Ғ.Мұратбаев атындағы №17
орта мектеп
«КЕМЕЛДІ
КЕЛЕШЕК,
КЕМЕҢГЕР
ЕЛБАСЫ»
«Салауат»
бірлестігі
Ғани Мұратбаев атындағы №17
орта мектебінде
«Салауат » бірлестігінің
1-желтоқсан-Тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырған кештің
іс-шарасы
Диалог
Сахна төрінде
диктор:
-Сәлеметсіздер ме? Түскі сағат
1100. Бұл-басты жаңалықтар уақыты.
Студияда Мұхаммед Әділбекұлы. Қымбатты көрермен, бүгін
көретіндеріңіз:
-Қызылорда облысы, Қазалы
ауданы,Қазалы қаласындағы №17 орта
мектебінде
1-желтоқсан Тұңғыш Президент
күніне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар
арасында «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» атты тақырыбында мәнерлеп
оқу сайысы болып өтті. Сонымен қатар тарих пәнінің мұғалімі
Тілеуқабыл Айгүл мұғалімдердің бас қосқан семинарында өз
баяндамасын оқыды. Ал бүгін ерекше күн. Мектебімізде 9а, 6а, 2а
сыныптарынан құралған «Салауат» бірлестігінің ұйымдастыруымен
«Кемелді келешек-кемеңгер Елбасы» атты іс-шара болғалы тұр. Олай
болса студияға келген қонағымызбен таныстырсам, 9 а сынып оқушысы
Жеткерген Дамир.
Мұхаммед:
-Дамир, сен қалай ойлайсың,
Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың
астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің
арқасында?
Дамир:
-Әрине, Қазақстанның атын
сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.
Мұхаммед:
-Иә,Мемлекетіміз тәуелсіз ел
боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да,
медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму
үстінде. Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес
пе?
Дамир:
-«Тәуелсіздіктің қайта оралғаны-біздің
ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі.
Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ
жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының
арқасы»
деп
Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы,
қол жеткен мұраты.
Мұхаммед:
- Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы
–Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында
отырған» деген мағынаны білдіреді.2005 жылы 4 желтоқсанда
бүкілхалықтық сайлау қорытындысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
қайта Президент болып сайланды.
Олай болса сізді бүгінгі
іс-шарамыздың қонағы болуға
шақырамыз.
Фанфар.
Жүргізуші:
Серпігенде бодандықтың
тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен
жыр-әнім.
Өзің болдың көшбасшысы
елімнің,
Өзің болдың биік ұшқан
қыраным.
Келбетіңнен ізгілік нұр
көрінген,
Лебізіңнен ал арманы
өрілген.
Сенің арқаң- Қазақстан
көркейіп,
Достық әні шарықтайды
төрімнен!
Қайырлы кеш құрметті
көрермен қауым, елімізде 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып аталып
өтеді. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны
бөлек. Себебі өзінің жеке Әнұраны, мемлекеттік рәміздері бар
тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет
алдында еңбегі орасан зор.
Кеңес үкіметі күйреген шақта,
жерінің тұтастығын сақтай отырып, елдің іргесін сөкпей, татулық пен
бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп көтере отырып,
тәуелсіздігі баянды, жасампаз Қазақстан мемлекетін құра білді.
Күрмеуі көп қиын шақта, соқтықпалы, соқпақсыз кезде өзіне сенім
артқан жұртын ешқандай қантөгіссіз өркениетке жетелеген һәм дамыған
әлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Президенттің
орны ерек.
Олай болса бүгінгі тұңғыш
президент күні мерекесіне арналған
«Кемелді келешек-кемеңгер
Елбасы»атты кешімізге қош
келдіңіздер!
Құттықтау сөз мектеп директоры
Сматуллаева Эльмира Айтжанқызына
беріледі.
6 а сынып оқушыларының
орындауында «Жаса, Қазақстан»
әні
Жүргізуші:
Құлыптаулы сыры ашылды
бәрінің,
Кілттеулі болып келген еді әлі
күн...
Ақ тілеумен күткен еді бұл
қазақ,
Елдің жүгін көтеретін Нар
Ұлын!
Ендеше бүгінгі айтулы мерекеде
елбасымызға қандай тілек арнасақ та жарасады. Олай болса елбасына
өздерінің жүрекжарды өлеңдерін 2 а сынып бүлдіршіндері де арнағалы келіпті. Қошеметпен сахна төріне
шақырайық!
2 сынып тақпақ
айтады
Өмірдің судай ағып
өзегімен,
Келеді президенттер
кезегімен.
Елбасы- Назарбаев –егіз
ұғым,
Жасайды мәңгі бірге өз
елімен!
«Қазақ биімен» ортада 6
а сыныбының мың бұралған
бишілері!
Сан ұлттың басын қосып
Қазақстан,
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан.
Елбасы,алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан.
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа,
Әр қазақ берік болсын намысына.
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына.
Бар әлемге шын танылдық міне,біз.
Елін сүйген Елбасы деп бьілеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр
егіз.
Сахнаға өзінің жеке
шығармашылығынан елбасына арнаған «Нұраға» өлеңімен аудандық
байқаулардың жүлдегері жас ақын Тағыберген Ақботаны
шақырамыз.
Жүргізуші:
Ауыр күнді артымызға
тастауы-
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, ділім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім»,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау
кісілік!
Ән: 2 а сыныбының оқушысын
қарсы алыңыздар
Жүргізуші:
Елбасымыз саған мәңгі
разымыз
Үлкен кіші ағайындар
бәріміз
Ұлтым елім деп қайғырған ұлы
жан
Сіз біздердің піріміз де
әніміз
Халқым айтқан жер көтерер ел
даңқын
Елім айтқан ел көтерер жер
даңқын
Президентім, елбасы, аман
болғай
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр
халқым!!
Хор: «Нұр аға» әні
Міне осымен тұңғыш
президент күніне арналған мерекелік сазды кешіміз өз мәресіне
жетті. Келесі кездескенше ел аман жұрт
тыныш болғай!