Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
КӘСІБИ ШЫҢДАЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Кәсіби шыңдалу – ЗАМАН ТАЛабы
Мақсаты:Жас
мамандарға кәсіптік шеберлігін,оқытуда ақпараттық технологияны
қолданудағы ізденістерін,әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы
педагогтардың бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын
жетілдіру. Жас
маманға өзін – өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету,
рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңа технологияны үйренуге,
меңгеруге баулу. Жас мамандардың мотивациясын
арттыру.
Міндеті:
1.Жас маманға өз әрекетінің мәнін ашып, ойды дамытуға мүмкіндік туғызу.
2.Іскерлік қарым – қатынас ерекшеліктерімен таныстыру.
3.Жаңа технологияның оңтайлы әдістерін қолдана білуге үйрету.
4.Жас маман өз іс әрекет нәтижесін жобалай білу тәсілдерін меңгеру.
Әдісі: миға шабуыл, жұптық шешім қабылдау, тренинг, жеке кеңес беру.
Жүргізуші:
Қайырлы күн, әріптестер,
ұстаздар және жас мамандар! «Кәсіби шыңдалу – заман талабы» атты
жас мамандар апталығының қорытынды кешіне қош келдіңіздер !
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман.
Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас
ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші -
ұстаздардың қолында.
Ұстаз кім ? Ұстаздық не ?
Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба ?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
Ұстаз! Ол-ақыл ойдың кені емес пе ?
Көш бастар замананың ері емес пе ?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол-күллі әлемнің нұры емес пе ?
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы
оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа
ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың
сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
«Жас маман деген кім ?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды
ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Мектебімізде « Жас мамандар» мектебіне 13 мұғалім мүше. Олар
Ахметов Нұрсұлтан – дене шынықтыру пәні мұғалімі
Салықбай Нұрсұлтан – дене шынықтыру пәні мұғалімі
Ерқасова Алтынгүл– дене шынықтыру пәні мұғалімі
Әлденова Гүлбарам – дене шынықтыру пәні мұғалімі, нұсқаушы
Алдешова Айгүл – бастауыш сынып мұғалімі
Нұралиева Жанерке – мектеп психологі
Жұмабергенова Айсана – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мақсымқызы Назерке – биология пәні мұғалімі
Аманғалиева Ақтоты –өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Жиеналиева Әлия – мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Қартмағанбетова Жадыра– мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Қоңқақова Әлия – шағын орталық тобының тәрбиешісі
Арыстанғалиева Айгерім - орыс тілі пәні мұғалімі
Және де мектебімізде тәжірибеден өтіп жүрген жас мамандарымыз Сәлішова Гүлдана, Жолдай Мәншүк, Өтепбергенова Айза
Тренинг
І.Психологиялық дайындық.
Ендігі кезекті тренинг өткізу үшін мектеп психологі Жанеркені ортаға шақырамыз.
Жұпты таңдау
Ол үшін алдарыңызда түрлі –түсті үшбұрышты фигураларды таңдап, сол түсті таңдаған келесі мұғаліммен ромбик құрып жұптасу
Жұптарыңызбен жайғасып отырыңыздар
Тапсырмалар:
Жұппен жұмыс
Мұғалім қандай болу керек? Осы тапсырмада берілген ұяшықтарды таңдау арқылы бүгінгі мұғалім тұлғасын жасап шығуымыз керек. «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» болуы керек дегендей біз де мұғалімнің қандай қырлары болу керек соны сомдаймыз.
Қазір сіздер слайдта 8 ұяшық бар, соны жұп болып таңдаймыз . Таңдаған ұяшықта берілген тапсырманы орындаймыз.
Білімді
Өнерлі
Салауатты өмір салтын ұстанушы
Мұғалім
Психолог
Парасатты
Ақпарат танушы
Әдіскер
Еңбекқор
1.Білімді - 7 санымен байланысты атаулар
2.Өнерлі – бұ л тапсырмада ән, би, күй немесе мәнерлеп оқу т.б.
3. Психолог
1-жағдаят: Менің сыныбым 1 сынып. Сыныбымда бір оқушым аптасына 1 рет сабақтан қалмаса болмайды. Сұрасаң ұйықтап қалған, т.б. Бірде 2 апта сабақтан қалды. Ауырып қалыпты. Содан келген соң өтілген тақырыптарды жетіп алу үшін тапсрымалар бердім.Сабақтан қалма, үлгере алмайсың деп жайымен де. қатты айттым.Өзіде даярлық тобына бармаған екен. Кешке анасы хабарлаысп тұр:Қызыма ұрсыпсың.Ол енді 1 сыныпқа барды ғой.11 сыныпқа дейін қаншама жылдар бар. Оқып үлгереміз дейді. Содан не керек мен ол қызға ауыз ашпайтын болдым.Анасы солай дееееп тұрған соң.Сіздер не дейсіздер?
2-жағдаят:
Баланың тәртібіне ата-ананың селқос қарауына
байланысты. Баласының тәртібіне байланысты ата-анаға бірнеше рет
хат жолдаған, үйіне барып жолығуға келген мұғалім ата-анамен аулада
кездесіп қалды. Келе жатқан шаруасын айта бастағанда, «Менің одан
да басқа маңызды шаруам болып тұр» деп ата-ана кетіп қалды. Сіздің
іс-әрекетіңіз.
3-жағдаят: «Омардың ұялы
телефонын Болат сабақ үстінде алып ойнап отырады, мұғалім оны
байқап, ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді. Өйткені
ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай әрекетін басқа жолы да
байқап,ескертпелер жасаған болатын. «Сен үшін менің телефонымды
алып қойды» деп екі оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске
алып келді»
Сіздің әрекетіңіз қандай болар
еді?
4. Ақпараттанушы-
1. «Менің атым Қожа» кітабының авторы, киносы, басты ролде ойнаған актёр, киноның өзің жақсы көретін қызықты бөлімін айтып беріңіз
("Менің атым Қожа" — 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Авторы – Бердібек Соқпақбаев. Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.)
2. «Универсиада -2017» (Универсиада -2017 29 қаңтар – 8 ақпан аралығы Алматы , 55 ел, спорттың 12 түрінен, Қазақстан 5-алтын, 2-күміс, 6 қола, барлығы-13, 2-орында)
5. Әдіскер –
1. 7 сыныптың оқушысы дұрыс оқи алмайды, жаза алмады. Осы оқушыны оқу іс-әрекетіне қалай қатыстырасыз?
2. Оқушыңыз үнемі сабаққа дайындалмай келді, сыры неде? Оқушы білімін қалай бағалайсыз? Қандай тиімді әдіс ұсынасыз?
3. Оқушыңыз сабаққа үнемі дайындалып келеді, сабақ сұрамасаңыз ренжіп қалады. Оқушы білімін қалай бағалайсыз? Қандай тиімді әдіс ұсынасыз?
6. Еңбекқор – тапсырма мұғалімнің 1 күндік уақыт кестесін жасау
7. Парасатты - адамгершілігі мол адам тұлғасын сомдау
8. Салауатты өмір салтын ұстанушы – «Салауаттылық» сөзінің әр әрпіне тармақтар жазу
Жүргізуші:
Міне біз осы тапсырмалар арқылы мұғалімнің де сегіз қырлы, талантты болалатындығына көзіміз жетті. Адамның өз бойындағы талантты ашуға ең алдымен көп ізденуі, көп оқуы, білімді болуы және уақытты нәтижелі пайдалана білуі көмектеседі. Талантты ашудың бірден – бір жолы – білімділік, ізденімпаздылық. Үнемі ақпараттарға шолу жасау, өзара сабақтарға қатысу да жас маман үшін өз жемісін береді.
Жүргізуші:
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Міне, осындай міндеттерді алға тарта отырып жас мамандарға көмек:
-
Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.
-
Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.
-
Өзіңіздің білім қорыңызды қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.
-
Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл мұғалім ешқашан қабақ шытпасын деген сөз емес. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.
-
Әрқашан сабаққа қосымша артық ойын түрі болсын. Олар бастаған сабақтың барысын өзгертуге немесе оны жоспардан тыс өткізуге тура келген жағдайда қолдану үшін қажет. Сабаққа «запасымен» әзірленіңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайдаланылмай қалғаны жақсы.
-
Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.
-
Әділеттілік «кодексін» сақтауға тырысыңыз. Жасөспірімдер әділетсіздік көріністеріне тым шамшыл келеді.
Ендігі кезекті жас мамандардың кәсіптік жолына ақ жол тілеп, бүгінгі кешті қорытындылау үшін ортаға мектеп директоры Шолпан Ботайқызын шақырамыз.
Марапаттау
Жалпы қорытынды: Әрбір жас мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы болса мектептегі басты тұлға – мұғалім. Ы.Алтынсарин сөзімен айтсақ, «Мұғалім- мектептің жүрегі». Жаңа формация мұғалімі – білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жүрегі жаңалық деп соғып тұратын, рефлексияға қабілетті, кәсіби дағдылары дамыған педагогикалық дарын иесі болуы тиіс.