Материалдар / Кәсіпорынды басқарудың тиімді жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кәсіпорынды басқарудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала тақырыбы "Кәсіпорынды басқарудың тиімді жолдары" бойынша жазылған, бұл мақалада қазіргі кезеңдегі кәсіпорынның басқару принциптері және тиімді жолдарын, оны кәсіпорында қолдануда пайдаға асыруда ыңғайлы болып келеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2022
301
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кәсіпорынды басқарудың тиімді жолдары

Басшылық құрамының мақсатты қызметі — бұл қызметкерлерді басқару
жүйесін қалыптастыру, кадрлық жұмысты жоспарлау, кадрлық маркетингті
жүргізу, кадрлық әлеуетті және ұйымның қызметкерлердің қажеттілігін
анықтау болып табылады. Ұйымның қызметкерлерді басқару технологиясы
кадрларды қабылдаудан бастап, жұмыстан шығаруға дейінгі көптеген
функцияларды қамтиды. Кәсіпорын жұмысының сәттілігін онда жұмыс
істейтін қызметкерлер қамтамасыз етеді. Сондықтан, кәсіпорынды
басқарудың заманауи тұжырымдамасы басқарушылық қызметтің көптеген
функционалды салаларынан өндірістің кадрлық компонентін, яғни кәсіпорын
қызметкерлерін басқарумен байланысты саланы бөлуді қамтиды. Осыған
орай, қызметкерлерді басқару қалай жүзеге асатындағын білу өте маңызды
болып келеді. Қызметкерлерді басқарудың көптеген түрлері кездеседі және
дұрыс таңдалған басқару әдіс ұйымның тиімді қызметінің кепілі болып
табылады. Оған қоса, материалдық ынталандырудың болуы қызметкерлерді
басқарудағы негізгі көрсеткіштің бірі болып табылады. Ең бірінші,
басқарудың экономикалық әдістері — бұл экономикалық заңдарды қолдану
негізінде қызметкерлерге әсер ету тәсілдері, және жағдайға байланысты
қызметкерлерді «мадақтау» және «жазалау» мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Бұл басқару әдісіне негізгі жалақыға қосылатын премиялар, кез-келген
материалды мадақтаулар және қандай-да бір материалды көмек жатады.
Әкімшілік-құқықтық әдістер — бұл билік қатынастарына, тәртіп пен
әкімшілік-құқықтық жаза жүйесіне негізделген қызметкерлерге арналған
басқарушылық тәсілдері. Бұл басқару әдіс түріне жауапкершілік алу, тәртіп
сақтау, бұйрықтарды орындау және ережелерді сақтау жатады. Әлеуметтікпсихологиялық әдістер — бұл әлеуметтану мен психологияның өлшемділігін
пайдалануға негізделген қызметкерлерді басқару тәсілдері. Бұл
қызметкерлерді басқару әдісіне қарым-қатынастардың орнауы,
моральдік құндылықтар және қандай-да бір іс-әрекеттер жатады.
Әр қызметкерге арнайы жеке қарым-қатынасты көрсете тұра, олардың
интеллектуалды немесе эффективтіліге қарай міндеттерді жұмыс істету.
Ең бірінші, ол — ынталандыру әдістері. мақсаттар бойынша басқару әдісі.
Бұл әдісте мекеменің басшылары да, қызметкерлері де бір ортақ мақсатты
көріп, оның маңызын толықтай түсіну керек. Одан кейін, әр айдың немесе
кварталдың басында әр қызметкер өзіне арналған міндеттерді алатын болады.
Бұл басқару түрі әр сатыдағы міндеттерді қамтиды. Яғни, бір міндеттер жеке
компанияның өзіне тікелей байланысты болса, кейбіреуі тек нәтижеге

қарайды. Осыларға қарай, әр міндет түріне жеке өзінің мадақтау түрлері бар
болады. Келесі, сендіру әдістері. қызметкерге оның жеке көзқарастарына
және мүдделеріне қарай оған әсер ету. Үшінші әдіс түрі ол —
ақпараттандыру әдістері. Бұл әдіс түрі қызметкерге өзінің жұмысын
жоспарлау және қандай-да бір шешім қабылдауға көмектесетін ақпарат
көздерін беруді қамтиды. Мәжбүрлеу әдіс — заманауи қызметкерлерді
басқару әдістерінін соңғысы болып табылады. Бұл әдіс түрінде қызметкерге
өзінің жұмысын бітірмеген немесе жасамаған жағдайда қандай-да бір
жазалар беріледі. Осылардан бөлек, басқарудың мүлдем басқа тағы 3 түрі
бар. Оларға қызметкерлерді мекемені басқару процессіне қосу, компанияның
табысына қатыстыру және қызметкерлерге ішкі ынталандыруды беру
жатады. Ең бірінші, қызметкерлерді мекеменің кішкентай, аса маңызды емес
басқару процесстеріне қосқан, олардың маңыздылық және қанағаттану
деңгейін көтереді. Оған қоса, бұл болашақта олардың конфликті
жағдайларды тезірек шешуге итермелейді. Келесі, қызметкерлерді
коммерциялық жобаларға қосып, табыстың қандай-да бір үйлесін оларға
ұсыну күшті мотивация түрі болып табылады. Оларды осы әдіспен
ынталандыру жақсы көрсеткіштерге алып келеді. Алайда, басшылар бұндай
басқару түрінен біраз уақыттан соң бас тартады. Соңғысы, қызметкерлердің
ішкі энергиясын, ынтасын сақтау болып табылады. Оған жұмыс орнына
міндетті түрде келмеу, қандай-да бір дресс-кодты сақтамауды айтуға болады.
Бірақ, мамандардың зерттеуінше бұндай қызметкерлерді басқару әдісі
қызметкерлердің толықтай жауапкершілігі жоғары, өзіндік дисциплинасы
мықты болған кезде ғана қолданыла алады. Қазіргі кезде көп адамға офисқа
бармай жұмыс істеген ыңғайлы болғандықтан, қызметкерлерге аптаның
бірнеше күнінде үйден жұмыс істеуге рұқсат берген жаңа әдіс түрі болуы
мүмкін. Дегенмен, бұл жерде олардың мониторын қарап отырған, жұмысқа
қай уақытта келгенін. Қызметкерлерді басқару — бұл ұйым басшылығы
құрамының мақсатты және бірлескен қызметі. Оған кәсіпорын басшылары,
сондай-ақ кадрлық саясаттың тиімді тұжырымдамасын және ұйым
қызметкерлерін басқарудың жеке әдіснамалық негіздерін жасауға жауапты
басқа мамандар кіреді. Қызметкерлерді басқару барысында қызметкерлерді
басқарудың нақты жүйесі, кадрлар жұмысын ұйымдастыру және одан кейінгі
жоспарлау, қызметкерлер саласында маркетингтік саясат жүргізу, сондай-ақ
әрбір қызметкердің әлеуетін және оның ұйымға қажеттілігін айқындау
әзірленуі тиіс. Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде қызметкерлерді
басқару жүйесі, әдетте, бірқатар белгілі бір функцияларды жүзеге асыруға

мамандандырылған бірнеше негізгі ішкі жүйелерді қамтиды. Сонымен қатар
біз қызметкерлерді басқару әдістерін толығымен қарастырдық. Олар
экономикалық, әлеуметтік — психологиялық, әлеуметтік- құқықтық
әдістерінің артықшылықтарын тоқталып одан бөлек инновациялық басқару
әдістерінде қарастырлық. Осылайша, қызметкерлерді басқару қазіргі уақытта
инновациялық элементтерден тұруы керек, қызметкерлердің өзара ісқимылында шығармашылық әлеует пен инновациялық ойлауды белсенді
пайдалану керек. Бұл бизнес нарығында өмір сүрудің негізгі шартына
айналады. Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері
жүйесінің маңызы зор. Ұйымның көздеген мақсатына жетуі үшін басқару
субъектісінің басқарылатын объектіге ықпал жасау түрі, яғни мақсатқа
жетудің ең тиімді жолдары басқару әдістері деп аталады. Басқару әдістері —
басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінің
болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару
тиімділігінің алғы шарты болып табылады. Басқару әдістері ұжымдар
қызметінің жоғарғы тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз
етуі тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік – шаруашылық міндеттерді
шешу процесінде пайдаланатын басқа да техникалық және технологиялық
әдістерден ерекше көрініс береді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз
ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті
прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша
тиімді болуын қамтамасыз етеді. Әдістер – басқару қызметінің мәні және
негізгі мазмұны болып табылады. Өйткені басқару міндеттері солар арқылы
іске асырылады. Жалпы түрде алғанда басқару әдістерін мынандай екі үлкен
топқа бөлуге болады: а). Бүкіл басқару жүйесіне қатысты іс-әрекеттер
(жалпы әдістер); б). Басқару жүйесінің жекелеген бөліктеріне қатысты ісәрекеттер (шағын ауқымдағы әдістер). Нақты әдістер немесе жұмыс стилі деп
аталатын бұл әдістердің бәрі шағын сипатта болады, өйткені олар қайсыбір
жекелеген басқару органына, қызметкерлерге қатысты. Басқару теориясы мен
өндірісті басқарудың практикасы үшін ең алдымен басқару әдісінің
проблемасына бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын жалпылама
түрде талдау жасау маңызды. Іс жүзінде басқару әдістерінің өзінің
мазмұнымен (олар қандай басқару қатынастарын білдіреді), мақсатымен
(қандай объективті заңдарын іске асырудың құралы екендігімен), қызмет
мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің қайсысын білдіреді), қолдану
формаларымен (дара, ұжымдық) ерекшеленетін сан алуан түрлері
қолданылады. Осы жүйеде ұжымдарға, жекелеген қызметкерлерге, тұтас

