Материалдар / КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ - БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ - БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жүйесін дамыту үшін елімізде аталмыш сала құрылымдық, мазмұндық бағытта жаңаруда. Озық әлемдік технологиялар енгізіліп, ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Білімнің жоғары деңгейге көтерілген заманда адамның білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналып, мұның өзі заманауи техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызудағы жастарға берілетін тәрбие.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2018
1334
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ - БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ

Макажанова Саяна Капановна

"Қарсақпай агротехникалық колледжі" КММ



Бүгінгі күні жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған, ізгілікті, шынайы демократиялық нышандағы бүкіл адамзаттық құндылықтарды алға шығаратын білім беру жүйесін қалыптастыруда ірі-ірі қадам жасалынуда. Есімі баршамызға белгілі «аққан жұлдыз» атанған Ш.Уәлиханов «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген болатын. Қазір біз азаттық алған, Тәуелсіздігімізге 25 жыл толған егемен елміз.

Ал Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие екеніне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы оқып отырған мекемеміз екендігі баршаға мәлім.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Осы заманғы экономикалық өсімнің басты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация т. б. салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі.

Қазақстандық оқу орындарды жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудің басым бағыттарын, оқушы мен мұғалімнің өзара ынтымақтастығы үлгiсiн білім беру үрдісінде қалыптастыру мен әртүрлі оқу - iс-әрекетін қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиіс екендiгiн анықтап беріп отыр. Бұл басым бағыттар колледждерде бiлiм беруді дамытуға негіз болады. Осыған орай колледждерде әр сатысында оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланады.

Соңғы жылдары әлемдік өркениет талабына сай өріс алған ірі реформалар қатарында білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың орны ерекше. Өйткені, қандай бір мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі оның білім, ғылым саласының дамуымен, өркендеуімен өлшенеді. Білім мен ғылым – еліміздің ең басты байлығы, баға жетпес құндылығы.

Соның ішінде ауыл – ұлтымыздың мәйегі. Бар байлықтың басы рухани байлық десек, ауылды серпілту мен дамыту арқылы ХХІ ғасырдағы қазақ руханиятының қабырғасын қатайтып, мемлекетімізге берік қорған жасаған болар едік. Ол үшін жоғары технологиялы агро­өнеркәсіпті жасауға бағытталған мемлекеттік стратегияны жүргізу. Жолдауда баса айтылған еңбек өнімділігін кешенді түрде өсіру проблемасын ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету үшін де аса қажет. Осы орайда жас мамандарды ауылға тарту, жастардың назарын техникалық және кәсіптік білім алуға аудару, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру және мемлекет тарапынан жастарға қолдау көрсету.

Көптеген елдер өздерінің даму стратегиясын айқындау кезінде білім сапасын бірінші орынға қояды. Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесінде жоғары білімнің орны айрықша. Өйткені, ол жалпы білім, ғылым, мәдениеттің тоғысқан жері әрі кәсіби машықтану алаңы. Бүгінде дүние жүзі мемлекеттері жаһандану үдерісіне үн қосып отыр. Бұдан білім жүйелері де тыс қалған жоқ.

Бүгінде отандық білім беру мен бизнес саласы арасындағы әріптестік байланыс күшейіп келеді. Оған ел экономикасының дамуына қажетті мамандықтар даярлаудың себепкер екенін ескерсек, бұл арнадағы жұмыстар өз ретімен орындалуда. Бұл бағыттағы жүйелі жасалған жұмыстар екінші жағынан аймақтық бәсекені арттырары сөзсіз. Дей тұрғанмен, жасыратыны жоқ, елімізде кәсіптік білім беруді көздейтін стандарттарға енді ғана көңіл бөлініп келеді. Осы ретте ірі кәсіпорындар, кәсіптік білім беру жүйесіне қыруар қаржы салып, жас мамандарды даярлау ісіне белсене қатысуда.

Білім беру жүйесін дамыту үшін елімізде аталмыш сала құрылымдық, мазмұндық бағытта жаңаруда. Озық әлемдік технологиялар енгізіліп, ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Білімнің жоғары деңгейге көтерілген заманда адамның білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналып, мұның өзі заманауи техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызуда.

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі – білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», – деп атап көрсетті.

Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау.

Ол үшін дана халқымыз ұлттық дәстүріміз ұрпақты еңбекке баулу арқылы жаңғырып келгені белгілі. Халқымыз өскелең ұрпақты қарапайым кәсіпке баулып, тәрбиелеудің маңыздылығын жақсы түсінген. Ал бүгінгі күндері, кәсіптік білім беруге, кәсіптік мамандықтарға өз деңгейінде мән берілмеуінен ата дәстүрімізден де қол үзеріміз анық. Бұған мал шаруашылығына, агроөнеркәсіпке, тіпті қарапайым тігіншілік салаларында мамандардың жетіспейтінін айтуға болады. Шындығында әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтары түптеп келгенде, виртуалды қаржы институттарымен емес, адам­ның еңбегімен жасалатынын түсінетін уақыт жетті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» мәселесі аталып көрсетілген.

Жалпы білімнің басты үш міндеті бар, олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу – ең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны дәлелденді. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.

Заман талабы, уақыт ағысы жастарды кәсіби мамандық алуына итермелейді. Қазір еліміздің экономикасы көтерілген, халқымыздың әл-ауқаты, тұрмыс жағдайы жақсарған кез. «Қазақстан- жас мемлекет, біздің болашағымыз да жастар», – деп Елбасымыз ылғи да жастарға қолдау көрсетіп отырады. Болашақта елімізді өркендетіп, өсіретін де жастар.


Әсемпаз бол ма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан, – деп Абай атамыз айтқандай, мамандықты дұрыс тандай білу дегеніміз – болашақ жұмыс адамға қанағат, қоғамға пайда әкелуі екенін біз түсінуміз керек.

Мамандық таңдау кезеңінде білім алушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Білім алушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Өз еліне адал, халқын қастерлейтін, білімді, саналы, рухани құндылықтарды бойына толық қалыптастырған қоғамда өз орнын таба білетіндей кәсіби бағдар беру.

Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.

Жоғары оқу орындары, арнаулы оқу орындарының студеттерімен кездесіп, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру,ғылымға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Кәсіптік білім беретін оқу орнында студенттерге білім мен біліктілік беру – өте жауапты іс. Бұл жерде – ертең ел тізгінін ұстайтын ел азаматы «жеке тұлға» тәрбиеленеді. «Тұлға» деген түсінік – өз ұлтына, мемлекетіне, елі мен жеріне, халқы мен тіліне құрметпен қарайтын, өз ұлтының ұлттық мәдениетін бойына сіңірген, рухы берік, елжанды азамат деген сөз.

Соңғы жылдары Отандық жаңа білім жүйесі «Мәдениет, Білім, Тарих» үштағанына, негізгі талаптар: «Сапа, Құзіреттілік, Бәсекеге қабілеттілік» үштағанына негізделіп, Қазақстанда білім алған азаматтар еліміздің түпкір-түпкірінде сұранысқа ие болатындай дәрежеде білім алуы және тәрбиеленуі көзделуде.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» - деген Н.Ә.Назарбаевтің сөзі жай айтыла салған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді. Өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие екендігінде ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда жас ұрпақты білімге құштар, өмірге, өнерге құмар, адал, батыл да жігерлі етіп тәрбиелеуде ұстаз еңбегі өлшеусіз. Білім беру саласында аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беріп жүрген, қай істе де нұсқау беріп, көмек көрсетуден жалықпайтын ұстаздарымызды мақтан тұтамыз.

Ата-ана және әлеуметтік ортаның серіктестігін қамтамасыз ету арқылы тұлғаны әлеуметтендіру, білім алушылардың рухани және адамгершілік құндылықтарын дамыту, өзіндік таңдау жасауына ықпал ету – ұжымының басты ұстанымы. Осы ұстанымды жүзеге асыру мақсатында колледж өмірінде жас жеткіншек ұрпақтар бойына халқымыздың тілін, тарихын, салт-дәстүрін жаңғырту, өз елінің ұлттық байлығын қадірлеп қастерлейтін білімді, интеллектуалды, саналы азамат болуға тәрбиелеу, рухани мәдениетін дамыту бағытындағы іс-шаралар жүргізу дәстүрлі үрдіске айналды.

Білімді жастарды тәрбиелеу барысында қарастыратын тағы бір мәселе ол дуалды оқыту жүйесі келешекте маманның болашақ кәсібі бойынша жұмыс орнын табу мәселесіне, оқуға да, ынтасына да тікелей әсер етеді. Олар өндіріске маман ретінде бекітіле отырып, оқу барысында ерекше көзқарас қалыптастырып, жауапкерілікті түсініп, қызыға оқиды. Сонымен қатар студент өндірістік ұжымдағы қарым-қатынасқа ерте бейімделіп, әлеуметтік ортаға үйренеді. Бұл жерде еңбек нарығында сұраныс болса, жаңа бітірген жас маман жұмысқа тез-ақ орналасатынын ерекше айтып өткім келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жүйесіне қызмет ететіннің барлығы - біздің еліміздің болашағына қызмет етеді» -деп атап көрсеткендей, дуалды білім беру жүйесі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналаса алуына кепілдік береді, демек «Дуалды оқыту - кадрдың бәсекеге қабілеттілігінің кепілі».

Ақиқатында жастарға дуалды оқыту жүйесі ересек өмірге өтуге бейімделу жеңіл болады. Оқу барысында өз еңбегіне ақы ала отырып, ал кейін жақсы маман жұмыс орнына кедергісіз орналаса алатын болады. Дуалды оқыту жүйесі Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швейцария сияқты көптеген еуропалық елдерде және соңғы жылдары Қытайда және Азияның басқа да елдерінде кең тараған және оң нәтижеге ие болып отыр және осы дамыған елдердің қатарында Қазақстан Республикасыда биік тұғырдан көрінетіне сенімдімін. Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.















Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

2. «Әлеуметтік әріптестік жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығ

3. «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жолдары», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы № 4 (13) 2007ж;

4. «Қазіргі білім беру технологияларының әдіснамалық негіздері» ,Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №8 (20) 2008ж;

5. Интернет беттерінен











ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ ТОЛУЫ МЕН "ЖЕЗҚАЗҒАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНЕ 50 ЖЫЛ: КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ - БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ИГЕРГЕН

ӨСКЕЛЕҢ ӨРЕНДЕР"

атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына тіркелу


Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақпай кенті

Білім беру мекеменің атауы

"Қарсақпай агротехникалық колледжі"КММ

Ғылыми-тәжірибелік конференциясының тақырыбы

"КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ - БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ"

Конференция жұмысына қатысу түрі

Конференция жұмысына қатыспай мақаланы жариялау

Педагогтар үшін: қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы

Альжанов Максут Ерболатович

Телефон, ұялы, е-mail

87772298687


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!