Материалдар / Кәсіпкердің құқығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кәсіпкердің құқығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіпкерлерге көмек көрсету
Авторы:
07 Желтоқсан 2023
221
8 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алина Алмаганбетова

Мақала тақырыбы: Кәсіпкердің міндеттері мен құқығы

Өз кәсібіңізді ашып кәсіпкер ретінде тіркелген кезде сіз өзіңізге табыс әкелетін іс шараны жобалайсыз ол үшін мемлекет сізге белгілі бір жағдай жасайды, ыңғайлы кәсіпкерлік қызмет түріне мүмкіндік бере отырып, үкімет сізге белгілі бір міндеттемелер жүктейді. Осы құқықтармен міндеттемелерді орындай отырып сізбен біз шаруамызды үздіксіз жүргізе аламыз. Құқықтар мен міндеттерді айтпас бұрын біз Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік субъектілер дегеніміз кім? Соны есімізге алайық мемлекет кәсіпкерлік қызмет түрін ауқымы, қызмет түрінің көлемі бойынша ажырататын талаптарды тағы да бір қарастырайық.

Жалпы кәсіпкерлік дегеніміз не?

Кәсіпкерлік- бұл өз мүлкін пайдалану арқылы тауарларды өндіру және сатудан, қандай да бір қызмет түрін көрсетуден, жалпы істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған азаматтардың, оралмандардың, заңды тұлғалардың өзіндік ұсынысы бойынша атқарылатын дербес қызмет. Бұл жеке кәсіпкерлік. Мемлекетті кәсіп орында жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқына негізделетін кәсіпкерліктің түрі –Мемлекеттік кәсіпкерлік.

Кәсіпкерлік қызметі кәсіпкердің мүліктік жауапкершілігі және тәуекел етуімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік кодексінің 23 бабына сәйкес азаматтар, оралмандар кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Кәсіпкерліктің субъектілері кәсіпкерлік кодексінің 23 бабында анықталған. Кәсіпкерлік субъектілері- жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар, мемлекеттік емес, коммерциялық. Заңды тұлғалар, немесе мемлекеттік кәсіпкерліктің субъектілері-мемлекеттік кәсіпорындар. Қандай кәсіпкерлік субъектілер болатынын анықтадық енді кәсіпкерліктің субъектілерін үкімет қалай ажыратады? Кәсіпкерліктің санаттарын қандай белгілері бойынша таниды? Кәсіпкерліктің субъектілерін ажырататын талаптар? Кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылардың орташа саны?

Бұл ретте мемлекет үшін ең бастысы кәсіпорында жұмыс жасап жүрген жұмысшылар саны, сол компаниялардың орташа жылдық табысы маңызыды. Кәсіпкерлік субъектілері жұмысшылардың орта жылдық санына және орташа жылдық кірісіне қарай кәсіпкерлік субъектілері келесі санаттарға бөлінеді:

1.Шағын кәсіпкерлік субъектілері соның ішінде микро кәсіпкерлік субъектілері;

2. Орта кәсіпкерлік субъектілері;

3. Ірі кәсіпкерлік субъектілері;

Қазақстанда кәсіпкерлердің 4 тобы бар. Ауқымы мен көлеміне қарай: шағын, микробизнес, орта және ірі деп бөлінеді.

Қазақстан Республикасының аумағындағы кәсіпкерге мемлекет кепілдік беретін құқықтар кәсіпкерлік кодексінің 26 бабының 1 тармағында айтылған.

  1. Құқық –жеке кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрін жүзеге асыруға, ҚР-ның заңдарымен бекітілмеген тауарлар нарығына, жұмыс пен қызмет түрлеріне еркін қол жеткізуге құқылы. Басқаша айтқанда кәсіпкерліктің қандай түрімен айналаысатынын өзі шешеді, өзі қалаған саладағы іспен шұғылдануына ешкімнің қысым көрсетуге құқығы жоқ. Осы салада ісін жүзеге асыру үшін қосымша құжат, қосымша қандайда бір заңнамаларды сақтау қажет болса,онда кәсіпкерлік түрін таңдаған азамат оны сақтауы тиіс. Қандай да бір рұқсат құжаты оны алып жұмыс жасай берген жөн оны қандайда бір кемсітушілік шаралары немесе кәсіпкерге көрсетілген қысым деп қабылдамау керек.

  2. Кәсіпкер ҚР-ның заңына сәйкес кәсіпкерлік ісін жалдамалы еңбекті қолданып жүргізуге құқылы.

Өнімнің кей түрлерін өндіруге немесе қандайда бір қызмет түрін көрсетуге кәсіпкердің өз күші біліктілігі және уақыты жетпей жатады сондықтан ол жаңа қызметкердің көмегіне жүгінеді. Яғни өзіне қызметкерлер таңдап, штат жинайды. Жалджамалы еңбекті пайдалану кәсіпкердің бірден бір құқығы. Бірақ жалдамалы еңбекті пайдалану әрине қолданыстағы жанамға сәйкес жүргізілуі тиіс. Атап айтқанда еңбек кодексі оның үстіне елімізде өзі құрған өндірістік құрылымда кәсіпкерге жұмысшыларды іріктеуге ешкім кедергі бола алмайды. Кәсіпкер өз кәсіпорнында кімнің жұмыс жасайтынын өзі шешеді. Қызметкерді іріктегенде өзге біреудің пікіріне сүйенбейді бастысы сол кәсіпорнынның талаптарына жұмысшының біліктілігі сай келуі маңызды.

Қазақстандық кәсіпкерлер ҚР заңдарында қарастырылған тәртіпте бөлімшелер құруға құқылы. Яғни Қазақстандық кәсіпкерге өндірісін кеңейтуге, географиялық жағынан өсуге ешкім кедергі бола алмайды. Өзге нарықтарға шығу,шықпауын тек қана өзі шешеді. Ол өз кәсібінің қажеттілігіне сай шешім қабылдайды. Өз өнімінің бағасын өзі қоюға, тауардың, өз өнімінің немесе қызмет түрінің сапасын өзі анықтауға құқылы.

Бағаны көтеріп, түсіруді ол өз етінше ешкімнің қысымынсыз жүзеге асыра алады. Әрине тауарлар мен қызмет түрі нақты бір стандарттарға сәйкес келіп сапа жағынан ақсамауы, тұтынушылардың өміріне зияны келмеуі керек. Бұл ең басты талап!

Қазақстандағы кәсіпкердің тағы бір құқығы, өндірілген тауардың, өнімнің қызмет түрінің құнын өзі қояды, әрине бұл жерде мынадай жағдайда айту керек бізде қандай да бір бағаны қоюға, бағаны өз бетінше жоғарылатуға немесе түсіруге тиым салатын монополияға қарсы комитет бар. Оған қарамастан өнімнің немесе қызмет түрінің қанша тұратынын кәсіпкердің өзі шешеді. Ол бағаны жоғарылатуға, бағаны төмендетуге бағытталған жеңілдіктерді жариялауға құқылы. Яғни бұл толығымен оның шешімі болмақ. Бұл рете кәсіпкер қандай әрекет жасасада өз еркі ешкім мәжбүрлей алмайды.

Кәсіпкердің келесі құқығы тұтынушыға ұсынған тауардың, қызмет түрінің сапасын өз бетінше бақылау. Кәсіпкер тауарның сапасы қандай болады? Қызмет түрінің сапасы, көлемі, ауқымы қандай болады? Мұныда кәсіпкер өзі шешеді.

Бұл ретте біз тұтынушы ретінде қандай да бір нәрсеге көңіліміз толмаса басқа кәсіпорынды, басқа тауарды таңдауға, өзге кәсіпкердің қызмет түрін пайдалануға құқылымыз. Бірақ осы тауарлар мен қызмет түрі тұтынушының денсаулығына залал тигізбеуі керек деген талап ол ең маңызды нәрсе!

Тауардың немесе қызмет түрінің сапасын өз бетінше қадағалау құқығына қарамастан,кәсіпкер тауардың немесе қызмет түрінің сапасы талаптарға сай келуін, азаматтардың денсаулығына кері әсерін тигізбеуін естен шығармауы тиіс. Кәсіпкердің құқығы мемлекет кәсіпкерге кәсіпкерлік субъектнің құқыққа қаблеттілігін негізге ала отырып, Қазақстан аумағынан тыс жерге шығуына, яғни дербес экономикалық қызмет жасау құқына кепілдік береді. Ол дегеніміз не?

