Материалдар / «Кеңістіктегі перпендикулярлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 3 тоқсан, Геометрия, 10-сынып ЖБ бағыты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Кеңістіктегі перпендикулярлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 3 тоқсан, Геометрия, 10-сынып ЖБ бағыты

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып Геометрия пәнінен «Кеңістіктегі перпендикулярлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 3 тоқсан, Жаратылыстану-математика бағыты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2024
574
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кеңістіктегі перпендикулярлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқыту мақсаттары 10.1.2 Тікбұрышты параллелепипед анықтамасын және қасиеттерін білу

10.3.7 Тікбұрышты параллелепипедтің қасиеттерін қорытып шығару және есептер шығаруда қолдану

10.3.6 Жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы ауданының формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері:

Тікбұрышты параллелепипедтің қасиеттерін қолданады

Жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы ауданының формуласын қолданады

І нұсқа

1. а) Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері: 1; 4 және 5. Оның диагоналын есептеңіз.

b) Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері: 3; а; 2 және оның көлемі 30. Тікбұрышты параллелепипедтің белгісіз өлшемін табыңыз.

2. Үшбұрыштың ауданы 36, ал оның α жазықтығындағы проекциясының ауданы . α жазықтығы мен үшбұрыш арасындағы бұрыштың косинусын табыңыз.

3. Тең бүйірлі үшбұрыштың ортогональ проекциясы – қабырғасы 4 см болатын дұрыс үшбұрыш және тең бүйірлі үшбұрыштың табаны оның проекциясының бір қабырғасымен беттеседі. Егер, осы үшбұрыштарды қамтитын жазықтықтардың арасындағы бұрыш 600 болса, онда тең бүйірлі үшбұрыштың табанына түсірілген биіктікті табыңыз.



ІІ нұсқа

1. а) Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері: 2; 3 және 5. Оның диагоналын есептеңіз.

b) Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері: 3; а; 2 және оның көлемі 24. Тікбұрышты параллелепипедтің белгісіз өлшемін табыңыз.

2. Үшбұрыштың ауданы 28, ал оның α жазықтығындағы проекциясының ауданы . α жазықтығы мен үшбұрыш арасындағы бұрыштың косинусын табыңыз.

3. Тең бүйірлі үшбұрыштың ортогональ проекциясы – қабырғасы 4 см болатын дұрыс үшбұрыш және тең бүйірлі үшбұрыштың табаны оның проекциясының бір қабырғасымен беттеседі. Егер, осы үшбұрыштарды қамтитын жазықтықтардың арасындағы бұрыш 600 болса, онда тең бүйірлі үшбұрыштың табанына түсірілген биіктікті табыңыз.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тікбұрышты параллелепипедтің қасиеттерін қолданады

тікбұрышты параллелепипедтің табанының диагоналын есептейді;

1

тікбұрышты параллелепипедтің диагоналын есептейді;

1

1b

тікбұрышты параллелепипед көлемінің формуласын қолданады;

1

тікбұрышты параллелепипедтің белгісіз өлшемін анықтайды;

1

Жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы ауданының формуласын қолданады


ортогональ проекция ауданының формуласын қолданады;

1

жазық фигура мен оның ортогональ проекциясы арасындағы бұрыштың косинусын табады;

1


есеп шартына сай сызбаны сызады;

1

ортогональ проекция ауданының формуласын қолданады;

1

тең қабырғалы үшбұрыштың ауданын есептейді;

1

тең бүйірлі үшбұрыштың ауданын өрнектейді;

1

тең бүйірлі үшбұрыштың табанына түсірілген биіктігін табады

1

Барлығы:

11



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!