экономикалық жүйелерге белгілі бір басқару буынының алдына қойылған
міндеттердің соның ішінде экономикалық, ұйымдастыру, әлеуметтікпсихологиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін ықпал жасауды мақсат ететін
әдістер маңызды орын алады. Басқару әдістері жеке емес, бірге
пайдаланылады, барлық әдістер бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен
бірге әдістердің әрбір тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің көріну
формалары мен қолданылу шеңбері болады. Басқару әдістеріне талдау жасау
кешенді көзқарасты, әдістің мазмұнын, оның бағытын және ұйымдық
формасын бөліп көрсетуді талап етеді. Басқару әдістері өндіріске тән
объективті заңға сәйкес келген жағдайда басқару мақсаттарына жетуге
мүмкіндік береді. Сонымен, басқару әдісі дегеніміз – объективті заңдардың
талаптарын іске асыру тәсілі, яғни көздеген мақсатқа жету жолында
адамдарға ықпал ету үшін қолданылатын тәсілдер мен амалдар жиынтығы.
Сонымен бірге мақсатқа жету үшін әдістің жай ғана объективті заңдардың
талаптарына сай келуі жеткіліксіз. Осы талаптарды өндіріс қызметкерлеріне
ықпал ету әдістеріне айналдырудың жолдарын табу қажет, өйткені
экономикалық процестер өзінен-өзі, өндіріс процесіне қатысушылардың
қызметінен тыс өмір сүрмейді. Сондықтан басқару әдісі оған түрткі болатын
әсердің мазмұнымен ғана емес бағытымен де сипатталады. Басқару әдісі
орындау жүйесі арқылы іске асырылады және белгілі бір ұйымдық формаға
сай жүргізіледі. Басқару әдісінің елеулі әдісі оны құқықтық жағынан
рәсімдейді. Басқару әдістері өндіріспен қызметкерлерге түрліше ықпал етеді.
Нарық қатынастарына көшу кезеңінде өндірістегі мотивация қызметкердің
нақты қажеттері мен мүдделеріне, оның мәдениеті мен саналылығына
негізделеді. Ықпал ету сипаты жөнінен барлық әдістер 3 топқа бөлінеді: А).
Материалдық себеп әдістері; Б). Әлеуметтік себеп әдістері; В). билік ету
әдістері. Осы топтардың әрқайсысы: а). Оңды себепті (ынталандыру); б).
теріс себепті (жазалау, мәжбүрлеу). Бұл әдістер жекелеген қызметкерге де,
ұжымға да ықпал ету әдістері болып табылады. Басқару – алдағы мақсатқа
жетуге бағытталған және соған жету жолында менеджерлер жүзеге асыратын
күрделі процесс. Мысалы: мақсатты айқындап анықтау кезінде не нәрсеге
қол жеткізу керек деген сұрақ болса, артынша – оған қалай, қандай жолмен
жету тиімді деген сұрақ туындайды, яғни басқарудың ең ұтымды жолдарын,
әдістерін қарастыруға тура келеді. Белгілі бір адамға әсер ететіндегі амалды
таңдаған кезде, оның жеке басының ерекшеліктерін еңбекке қатыстықатыссыз, себепті-себепсіз дәлелдерін, материалдық және рухани
игіліктердің қайсысы ол үшін қымбат екенін ескеру қажет. Қарамағындағы

адамдарға әсер етудің негізгі екі тәсілі болады: а). Көзін жеткізу; б). Мәжбүр
ету. Кейбір басшылар адамдардың бойында сену, көзін жеткізу қасиеттері
болатынын ескермей айқайлау, қорқыту, мәжбүр ету тәсілдерін ең бағалысы
деп санайды. Мұндай әдісті қолданатындар білімі таяз, өмірден түйгені аз,
адам жанын түсінбейтін, түсінгісі де келмейтін, менменшіл, мансапқор
адамдар. Бірақ өмірде дұрыс нәрсенің дұрыстығына көзі жете бермейтін
адамдар болады. Сондай жағдайда мәжбүр ету тәсілін қолдануға тура келеді:
а). Көзін жеткізу – қарамағындағыларға материалдық және моральдық
тұрғыдан әсер ету арқылы адамның бойында қажетті мінез-құлық нормасын
қалыптастыру; б). Мәжбүр ету – орындаушыға әкімшілік тұрғыдан әсер
етудің бір түрі, мұнда орындаушының пікірі де, қалауы да ескерілмейді – бұл
тәртіп бұзушыларға қолданылады. Басқару әдістері дегеніміз ұйымның
көздеген мақсатына жету жолында басқарылатын жүйеге ықпал ету үшін
қолданылатын тәсілдер мен амалдар жиынтығы.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!