Материалдар / Керексіз заттардың екінші өмірі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Керексіз заттардың екінші өмірі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Керексіз заттардың екінші өмірі. Мақсаты: Үйімізді және қоршаған ортаны әдемі және таза сақтау үшін керексіз болмай қалған заттарға қолданыс табу. Үйдің тазалығын және біздің ауылымыздың экологиясын сақтау үшін жағдай туғызу. Қоршаған ортаны сақтау үшін керексіз заттарға екінші өмір сыйлау және оны өмірде қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2020
1293
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Керексіз заттардың екінші өмірі.


Мақсаты: Үйімізді және қоршаған ортаны әдемі және таза сақтау үшін керексіз болмай қалған заттарға қолданыс табу. Үйдің тазалығын және біздің ауылымыздың экологиясын сақтау үшін жағдай туғызу.

Қоршаған ортаны сақтау үшін керексіз заттарға екінші өмір сыйлау және оны өмірде қолдану.

Көрнекіліктер: Қажет емес заттар, желім, қайшы, қалам, тастар т.б.

Кез келген үйден істен шыққан, керексіз заттардың табылары анық. Сол керексіз заттарды далаға лақтырмай, пайдаға асырып көрдіңіз бе? Орайын тапқан адам күл-қоқыстың өзінен де өзге бірдеңе жасап шығарады. Ол үшін қиялға қанат бітіріп, ақылға жүгінсеңіз болғаны. Сіз жасап шығарған нәрсенің тұтынуға тиімді болғаны абзал. Әрине басқадан ерекше, өзгеше бір нәрсе ойлап табамын десеңіз тіпті керемет.

Осы орайда бізге үйдегі қоқыстарды жыл сайын сыртқа шығару арқылы үлкен қоқыс болып жиналатынын білдік. Онда адам денсаулығына үлкен зиян келтіретін заттар болатыны бірден – бір анық екені айтылған. Сол қоқыс жиналған жерден көптеген пайдалы заттарды да табуға болады. Олар: тау-тау болып үйіліп жатқан газеттер мен пакеттер, шыны ыдыстар, пластик бутылкалар және т.б. Көптеген заттарды өндірісте де қолдануға болады. Ал, адамдар күн сайын қоқыс шелегіне қанша заттарды лақтырады екен?-деген сұрақты қоя отырып, мынадай тұжырымға келдік.

Керексіз заттар.

Заттарға екінші өмір сыйлау үшін жұмыс түрлерін қарастыру және оны орындау.

Осындай мәліметпен тәрбиеленушілерді таныстырып, олармен керексіз заттармен не жасауға болатынын ойластырдық. Осы орайда, бізге қажет емес мата қиындылары, тақпайтын орамалдар қажет болады. Қазіргі заманға сай басқа тағатын орамал тігеміз.

Қажет заттар:

- орамал, шарфтар;

- қайшы, жіп, резина, бор;

- керек емес киім

- әшекей тастар, моншақтар;

Осы заттарды жинастыра келе, біз мынадай орамал жасап шығардық. Алдымен бастың өлшемін аламыз, сосын матаға түсіреміз. Тік төртбұрыш етіп ұзындығы: 40-45см, ені: 18-20см екі дана, ұзындығы: 10см, ені: 8см етіп бір дана мата қиындыларын қиып аламыз. Екі ұзын қиманы ұзындығынан тігіп шығамыз, аударып үтікке басып шығамыз. Екі жолақшаны айқастырып бастырып тігеміз. Егер жұқа мата болса арасына флизелин немесе қатты мата салып тігіп шығамыз.

Үшінші қиманың арасына резинаны салып, екі бүктеп тігеміз. Аударып бастырып үтіктейміз. Дайын болған мата бөлшектерін бір-біріне қосып тігіп шығамыз. Соңынан орамалды өз еркінше моншақпен, тастармен әшекейлеп шығамыз.







Жобаны зерттеу кезіңде біз мынадай нәтижеге қол жеткіздік. Негізінен бұл жоба мені өте қатты қызықтырды. Неге дейсіз бе? Мен іс-тігуді, заттардан бір нәрсені жасап шығаруды жақсы көремін. Қуыршақтарыма арнап киім және ойыншықтарды тіге аламын. Осы жобамен айналысқан кезінде мен шығармашылық қабілетім одан сайын жетілдірілді. Менің ғана емес сонымен қатар сыныптастарымнын қабілеттері дамыды, қызығушылықтары артты. Әрбір адам өз үйіне және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын таза сақтау үшін өз үлесін қоса алады. Ол үшін керексіз заттарды дұрыс қолдана білу керек.

Қорытынды: Адамдар есте сақтаңыздар! Қоқыс ол тек қана лақтырылған қағаз ғана емес, бұл- машиналардан шыққан газдар, мұнай қалдықтары, өзенге ағызылған лас сулар. Онымен қоса біз үйдегі заттарды лақтырып одан сайын ластаймыз.

Баяғыда бір данышпан «Әлемді қоқысқа толтырып қайтесіз. Бұл әлем онсыз да лас» деп өте дұрыс айтыпты. Қоқысқа лақтырылған заттар туған жерімізді ластап жатыр. Ендеше әр нәрсенің артын ойлап, керексіз заттарды «керек» қылып үйренейік.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!