Кең дала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кең дала

Материал туралы қысқаша түсінік
Кең дала
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ: Кең далада саяхаттау


Күні:

Оқытушының аты-жөні: Таурбаев А.Р.

СЫНЫП: 1 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту

Сабақтың мақсаттары

1.3.3.1 Идеяларын шығармашылық түрде ұсыну және нақты

тәсілдермен сезімдерін білдіру


Жетістік критерийлері

Оқушы саяхат түрлерін және көлік түрлерін ажырата алады;

- оқушы өз идеясын, ойын іске асыруда әр-түрлі материалдарды қолданады;

- әр түрлі материалдармен жұмыс жасай алады


Тілдік мақсат

Өз қолымен жасаған жұмыстарын қайсысы жақсы жасалғанын, қайсысын жақсартуға болатынын сипаттай отырып, ауызша баға беру


Талқылауға арналған сұрақтар

Сіз ... бейнесін қалай жасай аласыз?

Сіз қандай құрал-саймандарды қолданатын боласыз?

Тірек сөздер

форма (пішін), бүктеу;

қию, сурет салу, тесу, желімдеу, жабыстыру, ерекшелік;

көлік, құрылым, ұқсас, карта, қарындаш;

Алдыңғы оқу

Оқушы түрлі түсті қағазбен, ермексазбен, қайшы, желіммен жұмыс жасай алады.


Жоспар

Жоспарланған уақыт



Басталуы

5-7 минут










Ортасы

17-20

минут
























Аяқталуы

3-8 минут


Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)


Кең далада саяхаттау

Ұйымдастыру бөлімі

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу

(С, Қ) Қазақ даласының бейнежазбасын қолдану арқылы оқушылармен кең даланы елестетіп саяхатқа шығыңыз.

Қазақстан аумағының көп бөлігін кең дала алып жатқандығын түсіндіріңіз. Кең далада жиі кездесетін жануарлардың бірі - жылқы.

(С) Әңгімені жылқылар және олардың ерекшеліктері жайында бастаңыз. Көшпелі қазақ өмірінде жылқының ерекше орын алатындығын түсіндіріңіз.

(Т, Ө, Қ) Оқушыларға алақандарының көмегімен жылқының басын салуды ұсыныңыз. Тапсырма қиындық туғызған оқушыларға нұсқаулық бойынша салуды ұсыныңыз:

1. Тігінен жатқан парақ бетіне оқушылар алақандарын қояды. / саусақтары дұрыс орналасқандығын қадағалаңыз./


2. Бас бармақты және шынашақты кереді. Қолдың сұлбасын балауыз бормен айналдырып сызып шығады.

3. Алынған суретке жылқының жалын,

 көзін және тістерін салу керек.

4. Көкжиек сызығын өткізу керек. Балауыз бормен қызғалдақ, бұлт, күн салу керек. /Жұмыс барысында оқушыларды бақылап отырыңыз. Қажет болғанда, қиыншылыққа кездескен оқушыларға көмек беріп, қолдаңыз/

(Т, Ж) Келесі критерийлер бойынша бағалау жүргізіңіз:

1. Салынған суреттің жылқымен ұқсастығы.

2. Екі материалды пайдалану.

3. Жұмыстың таза орындалуы.

Жұмыс істегенде абай бол!Іске сәт!

Жұмыс уақытын белгілеу


Барлық оқушылар достарының жұмыстарымен танысады,бағалайды



Ресурстар







Қазақстандық және шетел суретшілерінің еңбектері







Альбомдар

Қағаз

Акварель бояулар










Суға арналған ыдыстар

Қаламдар мен қылқаламдар

Балауыз борлар



Рефлексия:

Бүгін не үйрендің?

Қандай қиыншылықтармен кездестің?

Не қызықты болды?


(МК,Ұ) Мұғалім жалпы сабақ барысына, оқушылардың жұмыстарына талдау жасайды, жұмыс орынын жинастырады




Қосымша ақпарат

Саралау –

Көбірек қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?


Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

Үлгімен

көмектесу

Смайликтер,

Рефлексия:

Сұрақ-жауап

Дүниетану

Интернет-ресурстар

Рефлексия

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары сəтті болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе?


Өз сабағыңыз туралы рефлексияны төмендегі бос орынға

жазыңыз. Сол жақтағы бағанада келтірілген сұрақтардың

арасынан Сіздің сабағыңызға сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
1216
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі