Материалдар / Кешіре білуді үйренеміз 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кешіре білуді үйренеміз 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану педагогтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2021
640
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу ісінің меңгерушісі

«Бекітемін» __________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия

Күні: 12.02.2021 ж.

: 20

Мұғалімі: Сапарбай С.П.

Сыныбы: 2 «Б», «В»

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Кешіре білуді үйренеміз

Құндылығы: Ішкі тыныштық

Қасиеттері: сыпайылық; ашуланбау; шыдамдылық;

Мақсаты: оқушыларды кешіре білуге үйрету арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды ашуланбауға үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы шыдамдылық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. bilim-all.kz

2. www.tarbie.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №19 – сабақ. Кешіре білудің жолдарын жасаңдар. Дәптерге жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №20, Иван Василенконың «Өткел» әнгімесін оқып келу

Сұрақтар:

1. Әңгімеде кешіруге бірінші болып кім қадам жасады?
2.Диманың қандай әрекеті Гришаға сабақ болды?
3. Әңгіме неге «Өткел» деп аталған?
4. Өздеріңнің осылай татуласуға бірінші болып қадам жасаған кездерің болды ма? Оны қалай жасадыңдар? Әңгімелеп беріңдер.


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Кешірімділік — анадан,
Кішіпейілділік — данадан..
Нақыл сөз

Сұрақтар:

1. Біреуден кешірім сұраған кезіңіз болды ма?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).


Ханшайым мен Күлше қыз

ертегі

Ерте, ерте, ертеде құлпырған гүлдері, биік ағаштары, сайраған құстары бар әдемі орманның ішінде сарқыраған судың жанында үлкен шаһар болыпты. Сол шаһардың ішінде ай десе аузы, күн десе көзі бар ханшайым өмір сүріпті. Қаншалықты сұлу шаһарда тұрсада, ханшайым шаһардан шығып сырттағы қарапайым өмірді көргісі келеді екен. Орманға шығып құстардың ұшқанын, биік ағаштарды, құлпырған гүлдерді және сұлу табиғатты, жан-жануарды көріп,өзіне қарапайым дос кезіктірсем деп армандайды екен. Бірақ оның әкесі шаһардың ханы ханшайымға рұқсат бермейді.

Бірақ біркүні шыдамы таусылған ханшайым шаһардан шығуға бекінеді. Орманға келіп жұпар аңқыған гүлдерді иіскеп, құстардың әсем дауысын тыңдап, табиғаттың сұлуығына таңданып тұрғанда жанына бір күшік келеді. Ханшайым қатты қуанып кетеді. Күшікті қолына алып иіскеп:

- Бүгін қандай тамаша күн, менің арманым орындалды! -деп тұрғанда,«Ақтөс»деген дауыс естіледі.

Бір кезде қарапайым киінген сұлу Күлше қыз:

-Ақтөс, мен сені іздеп жүрмін ғой, - деп, Ханшайымның қолынан күшікті алады.

Сонда ханшайым:

-Өтінем, мен біраз ұстай тұрайыншы, мен осы уақытқа дейін шаһардан шықпай осы әдемі орманды, жұпар иісі аңқыған гүлдерді, биік ағаштарды, сарқыраған суды, Ақтөстей күшікті көруді және мені түсінетінжан досым болғанын армандадым, -дейді.

Сол кезде Күлшеқыз:

- Менсенбеймін, осындай үлкен шаһарда сенің өмірің жаман дегенге, мен сен сияқты ерігіп жүрген жоқпын,- деп Ақтөсті алып кетіп қалады.

Ханшайым өзінің бұл ормандағы көргендерінің барлығы сонда арман болғаныма:

- Мен енді ешқашан Ақтөс пен Күлше қызды кездестіре алмаймын ба? – деп мұңайып қалады.

Қарапайым киінген Күлше қыз жолда келе жатып:

- Ақтөс,мен бағана Ханшайымға қатты сөйлеп қойдым ғойдейім,- дегенде Ақтөс үріп жібереді.
-Ақтөс, сенде солай ойлайсың ба? Ендеше Хайшайымнан барып кешірім сұрайын,- деп

Күлше қызартқа қайтады. Ханшайымның жанына келіп:

- Мені кешір, мен шаһарда тұрғанның бәрі бақытты деп ойлайтынмын,- деп кешірім сұрап, Ақтөсті өзінің күшігіңдей көріп,өзімен де досболуға шақырады.

Ханшайым қатты қуанып келіседі. Осыдан кейін Ханшайым мен Күлше қыз мәңгілік жан дос болып қалған екен.

Сұрақтар:

1. Күлше қыздың Ақтөске: «Мен бағана Ханшайымға қатты сөйлеп қойдым ғой дейім» дегені нені білдіреді?

2. Оның кешірім сұрағаны қандай қасиетке жатады? Сіздер біреуден кешірім сұраған кездеріңіз болды ма?

3. Сабырлы, шыдамды, кешірімді болу үшін өз-өздеріңді қалай тәрбиелейсіңдер?

4. Үй жануарларына қандай күтім жасайсыңдар?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Тиісті сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңдар.
Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге үйренгенде, оның жаны ... .
Айналаңа мейірімді болып, өзара түсінісу, ол-... .
Ренжу деген-... .
Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: жақсылыққа толы болады; кешірімді болу; білместік.


6. Топпен ән айту.

Күн күледі
Өлеңін жазған: Құрманбай Толыбаев
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Қызғалдақтар қырда тұнып,
Жайқалады ырғатылып.
Анамыздай мейірлі Күн
Аймалайды шыңда тұрып.
Қайырмасы:
Ала таңнан оянамыз,
Күнмен бірге қуанып.
Біз ауылға ораламыз,
Құшақ-құшақ гүл алып.
Жалбыр шашы – гүл жібегі,
Жайнаң қағып Күн күледі.
Кешке дейін бізбен бірге,
Күлім қағып бір жүреді.


7. Үй тапсырмасы.

1. №20 – сабақ. Кешірімділік туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №21, Ыбырай Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!