400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

КЕЛ, ҚАЙТАЛАЙЫҚ?

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну .Хабарламаны тыңдау жəне мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сəйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау 1.2.3.1 Сұхбаттасын түсіну жəне түрлі тəсілмен əрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-БӨЛІМ: МЕНІҢ МЕКТЕБІМ 8 - САБАҚ

Тақырыбы:

КЕЛ, ҚАЙТАЛАЙЫҚ?

Мектебі: № 25 ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тлепбергенова С.К

1- сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

1.1.3.1 Хабарламаны тыңдау жəне мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сəйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау

1.2.3.1 Сұхбаттасын түсіну жəне түрлі тəсілмен əрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру

1.5.1.2 Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауларын ауызша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 2-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.

Оқушылардың көпшілігі: 2-бөлімде өткен такқырыптар бойынша өзара тілдесе алады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: 2-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

2-5мин.


Оқушылардың сабаққа дайындығы. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру.

Психологиялық ақуал

Амансың ба Алтын күн,

Амансыз ба Көк аспан.

Амансың ба достарым,

Амансыз ба ұстазым!

Сабақтың ортасы

6-40

(МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 2-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке-жеке қайталайды. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтады.

(МК, Ұ) Оқушыларға оқулықтағы суреттерде берілген сұрақтарды қоямыз, оқушылар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады:

  1. Бұл не? ( Мектептің, сыныптың, оқу құралдарының суреттері)

  2. Сенің мектебің қандай?

  3. Сенің сыныбың қандай?

  4. Сыныпта не бар?

  5. Сен неше жастасың?

  6. Сен нешінші сыныпта оқисың?

  7. Сен мектепте не істейсің?

  8. Сенде неше қарындаш бар?

(Ж) Оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс жасайды.

Олар бұл сұрақтарға өз қалаулары бойынша жауап бере алады.

Осы бөлімнің соңында оқушылар:

  • Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді атай алу – үлкен, кішкентай

  • Не? сұрағына жауап беретін сөздерді (мектеп, парта, сынып, тақта, қалам, қарындаш, қайшы, сызғыш, терезе, үстел, т.б.) атай алу;

  • Неше? Нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, т.б.)

  • Тақырыпқа сәйкес заттың түсін айта алу (жасыл таұта, қоңыр есік, көк кітап)

  • Өзінің жасын айта алу, басқа біреуден атын сұрай алуды (Мен алты жастамын. Сен неше жастасың?);

  • Оқу құралдарын айта алу (дәптер, қалам, қайшы, қарындаш, сызғыш, өшіргіш);

  • Нешінші сыныпта оқитынын айта алу (Мен бірінші сыныпта оқимын)

  • Бір нәрсені сұрап ала алу (Маған қайшы берші\Маған кітап беріңізші);

  • Алғыс айта алу (Рахмет!)

  • өзінің мектепте не істейтінін (Мен мектепте жазамын, оқимын, сызамын, тыңдаймын) айта алу дағдылары қалыптасу қажет.


Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқулықпен жұмыс барысында меңгерген білімдерін бекіте түседі.
































Оқулық

Аудиодиск:

2.8.1.
2.8.2.
2.8.3.
2.8.4.

















№ 1 жұмыс дәптері



Сабақтың соңы

41-45

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатылады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.









«Менің көңіл-күйім» баспалдағы

Оқушылар стикерлерге өздерінің есімдерін жазып (немес өз бейнелерін салып) тақтада жапсырылған баспалдақтардың біріне жапсырады. Баспалдақтарда «Керемет», «Өзіме сенімдімін», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек» деп аталады.



Қосымша ақпарат

Қорытындылау


Сабақ барысында енгізілген өзгерістер:

Жүргізілген жұмыстың тиімділігі:

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

Сабақты қандай әдіс-тәсілдер жақсартар еді?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі