400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Катехоламиндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге,оқушыларға көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды Медицина Университеті

Биомедицина мектебі



Эссе

Тақырыбы: Катехоламиндер –бүйрекүсті милы затының гормондары, химиялық табиғаты, биосинтезі, заттар алмасуы мен биоэнергетикалық процестерге әсері. Гипер- және гипофункцияның көріністері.





Орындаған:Манасбай Ж.Н

Тексерген:Омаров Т.С.

Топ:1-009 ЖМ











Катехоламиндер – бүйрекүсті милы затының гормондары, химиялық табиғаты, биосинтезі, заттар алмасуы мен биоэнергетикалық процестерге әсері. Гипер- және гипофункцияның көріністері.

Бездің боз затында екі түрлі гормон - адреналин және норадреналин, түзіледі. Адреналин тираминнің туындысы. Бұл гормондарды катехол туындысы болғандықтан катехоламиндер деп атайды. Аталған гормондардың әсері симпатикалық жүйке әсеріне ұқсас болғандықтан оларды симпатикалық аминдер деп те атайды. Катехоламиндер гликогенолиз және липолиз процестерін шапшаңдатып, көмірсулар мен майлардың алмасуын жандандырады, жылу реттеу процесіне, қан айналым жүйесінің, бұлшық еттердің, орталық жүйке жүйесінің, тыныс алу және қан түзу органдарының қызметіне ықпал жасайды. Жалпы алғанда симпатоадреналдық жүйе гипофиз - бүйрек үсті бездерінің жүйесі сияқты тіршіліктік маңызы зор процестердің деңгейін қалыптастыруда, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар адреналин мен норадреналиннің әсерлерінде ерекшеліктер де болады.

Адреналин жүрек етінің қозғыштығын күшейтіп, жиырылу күшін арттырады, жүрек соғуын жиілетіп, оның минуттық сиымдылығын көбейтеді, қан қысымын жоғарылатады (систолалық қысым көтеріліп, диастолалық қысым өзгермейді).

Норадреналин систолалық қысымды да, диастолалық қысымды да көтереді, жүрек соғуын баяулатады, минуттық көлемді шамалы азайтады, миокардтың қозғыштығын өзгертпейді.

Бұл екі гормон да жүрек тамырларының арнасын кеңейтіп, терідегі тамырларды тарылтады, бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауын күшейтіп, қандағы глюкозаның деңгейін жоғарылатады. Катехоламиндердің әсерімен организм белсенді әрекеттерге (қорғанысқа, қимыл-әрекетке) дайындалады.Бүйрек үсті безінің бозғылт затының қызметі жүйке жүйесі арқылы және гуморальдық жолмен реттеледі. Оның қызметін реттейтін жүйке орталығы гипоталамуста орналасқан. Бездің секрециялық жүйкесі - құрсақтық жүйке. Дене жұмысы кезінде, тері рецепторларын тітіркендіргенде, ауырсыну түйсігін тудыратын әсерлерден рефлекстік түрде адреналиннің бөлінуі күшейеді. Бездің бозғылт затының қызметіне ми қыртысы да әсер етеді. Мысалы, әртүрлі эмоциялар (үрей) адреналиннің бөлінуін күшейтеді.Бұл гормондардың бөлінуін реттейтін негізгі гуморальдық фактор - қандағы глюкоза мөлшері. Гипогликемия адреналиннің бөлінуін күшейтеді, ал гипергликемия - бәсеңдетеді.Бүйрек үсті бездер мен басқа эндокриндік бездер арасында тығыз байланыс бар. Катехоламиндер гипоталамус арқылы АКТГ-ның бөлінуін күшейтеді, аралшық бездің қызметін үдетеді. Нейрогипофиз гормондары бүйрек үсті бездің бозғылт затының қызметін күшейтеді. Қалқанша без бүйрек үсті бездің бозғылт затының, ал аденогипофиз - қыртысты қабатының дамуын жандандырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.05.2021
888
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі