Кестелерді тағайындау және пішімдеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кестелерді тағайындау және пішімдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар бұл кестелердің маңыздылығын түсінуі тиіс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шангытбаева Гульсим Нарымбетовна. Ақтөбе қаласы. №15 орта мектебі.


Тақырыбы: Ұсақ моншақтардан гүл құрастыру.


Сабақтың мақсаты: моншақтан гүл дайындауды үйрету.

  • Оқушыларға ұсақ моншақтардан бұйым жасау әдістері туралы түсінік беру, үйрету.

  • Моншақтан бұйым жасау арқылы қол икемділігін дамыту. Көп ізденуге,өз ойларын еркін айтуға,дербес жұмыс жасауға дағдыландыру.

  • Оқушыларды ұқыпты,таза,әдемі жұмыс жасауға үйрету. Еңбекқорлыққа адамгершілікке,бір-біріне жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: практикалық, баяндау, көрсету,сұрақ-жауап,АКТ.

Сабақтың көрнекілігі: моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, схема, кітаптар, журналдар,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық. Сыныпты топқа бөлу.1 топ – «Күлтелер», 2 топ – «Жапырақтар», 3 топ – «Сабақтар».

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

ІІ. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау әдісі. Үй тапсырмасын сұрау. Ойын «Жаңбыр тамшысы». Жаңбыр тамшысы тиген бала сұраққа жауап береді.

  • Балалар көктемде күн бұлт болса не жауады?

  • Жаңбыр.

1.Қазір жылдың қай мезгілі?

2.Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?

3.Көктем айларын ата.

4.Көктемде қандай өзгерістер болады?

5. Алда қандай мереке келе жатыр?

6.Аналар мерекесіне не сыйлауға болады?

7.Гүлді қолдан жасауға бола ма?

8.Неден жасауға болады?

ІІІ. Жаңа сабақ. Олай болса бүгін өтетін сабағымыз «Ұсақ моншақтардан гүл құрастыру». Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Мағынаны ашу. «Байқап қал!» Ассоцация.

1. Бисер дегеніміз не?

2. Оның қандай түрлері бар?

3. Бисерді неден жасайды?

4. Олардан не дайындауға болады?

Ұсақ моншақ – пластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалатын түрлі түсті әшекей. Оларды кестелеп тігіп, әсем өрнектер (сақина, сырға, білезік) жасайды.

Қолөнер – ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы. Осы халық қазынасын қастерлеу – көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды әрбір адамның борышы. Қолдан жасалатын сумоншақтар Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Ресей патшасы Екатеринаға Жәңгір хан сумоншақтан және асыл тастардан әшекейленген керемет сәнді сәукелені сыйға тартқан екен. Сәукеле осы кезге дейін Ресейдегі мұражайда сақталуда.

Барлық қолөнер сияқты сумоншақтың да өзіндік тарихымен өткен сабағымызда танысқан болатынбыз.Бисерден Алқа , сырға, білезік, тұмарша, сөмке, ұялы телефон қабын т.б. заттар жасауға болады

Бүгінгі сабағымызда сумоншақ пен моншақтан гүл жасап үйренеміз. Ол үшін бізге мынадай заттар қажет болады.

Қажетті материалдар:

  1. Мөлдір полиамид жіп (бисер тоқитын сым).

  2. Ұсақ моншақ бастыруға арналған ине.

  3. Жасыл, күміс, қызыл және сары түсті ұсақ моншақтар. Сыдырма бау.

Мына бұйымдардың бірін жасап көр. ( 1-4суреттер). Кітаппен жұмыс.

Ү.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:«Есіңе сақта!» аядамасы. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. (оқулықпен жұмыс).

Сыммен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

  1. Сымның ұшын көзге жақындатуға болмайды.

  2. Сымды жерге тастама.

  3. Сыммен ойнама. 

Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

  1. Қайшыны жолдасыңа тұтқа жағымен бер.

  2. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды.

  3. Пайдаланбаған кезде қайшыны ашып тастауға болмайды.

ҮІ. Сергіту сәті.

Отырайық жүрелеп,

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан түрегеп,

Басқа гүлге барайық.

ҮІІ. «Мақал-мәтел» орталығы.

  • Балалар осы гүл туралы мақал-мәтел білеміз ба?

  1. Қыз өссе елдің көркі,гүл өссе жердің көркі.

  2. Әр гүлдің иесі басқа.

  3. Түздегі гүлден үйдегі гүл ұзақ жасайды.

Бүгінгі сабақта моншақтан гүл жасап үйренеміз. Гүлдің құрылысымен танысайық. Неден тұрады?

  • Гүл басы (күлтешелер).

  • Гүл ұрығы.

  • Сабағы.

  • Жапырағы.

ҮІІ. Сарамандық жұмыс. «Қалауың білсін!» аялдамасы.

Балалар ,енді біз оқулықта берілген гүл жасаудың ретін басшылыққа ала отырып,гүл құрастырамыз. Гүл құрылысын жүйелі жасап шығу үшін жасалу технологиясын 4 кезеңге бөліп,4 түрлі жұмыс жасаймыз (4 топқа бөліп тапсырма беру, гүл басы (күлтешелер), гүл ұрығы, сабағы, жапырағы.Жұмыс орындарының дайындығын тексеру.Қазір біз жіңішке сым қолданамыз. Мына көрсетілген үлгі бойынша жұмыс істейміз./Мұғалімнің көрсетуі бойынша жұмыс жүргізіледі./

Бисердің түс ерекшелігіне көңіл бөлеміз, яғни гүлді қызыл түс қылып, ал гүлдің жапырақтарына жасыл түс алайық. Гүлдің өзі де, жапырағы да көрсетілген әдіспен орындалады.

ҮІІІ. Сабақты бекіту. «Қателеспе!» аялдамасы» «Құпия пошта» ойыны 

Пошта жәшігіне салынған конверт ішінде жазылған сұрақтарға жауап беру.

«Моншақ» сөз жұмбағы.

  1. Кесте тігу үшін не қажет? Мата

  2. Су моншақты ең көп шығаратын ел. Жапония

  3. Әйнекті тұңғыш ойлап тапқан ел. Финикия

  4. Шашқа тағатын әшекей зат. Шашбау

  5. Кесе салатын қалта. Кесеқап

  6. Мойынға тағатын әшекей бұйым. Алқа

ІХ. Қорытындылау: Бисермен шығармашылық жұмыс жасау арқылы өмірге қандай дайындық алдық:

  1. Гүл тоқуды үйрендік

  2. Моншақ түрлерін ажырата алатын болдық

  3. Моншақтың қолданатын орынын білдік

  4. Шеберлікке үйрендік.

  5. Өзіне -өзі қызмет етуді үйрендік

Х. Бағалау.  Жасаған бұйымдардың сапасын тексеру.Жетістіктері мен кемшіліктерін айту.

ХІ. Үйге: Сарамандық жұмысты аяқтау.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
443
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі