Материалдар / "Kazakhstan"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Kazakhstan"

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам бойындағы асыл қасиеттер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
316
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қабілет

Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады. Немесе қабілет дегеніміз-мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және нәтижелі атқаруы. Күнделікті ауыз екі сөзде «Қабілет» деген атауды жиі қолданамыз. Мәселен мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктеледі олардың кейбіреулерінің ұйымдастырушылық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс – әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимиылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.


Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті – оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет.


Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілеь – адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе – қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік – нышан. Нышаның табиғи негізі – жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.


Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс беоеді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі – хирург дәрігер, екіншісі – гимнаст, үшіншісі – суретші т. с. с.


Нышанның ерекше түрі адамда жас кезінен байқалады. Қазақтың аса дарынды күйші-композиторы Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз жасынан-ақ байқатып, бір-ақ рет тыңдаған күйін мүдірмей, айна-қатесіз, дәл орындай алған. Дарынды киноактер, әрі режиссер Шәкен Аймановтың да жалпы өнерге деген құштарлығы бала кезінен-ақ айқын байқалғандығы жайлы Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев тебірене еске алады. М. Әуезов өзінің «Еңлік - Кебек» пьесасын 20 жасында жазған. Әйгілі суретші К.П. Брюллов тоғыз жасында Сурет академиясына оқуға түскен. Ал А.С. Пушкин сегіз жасында-ақ өлең жаза бастаған. Алайда, мынадай жағдайды да естен шығармаған абзал. Егер белгілі бір іс-әрекет барысында жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай жетістіктер адамның балалық шағынан байқалмаса, ондай балада қабілет жоқ деп айтуға болмайды. Мысалы, аса көрнекті математик Н.Н. Лузин, биолог К. Линней, жазушылар В. Скотт, С.Т. Аксаков, И.А. Гончаров т. б. өздерінің қабілеттілігін әлдеқайда кешірек танытқан. Күнделікті ауызекі сөзде “қабілет” деген атауды біз жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады.

Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс- әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолға алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды ал екіншісі оны өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.

Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Қабілет, ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді — дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсіндіреді. Бұдан біз адамдардың тең емес екенін білеміз. Қабілеттіктік өлшем — белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тән қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетінін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бойын жөнде ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.

Қабілет негізінен екіге бөлінеді.

Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін

көрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Жауабтар:

  1. Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады. Немесе қабілет дегеніміз-мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және нәтижелі атқаруы.

  2. Қабілет негізінен екіге бөлінеді.

Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін

көрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

  1. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

  2. Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.

  3. Талант — бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т.б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты.



  1. Ағылшын философы Джон Локк материалистік  сенсуализимнің  негізін  салушы  өзінің еңбектерінде білімсіз жəне идеяларсыз «жан  былай айтқанда, ақ қағаз секілді (латын тілінен аударғанда «tabula rasa» – «таза тақта»). Адам баласы өмір тəжірибесі арқылы қабілеттері дамиды деп көрсетеді [2].



  1. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса ол ерте көзге түсетін болады. Дарынды баланың қабілеті әдетте ерте ашылатынын біз зерттеу жұмыстарынан байқап жүрміз. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. Бес-алты жаста ондай балалардың білгенінен, өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық болады. Кейде олар тіпті мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі.



Сөздік:



Нышан- symbol


Дарын- talent


Қабілет- ability


Талант- talent


tabula rasa» – «таза тақта

Икем- flexible















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!