Яғни Қазақстандық кәсіпкерге құқыққа қабілеттілік аясында мемлекет ішінде, сонымен қатар шетелден де серіктес табуға құқылы. Бұл ретте шетелдік серіктестері тұтынушы ретінде тауарды сатып алып немесе қызмет түрін пайдалана алады. Олар шикі зат, тауар жеткізуші ретінде де серіктес болуға құқылы. Яғни ел арасында өз ара байланыс өз ара тауар алмасу ондай қарым-қатынасты орнату қажеттілігін кәсіпкердің өзі шешеді. Оның үстіне тауарды шетелге сатуда шет елден тауар алуда қандай да бір шетелдік қызмет түрін пайдалануда екі ортада делдал болуда біздің кәсіпкерлер өз жұмысы барысында шетелдік шикізатты өз өндірісіне тауарына немесе қызмет түріне қажетті құрал-жабдықты пайдалануға құқылы. Кәсіпкердің келесі құқығы кәсіпкерлік субъектілерін біріктіруге және олардың жұмысына араласуға құқылы. Қазақстандық кәсіпкер кезкелген сипатына байланысты бір салада жұмыс жасайтын кәсіпкерлер салық салуға байланысты нақты бір салада заңнаманы өзгертуге құрылған ортақ мүддені бағдарлайтын кәсіпкерлер болсын, қандай да бір кәсіпкерлік бірлесті құруға құқылы. Яғни кәсіпкердің ондай бірлестіктерді құруға толық құқығы бар. Және оларға өзі белсенді араласа алады. Қазақстандық кәсіпкерлер аккредитацияланған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі, Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сарапшылар кеңесіне қатысуға құқылы. Яғни Қазақстанда үкіметке заң шығарушы органдарға. Жергілікті жерде кәсіпкерлер тап болатын мәселелерді кәсіпкерлер атынан мәлімдме жасап жеткізетін өкілеттіліктер бар. Себебі кез келген кәсіпкер күнделікті қандайда бір мәселелерді кездестіруі мүмкін заң шығарушы органдарға баруға өзінің ойын жеткізуге, ұсыныстарын айтуға, оның мүмкіндігі бола бермейді. Ондай кезде ол осындай сарапшылар кеңесі немесе кәсіпкерлер палатасы арқылы әрекет жасауына болады. Ол үшін жергілікті жердегі кәсіпкерлердің қажеттіліктерін жеткізетін осындай өкілеттіліктер бар. Кез келген Қазақстандық кәсіпкер кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтарын жүзеге асыруға кедергі тудыратын мемлекеттік тұлғаларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау орындарына немесе өзге де мемлекеттік органдарға арыз-шағым түсіруге құқылы. Мемлекетті орган, топтар немесе жеке тұлға болсын, қандай да бір ұйым кәсіпкерлік қызметінің жұмыс жасауына кедергі болып, кәсіпкерге қысым көрсеткен жағдайда онда кәсіпкер әрине туындаған мәселеде жалғыз болмайды. Оның қолданыстағы заңға сәйкес өз құқық қорғау орындарына бару арқылы қорғауына мүмкіндігі бар. Кәсіпкер мемлекеттік органдар немесе қандай да бір жеке тұлғалар тарапынан жеке құқықтарының бұзылғанын байқаса ол Қазақстанда оның заңды мүддесі мен құқын қорғайтын жалпы кәсіпкерлердің құқын қорғайтын өкілетті немес өзге де орындарға, сотқа, төрелікке баруына болады. Оның үстіне құқық қорғаушылық мәселелері бойынша барлық сұрақтарды кәсіпкер татуластыратын үрдіс арқылы реттеуге де құқығы бар. Туындаған мәселені сотқа жеткізбей шешуіне болады. Бастапқы кезінде кәсіпкердің жұмысына кедергі туындатқан жақпен татуласып келісуіне болады. Кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша нормативті құқықты актілерді дұрыс орындамау және мүлдем орындалмауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды шеттету туралы кәсіпкерлікке қатысты ұсынысты, кәсіпкер құзіретті орындардың қарастыра беруіне құқылы. Яғни кәсіпкердің заңнаманы жетілдіру, үрдістерді жаңартуға қажетті ұсыныстары болса. Бизнесті жүргізуді реттейтін заңнаманы жетілдіру, үрдістерді жеңілдетуге қатысты кәсіпкердің ұсынысы болса, ол өз ұсынысын әр кезде жеткізе алады. Үкімет кәсіпкерге кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі санатында әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда жобаларын жүзеге асыруға кепілдік береді.

Лайықты табыс тауып, дәулетті күй кешу ғана емес, әлеуметтік жобаларға қатысу арқылы туған жерінде позитивті өмір сүріп, пайдалы іс жасау арқылы із қалдыру да маңызды!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!