Барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ
мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ
асыраудың жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін
нәрсе. Кімде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет
етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында
істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ, әр өнер, әр
қызмет мемлекетке, әлеуметке
қажет».
Мамандық таңдау – өте жауапты және маңызды
іс.
Ж.
Аймауытов
Адамға тән қасиет – болашақты
болжау, армандау.
Адамның мақсаты болмаса
ештемені де тындыра алмайды.
Болашақты армандай білу де ұлы
даналық, себебі арман өмірге қызықтырады, оны сұлуландырады, өмірді
алға ғарыштатады, өргете алады.
Арман адамның жарық жұлдызы,
айқын бағдары, онсыз алға басу да, тірлік те жоқ. Олай болса, алға
ұмтылу – өмірдің мақсаты.
Сабағымызды бастамас бұрын, алдымен тренинг ережелерімен
танысып алайық.
Ереже:
-Белсенді қатысу;
-Тыныштық сақтау;
-
Бірін-бірі тыңдау;
- Ойын
ашық айту;
-
Бір-бірін сынамау;
-
Ынтымақтылық;
Миға
шабуыл:
Біз сіздермен мамандықты
тандау туралы кішкене әңгімелесейік. Әр адам өмірде өз орнын табу
керек. Мамандық тандау бұл өте күрделі
процесс.
-
Мамандық дегеніміз не? (еңбек
іс-әрекетінің бір түрі, бақшадағы жұмыс – ол да
жұмыс);
-
Ең алдымен мамандық алу үшін
не қажет? (білім)
-
Мамандық пен басқа еңбек іс
әрекеттен айырмашылығы неде?
-
Президент, еден жуушы – бұлар
мамандық па? (жоқ өйткені оларды ешқайда оқытпайды, бірақ еңбек
іс-әрекетіне жатады);
-
Мамандықты алар кезде, не
нәрсеге сенесіздер? (бізге қауныш әкеледі, материалды жағынан
қанағаттандырады);
-
Арнайы мамандық дегеніміз не?
(бұл бір ғана мамандықтың төнірегіндегі іс-әрекет). Мысалы, дәрігер
мамандарының ішінен арнайы мамандарды білесіздер? (кордиолог,
окулист, терапевт т.с.с.). Ал, Инженерден (инженер-механик,
инженер-құрылысшы т.с.с.);
-
Қандай әскери мамандықтарды
білесіндер? (әскери ұшқыш);
-
Лауазым деген не? (должность)
(бір адамға жүктелген міндет).
Жоспар
-
«Танысу»
жаттығу.
Тренингті белсендету мақсатында жүргізуші
оқушыларды дөңгелек шеңбер құрып отырғызып, төмендегі жаттығуды
орындауды ұсынады: әрбір оқушы өздерінің есімдерін атап өз есімінің
бас әріпіне келетін мамандықты айтады. Содан соң жалғастыратын
оқушы қасындағы оқушының атын және оның бас әріпіне келетін
мамандықты айтып, болған соң өзінің атын айтады және өз атының бас
әріпіне келетін мамандықты айтады осылайша жаттығу соңына дейін
жалғасады. Мысалға: Мен Аружан – архитектор, екінші адам Аружан –
архитектор, Марат - механик, Аружан – архитектор, Марат – механик,
Қайрат - қаржыгер т, с
-
Жаттығу «Ақ парақтың екі
бөлігі»
Алдарыңыздағы қағазды екі
бөлікке бөліп, оң жақ бұрышына «+» белгісін, сол жақ бұрышына
«-» белгісін белгілеңіздер. Енді «+» белгісі бар бөлікке
өздеріңіздің болашақ таңдаған мамандығынызға байланысты жағымды,
жылы, сенімді ойларыңызды жазыңыздар. Ал «-» белгісіне бар бөлікке
сенімсіз, жағымсыз ойларыңызды жазыңыздар. Осы екі жақта жазылған
ойды, зейін қойып оқып шығамыз.
