Казактың өшпес қол өнері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Казактың өшпес қол өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Казактын өшпес кол өнер салт дәстүрлери туралы тусиниктемелер.Казактын салт.дастурлері.турмыс тіршілігы жайлы.казак әйелдерінің шеберлігі жайлы айтылады.ұмыт болган киіз басу.жун бояу .текемет басу туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.Рудаки атындагы ЖОМ. Технология жане көркем енбек пан мугалімі; Сарсенбаева Оразгул



Қазақтың өшпес қолөнері.

"Шебердің қолы алтын", - дейді атам қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтарының бірі - оның қолөнері. Ағаштан, темірден түйін түйген, жүннен көз жауын алатындай бұйым жасаған, асыл тастардан сән бұйымдарын соққан Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды .

«Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді» - деп М. Әуезов айтқандай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсіру қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселе.

Қолөнер – ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы. Осынау халық қазынасын қастерлеу - көзі ашық, көкірегі ояу, ар - намысты, ұлтжанды әрбір адамның борышы.Қазақ халқы көшпелі халық болғандықтан да мал бағумен айналысып, ата - бабаларымыз қолөнер бұйымдарын жасауда мал терісі мен жүнін шикізат ретінде пайдаланған. Аналарымыз бен апаларымыздың ақыл - парасатынан, ісмерлігінен, көркемдік талғамдарынан көздің жауын алардай құнды ұлттық өнер туындылары өмірге келген. Жүннен жасалған бұйымдар мықты, шыдамды, жылы, тұрмысқа қолайлы, денсаулыққа пайдалы, алып жүруге ыңғайлы және жеңіл. Тұрмысқа арқан - жіп, бау, ноқта, көген, киіз, текемет, сырмақ, алаша, кілем әртүрлі дорбалар – барлығы дерлік жүннен жасалады.

.Жүн сақтайтын бөлменің есік, терезесін ашып, міндетті түрде желдетіп тұру керек. Жүнді ашық күн астында сақтауға болмайды.

Тоғытылған қойдың жүнін жумаса да болады. Жуып, кептірілген жүннің түтілуі де қиындай түседі.

Алаша жібі пысық, кілем жібі жуан бос иіріледі. Түбіт иіруге жеңіл ұршық керек. Қылшық жүндер мен ешкінің қылынан, түйенің шудасынан алашаға арқау, күзеу жіптерін иіреді.Ал жұмсақ,биязы , түбіт жүннен жіп иіріп, одан тұрмысқа қажетті киім-кешек ,мысалы:қыста тоңбайтын бас киімдер,кеудеше, жемпір, орамал,қолғап,шұлықтар тоқыған.Қазақта «ою оялмағанның- ойы ұшқыр емес»деп тегін айтпаса керек.. Қазақ ою - өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Ою - өрнек қазақ халқы қолөнерінің кең тараған түрі болып табылады және тұрмыс тіршілігінде кеңінен қолданылып, ерте заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне өнер түрінің бірі. Егер шынайы ынтамен үйренуге, түсінуге құлшынсаңдар, өнер тереңде жатқан тамырларын, биікте тұрған шынарын алақандарына салады. Әрине, мұның өзі өздігінен келмейді. Ерінбей еңбектеген, ойы ұшқыр, қиялы қанаттылар ғана жан - жақты меңгереді.

Халқымыздың қолөнерінің сыры мол, өрнегі ғажап. Әрбір оюдың ізінде, әрбір оюдың өрнегінде ұлағат сыр, тарихы мол шежіре бар. Өткен тарих шежіресін біз бүгінде «Технология» пәні арқылы біліп, заман көшіне білімімізбен ілесіп отырамыз. Шынайы өнердің адамға әсері мол. Ою - өрнектер, сырлы суреттер, қолөнері ұлттың нағыз шынайы, пәк өнері.Әр халықтың өзіне тән қолөнері болады. Қазақ халқы да өзге ұлттан асыл мұрасы, ою - өрнегі арқылы ерекшеленеді. Әрбір текемет, сырмақ түрлерінен, алқа, сырға бұйымдарынан ойы ұшқыр, сезімі жоғары, қиялы терең, талғампаздықты көреміз.«Өнерім – жақсылардың жан азығы» - деп өнердің рухани нәрін халқымыз ерекше атаған. Талай ғасырдан сүрінбей бізге жеткен асыл мұраларды берік қойма, алтын сандық ойымызда сақтауға тырысамыз

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.04.2022
687
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі