Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Кешегіден бүгінге дейін...
Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрлі оқу әдістемелерінен жаңартылған әдістерге көшу туралы эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
12 Қараша 2018
258
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласыЗ.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейҚазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміЖиренбаева Ұлжалғас Серікбайқызы
Кешегіден бүгінге дейін(эссе)
Күзгі көрініс. Табиғат өзгеріп, алтын түске бояна бастады. Ескірген ағаш терезеден сарғылт-қызыл түске боянған жапырақтардың ұлпа қардай баяу ғана жерге құлап жатқаны анық көрінеді. Табиғаттың шеберлігіне шек жоқ. Бір-біріне ұқсамайтын түстерге қарап, тамсанып отырмын. Сәл арырақ қарасаң, мектептің алма бағындағы самсып тұрған қызыл, көк алмаларға көзің түседі. Уылжып піскен жемістерді жинайтын кез де келіп жетті. Ашық тұрған терезеден алманың керемет иісі мұрныма келіп жеткендей болды. Осылай табиғатқа тамсанып отырған ойымды тықылдаған балдақ пен аяқ жүрісінің дыбысы бұзды. Бұл- қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғаліміміз Қуандық ағай еді. Бір қолында балдағы, бір қолында папкалары кабинетке асықпай кіріп, әжім басқан үлкен көздерімен сыныпты түгел сүзіп, барлай қарады. Ағай сыныпқа кіргенде барлығымыз тына қалатынбыз. Сол тыныштықты бұзып, алдыңғы партада отырған маған қарап, қазақ тілінен олимпиада болғалы жатқанын жеткізді. Олимпиада үлкен дайындықты қажет ететінін қоса айтты. «Балам,жақсылап дайындал»,- деген сөздері мені шыңдай түскендей болды. Кішкентайымнан аздап өлең жазып, шумақтар құрап жүргендіктен, әдебиет және тіл сабағына көбірек көңілімді бөлуші едім. Соны байқаса керек, мұғалім осы тапсрманы маған жүктеді. Бұл хабарды естігенде, қуанышымнан гөрі қорқынышым басымырақ болды. Мен осыған лайықпын ба? Тиісті деңгейде білімімді көрсете аламын ба? Олай болмаған жағдайда ұстаздың алдында ұятқа қалмаймын ба? – деген сұрақтар санама келді. Өйткені Қуандық ағайдың оқушысы ретінде нашар көрсеткіш көрсету – оның ұстаздық абыройына нұқсан келтірумен пара-пар деп есептедім. Бақытыма орай 9-сыныптар аралығында өткен мектепішілік олимпиадада жинаған ұпайым мен ауызша жауаптарымның нәтижесінде аудандық олимпиадаға жолдама алған оқушылардың қатарын толықтырдым. Қуанышымда шек жоқ. Өйткені осы бір жеңіс мен үшін қолындағы бір балдағына қарамастан, күніге мектепке жаяу келіп, әрбір сабағын қайталанбастай етіп өтетін ұстаздың еңбегінің жемісі деп білдім.Ауылдан ұзап шықпаған маған ауданға барып, оқушылар олимпиадасына қатысу – үлкен бір жауапкершілік болды. Мұғалім үмітін арқалап, ақ сақалды қария атамнан бата сұрап, аудандық олимпиадаға да қатысып қайттым. Жүлделі орын алып, мен үшін үлкен құрмет иесі болатын ұстазыма мақтанышпен жеткіздім. Осыдан бастап одан әрі пәнге деген қызығушылығым ояна түсті. Ағайдың сабағын бір деммен тыңдайтын болдым. Ол кісінің әрбір айтқан сөдері, әрбір келтірген мысалдары өмірден алынған, соның ішінде өзінің басынан өткен жағдайлары болушы еді. Мұғалімнің әдебиеттік талдаулары, қазақ халқының әдебиетін тарихпенен салыстыра суреттеуі мені одан әрі қызықтыра түсті. Ағайдың кітапқа қарамай-ақ қай тапсырма қай бетте екенін дәл айтып беруі, әрбір тапсырмадағы сөздерді жатқа білуі, әдебиеттегі жылдар мен оқиғаларды, тіпті өлеңдердің барлығын дерлік жатқа білетіні мені қатты таңғалдыратын. Осылай ағайға қарап болашаққа көз тастадым, арман жетегінде болдым. Ағайдай ұстаз болуды армандадым. Қуандық ағайдың жүзінен қаталдық байқалса да, оқушыларға ешқашан ауыр сөз айтып, көңіліне келген емес. Қанша түсінбейтін оқушылар болса да, сабырмен әрқайсысына ерінбей жауап беріп отыратын. Ұстаздан алған тәліміммен , міне, бүгінде мен де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болдым. Оқушыларға білім нәрімен сусындатып, жүректеріне нұр құйсам деймін. Қазірде бәрі де жаңаша, технология дамыған, кітап қоры көбейген, білім берудегі мүмкіншілігіміз де жоғары. Өйткені жаһандану заманында бәсекеге қабілетті болу- Ыбырайша айтқанда, өнер мен білімнің арқысында жететін жетістік. Бала бойындағы өнерін шыңдап, білім нәрімен сусындататын, тәрбиенің дәнін себетін ұлағатты ұстаз десек, қазақ даласында тұңғыш рет пәндік білім беретін мектептер ашып, оған оқулықтар жазып, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салысқан Ыбырай Алтынсариннен бастау алған ұстаздық қызметке артылар жүктің салмағы қашанда ауыр болмақ. Ағартушы Ыбырай Алтынсарин салып кеткен дара жолмен жүріп келе жатқан ұстаздар елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тəрбиелеуді өз міндетіміз деп санаймыз.Өйткені сапалы білім, саналы тəрбие беру нағыз ұстаздардың ғана қолынан келеді. Бұл жолда, әрине,ұстаз басты тұлға болып есептелмек. Оның шеберлігі, білімі, біліктілігі, жаңашылдығы – бәрі де ұштасып жатуы тиіс. Жай ғана дайын білімді беріп қана қою емес, оқуды өмірмен байланыстыра білу, бұрынғы алған білімі мен қазіргі білімін салыстыра білуге үйрету – мұғалімнің педагогикалық шеберлігінен көрініс табады.Егер оқушыны «таза парақ» десек, мұғалім сол таза парақты түрлі мәліметтермен, білімменен толтыратын қалам іспеттес. Ақ қағазға не жазсақ, бала санасында мәңгілік қалып қоймақ. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халық мақалы бекер айтылмаса керек. Баланың жүрегіне нұр құйып, білім беріп, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру ұстаздың еншісінде.«Ұстаз болу –өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» - деп Ж.Ж.Руссо айтқандай, заман ағымына сай өз білімімді үздіксіз жетілдіріп отырған жағдайда ғана, ХХІ ғасырдың талабына сәйкес жаңа форматтағы ұстаз бола алатыныма көзім анық жетті. «Мұғалім өзінің білімін көтеріп отырғана ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген К.Д.Ушинскийдің сөздері менің жаңаша көзқарас қалыптастырып, жаңашылдыққа бет бұруымның бірден-бір себебі болды. Сондықтан да әрбір жаңашылдыққа немқұрайлы қарай алмаймын. Өз білімімді жетілдіріп, түрлі әдіс-тәсілдерді үйреніп жүремін. Осы ретте Адольф Дистервергтің «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді» деген қанатты сөздерін оқи отырып, өзімді тәрбиелеп, өзгертуге тырыстым. Нәтижесінде қазір оқушыларымның өз ойын еркін жетізе білуі, әрбір сұрақты өмірмен байланыстыра отырып, жағдаяттық сұрақтарға ойлана отырып жауап беруі мені қуантады. Оқушылар өз білімдерін мұғалімнің берген бағытынан-ақ ары қарай жалғастырып алып кете алады, берген тақырыпты жаттап айтпай, оның мәселесін анықтап, оны шешу жолдарын қарастыратын жағдайға жетті.Жаңа тақырыпты өздері ашып, өз бетімен білімін толықтыра алатын жағадай туғызамын. Балалардың ойлау қабілеті мен танымдық шығармашылығын дамытуда, тұлға болып қалыптасуына әсер етуші, бағыт беруші қызметі маған тиесілі.Олай дейтінім, бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бұл жөнінде Қaзaқстaн Рeспубликaсының Пpeзидeнті Н.Нaзapбaeв “...Адaмзaт үшін ХХІ ғaсыp жaңa тeхнологиялapдың ғaсыpы болмaқ, aл осы жaңa тeхнологиялapды жүзeгe aсыpып, өміpгe eнгізу игepу жәнe жeтілдіpу - бүгінгі мeктeп мұғaлімдepінің, сіздepдің eншілepіңіз”, – дeп aтaп көpсeтті.Сондықтaн дa қapaпaйым мeктeп мұғaлімі peтіндe мaғaн, мeнің әpіптeстepімe Қaзaқстaнның болaшaғын қaлыптaстыpу жолындa үлкeн міндeттep жүктeлді.Ол міндeттepді жaуaпкepшілікпeн оpындaу үшін өзімізді өзгepтуімізгe туpa кeлді. Өзімізді өзгepтe отыpып, өзгeлepгe ықпaл eту, қaуымдaсa жүpіп мeктeпті оғaн қосa жұpтшылықты өзгepту міндeті қойылды. Шәкіpттepіміздің биіктeн көpінуінe күндeлікті ісіміздeгі жaңaшылдығымыз apқылы, жaн-жaқты бepгeн тәpбиeміз apқылы қол жeткізeтіндігіміз түсінікті болды. Қорыта айтқанда, педагог, ұстаз –ұлы есім. Бала жанын түсінетін, бала жүрегіне тек жақсылық пен қуаныш сыйлайтын ұстаздың қасиеттері өзгермек емес. Қазақ елінің ұл-қызын жинап, сауатын ашсам, көзін ашып, көкірегін оятсам деген Ыбырай ұстаздың мақсаты мен қазіргі кездегі ұстаздардың да мақсаты ортақ сияқты. Бәрінің де мейірімі, махаббаты, білімі мен таланты бала үшін. Жас желкеннің көзіндегі ұшқынды көріп, жүрегіндегі отты маздатып жағу – ұстаздың ұлы міндеті. Жаңашылдықты жаны сүйетін ұстаздар білім мен тәрбие беруде инновациялық білім мен жаңа педагогикалық идеялармен қаруланып, еліміздің болашағын бастар жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беруден шаршамайық. Әрбір баланы ерекше бір тұлға етіп, елжанды азамат етіп тәрбиелейік.
Қалалық «Педагог келбеті: кешегіден бүгінге дейін» шығармашылық байқауының бас жүлдегері Шымкент қаласы З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміЖиренбаева Ұлжалғас Серікбайқызы
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)