Материалдар / «Кемпірқосақ жолымен даярлық тобына көтерілеміз»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Кемпірқосақ жолымен даярлық тобына көтерілеміз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобының Тәрбиешілеріне арналған тәжірибе алмасу мақсатында қосымша көмек ретінде ұсынылып отырған даярлық тобында өткізілген қорытынды оқу қызметінің сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2022
182
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Күні: 16.05.2022 ж

Білім беру саласы: Қатынас, Таным.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Математика негіздері.

Тақырыбы: «Кемпірқосақ жолымен даярлық тобына көтерілеміз»

Мақсаты:

1) Балаларға жыл бойы өтілген оқу іс – әрекеттеріне байланысты тапсырмаларды бере отырып, білім – білік дағдыларын сараптау

2) Дидактикалық, ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуды жалғастыру

3) Ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: суретші, жеті түрлі – түсті хатқалта, слайд, сандар

Сөздік жұмыс: хатқалта

Оқу қызметінің барысы

Шаттық шеңбері.

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз сізге ақ таңның,

Қуанышын, шаттығын.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қуанышты күн бүгін!

Тосын сәт: суретші келеді (қолында бояулар мен қылқалам)

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?

-Дұрыс айтасыңдар! Мен сендерге әдемі сурет салып алып келдім. Міне қараңдар! (экранда кемпірқосақтың суреті шығады)

-Бұл не? (кемпірқосақ )

Тәрбиеші: -Балалар, сендер даярлық тобына көтергілерің келеді ме? Бұл жай сурет емес, кемпірқосақ жолдары сендерді даярлық тобына апарады.

Кемпірқосақ сөніп қалады.

Суретші: -Ой, не болды? Менің суретім қайда? Енді қалай даярлық тобына өтеміз? Ересек тобында қалып қоятын болдық, өйткені мен бұл суретті қайта сала алмаймын. Себебі кемпірқосақтың түстерінің ретін білмеймін.

Тәрбиеші: -Жоқ, жоқ, бізге даярлық тобына көшу керек. Біз балалармен бірге саған ретін есіңе түсіруге көмектесеміз.

Суретші: -Жарайды.

Тәрбиеші: -Көмектесеміз ба, балалар?

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Сол кезде суретші қалтасынан (сөмкесінен) жеті түрлі – түсті хатқалта алып шығады да тәрбиешіге береді:

-Балалар, бұл кемпірқосақты өз қалпына келтіру үшін мына тапсырмаларды орындау қажет. Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық алып келемін . Іске сәт, мен кеттім! (Суретші шығып кетеді)

Сөздік жұмыс: хатқалта сөзінің мағынасы – конверт.

Тәрбиеші: -Балалар, кемпірқосақ неше түстен тұрады? Сол түстерді атап беріңдерші! -Қай түстен бастаймыз?

1 тапсырма (қызыл хатқалта):

-Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білеміз бе?Көктем айларын кім атап береді?Көктем мезгілі туралы өлең шумақтары кімнің естеріңде бар?(Балалардың өлең жолдары)-Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.

- Кемпірқосақтың қызыл түсті жолы жанады.

2 тапсырма (қызғылтсары хатқалта):

Дид/ойын «Қай дыбыстан басталған?» - айтылған дыбыстарды ажырату.

-Жарайсыңдар! (Кемпірқосақтың қызғылтсары түсті жолы жанады.)

3 тапсырма (сары хатқалта):

Дид/ойын «Сөздерді буынға бөл» -

-Жарайсыңдар! (Кемпірқосақтың сары түсті жолы жанады.)

4 тапсырма (жасыл хатқалта):

Мнемотаблица бойынша ертегіні құрастыру. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру.

-Жарайсыңдар! Кемпірқосақтың жасыл түсті жолы жанады.

Сергіту сәті:

5 тапсырма (көгілдір хатқалта):

- апта күндеріне байланысты сұрақтақтарға жауап бер

- уақытты бағдарлау

-Балалар, 1 аптада неше күн бар?

апта күндерін атап беріңдерші.

-Бүгін аптаның нешінші күні?

-Ертен қандай күн болады?

-Ал енді уақытты бағдарлауға арналған жұмбақтар жасырамын:

1. Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті – қолды жуамыз.

Әкемізге ереміз,

Бақшамызға келеміз. (таңертең)

2. Біз тәртіпті баламыз,

Сабақты да оқимыз.

Серуенге шығамыз, қыдырамыз

Бұл қай кез деп ойлайсың? (-Күндіз.)

Күн батады қызарып,

Анамызды күтеміз.

Бұл қай кез деп ойлайсың? (кеште)


3. «Үйлерде шамдар жанады,

Дем алады бар әлем»,

Барлығы ұйқыға жатады ,

Бұл қай кез деп ойлайсың? (Түнде)

-Жарайсыңдар! Тақтаға қараңдаршы!

6 тапсырма (көк хатқалта):

-1 ден 5-ке дейінгі сандарды тақтада ретімен қойып шығуды ұсынады.

-2, 5, 3 сандарынын көршісін табу.

Қалған балалардан тәрбиеші тура және кері санауды ұсынады.

-Керемет!

Кемпірқосақтың көк түсті жолы жанады.

7 тапсырма (күлгін хатқалта):

-геометриялық пішіндер мен денелер арқылы қеңістікті бағдарлау ( тақтада):

-Ортада не орналасқан? -Ортада дөңгелек

-Дөңгелектің үстінде? –Үстінде үшбұрыш

-Дөңгелектің астында? -Астында сопақша

-Оң жағында? - Оң жағында тіктөртбұрыш

-Сол жағында? - Сол жағында шаршы.

Ойын: «Сыңарын тап, Қарама-қарсы сөздерді ата» (суреттер таратылып беріледі, сыңарын тауып сөздерді айтады)

-Жарайсыңдар!

Кемпірқосақтың күлгін түсті жолы жанады.

Суретші қайтып келіп балаларға алғысын айтады. Сыйлығын беріп, қоштасады.

Рефлексиялық - түзетушілік

-Бізге бүгін қонаққа кім келді?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Кемпірқосақтың неше түсі болады ?

-Қай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: берілген тапсырмаларды орындайды

Түсінеді: ойын шарттарын түсінеді

Қолданады: жыл бойы алған білімдерін көрсете алады


























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!