- Енді осы теріс
жағдайлардан арылғымыз келе ме?
Не үшін? Не
себепті?
- Онда «-» жақтағы
жағымсыз ойды умаждап, қоқыс шелекке
тастаймыз.
3. «Ең жақсы мамандық»
ойыны.
Мақсаты: оқушыларды түрлі мамандықтар
әлемімен таныстыру және ол мамандықтарға сипаттама
беру.
Нұсқау:
жаттығуға қатысатындар шеңберде отырады.
Жүргізуші қатысушыларға қандайда бір мамандықтың сипаттамасын
айтады. Олар сол сипаттамаға ең жақын келетін мамандықты айтады. Ең
көп қаржы әкелетін мамандық. Қай
мамандық ең ең
табыс көзіне жатады, өз ойларыңмен
бөлісіңдер.
Әрбір қатысушыларға мынадай
сұрақ береді.
4. Видео
роликтен үзінді «Жұмбақ сыры»
5.
«Мамандығым-мақтанышым» әдістемесі
Әдістеменің мақсаты: Оқушылардың қандай–да болмасын
жағдаяттан шыға білу қабілетін дамыту. Мамандығының қыр-сырын
меңгеруге баулу.
Жүргізілу барысы: 5 жағдаятты, 5 оқушыға беріп, осы
жағдаяттан шығу жолын іздеуге баулу және рөлдік ойынды сомдау
(сынып жетекшісінің келбеті).
- Сіз-дәрігерсіз. Ауырған адам сізге
келіп, қойған диагнозыңызбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз
қандай?
- Сіз – мұғалімсіз. Сабаққа ата-ана қатысып отыр.
Сіз үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушыңыз дайын емес. Не істер
едіңіз?
- Сіз – әншісіз. Сахнадан ән салып тұрсыз,
көрермен ұйықтап отыр, бұл сізге ұнамады, не істейсіз?
- Сіз өзіңізге ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ
ол мамандығыңа ата-анаң қарсы.Сен ол кезде не істер едің?
- Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді,
бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы
боласыз ба?
Нәтижесі: Оқушылар миға шабуыл бағытын
меңгереді.
6.
«Менің арманым.....» тренингі
Тренинг мақсаты: Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы
ойын бір жүйеге келтіріп, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік
мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру, жауапкершілік,
міндеттілік, зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін
кеңейту, оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі тануын қамтамасыз
ететін болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай
жасау
Жүргізілу барысы: оқушыларға ақ парақ және қарындаш
таратылып беріледі.
-
Оқушылар, алдымыздағы парақты басымызға қоямыз. Қарындашпен параққа
сурет саламыз. Ол сурет: ЖОО бітіріп, өзіміз қалаған мамандық иесі
атанып, сол бойынша жұмысқа орналастық. Ол жұмыс орнымыздың
ғимаратын парақтың дәл ортасына саламыз. Ғимараттың жоғарысына
Мемлекеттік Туымызды ілеміз. Ғимараттың кірер есігіне өзіміздің
суретімізді саламыз. Ал, енді, сол парақтарыңызды алып
қараңыздар.
Нәтижесі: оқушылар арманына жетуге ұмтылысы
артады.
7.
«Мамандықтың бәрі жақсы» тренингі
Тренинг мақсаты: Оқушылар мамандық түрлерін, олардың
атқаратын қызметтерін, адамға пайдасын, жақсы жақтарын талдап,
саралауға үйреніп, меңгереді.
Жүргізілу барысы: 10 оқушыны ортаға шығарып, олардың
қолына бір-бір парақтан беріп, қалғандары алдында тұрған оқушының
арқасына сүйеніп парақта жазылған мамандық бойынша, сол мамандықтың
жақсы жақтарын, сол мамандық жайлы мағлұмат
жазу.
Нәтижесі: Жаңа
мамандық түрлерімен танысады және олардың өмірдегі орнын
біледі.
|