Мақала
«Кешірімділік көңіл
кеңдігі»
Өзін-өзі тану пәнінің оқу
әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға,өз-өзіне қызмет етуге
бағытталып,олардың белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік
маңызы бар құндылық.Өзін өзі тану мұғалімі үшін оқытудың әр-түрлі
әдіс тәсілдерімен сабақты ашу үшін
берілген.
Бүгінгі таңда өзін өзі тану
сабақтары ұйымдастыру кезеңінің 5 «Т» ережесімен басталады.Әрі
қарай сабағымызды тыныштық сәтімен жалғастырамыз.Бұл тәсілді
пайдалану кезінде әуен оқушының жүйке жүйесін тыныштандырады,ерекше
сезімге денесін босаң күйге келтіреді,ішкі дүниесін үйлесімді
етеді.Оқушыға ерекше әсер береді.Келесі кезең
«Дәйексөз», «Мұғалімнің сыйы»,
«Шығармашылық жұмыс», «Соңғы тыныштық
сәті» бөлімдерінен тұрады.Сабақтың
негізгі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын
қалыптастыру мен қанағаттандыруға
арналған.
Мен өзін-өзі тану пәнін
оқып,жан тәніммен ол пәнді түсіне бастағаннан бері адамдарға деген
көзқарасым өзгерді.Мен жалпыадамзаттық құндылықтарға мән бере
бастадым.Мысалы: Абай атамыз айтқандай Адам баласының бақыты оның
жүрегінің тазалығымен байланысты,яғни ішкі жан дүниені жетілдіру
керек.Адам сыртқы әлемге тұрақтамай мәңгілік құндылықтарға тұрақтау
керек,өйткені ол өзгермейді.Қандай жағдай болса да,барлығын
сүйіспеншілікпен жеңу керек жіне де мұғалімнің мынадай заңдарын
өзіме керек еттім:баланы сүю,түсіне білу,шабыттандыра
білу.Оқушылардың жалпыадамзаттық қасиеттерін сабақта,сыныптан тыс
тәрбиелік іс-әрекет арқылы қалыптастырып
дамытамыз.
Бұл жұмыстың басты мақсаты
компютер желісін және мультимедиялық электрондық құралдарды
өзін-өзі тану сабағында презентатцияларды және мультимедиялық
электрондық құралдарды қабырғасында және білім беру үдерісін терең
қолдану.Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі,шығармашылық тапсырмаларды
орындауы,қарапайым көзбен көріп,қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен
есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып әр түрлі
тәжірибе нәтижелерін көріп сезуге мүмкіндік береді.Оқушының ой
өрісін дүние танымын кеңейтуге ықпалы зор.АКТ-ның керемет
мүмкіндіктері оқушыларды
таңқалдырады,шабыттандырады.
Электронды оқулық арқылы түрлі
суреттер,бейне көріністер дыбыс және музыка тыңдалады.Электронды
оқулық көбінесе кәдімгі оқулықты толықтырады. Әсіресе мынадай
жағдайлар тиімді:
-кері байланысты тез
қамтамасыз етеді.
-ерікті информацияны тез
табуға көмектеседі.
-уақытты
үнемдейді.
Осы айтылған заманауи
технологияларды басшылыққа алып,өзін-өзі тану пәні сабағында
тәжірибе енгізіп жүрмін.Сондай өткізілген сабақтардың
бірі
8 «ә»
сыныбында «Кешірімділік көңіл
кеңдігі»тақырыбында өткізілген сабақ
жоспарын ұсынып отырмын.Тақырыпта дұрыс әрекет құндылығы әдепті
болу,басқалар туралы жамандық ойламау,зиянды әдеттерден аулақ болу
қасиеттерін таңдап алдым.
Мақсаты: Оқушыларға кешірімділік көңіл
кеңдігі туралы түсіндіре отырып дұрыс әрекет құндылығының мәнін
ашу.
Міндеттері:а) Оқушыларды әдепті болуға
баулу; ә)Оқушыларды басқалар туралы жамандық ойламауға,бір-бірін
түсініп кешіре білуге үйрету: б)Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ
болуға тәрбиелеу:
Сабақтың ұйымдастыру кезеңін
«5 Т-ережесін»қолданып өткіздім.Оқушылардың көңілдерін сабаққа
бөлдім.Нұрға бөлеп сабақты тыныштық сәтімен бастадым.Үй тапсырмасы
М.Мақатаевтың «Күндестік құрысын»өлеңінен түсінік сұрадым.Сол өлең
бойынша оқушылардың жауаптары тыңдалды.Сабақта сұрақ-жауап әдісін
қолдану арқылы оқушылардың ой-өрістері жоғарылағанын
байқадым.Мысалы:Мерей,Сүндет есімді оқушылар өздерінің бір-біріне
ренжісіп қалғанда кешірім сұрап,татуласқандарын айтып берді.Әсіресе
Қуаныш «Кешірімді болсаң кем
болмайсың»деп кейбір кезде достарымызды
абайсызда ренжітіп алсақ кешірім сұрап бірден татуласуымыз керек
деп керемет тұжырым жасады.Сабақтың келесі кезеңінде мұғалімнің
сыйы ретінде «Бір әңгіме
бойынша»әңгімесін оқу арқылы
оқушыларды кешірімшіл адал болуға тәрбиеледім.Балалар да өз ойларын
жеткізді,өзіндік пікірлері қалыптасты.Мәтін оқушыларға ерекше әсер
етті.Әсіресе әңгімедегі пайғамбардың сөздері сынып оқушыларының
жүрегіне жылу ұялатты.
Шығармашылық тапсырма кезінде
фильмнен үзінді көрді,осы үзіндіден түсінгендерін эссе
жазуға,жағдаят құрастырып сахналау көрініс
ұйымдастыру
Т-кестесін толтыру тапсырмасы
берілді.Топ арасына бір-біріне деген сыйластық орын алды.Оқушылар
рөлдік ойын барысында бір-бірін құшақтап, әр балаға өзінің жүрек
жарды сөзін айтып,жүздерінен қуаныш байқатты.Сабақ кезінде
балалардың бойынан жанашыр,аяушылық сезімдері
сезілді.
Сабақты түйіндей келе
оқушыларға қателеспейтін адам болмайды,сондықтан кешіре білу
керек.Кешірімді болмай өз жан дүниемізді қинап өзімізге зиян
келтіреміз.Өз қателігімізді түсініп жауапкершілікті сезіне отырып
тура көзқараспен қарасақ,біздің барлық әрекетіміз дұрыс болады,-деп
айтып өттім.
Оқушылармен «Кешірімді
болайық» топтық әнін орындап бір-біріне
деген ризашылық сезімдерін білдірді.Оқушыларға үй
тапсырмасы «Екі
дос» аңыз әңгімесін түсініп оқып
келу және дәптердегі тапсырманы орындап келу берілді. Соңғы
тыныштық сәтінде оқушылар өтілген сабақты ой елегінен өткізіп,өз
жүрегінің жылулығын сезініп,жүрек жылуын ата-аналарына,жақсылық
жасаған адамдарға іштей ризашылық айтып тілек тіледі.Әдепті
болуды,басқалар туралы жамандық ойламау және зиянды әдеттерден
аулақ болуға,бір-бірін сыйлап кешіре білуге адал болуға
үйренді.Сабақтан алған әсерін жеткізу барысында біреуге әрқашан
жақсылық жасаса үнемі ризашылықпен жүру керек екенін бойларына
сіңірді.Осы 40-минут ішінде мен оқушылардың бойына дұрыс әрекет
қасиеттерін сіңірдім,оқушыларымның махабатына бөлендім.Жақсы
ойларымызды бүгінгі сабақта өтілген құндылығымызды жүрегімізде
сақтайық,әр қашан жақсылықта амандықта болайық,-деп
аяқтадым.
Міне өз білімін осылайша
жан-жақты толықтырып отыратын мұғалім,оқушысын еш уақытта
жалықтырмайды деп есептеймін.Қорыта келе жалпыадамзаттық
құндылықтарды негізге ала отырып,жағымды ізгі әдістерді қолдану
арқылы жетістіктерге жетеріміз анық.Оқушыларға өзін-өзі тану
пәніндегі ізгі әдістерді қолдану,таңғажайып әлемнің есігін ашып
көрумен тең емеспе?Өмірдегі шынайы адамзатқа маңызды ашылулардың
бәрі ізденімпаз ұстаздардың қолында.
Сократ айтқандай
«Әлемді өзгертпес бұрын
өзіңді өзгерт»дегендей бізге келген дүниені
өзімізді танудан бастауымыз керек.
«Өзін өзі тану» пәні қазіргі
қоғамда өте қажет пән.Атына заты сай демекші атынан көрініп
тұрғандай,адам өзгені тану үшін біріншіден өзін танып білуі
керек.Еліміздің ертеңгі ұрпақ тәрбиесіндегі ортақ мүддеміз үшін
жасалып жатқан барша істерге сәттілік
тілеймін.