пен ; қызбен, ағашпен,баламен.

2. Қосымшалар. Аффиксы- а) -нікі, -дікі, -тікі: баланікі, ағамдікі, мектептікі; ә) -кер, -гер: айлакер, саудагер; б) -паз: білімпаз. өнерпаз; в) -кеш: әзілкеш, г) -қор: дүниеқор; ғ) -қой: сәнқой, әуесқой; д) -хана: кітапхана, емхана.

Буын үндестігіне бағынбайтын кейбір сөздер (Слова, которые не подчиняются закону сингармонизма):

а) Халықаралық сөздер (Интернациональные слова)

генерал, депутат, интернат, лектор, лексика, медаль, декан, метро, педагог, ректор, реферат, семинар, сенат, телеграф, телефон, газет, галерея, доцент, кабинет, комитет, компьютер, концерт, орден, парламент, оркестр, факультет.

ә) Кірме сөздер (Заимствованные слова) :

енжар, емтихан, кітап, мейман, мейрам, ілтипат, тәкаппар, құдірет, мұғалім, қызмет, қасиет, қабілет, қадір, қатер, қауіпті.

б) Біріккен сөздер (Сращенно-слитные слова) :

әуежай, бейхабар, беймаза, беташар, демалыс, жиеншар, кәсіподақ, кәсіпорын, күйтабақ, күнбатыс, күнпарақ, тілмаш, шекара, баспасөз, қолөнер, қыркүйек, оңтүстік, таңертең.

ІҮ. Үй жұмысы: ҚР саяси жүйесі туралы әңгімелеу; Сингорманизм заңы, мысалдар келтіру..

ҮІ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі: білімдерін бағалау













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!