Материалдар / Кеңес ата-аналарға «Әдеби шығармалар арқылы баланың тілін дамыту»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кеңес ата-аналарға «Әдеби шығармалар арқылы баланың тілін дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Кеңес ата-аналарға «Әдеби шығармалар арқылы баланың тілін дамыту» Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2022
325
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-аналарға кеңес

«Әдеби шығармалар арқылы баланың тілін дамыту»

Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.

Әрине, мектеп жасына дейінгі сәбилердің әдеби шығармаларды оқи алмайтыны мәлім. Олар әдеби шығармаларды тәрбиешінің мәнерлеп оқып беруі бойынша ғана сөз сырын санасына ұялатады.

Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленбеген, әлі мектеп жасына жетпеген ауылдық жерлердің сәбилері кішкентай күнінен өз әже-аталары мен әке-шешелерінен естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынан нәр алып өсетіні белгілі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады. Мысалы: «Торғай», «Бақа-бақа балпақ», «Қарғалар», «Санамақ», тағы басқалар сияқты халық өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, музыкалық үнімен бөбектерді баурап, сөз өрнегіне баулиды.

Сол себепті де «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы арнайы бөлім, 2-ден 3 жасқа, 3-тен 4 жасқа дейінгі балаларға халық ауыз әдебиеті үлгілерінен «Бесік жыры» сияқты ойнақы өлеңдер, санамақтар берілді.Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді – бойын қорқыныш билейді. Сәбилерде жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал тілінің дамуы – баланың бойында қабылдай – ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға оқып беретін шығармалар, негізінен, үш салаға бөлінеді:

1) ауыз әдебиеті нұсқалары;

2) классик жазушылардың шығармалары;

3) қазақ жазушыларының шығармалары.

Осы саладағы шығармалар тәрбиешіге арналған бағдарламалық материалда нақты жүйеге бөліп берілген.

Әдеби шығармаларды оқу мен сабақты жоспарлауда мына жағдайларды өте мұқият ескеру керек:

1. Әрбір шығарманы оқып берерде баланың жас ерекшелігі, осыған

байланысты тәрбие жұмысының мақсаты мұқият ескерілуі шарт. Шығарманың лайықтысын ғана алу керек. Мысалы, сәбилер (3-4 жасар балалар) алғаш рет балабақшаға келді делік. Олардың көпшілігі әлі дұрыс сөйлей алмайды, балабақшада болатын жайттармен, ойыншықтармен әлі таныс емес. Сондықтан алғашқы үш-төрт айда тәрбие жұмысының бәрі, оның ішінде әдеби шығарманы оқып, тыңдату, көбінесе ойын түрінде өтіледі. Ол үшін ойынға негіз боларлық, суретті (суреті өте күрделі болмасын) шығармалар керек. Көлемді шығарманың лайықты бөлімінен кейбір үзінді ғана алынады.

2. ана тіліне арналған жоспар 14-15 күнге лайықталады. Жоспарда қандай шығарма оқылуы керек, оған байланысты бақылау жұмысы, суреттер, ойындар нақты көрсетіледі. Әрбір ойынның мақсаты белгіленеді (білімін бекіту немесе сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға жаттықтыру сияқты).

3. оқылатын шығарма тәрбие жұмысының әр саласын қамтитын болсын. Мысалы: жануарлар, жыл мезгілдері, еңбек, мерекелер туралы және тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулитын шығармалар.

4. сәбилер тобында (3-4 жас) тәрбиеші шығарманы мәнерлеп жатқа айтып беруі керек. Бұл тұста тәрбиеші балаларды түгел бақылап отыратын болады. Тәрбиешінің шығарманы жатқа айтып беруі балаларға қызықты болады, оларды жалықтырмайды. Өйткені бала тәрбиешіні тыңдай отырып, әр сөзді дұрыс айтуға тырысады. Сәбилерге тақпақты арнайы жаттату қиын. Сондықтан тәрбиеші өзі жатқа айта отырып, шығарманың қажетті шумағын ойын ретінде қайталау кезінде біртіндеп өзіне ілесіп айтуға үйретеді.

5. көркем шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнын сурет арқылы жылдам түсінеді. Бала кейде кітаптың бетін ашып отырып, суреттің астына жазылған өлең жолдарын дәл тауып, өз бетімен оқып отырғандай әңгімелеп береді. Сондықтан тәрбиеші қажетті шығарманы оқудан бұрын, суретті көрсету арқылы (сәбилер үшін) әңгімелеседі. Соңынан шығарманы оқып береді. Ересек балаларға шығармаға байланысты қажетті суретті шығарма оқылған соң берген дұрыс. Өйткені шығарманы оқудан бұрын сурет көрсетілсе, балалардың бар ынтасы сол суретке ауады да, тәрбиеші оқығанда зейін қойматын болады.

Мектепке дейінгі балалардың сөз қорының басым көпшілігінің зат есім, етістік сөздерден болатыны, ал сын есім, сан есім, есімдік, тағы басқа сөздердің сөз таптарының аздығы көрініп жатады. Сондықтан сөзге үйрету ісінде заттың түр–түсі, формасы, кейде түрі ұқсас заттарды салыстыра отырып жауап алу, білмегенін түсіндіру қажет. Екінші кезекте «Сен нені қалайсың?», «Танып ал, атын ата» деген дидактикалық ойын (ұсақ суреттемен) ойнату орынды. Енді бірде қысқа тақпақтар оқылады. Сабақ жемістер жайында болса, олардың суретін көрсете отырып, тақпақ оқылады.

Тәрбиеші суреттерді көрсете отырып, Жеміс ағаштары көктемде қайтеді? Қандайжемістердібілесіңдер? Дәмі, пішініқандай? Шиеніңдәміқандай? Алманыңдәміқандай? Пішіні неге ұқсайды? деген сұраққа жауап алынады. Көркем әдебиет шығармалары балалар алдына адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне қызығушылық тудырады және сөздік қорын байытады. Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану-қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастайды. Оларда адамгершілік сезім – қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастайды.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!