Материалдар / Кеңес: "Бала психологиясы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кеңес: "Бала психологиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала бір-біріне ұқсас болып дүниеге келгенімен, кейін олардың қандай қасиетке ие болатынын тек тәрбие шешеді. Ал тәрбиенің өзі балабақшада, үйде болсын әрбір қоғам дәуіріндегі өндіріс қатынастарына байланысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2019
755
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала психологиясы – балдырғанның психикалық даму факторлары мен заңдылықтарын: оның іс - әрекетінің дамуын,псхикалық процестерінің және салаларының дамуын,оның жеке басының қалыптасуын зерттейтін ғылым.Психикалық

дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық процестер мен сапалардың

қабылдаудың,зейіннің,қиялдаудың,есте сақтаудың,ойлаудың,сөйлеудің,мінез-құлықтың

еріктің – басқаруының бастапқы формаларының пайда болуы, өзгеруі және жетілуі құрастырады.

Бала дамуының ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен көрінеді. Бала өзімен

қатар басқа балалармен қарым-қатынас жасай бастайды. Бұл кездегі баланың жетекші

іс-әрекеті – ойын. Ойынның арқасында балада сапалы психологиялық өзгерістер

пайда болып,онда үйрену әрекетінің негіздері қаланады. Бір баланың екінші баладан

күш-қуаты дене бітімі жағынан ерекше болуы заңды.Бірақ біз бұл жерде дара ерекшелік деп,баланың психологиялық қасиеттерін, яғни темпераментінің, мінезінің,

сана- сезімінің, т.б. ерекшеліктерін айтамыз.

Бала бір-біріне ұқсас болып дүниеге келгенімен, кейін олардың қандай қасиетке

ие болатынын тек тәрбие шешеді. Ал тәрбиенің өзі балабақшада, үйде болсын әрбір

қоғам дәуіріндегі өндіріс қатынастарына байланысты.

Балалар психикалық ерекшелігі жағынан алып қарағанда, әрбіреуінің өзінше

азды- көпті өзгешелігі бар. Әр баланың өзіндік дара ерекшелігі бірдей болуы міндетті

емес, керісінше,зейіні мен құлқын тексере отырып,оның өзіндік ерекшелігін ілгері

қарай дамытуға жағдай туғызып, оны өсіріп жетілдіру қажет.

Балаларды зерттеп бақылауда олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психикалық

Қасиеттерінің ылғи бір қалыпта болмай, үздіксіз дамып отыратындығын да ескерген

Жөн.Мысалы,бір жастан екінші жас кезеңіне көшкенде балалардың бұрын дамып,қалыптасып келген қасиеттері біожолата жойылып кетпейді, әртүрлі өзгеріс-

терге ұшыраса да, негізінде, сол қалпында қалады. Осының негізінде жаңа психикалық

қасиеттер пайда бола бастайды. Олай болса, балалардың дара ерекшеліктерімен күнде-

лікті танысып, олардың өзіндік мінез- құлықтарын аңдағанда, оны сол уақыттағы жағ-

дайдан іздестіріп қоймай, олардың қазірге дейінгі даму ерекшеліктерінен, жалпы айт-

қанда, үй ішіндегі, балабақшадағы тәрбие жағдайының ерекшеліктерінен іздестірген

жөн. Мұның өзі олардың психикалық қасиеттерін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Сондықтан әр баланың түрлі қасиеттерін жете біліп,соған сәйкес тиісті әдіс

Қолдану баланы арнйы тапсырмалар беріп, белгілі бір мерзім ішінде бақылап білу

қажет болады. Осы айтылған негізгі ғылыми принциптер мектепке, гимназияға оқуға

алынатын балалардың өздеріне тән қасиетттерін айқындауға мүмкіндік береді.

Баланың мінез- құлық қасиеттерін,дара ерекшеліктерін дұрыс қалыптастыру

жұмысы оны мектепке дайындау кезінде ғана емес нәрестелік шағынан басталады;

ол арнайы оқытумен шектелмейді – балалардың дербес іс- әрекеті арқылы дамып,

ойында, еңбек етуде,улкендермен және құрбы- құрдастарымен қарым-қатынасында

жүзеге асады.

Бала тәрбиесінің және білім деңгейінің өрістеуін тек түсінік шеңберінің сандық

өсуі деп қана емес,ең алдымен олардың саналық ойлау қабілетінің қалыптасуы деп

түсіну керек.Бала ойының дамуы екі бағытта; ақыл-ой артуы мен оған түсінікті білім

қорының жинақталуы негізінде жүреді.

Мектепке дейінгілердің психикалық және дербес ерекшеліктері туралы тақырыпты аша отырып,сынып,гимназия жетекшісі бала тәрбиесімен байланыстыра

отырып, бұл сұрақтың маңыздылығын ата-аналарға ескертеді. «Егер педагогика адамды жан-жақты тәрбиелеуді мақсат тұтса,онда ол,ең алдымен,адамды жан-жақты

тануға ұмтылуы керек» - деп жазған ұлы педагог К.Д.Ушинский.Баланың психологиялық және дербес ерекшеліктерін ескеріп ұғынбай оны дұрыс тәрбиелеу

мүмкін емес. Бірақ барлық ата-аналардың педагогикалық білімі бұған жеткілікті емес.

Тәрбиешінің міндеті – ата-аналарға мектеп жасына дейінгі балалық шақтың әрбәр

даму сатысында олардың психикалық дамуының маңызды жақтарынан мағлұмат беру.

Балалық шақтың әрбір кезеңіне тән балалардың танып білу және көре білу ерекшеліктері мен өз баласы бойынан нені бақылау қажеттігін ескере отырып, тәрбиенің тиісті әдістерін ұсыну.

Мектеп жасына дейінгі балаға еліктеуге бейімділік,албырттық ақыл-парасаттан

сенімнің басымдылығы, жігерлі тырысуы мен өзін - өзі бақылау қабілетінің жетіспеушілігі, өмір тәрбиесінің жоқтығы,жаңаны ашуға ұмтылу,өзімшілдікке салыну – сияқты ерекше қабілеттіліктер тән,бұның бәрі балалық шақтың табиғи серіктері.

Мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс жетілуі көптеген жағдайларға байланысты. Әсіресе, баланың дербес психофизиологиялық ерекшеліктері мен түйсіну қабілеті, тұрмыс жағдайы,баланың дамуын жеделдететін ата-ана талабы, жанұядағы көңіл- күй, үлкендердің баламен қарым-қатынас түрі, үйелмендік мақсат – мүдде және басқа жағдайлар аса маңызды. Сондықтан,тәрбиелеуде әрбір баланың бабын таба білу керек..





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!