Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕДИАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және дауларды медиация арқылы шешу жолдарын қарастырады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
06 Ақпан 2019
1732
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Исаева Нұргүл Жеңісқызы
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты елді мекенінің №22 қазақ орта мектебінің мұғалімі
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жүйесіндегі медиациялық тәсілдер
Аннотация Баяндамада кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және дауларды медиация арқылы шешу жолдарын қарастырады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы.[1]Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауында өз сөзінде: «Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі –елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету.» деп экономикалық ахуалды одан ары жақсарту үшін бизнес саласына айырықша көңіл бөліну керек екенін тілге тиек етті. 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет екенін «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеу жоспарлары туралы айтқан болатын. Қазіргі таңда шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық қатынастардың тұрақтылығы көптеген субъективтік және объективтік факторларға тәуелді. Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметтегі субъектілер арасында даулар мен таластардың туындауы сирек емес.Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) шартта көрсетілген төрелікте, медиацияны қолдану арқылы және партисипативтік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады.[2] ҚР-ның Кәсіпкерлік туралы кодексінің 305-бабына сәйкес: 1. Кәсіпкерлік субъектілері арасында медиация жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады.2. Кәсіпкерлік субъектілері қатысатын азаматтық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды реттеу кезінде медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талап-арызды қабылдағаннан кейін де қолданылуы мүмкін.Дау тараптары медиаторлар ұйымындағы медиаторлар тізілімінен таңдап алатын медиаторға жүгіне отырып, дауды шешу рәсімін жүргізеді. Медиатор бейтарап болуға, медиацияны екі тараптың мүддесі үшін медиация туралы шартқа сәйкес жүргізуге міндетті. Шарттың елеулі талаптары: шартты жасау күні, уақыты және нөмірі; тараптардың атауы, олардың өкілдерінің тегі және аты-жөні, лауазымы; дау нысанасы; медиатор туралы мәліметтер; талаптары, тәртібі және шығыстар мөлшері, жүргізу тілі; медиатордың, тараптардың жауаптылығы негіздері мен көлемі; жүргізу мерзімі мен тәртібін сақтау керек.[3]Медиация ерекшеліктері:
Әдебиеттер:
1. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, www.adilet.zan.kz;2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, www;3. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, www.adilet.zan.kz; 5.Большой энциклопедический словарь. СПб.: Норинт, 2002. С.567;6. Дмитриева Г.К. Международный коммерческий арбитраж. Учеб. пособие. М.: Проогент, 1997;

- тараптардың өзара ерікті ниет білдіруі кезінде жүргізіледі, яғни тараптардың бірі келіссөздер жүргізуге келіспесе, медиация жүргізілмейді;
- медиатор медиация басталғанға дейін медиация тараптарына медиацияның мақсатын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін (медиаторды өз еркімен таңдауға (ауыстыруға), кез келген сәтте медиациядан бас тартуға, дауды реттеу туралы келісімді орындауға) түсіндіруге міндетті;
- медиатор тараптармен медиация тәртібін, орнын, уақытын, жүргізу тілін келіседі және олармен өзара тиімді шешімге қол жеткізу үшін жолдарды талқылайды (яғни жеңілген тарап болмайды);
- тараптардың және медиатордың дауды шешу кезінде алған мәліметтерді жариялауға құқығы жоқ (құпиялылық);
- дауды қарау мерзімі 30 күннен кешіктірмей;
- медиация жүргізуге байланысты шығыстарды тараптар бірлесіп тең үлестермен төлей алады;
- дауды реттеу туралы келісім оған қол қойылған күні күшіне енеді және онда көрсетілген мерзімде орындалуға тиіс.
Әдебиеттер:
1. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, www.adilet.zan.kz;2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, www;3. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, www.adilet.zan.kz; 5.Большой энциклопедический словарь. СПб.: Норинт, 2002. С.567;6. Дмитриева Г.К. Международный коммерческий арбитраж. Учеб. пособие. М.: Проогент, 1997;
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)