Материалдар / Казталовкалықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында

Казталовкалықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлкетану пәні сабағында оқушылардың қз өлкелерінің тарихын,батыр аталарының,халқының ерлігін қайсарлығын біледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
506
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құмарғали Салтанат Райымбекқызы

7-сынып оқушысы,

Казталов ауданы, Жаңатаң негізгі орта білім беретін мектебі.

Ғылыми жетекшісі: тарих пәні мұғалімі,педпгог-сарапшы Бигалиев Азамат Мағзомұлы.

Казталовкалықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.

Жас ұландар биік ұста туыңды,

Жарқыраған туған елдің таңбасын!

Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесінің 1941 жылғы 27 тамыздағы қаулысына сәйкес Казталов аудандық және селолық Кеңестер де өз жұмыстарын соғыс жағдайына бейімдеді.Аудандағы 34 колхоз,4 МТС және басқа мекемелер еңбек өнімділігін арттырып, майданға жылы киім,азық-түлік,қорғаныс үшін қаржы жинау жөніндегі патриоттық бастамаларды қолдауға жұмылдырылды.

Әскер қатарына жастарды алу мен оларды оқытуға,әскери дайындықтан өткізуге үлкен көңіл бөлінді.Аудан орталығында қызметкерлерді жалпылай әскери дайындықтан өткізу тобы құрылып кейін мергендер дайындау мектебі ашылды.Дайындықтан өткен мергендерді Александров Гай арқылы Сталинград майданына жіберіліп отырған.Әскерлерді дайындау тобының командирі Әмірғали Көмеков,саяси жетекші М.Кенжеғалиев тағайындалған. 1941-1945 жылдары Казталовка ауданынан 3064 ер-азамат майданға аттанды.

Соғыстың алғашқы екі жылында аудан шаруашылықтары белгіленген жоспарды барлық негізгі көрсеткіштер бойынша орындап шықты.Аудан егіншілері 1941 жылмен салыстырғанда 1942 жылы егіс көлемін 3300 гектарға өсіріп,жоспардағы 46820 центнердің орнына 54194 центнер астық тапсырды.Аудан еңбекшілері «Батыс Қазақстан колхозшылары танк колонасына» деп 3 млн 40 мың сом ақша,51868 сомға тамақ,9116 дана жылы киім, «Қызыл Армия қорына» деп колхозшылар өз табыстарынан 23262 пұт астық,157280 сом ақша,34675 сом облигация тапсырды.1943жылынеміс басқыншыларынан азат етілген аудан еңбекшілеріне көмек ретінде 76 сиыр, 140 бас қой,2 бас жылқы,55900 сом ақша жинап жіберді.

Ауданда 1942 жылдың 1қаңтарында 12868 ірі қара 38168 қой,2669 жылқы,1177 түйе,305 шошқа болды.Соғыстың қиын кезеңінде малшы, шопандар,механизаторлар озат еңбектің үлгісін көрсетті.Малшылар М.Мусин,Қ.Құрманова,аға шопан С.Молдағалиев,механизаторлар Хафизов,Мартенов,М.Дүйсенғалиев,Тілегенов,Ш.Меңдібаев,Қ.Біләлиев т.б.

Ер-азаматтар сыпырылып майданға аттанғандықтан елдегі жұмыс ауыртпалығы еңкейген кәрі мен еңбектеген балаға,белді буып,қатарға тұрған аналардың мойынына түсті.1943-1944 жылы жазда қуаңшылық болып,қыста мал жұтап,қырылып қалды.Әр үйден арық балалардың қыңқылдап қорек сұраған зарлы жылауы мен дәрменсіз аналардың мұңлы да ашулы үнінен құлақ тұнған.Кей үй тарының кебінен нан пісіріп тамақтанған.Аштықтан адамдар ісік ауыруна ұшыраған.Аштықтан өлген адамдарды бастықтар жасырып қалып, «ауырып өлді» деп хаттаған.Архив деректері бойынша 1944 жылдың көктемгі жұмыстарына 628 әйел қатысқан,оның 165-і тракторшы,4-і бригадир,44-і звено бастықтары.Звеношылар: Ғ.Машанова,Р.Наурызғалиева, Қ.Ізбасова,тракторшылар – Арыстанова,Чукалина,Дүйсекова,Дәулетовалар ерлерше еңбек етті.Мал шаруашылығында 235 әйел тер төксе,оның 16-сы ферма меңгерушісі,190 сауыншы,14 шопан,5 колхоз басқарма төрағасының орынбасары болды.Бақташылар – Р.Арыстанова,Н.Сағындықова,сауыншы К.Нұрымбаева,Ұ.Бисенова,малшы Ұ.Еділбаева тағы басқалар соцалистік жарыстың алғы сапында болды.

Соғысқа аттанған казталовкалықтардың арасынан жоғары жауынгерлік наградаларға ие болған сержант Ибраев Халиолла.Үш мәрте Даңқ орденінің иегері Қайырғазы Имашев,гвардия полковнигі Ғазез Лұқпанов жауынгерлік қызыл жұлдыз ордені мен медальдарының иегері,гвардия капитандары Жолдығали Өтегенов,Мамбетияр Досқалиев,Сатқан Имашев,Қанапия Жангереев,екі мәрте Даңқ және басқа да бірнеше жауынгерлік ордендердің иегері Нәсекен Нұржанов,Жеңіс парадына қатынасқан Александр Қалиев, Мағдан Тажғалиев,Есқақ Тұрсынов т.б ерліктері қашанда мақтан тұтуға тұрарлық өшпес өнеге.

Ұлы Отан соғысында жаумен бетпе-бет шайқастағы ерлігі үшін Даңқ ордені иегерлерінің жалпы саны 2532 жауынгер болды.Соғыс біткеніне бүгінгі таңда 70 жыл өтсе де – оның салған жарасы,ел басына түсірген қайғы-қасіреті әлі ұмытылған жоқ.Казталовка ауданынан майданға аттанған ер-азаматтардың үштен екісі,2124 адам қаза тапты не хабарсыз кетті.Олардың артында ауырып ата-анасы,жесірі,жетім көңіл балалары қалды.Осылайша қанды соғыс аудан халқының баршасының шаңырағын шайқалтып кетті.Ұлы Отан соғысынан жеңіспен оралған ардагерлер І.Айтқұлов,Қ.Хайдаров,Ж.Нысанов, Т.Бәйгелдиев,Қ.Тоясов,М.Тәжіғалиев,Ғ.Латыпов,Ғ.Хасанов,С.Садықов,Х. Шаймов,С.Жалмұханов,Ә.Дүйсеков,Ғ.Арсытанов бейбіт еңбекке араласты. Аудан экономикасы тұралап,халықтың тұрмыс дәрежесі күрт төмендеді. 1940-1941 жылғы статистикалық есеп бойынша ауданда 18 мың адам болса, 1945 жылы 9587 адам қалған.Соғыстан оралған майдангерлер мен қызыл әскер отбасылары түгелдей есепке алынып,олардың 697-і жәрдемақы,233-іне зейнетақы төленді.Белгілі мөлшерде азық-түлік,киім-кешек бөлінді.1944 жылғы 16 қазандағы 705 қаулыға сәйкес соғыста ер адамы қайтыс болған шаңырақтарға,мүгедектерге,мұқтаж отбасыларға ай сайын үй басына 800 гр ұн,шекер,8кг астық,5 метр матадан беріліп тұрған.Соғыс жылдары ауданда бір клуб жұмыс істеп,концерт,кейде пьеса көрсетілген.Мектептердің материалдық базасы тұралап,оқу ісі күйзелісте болған.Мұғалімдердің көбі майданнан оралмаған.Ауданда бір де бір орта мектеп болмаған.Әжібай, Қараоба,Бозоба,Казталов,Қошанкөл,Жалпақкөл (Богатерево) қоныстарында орталау,Тереңкөл,Мереке,Қызыл ту,Қаракөл,Бостандық,Орыс Таловкасы, Березин,Мирон,Көпкүтір,Аққурай,Ордабай қоныстарында бастауын мектептер болған.Бастауыш мектептерде 20-30-дан бала оқыған.Сөйтіп соғыстан кейінгі бейбіт еңбек бірден қызу қарқын алып,ашық аспан астында,бейбітшіліктің таңы атқан.Еліміз әлемнің 30 елінің қатарына қосылып,ең бірінші бейбітшіліктің туын ұстаған қазақ жұртының атар таңы ашық,көрер күні шуақты болсын.

Қаймықпаған қиындықтың жүгінен
Ардагерге сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен !



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Ихсан Құтхожин,Гүлмира Тілеубаева «Казталов ауданына-70 жыл» Орал қаласы «Дастан» баспасы,1998 ж

2.И.Кенжалиев,Н.Табылдиев. «Казталовка-байырғы атамекен»,«Полиграф» баспасы Алматы-1994 ж.

3.С.Абулхатина,Т.Дуйсенов,Е.Меңешов,М.мырзағалиев,З.Оразаев, Н.Ризуанов,Т.Сейткереев «Казталов ауданы шежіре» ,«Арыс» баспасы Алматы-2008 ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