Материалдар / «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні бойынша факультативтік курс өткізудің маңыздылығы тақырыбындағы онлайн брифинг бағдарламасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні бойынша факультативтік курс өткізудің маңыздылығы тақырыбындағы онлайн брифинг бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Факультативтік курс өткізудің маңыздылығы тақырыбындағы онлайн брифинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2021
236
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

И. ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ



Келісілген

Бекітемін

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы адами капиталды

дамыту бөлімінің бастығы

___________Скакова Ж.С

«__»_____________ 2020 ж

Колледж әдіскері


____________Аймбетова Э

«_____»_____ 2020 ж

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары___________ Ермұхан Б.Е


«_____»_____ 2020 ж.

.

Цифрлық дәуірде білім мен тәжірибені қайта зерделеу, кәсіби маман даярлаудың негізгі бағдары»

атты апталық аясында өткізілетін

«Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні бойынша факультативтік курс өткізудің маңыздылығы тақырыбындағы онлайн

брифинг БАҒДАРЛАМАСЫ


Уақыты: 10 желтоқсан сағат 15 – 00 Өткізілетін орны: ZOOM платформасы

Дайындаған: Төлегенова А. М., Бекмуртова Б. К., Жүнісова Ә. М

«Ветеринария және экономикалық пәндер» пәндік әдістемелік комиссиясының отырысында қаралып, мақұлданды

Хаттама №____ «___»________ 2020 жыл

ПӘК төрайымы ______________ Ертілеуова М.

Брифинг мақсаты: Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру студенттері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес Қазақстанды жаңғырту контексінде және жарияланған басымдықтардың бірі – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру арқылы бизнес- ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейтуге жоспарланған бағдарламаны жүзеге асыру барысын қарастыру.



Брифинг барысы:

1.Кіріспе

2017 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мақаласын жария етті. Осы еңбегінде Мемлекет басшысы қоғам мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын атап өтті: бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; елдің эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы ("Рухани жаңғыру"бағдарламасы).

Кәсіпкерлер экономикалық қатынастардың қатысушылары ретінде осы процесте жетекші рөл атқарады. Қазақстанды және қазақстандық тауарларды халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті ету; әділдік пен прагматизм негізінде серіктестермен және тұтынушылармен қарым-қатынас жасау; ұлттық бірегейлікті жоғалтпай, бизнесті жүргізудің үздік инновациялық тәсілдері мен тетіктерін таңдау; бизнес-процестерге жаңа білім мен технологияларды әкелу кәсіпкерлердің қолынан келетін іс; олар елдің эволюциялық және ашық дамуына көмектеседі.

Осы курс "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша факультативтік сабақтар түрінде енгізіледі.




2. Жұмыс оқу бағдарламасының мазмұны

"Кәсіпкерлік қызмет негіздері" курсы 11 бөлімнен тұрады. Курстың ұзақтығы 36 академиялық сағат. Қорытынды нәтиже бизнес-жоспарды қорғау және сертификат алу болып табылады.

1-бөлім. "Бизнес-ойлау психологиясы»

Ойлаудың кәсіпкерлік түрінің ерекшеліктері. Кәсіпкерлік түрлері (В2В, В2С, В2G). Тауар мен қызмет арасындағы айырмашылық. Мемлекет экономикасын дамыту үшін кәсіпкерліктің маңызы. Бизнес үшін команданың мәні. Команда қатысушыларының рөлі (PAEI моделі). Бизнесті дамыту кезеңдері. Ағынды күй.


2-бөлім. "Бизнес-идеяларды таңдау» "Икигай"ұғымының мәні. Бизнес-идеяның мәні. Перспективалы бизнес-идеялардың ерекше ерекшеліктері. Бизнес үшін идеяларды таңдау ережелері. Қазіргі нарықтың трендтері. Бизнес-идеяларды генерациялау әдістері. Бизнестің салалық ерекшеліктері. Бизнес-идеяларды жіктеу әдістері. Бизнес-идеяларды іріктеу әдістері (Smell Test).


3-бөлім. "Бизнес-модель, жоспарлау» Бизнес-модельдің мәні. Бизнес-модельді трансформациялау тәсілдері. Үнемді стартап ұғымы (Lean Startup). Бизнес-модель арнасын құрудың мәні мен әдістері. Бизнес-жоспарды құрудың маңызы мен қажеттілігі. Бизнес-жоспардың құрылымы. Бизнес-модель мен бизнес-жоспар арасындағы айырмашылық. Бизнес-жоспар құру.


4-бөлім. "Маркетинг және маркетингтегі зерттеулер» Бизнес үшін маркетинг мәні. Маркетинг міндеттері. Маркетинг құралдары (модель "4Р"). Маркетингтік зерттеулердің мәні мен міндеттері. Маркетингтік зерттеулердің түрлері. Бәсекелестердің түрлері. Далалық және кабинеттік зерттеулердің ерекшеліктері мен қажеттілігі. Мақсатты аудитория. Мақсатты аудиторияның түрлері. Мақсатты аудиторияны анықтау механизмдері. Ең аз өміршең өнім (MVP). MVP ең көп таралған түрлері. MVP құру сұлбасы. Бірегей сауда ұсынысы (ОЖЖ). ОЖЖ қалыптастыру тактикасы. Сұхбат. Жедел сұхбатты дайындау, өткізу және талдау әдісі, кезеңдері. Терең сұхбатты дайындау, жүргізу және талдау әдісі, кезеңдері. ATL-және BTL-коммуникациялар. ATL-және BTL-коммуникация аясындағы іс-шаралар кешені. Жарнамадағы заманауи үрдістер. Бизнесті Онлайн-алға бастыру. Онлайн-алға бастырудың негізгі арналары. SMM-маркетинг. Әртүрлі әлеуметтік желілердің ерекшеліктері. Тауарлар мен қызметтерді алға бастыру әдістері. "Сатушылар" посттары. Таргетингтік жарнама. Медиа-жоспар.


5-бөлім. «Сату стратегиясы»

Сату воронкасы. Сату воронкасының кезеңдері. Конверсия, клиентті тарту құны (САС). Сату воронкасының тиімділігін арттыру құралдары. Ағымдағы пайдаланушылардан сатуды ұлғайту. Қайта сату арттыру құралдары. Қайта сатуға қызметкерлерді ынталандыру. "Ұйықтайтын" клиенттер. Сату түрлері және олардың ерекшеліктері. Сату кезеңдері. Клиенттердің қарсылықтарымен жұмыс. SPIN сату техникасы. Келіссөздерді жүргізудің мәні мен маңызы. Келіссөздер жүргізу стратегиясы. Келіссөздер жүргізу техникасы. Кіріс ағындарының модельдері. Баға белгілеу тактикасы. Нарық және бәсекелестік түрлері.


6-бөлім. «Бизнестегі басты ресурстар».

Ресурстар. Ресурстардың түрлері. Материалдық, қаржылық және зияткерлік ресурстар. Салалық ресурстар. Адами ресурстар. Адами ресурстарын басқару түсінігі мен принциптері. Қызметкерлерді ынталандыру. Жаңа қызметкерді жұмысқа қабылдау кезіндегі әңгімелесу.


7-бөлім. «Операциялық қызмет».

Бизнес-есептерді шешу үшін істер тізімін құру әдісі. Эйзенхауэр матрицасының мәні мен мағынасы. Аутсорсинг ұғымы, маңызы, артықшылықтары мен кемшіліктері. Серіктестіктің мәні мен түрлері. Серіктестерді таңдаудың негізгі ережелері. Мемлекет қызметіндегі салықтардың маңызы. Қазақстандағы негізгі салықтар. Серіктестермен, Тапсырыс берушілермен және компания қызметкерлерімен қарым-қатынасты заңды ресімдеу. Шарттың типтік құрылымы. Құрылтай шарттарының ерекшеліктері. Шарттардың негізгі түрлері. Бизнесті жүргізуге арналған Онлайн-құралдар. Компанияны онлайн тіркеу. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары.


8-бөлім. "Бизнестің қаржылық моделі»

Шығындар. Тұрақты және айнымалы шығындар. Шығынсыздық нүктесі. Кассалық алшақтықтар. Қаржылық модель. Қаржылық модельдің құрылу принциптері. Юнит-экономика. Юнит-экономиканың негізгі ұғымдары. Юнит-экономиканы есептеу.


9-бөлім. Инвестициялар тарту және мемлекеттік қолдау шаралары» Инвесторлар және инвестициялау механизмі. Инвесторлардың стартап пен стартаптың инвесторларға қойылатын негізгі талаптары. Инвесторларды іздеу тәсілдері. Қазақстанда бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары. Бизнес-презентацияның ерекшеліктері мен мақсаттары. Презентация құрылымы. Презентацияны құрастыру. Шешендік шеберліктің негізгі дағдылары. Презентациялар бойынша кері байланыс.


10-бөлім. Даму стратегиясы»

Бизнесті масштабтау. Бизнесті масштабтау себептері мен уақыты. Нарықтың даму болжамдары. Бизнесті масштабтау әдістері. Масштабтау кезіндегі қадамдардың реті.


11-бөлім. "Кәсіпкердің жауапкершілігі»

Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні мен мағынасы. Кәсіпкерлердің жауапты мінез-құлқын көрсететін шаралар.




3. Талқылайтын мәселелер

Студенттер тапсырма орындағанда курс барысында жұмыс жасаған стартаптарды үлгі ретінде ала отырып, өз бизнес-жоспарларын оқытушы (комиссия) алдында қорғайды, содан сон сертификаттар табысталады. Курсты аяқтап сертификат алған студенттердің мүмкіндіктері және сертификат талаптары жөнінде Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Скакова Жанна Бахытовна

- кәсіпкерлік қызмет негіздері курсының қәзіргі уақытта қажеттілігі туралы

- кәсіпкерлер палатасының осы курсты өткізу барысында қандай жұмыстар атқарып отыр

- осы курсты оқыту барысында қойылатын талаптар

5.



















































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!