Материалдар / Кәсіпкердің құқығын қорғау

Кәсіпкердің құқығын қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқық негіздері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2023
231
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кәсіпкердің құқығын қорғау

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік құқық принциптерінің кеңестік кәсіпкерлік құқық принциптерінен түбегейлі айырмашылықтары бар. Сол кезде өмір сүрген қоғамдық қатынастардың сипатын білдіре отыра және оларды нығайтуға, қорғауға бағдарлана отырып, кеңестік кезендегі кәсіпкерлік құқық мемлекеттік меншіктің мемлекеттік емес меншіктің барлық түрлері мен нысандарынан басымдығы, кәсіпкерлік-құқықтық шартты жасауда, түсіндіруде және орындауда жоғарыдан берілетін жоспарлы тапсырмаға бағынудың міндеттілігі, экономикалық қатынастарда бәсекенің болмайтыны және т.с.с. принциптерге сүйеніп құрылған болатын. Бұл принциптердің барлығы экономиканы реттеудің орталықтаңдырылған, әміршіл-әкімшіл жүйесін бейнеледі және осы жүйемен қоса келмеске кетті.

Бүгінде кәсіпкерлік құқықтың мынадай принциптерін атауға болады:

кәсіпкерлік-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық мәртебесінің теңдігі;

меншікке қол сүғылмайтындығы;

кәсіпкерлік-құқықтық шарттың еркіндігі;

мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге

және жеке өмірге араласпауы;

кәсіпкерлік-құқықтық қатынастардың субъектшері — кәсіпкерлер мен түтынушынарды қорғау;

несие берушілердің құқықтары мен занды мүдделерін қорғау; — кәсіпкерлік құқықтардың қорғалуы.

Барлық кәсіпкерлік-құқықтық нормативтік актілер, ең алдымен — ҚР АК аталған принциптерге сай келеді (сай келуі тиіс). Олардын көпшілігі АК-ның 2-бабында көрсетілген жөне » Кәсіпкерлік зандардың негізгі бастаулары» деп аталады. Бұл принциптердің барлығы өзара тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады және біртұтас заңцы

жүйе болып табылады.

Енді осыларды қарастырып көрейік.

Кәсіпкерлік-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі мынадай жалпы методологиялық алғышартқа байланысты: бір-біріне бағынбайтын субъектілер кәсіпкерлік-құқықтық қатынастардың субъектілері болады, заң оларды кәсіпкерлік құқықтарды иеленуде, жүзеге асыруда, қорғауда тең деп таниды, міндеттері жөнінен және олардың бүзылуы үшін де тең деп біледі. Кәсіпкерлік құқық субъекттлершің ешқайсысы бір-біріне бүйрық бере алмайды, соңдықтан өзара келісім олардың қатынастарының негізін құрайды. Нақтырақ айтқанда, субъектілердің теңдігі мыналарды білдіреді:

кәсіпкерлік құқықтық қатынастарға ене отырып, мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөліністері өздерінің кәсіпкерлікқұқықтық серіктестерінен’— азаматтан немесе занды тұлғадан ешқандай артық-шылықтарға ие болмайды.

кез келген үйьщдық нысаңдағы заңды тұлға кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілері ретіңде жеке тұлғаларға теңестіріледі;

шетелдік азаматтар және шетелдік занды тұлғалар Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғалары секілді, кәсіпкерлік құқықтар мен міндетгерді иеленеді.

Әрбір Қазақстан Республикасының азаматы кәсіп ашуға құқылы және оған тиесілі еркіндігі болады. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ.5-бап. Кәсіпкерлік еркіндігі

1. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар.

2. Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы. Өңірлік деңгейде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы. [1]



Бизнеспен коммуникацияларды жоспарлы түрде құру нәтижесінде Қазақстан бизнесті қорғау мәселелерінде елеулі оң өзгерістерге қол жеткізді. Палатаға деген сенім арта түсуде,кәсіпкерлердің өз құқықтарын қорғауға деген еркі мен тілегі бар. Бірақ, қазір кәсіпкер нақты біледі – егер оның құқықтары бұзылған жағдайда немесе оның мәселесін шешуге "тартылған" деген күдік болса-оған палатада көмек пен қолдау көрсетіледі.

Мысалы, 2022 жылы ӨКП атына бизнесті қорғау желісі бойынша 320 өтініш келіп түсті, оның ішінде 113 (36,7%) оң шешілді. Кәсіпкерлердің қорғалған құқықтарының сомасы 179 763 764 млн. теңгеден асады.

2021 жылы 243 өтініш келіп түсті, оның 102-сі оң шешілді.

Анықтама: салалар: жер 31 %, салық салу 17%, сатып алу 12 %, АӨК, оның ішінде субсидиялау 11%, ССЭК 9%, өзге де (логистика, ТКШ) 15%, құқық қорғау органдарына шағымдар – 5% құрайды).

Қорғау желісі бойынша өтініштердің құрылымы әр түрлі: - көшбасшы, әдеттегідей, жер қатынастары. Айналымдардың ұлғаюына қарай динамика байқалады.

Тек 2022 жылы кеңестің 12 отырысы өткізілді, 37 мәселе қаралды, 82 ұсыныс енгізілді (2021 ж.12 отырыс, 22 сұрақ, 58 ұсыныс, 2020 жылы 12 мәжіліс., сұрақтар 22, өзендер. 46).

Кеңестің 2023 жылғы отырысында, атап айтқанда 11 қаңтарда жүйелі проблема қаралды, ол кейіннен бизнесті қорғаудың экожүйесі шеңберінде реттелді - 16.12.2022-23.12.2022 жылдар аралығында Көкшетау қаласында (291 км) орналасқан арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының істен шығуының проблемалық мәселелері.

Жалпы Кеңес әзірлеген ұсынымдар уәкілетті мемлекеттік органдардан қолдау табады. Facebook, Instagram) тікелей трансляциясында Кеңестің барлық отырыстары міндетті түрде өтеді, сондай-ақ баспасөз қызметі өңірлік БАҚ-тарды шақырады және отырыс қорытындысы бойынша қаралған әрбір мәселе бойынша әлеуметтік желілерде, газеттерде және т. б. мақалалар жариялайды. [2]



Кәсіпті дамытудағы мүмкіндіктер.

Мемлекетіміздің бірінші президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Қазақстан халқына жолдауынан...

Кәсіпкерлер, іскер азаматтар! Мемлекет сіздердің бизнестеріңізді дамытып, аяққа нық тұруларыңызға барлық жағдайды жасады. Бүгінгідей сын сағаттарда сіздерге үлкен жауапкершілік артылады. Жекешелендірудің жаңа легіне белсенді қатысыңыздар, қаржыны заңдастырып, ашық жұмыс істеңіздер. Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады. Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, бізді сырттан келіп ешкім жарылқамайды. Мен кәсіпкерлер табына, барлық ауқатты қазақстандықтарға, барлық бизнесмендер мен іскер адамдарға сөз арнағым келеді. Мемлекет жекешелендіру мен экономикалық ырықтандыру бойынша біздің тарихымызда бұрын-соңды болмаған қадамдарға барып отыр. Еліміз қазірдің өзінде көпшіліктеріңізге ақша табуға және іскерлік журналдардың бірінші беттерінен көрінуге мүмкіндік берді. Мен сіздерді капиталдарды заңдастыруға, жекешелендіру тендерлеріне белсенді қатысуға шақырамын. Осылайша сіздер өздеріңізге және Қазақстанға, барша халқымызға жәрдемдесетін боласыздар деп айтып өтеді. [3] Яғни біз кәсіпкердің құқығын қорғау арқылы,мемлекетке пайда әкеліп,экономикасын дамытуға ат салысуымыз керек.


     Список литературы:

[1] ] Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

[2] https://akmola.atameken.kz/kk/pages/505-sovet-po-zashite-prav-predprinimatelej

[3] президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Қазақстан халқына жолдауынан...











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