Материалдар / КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалдың қосымша материал ретінде жоғары сынып оқушыларына көмегі бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2020
2376
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Байискакова Карлыгаш Алимбековна


Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Н.Ә.Марабаев атындағы №7 мектеп лицейінің география пәнінің мұғалімі



Қазіргі кездегі маңызды, өмірлік мәні бар адамзат алдындағы мәселелердің бірі - экология, табиғатты қорғау болып табылады. Экологиялық жағдай табиғи және әлеуметтік стихиялық тоғысуынан туындап зерттеу объектісіне айналуда. Ядролық қару мен химиялық өндіріске толы қазіргі дүниеде бірде-бір мемлекет өз саясатын әлемдік дамудың мүдделерінен тысқары белгілей алмайды. ХХІ ғасырда әлемдік даму жолын адамзаттың құндылықтарына бағынуы тиіс екендігі айқын болып отыр. Жалпы адамзаттық құндылықтардың ортақ мақсаты адамның тіршілігі болса, қазіргі таңда адамның тіршілік орны - табиғи ортадағы өзгерістер тек қана биосфералық мәселе болып қоймай, әлеуметтік мәселеге айналуы белең алып келеді. Оның бастысы - экологиялық жағдайлар.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. 

Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су денгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердін бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жаткызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 %-ға, ал Теректен 60 %-ға төмендеген.

Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне - 29% (2340 км), Ресейге - 9%,Әзірбайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді [1].

Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар құяды. Олардың теңізге қүятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзенінің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер ТерекСулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ.Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады. 1830-1929 жылдары 25,5 және 26,6 м көрсеткіштен айнымалы. 1929 жылдан 1977 жылға дейін деңгейдің күрт төмендеуі (-29 м) байқалды. 1978 жылдан бастап Каспий қайта көтерілді, 1995 жылдың басында - 26,5 м-лік көрсеткішке жетті. Жағалауды теңіз суы қайта басты. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км, Қаратон, Теңіз, Прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозашы түбегінде 4-10 км жер су астында қалды. Теңіз суының қазіргі деңгейінің жоғарылауын климаттық жағдайға байланысты түсіндіреді. Каспий суының көтерілуі 45%-ы теңізге құятын өзендер, 16%-ы айдынға жауатын жауын-шашынның молаюы, 25%-ы теңіз үстінен булану мөлшерінің азаюы және 14%-ы Қарабұғазкөл Шығанағына құйылатын суды шектеуге байланысты.Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құбылмалы, ал Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2%о болса, орталық бөлігі 10-12%о-ге дейін көбейеді. Орталық және оңтүстік бөліктерінде тұз құрамы онша өзгермейді, әдетте 13-14%о болады.

Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қара-бұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы араласшаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабүғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабүғаз сульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978 жылдан бастап теңіз дейгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бүрғылары, ондағы мүнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мексндер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орын-дары су астында қалды. Барлык ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екенідігі дәлелденді [2].

Каспий мәселесі бүгінгі таңда күрделі аймақтық экологиялық проблемаға айналды. Каспий мұнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп, ұзақ жылдарға жоспарлануда. Бұл мәселе тек Қазақстанға ғана емес Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан және Иран республикаларына да тән ортақ іс. Ең бастысы Каспий теңізінің фаунасы мен флорасының әр түрлілігін сақтап қалу. Каспий мәселесі Біріккен Ұлттар Ұйымының деңгейінде көтерілуде. Соның бірі 1999 жылы Көкшетау қаласында «Каспий теңізінің биокөптүрлілігін сақтаудың белсенділігін бағалау» тақырыбында өткен бірінші аймақтық семинар болды. Мемлекетаралық деңгейде өткен кеңестік мақсаты  - Каспий жағалауларындағы мемлекеттермен бірге отырып, Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін шешудің ең тиімді жолдарын қарастыру. Теңіз экожүйесінде туындап отырған мәселелерді саралап және баға бере отырып, экологиялық апаттарға жол бермеуге және оны тез арада шешуге мақсат қойылды. Бұл игі істер адам баласының дүниежүзілік маңызы бар Каспий сияқты су айдынын сақтап қалу шараларының бастамасы.

Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы - экологиялық жағдайлар.

Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тоскауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың үя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.

Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатка апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балық-тар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды.

Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай коймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады. Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.

«Мұнай компаниялары өндіріс қалдықтарының атмосфераны ластауының мөлшерінен асты деген мынадай мәліметтер қазақстандық басылымдарда бірнеше рет келтірілді. 1997-жылы Шеврон компаниясы химиялық уландырылған заттардың 18000 тоннасын ауаға тастайды (осы сияқты ластандырудың әрбір түрлерінің мөлшері АҚШ-та жылына 10 тоннаны құрайды). Ал 1998-жылы Шеврон бұл өндіріс қалдықтарының шығындарын 80000 тоннаға жеткізетіні, сонымен қатар бұл жасалған шараларының зардаптарына және қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына тигізген залалдарына ешқандай кепілдік бермейтіндігі жөнінде қазақстандық билікті хабардар етті».ТМД елдері мен Моңғолия үшін Еуропалық Одақ «Қоршаған орта мәселелерінің ақпараттық деңгейін көтеру және экологиясының жалпы хабарландыру құралын дамыту» бағдарламасы қабылданды, 1996-жылдан    бастап жұмыс жасап оған 5,5 млн. евро жұмсалды.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасында теңіз және жағалау маңы экожүйелеріне залал келтірместен көмірсутегін өндірудің мүмкін болатын шекті деңгейін айқындау жөніндегі арнаулы зерттеулерді жүргізу, геодинамикалық мониторингті іске асыру, иесіз мұнай ұңғымаларын және басқа да байырғы ластануларды жою, ілеспе газды аларда жағуды және мұнай құбырлары мен радиоактивті ластанған жабдықтарды рұқсат алмай көмуді тастату жөнінде шаралар қабылдау көзделеді.

Маңғыстау үшін бүгінгі күн тәртібінде тұрған ең басты, тым өткір, аса шетін, әрі өте нәзік те күрделі мәселе - Каспий теңізі маңында мұнай операцияларын жүргізу. Экологтар көзімен қарағанда бұл әлемдік масштабтағы қауіпті мәселе болып саналады [3].

Қорыта келгенде, XXI ғасырда жас тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ тағдыры мен оның дүниежүзі мемлекеттерінің арасында алар орны қандай болмақ деген сұрақ кімді де болса толғандырады. Ал жер тағдыры және оның тәуелсіздігі ел тағдырларымен тікелей байланысты. Көп ғасырлар бойы халқымыз бодандықта болып, өз жеріне өзі ие бола алмай қызуы мен жылуын жат жұрт көріп, бейнеті мен суығын өзін-өзі арқалағаны мәлім.Ендігі жерде Каспийдің экологиясын тазарту, әлемдік мәселеге айналып отыр.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б. «Экология негіздері». Оқу құралы.- Алматы, 1998ж

2. «Қазақстанның физикалық географиясы», Алматы 2008.« Каспий экологиялық программасы», 2001ж

3. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т.Есполов, Ж. Шілдебаев «Экология және табиғатты тиімді пайдалану», Алматы 2004ж















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!