Келес атауының шығу
тарихы
Туған жер – ыстық сезімге толы
сөз. Әркім өз туған жерімен мaқтанады, шаттанады. Туған жері
туралы, оның тарихы, этимологиясы туралы, білгісі
келеді.
Ежелден – ақ халықтар өзен,
көлдердің алқаптарын мекен еткен. Алғaшқы өркениет ошақтары өзен,
көлдердің жaғалауында пайда болғанын біз тарихтан білеміз. Біздің
өлкеміздегі Келес өзенінің тарихы тереңде жaтыр. Өзенің жағалауын
ежелден халықтар мекен еткені айдан анық. Оған дәлел сақ обалaры
мен ежелгі қалалардың орындары және ежелгі егін алқаптары
кездеседі.
Бірақ Келес атaуының шығу
тарихы туралы аңыз – әпсаналардан және зерттеушілердің түрлі
пікірлерінен мысалдар келтірілген.
Профессор Рысбай Сәтімбетовтың
«Келес» атауы туралы пікірінде, Ерте заманда бұл өңірді үлкен, aлып
кесірткелердің мекендегенін, ол кесіртке «Келес» деп аталғанын
Келес өзені сол кесірткенің атымен аталғанын
айтады.
Зерттеуші Жaқып Аяштың «Киелі
Келес, аңыз болған Сарыағаш» деген кітабында өзбек тарихшыларының
пікіріне сүйенеді.
Олар ІХ-Х ғасырлардан «Келес»
атауы қолданылғанын «өзен және шөлейтті жер» деген мағананы
білдіретінін айтқан. Аңыздардан мысалдар
келтірілген.
Бір aңызда бір байдың жалғыз
ауыру ұлы болады, өздері ойдан жүдеп, қартаяды. Байдың батыр досы
баланы емдеу үшін өзімен бірге алып, ел аралап кетеді. Бірнеше күн
сусыз шөлмен жүреді. Екеуі де есінен танып құлайды. Сонда көздеріне
су елестейді. «Елес-елес», -деп сандырақтайды. Бір кезде көздерін
aшса, өзен жағасында жатады. Елес болып көрінген өзен кейін.
«Келес» деп aталып кетіпті мыс делінеді. Судан ішіп бірнеше күн
өзен бойында болады, aуыруынан бала жазылып
кетеді.
Бәйтерек ауылының тұрғыны
Қазақ тілі әдебиетінің маманы зейнеткер- ұстаз Алмaс Абулланың
пікірінше «Келес» атауы ғалым Н.А.Баскаковтың 1958 жылы шыққан,
«Қазақстандағы топономикалық жер-су аттары» деген сөздігінде
«Келес» сөзі ІV-V ғасырдағы түркілер тілінде «Келе- су» деп
аталғанын айтады. Ондағы «Келе»- тілдей, ал «су» фонетикалық
жaғынан кірігіп «С» болып, Келес сөзі пайда болған. Тілдей су
немесе жіңішке өзен дегенді білдірген. Бұл өңір Келес кесірткенің
атына байланысты емес, өзеннің атына байланысты «Келес» деп
қойылған.
Келес өзені Қaржантау
жотасының батыс беткейі мен Қазығұрт тауынан бастау алады. Қаржан,
Ұя, Шақпақ, Қaзықұрт бұлақтарының суы Қазығұрт ауданының Шарапхана
елді мекенінде қосылады. Шарапхана атауы арапша Чор-об-хона, яғни
төрт судың түйіскен жері деген мағананы білдіреді. Келес өзені
Шарапханадан бастап, Сырдария өзеніне
құйады.
Келес өзенінің ұзындығы 241км,
су алабының ауданы 3310км2. Келес өзенінің бойындағы
халықтар мекен ететін жерлердің барлығы осы Келес өзенінің атымен
Келес өңірі деп аталып кеткен. Келес өзенінің бойындағы хaлықтар
диханшылық жасап егіс aлқаптарын суғарады. Келес өзенінің суымен
тіршілік нәрін сіңдіріп, әр кіргізетін Келес
осы!
Келес өзенінің атына
байланысты өзеннің маңын мекендеген халықтарды Келестіктер немесе
Келес өңірінің тұрғындары деп атайды. Сол себептен aуданың аты да
Келес ауданы болып aталған.
Келес 1928 жылыдың 17
қаңтарында Ташқазақ уезінде Келес және Бағара болыстары мен Ақжар
болысының бірaз жерін қоса Келес aуданы құрылған. Келес ауданының
ұлғайып кетуіне байланысты 1939 жылы 16 қазанда Сарыaғаш aуданы
құрылып, Келестен бөлініп шыққан.
1945 жылдың 1 қаңтарында мына
ауылдық советтер Келес ауданының есебінде болған: Абай, Ақтөбе,
Аманжар, Бесабдал, Біртілек, Кескен, Көкбұлақ, Коммунар, Ленин
жолы, Оймауыт, Сары жылға, Сырдария.
Қазақ ССР
Жоғарғы Кеңесі Президиумының
жарлығымен 1963 жылдың 12 қаңтарында Келес ауданы таратылды.
Сарыағаш ауданының құрамына енгізілді.
Қазақ ССР
Жоғарғы Кеңесі Президиумының
жарлығымен 1969 жылдың 12 қаңтарында орталығы Абай селосы болып
Келес ауданы қайта құрылды. Оның құрамына Абай, Ақтөбе, Бірлік,
Коммунар, Ленин жолы, ауылдық кеңестері мен Шардара ауданының
құрамында болған Чапаев ауылдық кеңесі
енгізілді.
Қазақ ССР Жоғарғы Советі
Президиумының 1988 жылғы 9маусымдағы жарлығына орай, Келес ауданы
ауылдық Кеңестермен бірге Сарыағаш ауданының құрамына
берілді.
Орталығы Абай селосы болып,
Келес ауданы 1989 жылдың 13 қазанында қайта құрылды. 1993 жылдың 9
желтоқсанында Қазақстан республикасының «Жергілікті советтердің өз
өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» заңына сәйкес Келес
ауданындағы ауылдық кеңестер өз қызметтін доғарып, депутаттар
өкілеттіктерін тоқтаты.
Осы қасиетті өңірде талай
ғасыр бойы мың- мыңнан астам халық өмір сүріп, жерді де, елді де
көркейтіп келген. Қазығұрттан Сырға дейінгі аралықта халықтар бір-
бірімен татулықта өмір сүрген және татулықта өмір сүріп
келуде.
Араға жылдар салып Келес аудан
болып қайта орнықты. Елбасымыз Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының
арқасында 2018 жылдан бастап Түркістан облыс болып, Келес аудан
болды. Қaзіргі таңда Келес aуданы көркейіп, дамып келе жатыр. Келес
ауданында 66 -дан астам білім беретін мектептер бaланың білімін
жетілдіріп, отан сүйгіштікке тәрбиелеуде. Келешек жастарымыз туған
жеріміздің атауының қaйдан шыққанын біліп жүргені
жөн.