Материалдар / Кенесары Қасымұлы ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кенесары Қасымұлы ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні мұғалімдерімен сынып жетекшілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2021
352
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ШАРДАРА АУДАНЫ





«Ақалтын» жалпы орта мектебі



DrawObject1





Тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған

1837- 1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс


Сыныбы: 8 (сегізінші)




Тарих пәні мұғалімі: Ж. Муратиярова.







2013-2014 оқу жылы



Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы.

Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн.

Н.Ә.Назарбаев

Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс

Сабақтың мақсаты:

1.Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісі жайлы жан-жақты мағұлмат беру. Көтерілістің мақсатын, барысын, нәтижесі, тарихи маңызы жөнінде білі беру.

2.Патша үкіметіне қарсы бұған дейінгі білімдерін толықтыра отырып өзіндік ой қорытындыларын жаңа білімді меңгеруде пайдалану.

3.Бұл көтерілістің аса маңыздылығы қазақтың үш жүзін және бүкіл қазақ даласын қамтыған ірі көтерілістердің бірі болғандығын және қазақ халқының тәуелсіздікке бағытталған көтерілістерінің бірі екендігін ұғындыра отырып осындай қиындықтармен келген «Тәуелсіздікті» баянды етуге осы ұрпақтың әрқайсысы міндетті екенін ұғындыру

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, сызбалар, тарихи-әдеби кітаптар, аудио DVD.

Сабақтың түрі: Ізденіс-жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу

ІІ. Оқушыларды топқа бөлу:

  1. Төле би ауылы

  2. Қазыбек би ауылы

  3. Әйтеке би ауылы

ІІІ. Оқушыларды топқа бөлген соң, сабаққа деген қызығушылығн ояту, белсенділігін артыру мақсатында сергіту сәті.

Сабақтың барысы

Орындалатын жұмыс түрі

1.

Бәйге

Сұрақ - жауап

2.

Термин сөздермен жұмыс

Интерактивті тақтамен

3.

Тірек -сызбамен жұмыс

Интерактивті тақтамен

4

Математикалық ойын

Интерактивті тақтамен

5

Бейне сұрақ

Интерактивті тақтамен

6

Картамен жұмыс

Картамен жұмыс

7

Кестемен жұмыс

Плакатпен жұмыс

8

Топтастыру

Плакатпен жұмыс

9

Кенесары Қасымұлының шежіресі.

Плакатпен жұмыс

10

Венн диаграмасы

Плакатпен жұмыс

11

Үйге тапсырма

§10 оқуға

Еске түсірейік!

Патша үкіметіне қарсы қандай көтерілістермен таныстық?

Міне сондай көтерілістердің бірі!

Сабақтың тақырыбы:

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

І- кезең –«Бәйге» әр ауылға жеке - жеке сұрақтар беріледі. Олар сұрақтарға жылдам жауап берулері тиіс.

І. Төле би ауылына

  1. XVIIғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет: (Жоңғар)

  2. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастаған қазақ батырлары.(Бөгенбай, Қабанбай,Райымбек, Наурызбай, Баян, Малайсары)

  3. «Аңырақай шайқасы» болған жыл: ((1729-1730жж)

  4. С.Датұлы старшин болған ру: (Байбақты)

  5. 1836-1838ж. қандай оқиғалар болды? (Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі)

  6. С.Датұлы бастаған көтеріліс қанша жылға созылды? (14 жылға)

  7. Ақмола округінің аға сұлтаны (Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы)

  8. Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс қашан болды? (.1822-1825жж)

  9. Бөкей Ордасы қашан құрылды? (1801жылы)

  10. Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері. (1000 сом)


ІІ. Қазыбек би ауылы

  1. 1715 жылы Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры: (Қайып хан)

  2. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: ( Анна Иоанновна)

  3. Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген: ( А.Тевкелев)

  4. Абылай хан өмір сүрген жылдар.

  5. Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар? (1773-1775 жж.)

  6. Исатай Тайманұлы шыққан ру.(Беріш)

  7. Исатай қаза тапқан шайқас: (Ақбұлақ)

  8. Ақмола әскери бекінісінің негізін қалаушылардың бірі.( Шубин Федор Кузьмич)

  9. Патша үкіметі Ғұбайдулланы қайда,қандай қызметке тағайындады? (Көкшетау округі,аға сұлтан)

10.Жаңаелек шебін жасауда қазақтар қанша жерлерінен айырылды? (600 мың десятина)

ІІІ. Әйтеке би ауылы

  1. Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған: (Әбілқайыр хан))

  2. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: (1731 жыл)

  3. Парша үкіметініңқолшоқпарына айналған «қуыршақ» хан: (Нұралы хан)

  4. Абылайдың бас мирасқоры кім? (Уәли)

  5. С.Датұлы бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар: (1783-1797 жж.)

  6. Махамбеттің жақын досы.(Исатай тайманұлы)

  7. Кіші жүздің соңғы ханы: (Шерғаы)

  8. Жәңгір хан өмір сүрген жылдар: 1801-1845 жж.)

  9. Жаңаелек шебі қашан құрылды? (1810 ж)

  10. «Хан емесің ылаңсың, қара шұбар жылансың» деген өлең жолдары қай ханға арналға? (Жәңгір ханға)

ІІ- кезең. Термин сөздермен жұмыс

Мешіт – мұсылман қауымының намаз оқуға жиналатын, Аллаға сиынатын орны.

Зайырлы – Діни емес, азаматтық өмір.

Жұт- қыс қатты болған жылдарыаштықтан, суықтан малдың қырылуы, мал өлімі, індет.

Отан соғысы – Отанды сыртқы жаудан қорғап қалуға бағытталған азаттық соғыс.

Аманат – кепілге берілген адам.

Казактар – Ресейдің шет аймақтарында қызмет атқарған әскери топ.

Отар ел- мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылған ел.

Қоңтайшы – Жоңғар хандығы билеушісінің лауазымы.

Империя – император басқаратын , отарлық иеліктері бар монархиялық мемлекет.

Сепаратизм – өзінше бөлініп шығуға, жеке билікке ұмтылу.

Жайық – Орал өзенінің аты

Тілмаш – бір тілден екінші тілге аударатын адам.

Жасақ-мемлекет пайдасына алынатын салық.

Старшин- ру басшысы.

Барымта- жауласқан екі рудың бірінің –бірі мал-мүлкін күшпен тартып алып, кек қайтаруы.

Құн –кісі өлтірген адам тарапынан төленетін төлем.

Манап- қырғыздардың ақсүйек рубасшылары.

Зекет- мал өсірушілерден алынатын салық

Ұшыр- диқандардан алынатын салық

Баж салығы-көпестердің сауда кереуендерінен алынатын салық

Мыңбасылар- ерекше көзге түскен сарбаздар

Айырым- хан әскері.

ІІІ-кезең. Тірек -сызбамен жұмыс

І топ: Төле би ауылына

Көтерілістің басталу себептері

ІІ топ: Қазыбек би ауылына

Көтерілістің мақсаты

ІІІ топ: Әйтеке би ауылына

Көтерілістің басты қозғаушы күші


ІV-кезең. «Математикалық ойын»

І топ: Төле би ауылына

  1. 2000-800+637=1837 (Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етіп жеңді)

  2. 1800*2-1759=1841 (Қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды)

ІІ топ: Қазыбек би ауылына

  1. 90*21-48=1842 ( Сотниковтың отряды Кенесарының ауылына қарақшылық шабуыл жасады)

  2. 1000+900-53=1847 (Сәуір айында Кенесары он мыңдай қолымен Қырғызстан жеріне басып кіреді).

ІІІ топ: Әйтеке би ауылына

  1. 1000*2-157=1843 (Қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығады).

  2. 3000:2+344=1844 (Кенесары хан Тобыл өзенінің жоғарғы ағысында Жантөре сұлтанның әскеріне күйрете соққы береді).

V-кезең. Бейне сұрақ

  1. Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберген уақыт: (1938 жылғы мамыр )

  2. Кенесарыға одақ жасауды ұсынған қай елдің ханы: (қоқан ханы)

  3. 1845 жылы Кенесары ауылына келген орыс елшілері кімдер еді?

(Долгов пен Герн)

VI-кезең. Картамен жұмыс

  1. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығынан тартып алаған Жаңақорған, Жүлек және Созақ бекіністеріжәне 1846 жылы тағы бір мықты бекінісі Меркіні тартып алды.

  2. Патша үкіметі Ырғыз өзенінің бойында Орал, ал Торғай өзені бойында Орынбор әскери бекіністерін салуға кірісті.

  3. 1843 жылдың тамыз айында сұлтандар А.Жантөеұлы мен Б.Айшұуақұлы бастаған екінші әскер жабдықталды. Онымен бір мезгілді Омбыдан, Петропавлдан, Қарқаралыдан да әскерлер шықты.

VII-кезең. Кестемен жұмыс

Қазыбек би ауылына.


Кенесарыға қойылғанпатша үкіметінің талаптары


1. Патша үкіметі белгіленген шектеулі аймақта ғана көшіп қонуға тиіс болды.

2.Кенесары соғыс қимылдарын толық тоқтатып Ресейге бағынуға тиіс болды.

3.Кенесарыға қылмыстық істерді қарауға рұқсат берілмеді.

4.Орынбор ведмоствосына қарайтын қазақтардың барлығы Ресей империясына

1 сом 50 тиын түтін салығын төлеп тұруға міндетті болды.

5.Ресейге ұнамайтын шет елдермен қарым-қатнас жасауға рұқсат етілмеді.


Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі


1.1836 ж-інісі Саржан, Есенгелді, Ержан сұлтанды

2. 1840ж -әкесі Қасым төрені өлтірді


Кенесарының Қырғыздарға арнаған үндеуі:



«Менің мұна келгенімінің мақсаты-сендермен жауласу емес,керісінше қазақтар менқырғыздардың басын қосып күшейту,оларды қоқандықтардың қол астынан құтқарып алу»

Жазалаушы топ өкілдері

Генерал-губернатор Обручев, Вишневский, полковник Геке, Бизанов, Лебедев, Ахмет Жантөреұлы, Баймағанбет Айшуақұлы т.б

Әйтеке би ауылына.

Төле би ауылына

Көтерілістің тарихи маңызы.


1.Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс

2.Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстығын көрсетті

3.Кенесары Абылай ханның ісін жалғастырушы тұлға

Көтерілістің жеңілу себептері

1.Бірқатар феодалдардың тптарының Кенесарыны қолдамауы

2.Ресейдің жақсы қаруланған әскеріні қарсы тұралмады.

VIIІ-кезең. Топтастыру

1. Төле би ауылына

DrawObject2










2. Әйтеке би ауылына

Кенесары Қасымұлының шежіресі.


DrawObject3


























3. Қазыбек би ауылына


Венн диаграммасы

DrawObject4















V. Оқушылардың білімдерін бағалау

VI. Үй тапсырмасы:

Кенесары Қасымұлы жайлы зерттеушілердің қазіргі таңдағы зерттеулері жайлы мағұлматтар біліп келу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!