400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәсіпкерлік

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіпкерлікке кіріспе
Материалдың қысқаша нұсқасы




Кафедра меңгерушісі_______

Оқу сабағының жоспары

(теориялық немесе өндірістік оқыту)

Кәсіпкерлікке кіріспе.

(сабақ тақырыбы)

Модуль /пән атауы: Бизнес негіздері


Педагог: Нуртай А.Н

2022 жылғы «07» 09

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ:

Сабақтың түр: Жаңа сабақ , жаңа технология элементтерін қолдану

2. Мақсаты, міндеттері:Кәсіпкерлік туралы жалпы мағлұмат алу.

3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

1.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі
2.Экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді
3.Микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді

4. Қажетті ресурстар: «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»





5. Сабақтың барысы





Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Студентердің іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Студентер мен сәлемдесу, студентерді түгелдеу. Аудитория тазалығын тексеру. Студентерді сабаққа дайындығын тексеру. Студентердің назарын сабаққа аудару.






Студентердің жауаптырына байланысты қалыптастырушы бағалау











Сабақтың ортасы




40 мин



Жаңа тақырып бойынша қарастырылатын негізгі мәселелер.

1.Экономиканы оқуымыз неге керек.

2. Негізгі экономикалық мәселелер.

3.Нарықтың экономикаға жалпы сипаттама.

4.Нарықтық экономикаға сипаттама.

5.Нарықтық экономикаға өту жағдайы. Қазақстан 7.Республикасындағы ауыспалы кезең сипаттамасы.

Топтық жұмыс «Мәтінмен жұмыс» 

Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар.

Көптеген елдерде кәсіпкерлік қызмет жасау үшін ресми тіркелу талап етіледі, алайда оның шарттары мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәсіпкерлік жұмыс заңды тұлғамен немесе заңда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлғамен (жеке кәсіпкер) басқарылуы мүмкін. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады.

Кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың барлық институттарына енетін неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Қазақ тілінде кәсіпкерлік пен бизнес сөздері синонимдер ретінде қолданылады, бірақ кей жағдайларда екі әр түрлі мағына білдіруі мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі пайданың көлемімен ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның нарықтық құнының (гудвилла) өзгеруімен өлшенеді.  Кейде әлеуметтік кәсіпкерлік бөлек санатқа жатқызылады.

Бизнес құрған адамдарды «кәсіпкер» деп атайды, яғни «дамуға құлшынысы бар, кәсіпте біршама тәуекелге баратынына қарамастан, оны ұйымдастырып, басқару арқылы пайда табу» үшін жұмыс істейтін адам. Кәсіпкерліктің анықтамасы бизнесті ашу мен жүргізуге негізделгенімен, бизнес ашудағы тәуекелдің молдығынан жаңа ашылған кәсіпкерліктердің жабылуына тура келеді. Оған мыналар да себеп болуы мүмкін: қаржының жетіспеуі, сәтсіз бизнес шешімдер, экономикалық дағдарыс немесе осы аталып кеткендердің барлығы немесе нарықтағы сұраныстың болмауы. 2000 жылдары «кәсіпкерлік» ұғымы ұлғайып, кейбір тұлғалар мен топтардың қалай және неге жетістікке жететіні туралы, кәсіпкерлер мүмкіндіктерді қалай пайдалана білетіні туралы түсінік беруге ұмтылды.  Соңғы өзгертулер бизнес процесінің табиғатының белгісіздігіне, мүмкіндіктердің барына қарамастан, олар пайда әкелмейінше байқаусызда қалатынына негізділген.





Студенттер өз ойларын айтады. Бір – бірінің жауабын тыңдап,ұсыныстар айтады






Негізгі терминдерді дәптерлеріне жазып алады

















Студентердің жауаптырына байланысты қалыптастырушы бағалау





Интернет желісі



20 мин









Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар орындау.

Есеп.Табыс, шығын, пайда
І топ
Есептеп, сіздің «Рахат» фирманыз пайда алған, алмағанын анықтаңыз, егер мыналар белгілі болса:
Фирма табысы:
Жалпы табысы -150 000 теңге
Фирма шығыны:
1. Қызметкерлерге жалақы – 70 000
2. Салық төленді 7000 теңге
3. Көлік қызметтеріне жұмсалған шығын -8000 теңге
Фирма табысы:150000
Фирма шығыны:85000
Пайда:65000




Телефонды пайдалану арқылы есеп шыңарады









Таратпа материалдар

Сабақтың соңы.

5 мин

Сабаққа кері байланыс береді .

Сабақ соңында студентер стикерлер арқылы рефлексия жүргізеді

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй тапсырмасы.

1.Кәсіпкерлікке тән және жат қасиеттерді анықтау.

Студентер ауызша сабаққа рефлекисия жазады

Бірнеше студентер өз ойымен бөлісіп, оқу мақсатына қалай қол жеткізгені туралы пікір бөліседі.

Студентер өздерінің жұмысы мен топ жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.02.2023
456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі