Материалдар / "Кескіндеме өнері" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Кескіндеме өнері" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарламада оқу мен білім алу деңгейлеріне қарай,оқушының жас ерекшеліктері ескеріле келе,кескіндеме пәнінен көркемдік білімдерін жетілдіре келе,әлем мәдениетін танып білуге,тұлғаның әлеуметтік, мәдени және кәсіптік анықталуына,өз шығармашылығының ауқымын кеңейтуге бағытталған.Оқыту бағдарламасы «көркемсурет» бөлімдерінің негізгі оқу сыныптарына арнала отырып,баланың мәдени,рухани,өзін-өзі дамытуына және өзге елдің бейнелеу өнерімен таныса келе ұлттық өнермен ұштастыруына үлкен үлес қосады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
1011
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ







«БЕКІТІЛДІ»

Қаратөбе аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі __________________

_________________

2016 жыл « » тамыз № ________



«КЕСКІНДЕМЕ»


БАҒДАРЛАМАСЫ





























Қосымша білім беру бағдарламасының тақырыбы: " Кескіндеме"

Бағдарламаны жүзеге асыратын ұйым:

БҚО, Қаратөбе ауданы, Жақсыбай НОМ

Құрастырушы: Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Надиргожин Асқар Сапиевич


«Кескіндеме»

(бағдарламаның атауы)


Жақсыбай НОМ әдістемелік (педагогикалық) отырысында қаралды



1 Хаттама « 20 » тамыз 2016 жыл

Оқу ісінің меңгерушісі _____________ А.Жалғасбаева

(қолы)


«Кескіндеме»

(бағдарламаның атауы)




Аудандық сараптама комиссияның отырысында бекітілді

___ Хаттама «_____» ________________ 2016 жыл



Сараптамалық комиссия төрағасы ____________________________________

(қолы) (Т.А.Ә.)






БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫ

ЖАҚСЫБАЙ НОМ

«Кескіндеме»

қосымша пәні бойынша авторлық бағдарлама

5-9 сыныптар үшін

Picture 1



























Құрастырушы: Надиргожин А.С



Сәуле ауылы



Бағдарламаны бекіткен Жақсыбай негізгі орта мектебінің директоры

Сариева Лида Жандетовна 20.08.2016ж ____________________________



Бағдарламаны бекіткен мерзімі: Жақсыбай негізгі орта мектебінің 20.08.2016 жылғы №1 әдістемелік кеңесінің шешімімен бекітілді.



Қосымша білім беру бағдарламасының тақырыбы: "Кескіндеме " пәні бойынша сурет және қолданбалы өнер сабақтарына арналған бағдарлама

Бағдарлама бойынша білім алатын оқушылардың жасы 6-12 жас



Бағдарламаны жүзеге асыру : 5,6,7,9 сыныптарда өтеді



Бағдарлама авторының аты-жөні,қызметі: Надиргожин Асқар Сапиевич бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі


Бағдарламаны жүзеге асыратын ұйым: БҚО, Қаратөбе ауданы, Жақсыбай НОМ



Оқыту жылы, бір жылдағы әр сыныптағы сағаттар саны- 34 сағат



Топтағы оқушы саны- 4-8 оқушы



Мекен жайы: БҚО, Қаратөбе ауданы, Жақсыбай НОМ










Алғы сөз

Оқу пәні  – бұл білім алушылардың өзінің жас ерекшеліктеріне, физикалық және психологиялық ерекшеліктеріне сай танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес белгілі бір білімнің, ғылым-ілімнің, мәдениет пен өндірістің, еңбектің  негізін игеруге себепкер болатын практикалық  жаттығулар мен машықтардың, іліми-ғылыми жүйесі болып табылады. Ал оқу жұмыс бағдарламасы – нақты оқу пәні бойынша берілетін білімнің мазмұнын, дағдылар мен ептілігін, қабілетін  ашып көрсететін, ұсынылған тақырыптардың бірізділігі мен дүниетанымдық  ой-пікірлердің негізін үйрететін логиканы, оқып-үйренуге кететін уақыт мерзімін мөлшерлейтін нормативтік құжат.  Бағдарлама пәнді оқытудың әдістемесін, жалпы ғылыми маңыздылығы мен рухани тұтастай бағыт-бағдарын, теориялық құндылығын  анықтайды.  Бағдарламада оқу жылына сәйкес оқу материалдарының құрылымы көрсетіледі. Оқу үдерісінің тиімділігі мен табыстылығы білім алушылардың оқу бағдарламасын толық та жемісті меңгерумен айқындалады. Осы оқу бағдарламасын толық  меңгеру білім алушылардың ептілігі мен қабілетіне, дағдыларына және оқу үдерісінің ұтымды ұйымдастырылуына тікелей байланысты.

Бұл бағдарлама жалпы өнер мектептеріне,оның ішінде ауылды жерлердегі қосымша білім беру мекемелері ішіндегі сурет бөліміндегі «кескіндеме» пәні бойынша білім мазмұнын,білімді игерудегі қажеттілікпен қатар,оқушылар-дың кескіндеме жайлы білім ауқымын кеңейтіп,шығармашылық бастауын-дағы кескіндемедегі шеберліктерін,дарынын арттырып,үйрену жолдарын айқындап,2 жыл білім алады.   

Түсініктеме хат

Бағдарламада оқу мен білім алу деңгейлеріне қарай,оқушының жас ерекшеліктері ескеріле келе,кескіндеме пәнінен көркемдік білімдерін жетілдіре келе,әлем мәдениетін танып білуге,тұлғаның әлеуметтік, мәдени және кәсіптік анықталуына,өз шығармашылығының ауқымын кеңейтуге бағытталған.Оқыту бағдарламасы «көркемсурет» бөлімдерінің негізгі оқу сыныптарына арнала отырып,баланың мәдени,рухани,өзін-өзі дамытуына және өзге елдің бейнелеу өнерімен таныса келе ұлттық өнермен ұштастыруына үлкен үлес қосады.

Кескіндеме өнерін кеңінен тани отырып,оның құрылымын,шығу тарихын ақпарат құралдарынан,ақпарат көздерінен оқып,зерттей келе, баланың өзін-өзі жан-жақты шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыра алуға арналған бағдарлама топтық бағдарлы сурет сыныптарына,сәндік қолданбалы өнер сыныптарына арналады.

Бағдарламаның жаңашылдығы

Кескіндеме пәнін жоспарлаудағы жұмысты орындау,сурет салу тәсілдерінің сан алуандығы,әр баланың жұмыс жасау барысында,өз ойын еркін жеткізе келе,шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуы.Әр тақырыптың ауқымының кеңдігі әрбір жас тұлғаның бойындағы қабілетін оятуға септігін тигізері сөзсіз.

Оқытушы кескіндеме өнеріне тән заңдылықтарды үйрете отырып,оны ұлттық өнермен ұштастыра келе бала бойына халқына деген патриоттық сезім ұялатады.



Бағдарламаның маңыздылығы

Кескіндеме саласында түстануға,түстерді үйлестіре білуге,айналаны қоршаған ортамен байланысын күшейтуге,сұлулықпен әсемдікті сезіне білугеүйретсе,баланың сана-сезімі ашыла түсіп,ойлау,көру қабілеті артуы хақ.

Педагогикалық өзектілігі

Кескіндемемен айналысу қарапайым адам көре білмейтін,сезе алмайтын әдемілікті бала бойындағы ішкі жан-дүниесін толық аша білуге талпындырары анық.

Оқу барысында оқушының танымдық қабілеті күшейіп,шығармашылық қабілеті артып,дербес тұлға ретінде қалыптаса алады.

Балалардың көркемдік әсері-ұлттық және этномәдени құндылықтарға ұласа келе жалпы адами тұрғыда жан-жақты жетілуіне ықпал етеді.

Уақыт пен адам талабына сай қосымша білім беру тиімділігін анықтайтын құзіреттілік тұрғыдан қарау бағдарламаның маңызды көзі болып табылады.

Мақсаты: Әр түрлі бояу түрлерімен жазықтық бетінде орналасқан көрем шығармаларды өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазуғы бейімдеу.

Міндеттері:

  • «Кескіндеме» пәнінен теориялық білімін жетілдіру.

  • Айналаға, әлемге, сұлулыққа деген көзқарасын өзгерте отырып,өзін-өзі оқытып,шығармашылыққа ден қоюын қалыптастастыруға тәрбиелеу.

  • Балалардың бойындағы көру,есте сақтау,белсенділік,ұқыптылық қабі-леттерін дамыту.Қоршаған ортаға деген байқампаздық, эстетикалық көзқарастары,сүйіспеншіліктерін арттыру.

Бағдарламаның ерекшелігі:

«Кескіндеме» пәніне арналған бұл бағдарлама да әр тоқсан сайын кескінде-менің қыр-сырын,оның түстік ерекшеліктерін кеңінен танып,натюрморт са-луда түрлі-әдіс тәсілдерді пайдаланатындығымен,баланың деңгейіне қарай сурет салу қабілетін арттыратындығымен ерекшеленеді.

Әр оқушы өзін шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыра келе,өзінің жұмыстарын тролық зерттеп шығармашылық жоба ретінде қорғауға бағытта-латындығымен көзге түседі.

Бағдарлама бойынша оқыту-оқушының өз еркімен ізденуіне таным-білім-дерін кеңейтуге іс-тәжірибелерін айқындауға көмектеседі.Теориялық бөлімде балалар кескіндеменің орныдалу әдістәсілдерімен кеңінен танып,білсе,ал сарамандық жұмыс барысында оларды жүзеге асырып сауатты түрде орындауларына болады.





7 сыныпта

Моренизм саласында жұмыс жасаған суретшілердің жұмыстарынан көшірме жасауды үйренеді.Онда дәлдік пен көру қабілеттерін арттырады. Сонымен қатар шығармашылық жобалар жасап, ой-өрістерін дамытады.Эстетикалық талғамдарын алған білімдерімен ұштастыра отырып кеңейтеді. Ұлттық өнер-мен байланыстыра отырып, жұмыстар жасайды.

Натюрморт тақырыбында салыну жолдары техникасымен күрделене түседі. Мазок,аналитикалық кубизм әдістерін үйренсе,грунтталған қағазда пастель-мен жұмыс жасау әдістерін қамтиды.

Адам бейнесін суреттей отырып,оны салу жолдарын,пропорциясын, заңды-лықтарын қабылдайды.

8 сыныпта

Шығармашылық жобалар сәндік кескіндемемен ұштастырылады.Акрил бояғымен жұмыс жасай отырып,салған суреттерін шынайлыққа жақындасты-рады.Автопортрет салып бертін келе адам сұлбасын,қимыл қозғалысын бей-нелеуді меңгереді.

Мұғалімнің жеке іс-тәжірибесіне сүйене отырып жасалған бағдарлама бала-ларға біліммен қатар оның бойына мейірімділік,сүйіспеншілік,сыйластық қа-сиетін,өзіне деген сенімділік қабілеттерін бойына дарытары сөзсіз.





ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

Кез-келген арнайы пән басқа пәндермен байланыста қаралады. Кескiндеме сурет және композициялықпен ажырамас байланыста, сондықтан да кез-келген тапсырмаларды орындау барысында оқушылар әртүрлі сабақтарда ұқсас тақырыптардың негізгі білімдерін меңгергеніне көз жеткізуі керек. Осы оқу бағдарламасы орта бiлiм бағдарламаларымен бiрiн-бiрi толықтырады -математика, тарих, биология және тағы басқалар пәндер бойынша бiлiмдерді кеңейтiп, тереңдетедi.

«Кескіндеме» – «Сурет»

  • Қағаз парағының жазықтығындағы көлемдi конструкцияның құрастырулары және көлемнiң көлеңке арқылы берiлу әдiстері туралы сызықты перспектива білімдерінің қолданылуы.

  • Рең, рең қатынасы, рең қарама-қарсылығы, рең тепе-теңдігі сезімін дамыту

  • Заттардың, адамдар мен жануарлар тепе-теңдігі (тепе-теңдік үйлесімі) қабылдауын дамыту.

  • Әр түрлi сурет беттерiнiң әдістерін қолдану, яғни фактураның берiлуi

«Кескіндеме» – «Станокты композиция»

  • Композициялық ережелер, құралдар және заңдары және композициялық құрастырулардың әдiстерi туралы бiлiмдердiң қолдануы

  • Оқылған түс және рең қарама-қарсылық, мақам сынды композициялық құралдардың қолданылуы

  • Суреттi стильдеу дағдыларын дамыту, «стиль» ұғымын қалыптастыру.

«Кескіндеме» – «Қолданбалы композиция»

  • Суреттiң әр түрлi сәндiк әдістерін қолдану

«Кескіндеме» – «Бейнелеу өнерінің тарихы»

  • Бейнелеу өнерінің көрнекті шеберлері шығармашылығын үлгіге ала отырып кескіндемені оқу.

«Кескіндеме» – «Физика»

  • Физиканың «Күнтартқыш» бөлiміне сүйеніп, түс туралы ғылымды оқу

«Кескіндеме» – «Әдебиет»

  • Әйгілі қаламгерлердің әдеби шығармалардағы суреттелген үздік суретші-кескіндемешілердің шығармашылығымен танысу.

«Кескіндеме» – «Биология»

  • Өсiмдiк пен жануарлар әлемі, өсімдіктер құрылысы, адам және жануарлар анатомиясы туралы алған бiлiмдерін қолдану және кеңейтілуi

«Кескіндеме» – «Геометрия»

  • Геометриялық пiшiн және денелермен танысу.

  • Кеңiстiктiң ұсыныстары мен өлшеу дағдыларын дамыту.


Жалпы оқу жылындағы күтілетін нәтиже

«Кескіндеме пәні» бойынша «сурет пәніндегідей» оқу жылында кес-кіндеменің атқаратын ролі туралы толық мәліметтер беріледі.Бастапқы оқу жылының екі сатысында оқушы өзіннің қабілетін мұғалімнің көмегі арқылы шыңдай алады.Сонымен қатар оған керекті құрал-жабдықтарды көрсетіп қа-на қоймай,қалай пайдалануы керектігі көрсетіліп,үйретіліп отырады.

Түстердің спектрі,құрылымы.Заттардың түстік құрылымы.Реңдік ерекше-ліктер,жарық пен көлеңкенің түсте берілуі.Натураның құрылымы мен түстік шешімдерін реңдік үйлестіру.

Сурет салуда жұмыстың әдістемелік жүйесін сақтай отырып,әрбір тап-сырма сайыноның алдынан қайталанатынын оқушы ұғынып отыруы керек.

Натюморттың көркем кескіндемелік бейнесін оқудың,үйренудің, жатты-ғудың негізгі түрі болып табылады.Ойластырылған,мақсаты жағынан айқын, суретте де,қойылымда да ерекше көрінетін бейнелер мен шығармаларды кес-кіндеме айқын әрі нақты жеткізуді үйретеді.

Қысқа мерзімде салынған суреттер баланың жылдамдығын, ой-ұшқырлы-ғын, көру, есте сақтау шыңдай түседі.

Бояқпен жұмыс жасау оқушылардың қызығушылығын арттырады.

Кескіндемедегі әдіс тәсілдердің сан-алуандығы, материалдың сан алуандығы баланың ой орісін дамытып қана қоймай, әдемілікпен сұлулықты сезінуге үлкен септігін тигізеді.

Дербес қабілеттіліктерге сәйкес,бағдарламалық тапсырмалардан басқа оқу-шылар үйде өзіндік қысқа мерзімді долбарлар, нобайлар салып қолдарын жаттықтырып отырады.

Әр оқу жылында тапсырмалар мен оқушының салған жұмысы да күрделене түседі.Оған сәйкес талап та күшейтіледі.Әрбір жыл сайын кескіндеменің түрлі жанрларымен танысып қана қоймай,оларды шығармашылықта пайдалану көзделеді.

Адам портреттері, адам сұлбаларырын салуда олардың әрбіріне сәйкес пропорцияларды сақтай отырып жұмыс жасауда бала қабілеті күннен күнге арта түседі.

Біліктілік түріндегі І оқу жылдық «Кескіндеме» пәні бойынша күтілетін нәтижелер

Оқушылар оқу жылының аяғында төмендегі құзіреттілікке ие болуы керек

«Кескіндеме» пәні спецификасы, бейнелеу өнерінің кескіндеме түрінің әр алуандығы, оның адам өміріндегі, шығармашылық қызыметіндегі алатын орны мен атқаратын рөлі.

  • Натюрморт туралы бейнелеу өнерінің жанры ретінде өз түсінігі болады.

  • Натурадан сурет салуды.

  • Қағазда дұрыс үйлестіруді.

  • Түс спектрімен жұмыс жасауды.

  • Түстерді бір-бірімен байланыстыруды,

  • Гризаиль әдісінде натурадан сурет салуды.

  • Заттарға тән ерекшеліктердіжәне кеңістіктің тереңдігін көрсете білуді.

  • Көңіл-күйде және бейнеленген заттарды жағдайын бояқпен жеткізу

  • Көлемді заттарды бейнелеудің негізгі тәсілдерін меңгеру (формасы бойынша түстерді үйлестіре отырып,жарықты, көлеңкені,жартылай көлеңкені)көрсете білу.

Кескіндемеде түрлі әдіс-тәсілдермен сурет салуды үйрену

Біліктілік түріндегі оқу жылдық «Кескіндеме» пәні бойынша күтілетін нәтижелер

Оқушылар оқу жылының аяғында төмендегі құзіреттілікке ие болуы керек

  • Кескіндемеде қолданылатын әдіс-тәсілдердің (алла прима,лессировка,

  • балауызбен жұмыс,мазокпен жұмыс,кубизм саласы)сан алуандығымен олардың орындалу ерекшеліктерін білуді.

  • Бояқтардың алуан түрі олармен жұмыс жасауды

  • Заттардың пішіні мен көлемін І оқу жылындағыдан да айшықтап көрсете алуды

  • Маталардың бүрмелеріндегі жарық көлеңкені беруді

  • Оқу саласындағы натюрморттардың ерекшеліктері мен қолданылуын көрсете білуді, түсіндруді

  • Балауызбен жұмыс жасауды

  • Пейзаж,табиғат әлемімен таныса отырып,оның әсемдігін бояқпен жеткізе білуді

  • Өз бетімен шығармашылық жоба жасауды

  • Композицияның біртұтастығын көрсете білуді

  • Бейнелеудегі шағылысуларды бояқ арқылы айқын көрсетуді

  • Натюрморттағы кеңістікті көрсете білуді

  • Колорит түсінік қабылдай отырып сурет салуды

  • Моренизм, теңіздегі су келбеті,теңіз суретшілерінен көшірме жасауды

  • Дәлдік пен көре білу қабілетін арттыруды

  • Заттарды стилизациялауды

  • Интерьер туралы түсінік қалыптастыру.Оны бейнелеудегі ерекшеліктерді білуді

  • Әйнек ыдыстарды салудағы ерекшеліктерді жеткізуді

  • Кубизм арқылы кеңісткті көрсете білуді

  • Пастель бояғы арқылы жұмыс жасауды

  • Майлы бояумен жұмыс жасауды

  • Салған жұмысын мұғалімнің көмегінсіз аяқтауды

  • Гипстен жасалған адам басының формаларын бояқ арқылы шығаруды

  • Жұмыс барысында үйренген әдіс тәсілдерін қолдануды

  • Анималистік жанрды меңгеруді,қылқалам арқылы жануарлардың сұлбасын салуды

  • Түрлі жанрларға өз бетінше композиция құруды

  • Акрил бояғымен жұмыс жасауды

  • Өз бетімен портреттер салуды

  • Адам сұлбасын салудағы ерекшеліктерді көрсете алуды

  • Перспектива заңдылықтарын білуі,оларды еркін пайдалануды

  • Қимыл- қозғалыстағы адамдардың пропорциясын дұрыс тауып,көрсетуді

  • Этюд жазуды

  • Кескіндемедегі барлық заңдылықтарды сақтай отырып өз бетімен шығармашылық жұмыс жасауды

  • Өз ойын дұрыс тұжырымдауды

  • Салған суреттерін емін-еркін түсіндіре алуы

  • Өзгелермен өзін салыстыра отырып бағалауды

  • Сызықтық және ауа перспективаларының тәсілдерін керек жерінде қолдану

  • Жазықтық бетіне заттарды бөлшектей отыра анық құру

  • Күрделі заттардың көлемдерін жарық‑көлеңке арқылы бере білуі,жарық‑көлеңке құралдарымен кеңістікті көрсету, жарық –көлеңке арқылы гипстен жасалынған басты, портретті және адам фигурасын «мүсіндеу».

натуралық қойылымның максималды тиімді ракурсын өз бетінше анықтау, сондай‑ақ, өз таңдауын сауатты түрде негіздей алу.

қойылым айқындылығын максималды ететін формат түрін қатесіз анықтау;

көкжиек сызығының деңгейі және перспективті қысқартуларды ескере отырып, күрделі формалар және кеңістік құрылысын жасау жөнінде алған тәсілдерін өз бетінше қолдану және талдау;

жарық‑көлеңке құралдары арқылы құрылыс және түстік моделдеу кезеңдерінде жұмысты жалпыдан жекеге жүргізу, ал аяқтауды қойылым жарықтығын көрсетудегі түстік кең диапазонды қолдана отырып, жекеден жалпыға жүргізу қажет.

жұмысты аяқталу, тұтастық және жалпылау кезеңіне дейін жеткізу.


«Кескіндеме» пәні бойынша оқыту бағдарламасы

Оқу бағдарламасының мазмұны

7 сынып

Тақырыптық жоспар

Аптасына сағаттар саны -1

Оқу апталарының саны-34

Жылына сағаттар саны-34

Бөлімнің атауы

Сабақтың тақырыбы

Жалпы сағат саны


1.

Түстердің үйлесімі


Түстердің үйлесімі

Алла прима әдісімен қол жаттықтыру жұмысымен айналысу.

Күзгі жемістерден құралған натюрморт

Бірден жазу

2





2.

Суретті гуашьпен салудың ерекшеліктері

Суретті гуашьпен салудың ерекшеліктері

Қол жаттықтыру жұмыстары.

Гуашьпен сурет салудың әдіс тәсілдері

1


3.

Пішін,көлем,түс

фактура-бір-бірімен үйлестіру

Бөлме ішіндегі гүл .

Лессировка әдісімен сурет салу

Қағазда натюрмортты дұрыс орналастыру

Заттың көлем,пішінін өлшеу

Бояқпен жұмыс жасауды бастау

Бояқпен жұмыс жасау

Лессировка әдісін пайдалану

Натюрмортты аяқтау

3


4.

Бүрмелердің сан алуандығы

Маталардың бүрмелерін салу.

Қарындашпен мата бүрмелерін қағаз бетіне түсіру

Өлшемдерін шығару

Суретті бояқпен салу

Матаны бояқпен салу

Жарық көлеңкесін анықтау

Мата суретін аяқтау

2



5.

Оқу саласындағы натюрморттың ерекшеліктері қолданылуы

«Натюрморт құр» Дидактикалық ойын.

Оқушы ойымен натюрморт құрып үйрену

Натюрмортты дұрыс орналастыру

Натюрмортты бояқпен орындау

Натюрмортты аяқтау

2





6.

Балауызбен жұмыс.Заттың елеулілігі .


Балауызбен жұмыс.

Алмалардан құрылған натюрморт.

Натюрмортты қағазда дұрыс орналастыру

Заттардың пішінімен көлемін балауыз бен су бояқ арқылы көрсету.

Натюрмортты аяқтау

2


7.

Композицияның біртұтастығы.


Интерьерге қойылған натюрморттан көрініс.

Тұрмыста пайдаланатын заттардан құралған.

Натюрмортты қағазда дұрыс орналастыру

Заттардың пішінін,формасын табу

Натюрмортты бояқпен бастау

Натюрмортты бояқпен салу Натюрмортты жалпылау

Натюрмортты аяқтау

3


8.

Табиғат тамашалары-пейзаж .

Көру ,есте сақтау қабілетін арттыру

Табиғат тамашалары-пейзаж

Ауыл табиғатының көрінісін салу.

Қағазда дұрыс орналастыру.

Пейзажды бояқпен бастау Пейзажды бояқпен салу

Пейзаждың кеңістігін көрсету

Пейзажды аяқтау

3


9.



Жылы түспен суық түстердің үйлесімділігі.

Бір-біріне жақын түстерден құралған натюрмортты қарама қайшы түстегі дропировкамен байланыстыру

Бір-біріне жақын түстермен бояу

Бір-біріне жақын түстермен заттардың пішінін шығару

Қарама-қарсы түстерді пайдалану

Натюрмортты аяқтау

4





1


10.


Сынақ жұмысы

Жыл бойғы алған білімін қорыту

Разеткасы бар түрлі пішіндегі заттардан құралған натюрморт

Заттарды дұрыс орналастыру

Қағаз бетіне заттарды үйлестіре ораналастыру

Заттардың пішінін дұрыс табу

Разетканың заттармен қатынасын бояқпен көрсету

Бояқпен натюрмортты салу

Бояқпен жұмыс

Түстердің шағылысуын көрсету

Жалпылау

Натюрмортты аяқтау

2


1

1


2

2


1

2




барлығы


34



Пәннің мазмұны

І.Тақырып: Түстердің үйлесімі

Тапсырма: Бейнелеу жаттығулары. Кескіндеу тәсілі-Алла прима әдісімен жұмыс жасау(Бірден жазу). Күзгі жемістерден құралған натюрморт

Мақсаты: акварельмен жұмыс істеу дағдылары мен қабілеттерін қалпына келтіру; кескіндеме және негізгі ұғымдардың тапсырмаларын,заңдылықтарын еске түсіру.

Міндеті: заттардың формасын тондық қарым-қатынастармен қатар бөлшектерін жалпылама суреттеу.

Материал: акварель, А3 форматы, тиін түгінен жасалған түрлі көлемдегі қылқалам, палитра, қағаз скотч, салфетка, губка.

Әдістемелік нұсқаулар

Этюдтарда Алла прима әдісі бойынша жұмыс істегенде ,жалпыдан жекеге ,көлемдіден кішіге қарай көшуі керек. Бұл әдіспен жұмыс жасау барысында Ең ашық, қанық түстен бастаубастау ұсынылады. Мазоктар өзара араласып жұмсақ түстерге айналса, бояулардың біртіндеп ауысуы заттардың пішінін біріктіреді.

ІІ.Тақырып: Суретті гуашьпен салудың ерекшеліктері

Тапсырма: Гуашьпен сурет салуға қол жаттықтыру жұмыстары.

Мақсаты:Суретті гуашьпен салудың әдіс-тәсілдерін үйрену

Міндеті:кескіндеменің негізгі міндетін және нақты ережелерін еске түсіре отырып, тапсырмаларда бояулардың тондық,туыстық қатынастарын әрі реңдік ерекшеліктерін көрсету.

Материал: гуашь, А3 форматы, щетина қылқаламдары (жалпақ,жұмыр), палитра, қағаз скотч, салфетка, губка.

ІІІ.Тақырып: Төрт сипаттама- пішін , тон , түс, құрылым

Тапсырма: Бөлме ішіндегі гүл . Лессировка-көп қабатты бояқтар жағу.

Мақсаты: Түсетін табиғи жарықтың әсерін зерттеу , акварельмен жұмыс жасаудың әдістерін әр тараптандыру.

Міндеті: заттардың материалын көрсету;оларды түстік ортамен байланыстыру; реңдік шешімін шығару;кеңістікті айқындау

Материал: акварель, А3 форматы, тиін түгінен жасалған түрлі көлемдегі қылқалам, палитра, қағаз скотч, салфетка, губка.

Әдістемелік нұсқау

Түстерді бірінің үстіне бірін қабаттап жағу Басқа түстердің пайда болуының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Лессировка әдісі негізгі және қосалқы бөлшектерді біртұтастандырып, суретті қорыту функциясын жақсы атқарады. Қағаздың бүдір бетіне лессировка әдісімен жағылған бояулар қабаты бір-біріне жақын түстердің өзара әсерлі байланысы түстердің шағылысуын туындатады. Акварельмен жұмыс жасайтын адам үшін ондаған түрлі қылқаламдар жиынтығы негізінен жарқын әрі өміршең акварель туындысын жасауға ықпал ететін болады.

ІҮ.Тақырып: Бүрмелердің саналуандығы

Тапсырма: Маталардың бүрмелерін салу.Жұмыр акварель.Жұмыр және түрлі бүрмелер.

Мақсаты: мата бүрмелерінің пйда болу заңдылықтарын тануға , олардың ырғағын және көлемін дұрыс көрсету

Міндеті: бүрмелерді бедерлі акварель әдісімен орындау

Материал: картон,гипс,қылқалам,акварель,палитра,салфетка,губка

Ү.Тақырып: Оқу саласындағы натюрморттардың ерекшеліктері мен қолданылуы

Тапсырма: «Натюрморт құр»- дидактикалық ойыны.Натюрморт композициясы туралы түсінік. Оқу натюрмортындағы элементтерді іріктеу мен оларды құру қағидалары.

Мақсаты: Натюрмортты өз бетімен құру сабағынан білім алу және кескіндеме бойынша оқу жұмысының негізгі тапсырмаларын орындау .

Міндеті: көптеген ұсынылған заттардың ішінен лайықтысын тауып табысты композиция құру және ондағы заттардың көлемін,пішінін бояқ арқылы көрсету.Түстердің үйлесуімен кеңістікті беру.

Материал: акварель, А3 форматы, тиін түгінен жасалған түрлі көлемдегі қылқалам, палитра, қағаз скотч, салфетка, губка.

ҮІ.Тақырып: Балауызбен жұмыс. Маңыздылық.Заттың елеулілігі .

Тапсырма: Әйнек ыдыс пен алмалардан құрылған натюрморт. Заттардың пішінімен көлемін балауыз бен су бояқ арқылы көрсету.

Мақсаты: Жұмыс жасаудың жаңа әдістерімен субояқтың барлық мүмкіндіктерін пайдалану.

Міндеті: балауызбен жұмыс әдісін пайдаланып заттардың көлемін шығару,алдыңғы жақты айқын көрсету.

Материал: А3 форматы, түсті балауыз борлар немесе свечалар, акварель, палитра

Әдістемелік нұсқау

Субъективный этюд әйнек заттарды салу барысындағы жаңа тәсілдерді пайдалануда үлкен мүмкіндік туғызады.Бұл жердегі әйнек зат тек көлем мен пішіннің бастауы болып табылады.

Балауызды пайдалану-өте әдемі нәтижелер беретін жеңіл әдіс.Ол суреттің бедерін айқын көрсетеді.Қарындашпен суретті салып алып, бояқпен бір қатар бояп,одан кейін балауызды жағамыз.Соңғы нәтиже қағаздың бедерлеріне және балауызбен қалай жұмыс жасағанға байланысты шығады.Өте нәзік сызықтарды майлы балаыз қарныдаштар арқылы шығаруға болады.

ҮІІ.Тақырып: Композицияның біртұтастығы.

Тапсырма: Интерьерге қойылған натюрморттан көрініс.Тұрмыста пайдаланатын заттардан құралған,түсті қағазда орындалған кескіндеме.

Мақсаты: «түстік гаммамен» танысу,этюдтің біртұтастығы түсінігін пайдалану.

Міндеті: жергілікті жердің түстітондық қатынасын көрсету, нобай тұтастығын қамтамасыз ету.

Материалы: ақшыл сары түске боялған қағаз,акварель, қылқаламдар, палитра, губка, салфеткалар,шайыр

Әдістемелік нұсқау

Шайырдың (смола)суға езілген кішкене бөлшегі бояқтың түсін жылтыратып,қоюландырады және оған көлем береді.Бұл әдіс картина бөлшектерін майда мазоктармен көрсеткенімен,суретті бір тұтас қалпында ұстайды.Шайырмен араласқан бояуды қағаз бетіне жағар суреттін әлсіз тұстарына жағып, кептіріп, осыдан кейін барып дымқыл қылқаламмен суреттің бөліктерін өңдеуіңізге болады. Беткі қабаттағы бояқ бөлігі тез кетеді ,өйткені су шайырды тез ерітеді соған байланысты астыңғы бояқ жоғарыға шығады

ҮІІІ.Тақырып:Фактуралы кескіндеме. Табиғат тамашалары-пейзаж .

Көру ,есте сақтау қабілетін арттыру

Тапсырма: Ауыл табиғатының көрінісін салу.

Қағазда дұрыс орналастыру.Гуашьпен орындау. Жарманың үстінен субояқпен орырндалған жұмыс.

Мақсаты:Жаңа әдіспен танысу

Міндеті: Табиғат көрінісін түстермен бере отырып,оларды шынайы суреттеу

Материалы: жармамен грунтталған қатты картон, акварель, қылқаламдар, палитра.

ІХ.Тақырып: Жылы түспен суық түстердің үйлесімділігі.

Тапсырма: Бір-біріне жақын түстерден құралған натюрмортты қарама қайшы түстегі дропировкамен байланыстыру.Акварельмен аралас техникада жұмыс жасау.

Мақсаты: Нәзік түстердің қарым-қатынасын ажыратуды үйрену, әдістемелік оқу тапсырмаларын дұрыс қабылдау,қарама-қарсы түстерді жұмсарту

Міндеті : жылысуық түстердің қатынасын,түстік тондардың нюанстарын көрсету

Материал:акварель, А3 форматы, түрлі көлемдегі қылқалам, палитра, қағаз скотч, салфетка, губка.

Х.Тақырып: Сынақ жұмысы

Тапсырма: Разеткасы бар түрлі пішіндегі заттардан құралған натюрморт.

Мақсаты:Жыл бойғы алған білімін қорыту.Акварель бояғы арқылы үйренген әдіс-тәсілдерін пайдалану.Өз еріктерімен жұмыс жасауды ,оларды талдауды үйрену.

Міндеті:Заттардың дұрыс орналасуы, түстік шешімдермен олардың көлемін дұрыс шығару.

Кеңістікті көрсете білу.

Материал: акварель, А3 форматы, тиін түгінен жасалған, палитра, қағаз скотч, салфетка, губка.

«Кескіндеме» пәні бойынша оқыту бағдарламасы

Оқу бағдарламасының мазмұны

8 сынып


Тақырыптық жоспар

Аптасына сағаттар саны -1

Оқу апталарының саны-34

Жылына сағаттар саны-34


Бөлімнің атауы

Сабақтың тақырыбы

Жалпы сағат саны


1.

Күз сұлулығын сипаттау.

Гуашьпен жұмыс


«Алтын күз » тақырыбына арналған натюрморт

Гуашьпен жұмыс жасау әдіс-тәсілдеріне машықтану.

Кескіндемедегі түрлі тәсілдерді пайдаланып натюрморттың кеңістігін көрсету; күздегі түстердің бір-бірімен үйлесімін,туыстас түстерді айқындау

2


1



1


2.

Моренизм

Моренизм -дегеніміз не ?

Суреттің түстік ерекшеліктері

Суретшілер шығармаларынан көшірме. Дәлдік пен көре білу қабілеті.

Суреттегі бояуларды дұрыс пайдалану

Суретшілер жұмыстарымен танысу,оларды есте сақтау.Көшірме жасау әдістерімен машықтану.

1

1

1

1

1

1


3.

Шығармашылық жоба.

Стилизациялау туралы түсінік

Қыз-келіншектердің ұлттық нақыштағы заттарынан киімдерінен құрылған натюрморт

Стилизация түсінігін нығайту,салт дәстүрмен таныса отырып, ұлттық заттардың ерекшеліктерін көрсете білу; ұлттық өнерімізбен таным түйсіктерін кеңейту, білімдерін арттыру;

Натюрмортта ұлттық нақышпен колориттің бір тұтастығын айқын көрсету.

1

1



1

1

1

1


4.

Интерьер.Қарау бұрышы.Көкжиек сызығы.Орталық шығу көзі.


Суретші бөлмесінен көрініс.

Гуашь арқылы бөлме ішінің көрінісін сипаттау,түстердің үйлесімділігімен ауа кеңістігін көрсету

«түстік гамма» қағидасымен танысу,этюдтің біртұтастығын айқындап көрсету

суретші бөлмесінің көру нүстесін таба отырып,интерьердің нақты келбетін суреттеу.Бояқ арқылы бөлме ішіндегі кеңістікті көрсету.


4








5.

Әйнек ыдыстардан құралған натюрморт.Мастехинамен жұмыс.

Заттардың әйнек екенін көрсету,қарама қарсы түстерді үйлестіру.

Туыстас түстерден құралған натюрморт.

Кубизм арқылы кеңістікті суреттей білу

Мастехинамен жұмыс жасауды үйрену.


2



2




6.

Грунтталған қағазбен жұмыс

Пастельмен орындалған бала бейнесі этюд.Пастельді қолданудың әдіс тәсілдері

Адам бейнесінің пропорциясын анықтау.

1

1

1


7.

Майлы бояуда орындалған жұмыс.


Майлы бояумен жұмыс.

« Жемістер араласқан ыдыста гүлі бар натюрморт»

Кескіндемедегі негізгі түсініктерді молайту; майлы бояумен сурет салу әдіс-тәсілдерімен танысу,машықтану,түрлі әдістермен жұмыс жасауды үйрену;акварель,гуашьпен майлы бояқтың айырмашылығын анықтау,

3




8.

Сынақтық қойылым

Гипстен жасалған адам басының бюсті бар натюрморт.

Гуашьпен орындау.

Адам басының пропорциясын сақтау,жыл бойы кескіндеме пәнінен алған білімдерін қолдану және бейнелеу заңдылықтарын пайдалану.



4




барлығы


34


















































Пәннің мазмұны

І.Тақырып: Күз сұлулығын сипаттау.Гуашьпен жұмыс

Тапсырма: Кіріспе сабақ. «Алтын күз » тақырыбына арналған натюрморт

Мақсаты: Гуашьпен жұмыс жасау әдіс-тәсілдеріне машықтану.

Міндеті: Кескіндемедегі түрлі тәсілдерді пайдаланып натюрморттың кеңістігін көрсету; күздегі түстердің бір-бірімен үйлесімін,туыстас түстерді айқындау

Материал:Көк түсті картон,гуашь,қылқалам түрлері,салфетка,губка.

ІІ.Тақырып: Моренизм .Моренизм -дегеніміз не ?Суреттің түстік ерекшеліктері

Тапсырма: Суретшілер шығармаларынан көшірме. Дәлдік пен көре білу қабілеті.

Суреттегі бояуларды дұрыс пайдалану

Мақсаты: Моренизм сөзімен толық танысу,білімін кеңейту.Суретшілер жұмыстарымен танысу,оларды есте сақтау.Көшірме жасау әдістерімен машықтану.

Міндеті: Теңіз суретшілерінің жұмысынан көшірме жасауда дәлдікке жету,түстерден айырмашылық таппайтындай көшіру.Бояулар қатарымен жете танысу.

Материал:әрқалай қағаз көлемі,майлы бояу,акварель,түрлі қылқаламдар,салфетка.

ІІІ.Тақырып: Шығармашылық жоба. Стилизациялау туралы түсінік

Тапсырма: Қыз-келіншектердің ұлттық нақыштағы заттарынан киімдерінен құрылған натюрморт

Мақсаты: Стилизация түсінігін нығайту,салт дәстүрмен таныса отырып, ұлттық заттардың ерекшеліктерін көрсете білу; ұлттық өнерімізбен таным түйсіктерін кеңейту, білімдерін арттыру;

Міндеті:Натюрмортта ұлттық нақышпен колориттің бір тұтастығын айқын көрсету.Заттардың неден жасалғанын бояқ арқылы анық көрсету. Натюрмортта кескіндеменің негізгі талаптарын еске түсіре отырып,тондық ерекшеліктермен туыстық түстер қатынасын анықтау;

Материал: Түсті картон,гуашь,акварель, түрлі қылқаламдар,салфетка.

ІҮ.Тақырып: Интерьер.Қарау бұрышы.Көкжиек сызығы.Орталық шығу көзі.

Тапсырма: Суретші бөлмесінен көрініс.

Гуашь арқылы бөлме ішінің көрінісін сипаттау,түстердің үйлесімділігімен ауа кеңістігін көрсету

Мақсаты: «түстік гамма» қағидасымен танысу,этюдтің біртұтастығын айқындап көрсету

Міндеті:суретші бөлмесінің көру нүстесін таба отырып,интерьердің нақты келбетін суреттеу.Бояқ арқылы бөлме ішіндегі кеңістікті көрсету.

Материал: Түсті картон,гуашь,акварель, түрлі қылқаламдар,салфетка.

Ү.Тақырып: Әйнек ыдыстардан құралған натюрморт.Мастехинамен жұмыс.

Заттардың әйнек екенін көрсету,қарама қарсы түстерді үйлестіру.

Тапсырма: Туыстас түстерден құралған натюрморт.

Кубизм арқылы кеңістікті суреттей білу

Мақсаты:Мастехинамен жұмыс жасауды үйрену.

Міндеті: қою,қанық бояуларды мазокпен жағудың тәсілін меңгеру.

Материал: Түсті картон,гуашь,акварель, түрлі қылқаламдар,салфетка.

ҮІ.Тақырып: Грунтталған қағазбен жұмыс

Тапсырма: Пастельмен орындалған бала бейнесі этюд.Пастельді қолданудың әдіс тәсілдері

Мақсаты: Адам бейнесінің пропорциясын анықтау.Пастельді қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгеру.

Міндеті:Пастельмен жұмыс істеу барысында түстерді дұрыс таңдау;олардың бояу ерекшеліктерімен адам портретін айқын шығаруға машықтану.2 бағыттағы адам бейнесінен көрініс

Материал:А3 формат,пастель,қылқалам,салфетка,губка.

ҮІІ.Тақырып: Майлы бояуда орындалған жұмыс.

Тапсырма: Майлы бояумен жұмыс. « Жемістер араласқан ыдыста гүлі бар натюрморт»

Мақсаты: Кескіндемедегі негізгі түсініктерді молайту; майлы бояумен сурет салу әдіс-тәсілдерімен танысу,машықтану,түрлі әдістермен жұмыс жасауды үйрену;акварель,гуашьпен майлы бояқтың айырмашылығын анықтау,

Міндеті: тапсырманы заттардың көлемін айқын шығару бағытында орындау;матаның бетіндегі өрнекті түстің қатынастары мен мата қатпарларына қарай шешімін табу;заттардың және матаның көлемін пішіндеу;

Материал:Майлы бояу,грунтталған кенеп,қылқаламдар,салфетка

Тақырып: Сынақтық қойылым

Тапсырма: Гипстен жасалған адам басының бюсті бар натюрморт.Гуашьпен орындау.

Мақсаты: Адам басының пропорциясын сақтау,жыл бойы кескіндеме пәнінен алған білімдерін қолдану және бейнелеу заңдылықтарын пайдалану.

Міндеті:Түстік,тондық қатынастар,Гипс бастың пропорциясын, заттардың көлемін түс арқылы пішіндеу,Кеңістікті бере білу,натюрморттың біртұтастығы.

Материал: акварель, А3 форматы, тиін түгінен жасалған, палитра, қағаз скотч, салфетка, губка.


Мазмұны

Жалпы ережелер _________________________________

Түсіндірме хат _________________________________

Күтілетін нәтижелер _________________________________

Оқу бағдарламасының мазмұны __________________________


Жобалы тақырыптық жоспар __________________________




PAGE \* MERGEFORMAT 5 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!